Тарихтан емтихан билеттері жауаптарымен 6-билет



Дата20.06.2023
өлшемі110,16 Kb.
#179018
Байланысты:
тарих 6 билет


Тарихтан емтихан билеттері жауаптарымен


6-билет.



  1. Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)

  2. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.

  3. Моғолстан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.


Жауаптары:
1.Қарақытай мемлекеті ( қоғамдық құрылысы, мәдениеті). Қоғамдық құрылысы. Жоғарғы өкімет билігі қағанның (хан) қолында болған. Билік мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Билік иелері қатарына хандық ұрпақтары - тегіндер, ілік хандар, бектер жатты. Билік иелігінде үлестік жерлер болды. Басқару жүйесі осы үлкен және шағын екі бөлікке бөлінетін үлестерге қарай жіктелді. Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды. Бұлар Қарлұқ қағанаты кезіндегі “күл - еркіндерге” ұқсас еді. Махмуд Қашғаридің жазуына қарағанда, “құл - еркін” көл-көсір, ұшан-теңіз ақыл-ой деген мағынаны білдірген.Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Басқару тәртібі жер иелену түрлерінен, алым-салық жинау жүйесінен байқалады. Жер иеленудің бір түрі "иқта", ал иеленушілер “иқтадар" (парсы сөзі) деп аталынған. Иктаның мәні - оны алған адамдар ол жерде отырған қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Жер иеленудің иқтадан басқа да түрлері болған. Мәселен, ірі билік иелеріне жаулап алынған жерлерден үлес беріліп, олар арқылы қазына салығы жинастырылып отырған. ұндай салық жинау үшін мемлекет жері де жалға берілетін болған. Дінбасылар мен әскербасылардың жерлерін вақфтық жерлер деп атаған. Вақфтық жерлерден салық алынбады. Отырықшы аудандарда шаруаларды қанаудың бір түрі — олардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинастырып отыру. Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі коммендация болды. Оның мәні мынандай еді: әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол (күшті адам) әлсіз адамды қорғауға тиіс. Әлсіз өзінің шамалы жерден алған өнімін және отбасын қорғағаны үшін күштіге (ірі жер иесіне немесе билік басындағыларға) салық төлеген. Төлемнің басқа да түрлері болған. Мәселен, кейбір шаруалар жауынгерлік қызмет үшін адам берсе, енді біреулері өздерін қорғаушылардың (феодалдардың) жұмысын тегін істеп берген. Қарахан мемлекеті түрік қағанаттарының дәстүрлі жалғасы ғана болған жоқ. Ол басқару жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын коғамдык құрылысы дамыған мемлекетке айналды. Мемлекеттің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан өлген соң, ел ішінде саяси бытыраңқылық басталады. Билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алады. Ол өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды. Мемлекеттің орталығы Қашғар қаласы болады. Мұса қаза болған соң Сатұқ Боғра-ханның ұрпақтары арасында билік үшін алауыздық туындап, талас-тартыс болып отырды. Бұл кезде Орта Азиядағы мемлекеттер өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтардан әлсіреген еді. Бұл жағдайды дер кезінде пайдалана білген Қарахан мемлекеті X ғасырдың аяғында Бұхара мен Самарқанды және Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алады. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс жөне Батыс - екі иеліктен (хандықтан) тұрды. 1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (оны Қара Орда немесе Күз Орда деп атаған), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Батыс хандық Мауараннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самарқан қаласы болды.
Дәстүр бойынша Шығыс хандығы Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі саналды. Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептелді Басқа хандар оған бағынышты болуға тиіс еді. Бірақ олай болмады. Екі хандықтың арасында бірлік онша сақталмады. Соның салдарынан 1040 жылы Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлініп тынды. XII ғасырдың 30-жылдарында шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кіреді. Олар 1141 жылы Самаркан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Салжұқтардың әлсіреуіне байланысты Хорезм хандығы күшейе бастайды. Текеш билігі кезінде Хорезм мемлекеті қарақытайларға соққы береді. Бұл жағдайды байқап отырған Қарахан билеушілері Хорезм хандығын қолдап, тәуелсіздіктерін алуға тырысады. Талас бойында қарақытайларды талқандаған Хорезм шахы Мүхаммед Қарахан мемлекетін біржола құлатады. Ал Шығыстағы хандықты Найман ханы Күшлік басып алады.Сонымен үш ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлайды.

2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.1902 жылдың қыркүйек, қазан айларында Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті. Бұл еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отырған елеулі оқиға еді. Оған Азия, Африка, Еуропа және Американың 40-қа жуық елдерін- дегі 3 млн 200 мың қазақ диаспорасының (дүниежүзіндегі бар қазақтың 32% -ы) өкілдері қатысты. Бұл жиынды өткізу және оған кеңестік әміршіл-әкімшіл басқару жылдарында өз елін, өз жерін тастап, шетелдерге ауа көшіп кеткен қандастарымызды шақыру шын мәнінде руханизмнің көрінісі болды. Жиында тәуелсіз, жас қазақ мемлекетін нығайту республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықты сақтау, қазақ халқының бірлігін күшейту келешек ұрпақ өкілдерін имандылық, мәдениеттілік’ инабаттылыққа баулу сияқты келелі де игі мәселелер қозғалды. Шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері Алматыны, Шымкентті, Түркістанды және республиканың басқа облыстары мен қалаларын аралап халықтың тұрмысымен танысты. Құрылтай бүкіл республиканы қамтыған думанды мерекеге айналды. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының мәнді оқиғасы 1992 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында өтті. Онда “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” атты тақырыппен ашылған ғылыми конференция болды. Жиында қазақ халқының тағдыры, бүкіл дүниежүзі қазақтарын тұтас қазақ мемлекетіне біріктірудің құқықтың негіздері, ана тілі мен ұрпақ тағдыры, халықтың рухани мұрасы жайында терең мазмұнды баяндамалар жасалды. Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық!” деген баяндама жасады.


3.Моғолстан мемлекетінің аумағын картаға бейнеле Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағын мекендеген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет