Тарихтың қайнар көзі деректер



Дата25.11.2022
өлшемі16,45 Kb.
#159758
Байланысты:
Тест 5 класс


Тарихтың қайнар көзі деректер
 

  1. Тарихи аңыздар мен шежірелер қандай дерек көзіне жатады?

а/жазбаша б/ауызша с/антропологиялық

  1. Мемлекеттік және сауда құжаттары қандай тарихи деректерге жатады?

а/этнографялық б/ жазбаша с/ауызша

  1. Тыйындар,құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән қалай аталады?

а/геральдика б/нумизматика с/антропология

  1. Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні қалай аталады?

а/этнография б/ геральдика с/нумизматика

  1. Адам қаңқасын зерттеу арқылыадамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы қалай аталады?

а/антропология б/этнография с/нумизматика

  1. Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?

а/ономастика б/топонимика с/этнография

  1. Пикторграфия деген не? а/тасқа,қышқа жазылған сурет жазулар б/папирустағы жазу с/көне түрік жазуы

  2. Қазіргі біз қолданып жүрген әріптерді ойлап табушылар? а/гректер б/финикиялықтар с/ежелгі түріктер

  3. Атаулар тарихын зерттейтін ғылым? а/мұрағат б/ономастика с/археология

  4. Археология-

а/адамзаттың өткен тарихын қаңқа сүйектер арқылы зерттейтін ғылым б/ адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым с/ жер-су атауларын зерттейтін ғылым
 
Тарихқа саяхат
Адамның жаратылуы

  1. Тотем-деген не?

а/ рулық қоғамда адамның шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарға байланыстырып қолданатын зат б/ тобыр дегенді білдіреді с/ еңбек құралының дамыған түрі

  1. Маймыл тектес ең алғашқы жабайы аңдар қалай аталады? а/ питекантроп б/гоминид с/ синантроп

  2. Олдувайда табылған австралопитектерді ғалымдар қалай атады? а/ «хомо хабилис» б/гоминид с/ «хомо сапиенс»

  3. Алғашқы питекантроптың сүйек қалдықтары қашан және қай жерде табылды? а/1927ж Қытайдың Чжоу-коу-дянь үңгірінде б/ 1890-1892жж Ява аралында с/ 1938ж Тесіктас үңгірінде

  4. 1938ж академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен кімнің сүйегін тапты? а/ неандерталь баланың б/ синантроптың с/питекантроп

  5. Алғашқы Кроманьондық қай жерден табылды? а/ Ява аралынан б/Франциядан с/Қытайдан

  6. Питекантроп шамамен қашан өмір сүрді? а/б.з.б. 800-500мың жыл бұрын б/ б.з.б. 500-200 мың жыл бұрын с/ б.з.б. 100-35 мың жыл бұрын

  7. Кроманьондық адам осыдан неше жыл бұрын қалыптасты? с/ б.з.б. 100-35 мың жыл б/ б.з.б. 40-35 мың жыл бұрын с/б.з.б. 500-200 мың жыл бұрын

  8. Австралопитектің миы неше куб см? а/1000 куб см б/600-650 куб см с/700-750 куб см

  9. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар неше жыл бұрын мекендеген? а/ 1млн жыл бұрын б/500 мың жыл бұрын с/800 мың жыл бұрын

Тас дәуірі (Палеолит)
 

  1. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?

а/2 б/3 с/4

  1. Палеолит кезеңінің хронологиялық шеңберін атаңыз. а/ б.з.б 2,5 млн-12 мыңжылдық аралығын қамтиды б/б.з.б. 12-5 мыңжылдық с/б.з.б. 5-3 мыңжылдық

  2. Болас деген не? а/аң аулауға пайдаланған жіпке байланған домалақ тас б/ қатты тастан жасалған кескіш құрал с/ үшкір таяқша

  3. Чоппер деген не? а/аң аулауға пайдаланған жіпке байланған домалақ тас б/ қатты тастан жасалған кескіш құрал с/ үшкір таяқша

  4. Шақпақ тастан жасалған қолшапқының салмағы неше кг болған? а/ 1кг б/2кг с/4кг

  5. Имек ағаш сияқты аңға лақтыратын құрал қалай аталады? а/ чоппер б/бумеранг с/болас

  6. Неолиттің басты жаңалығы –

а/садақ пен жебе б/балшықтан ыдыс жасау және егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы с/от пайдалану

  1. Тарихта ең аз зерттелген кезең қандай? а/мезолит б/неолит с/палеолит

  2. Біздің жерімізде соңғы мамонттар өмір сүрген уақытты анықта а/ б.з.б. ІХғ б/ б.з.б. Хғ с/б.з.б. ХІғ

  3. Доғал және домалақ ұшы бар жебені адамдар негізінен қандай жануарға қолданды? а/ мамонттарды аулағанда б/ жүйрік жануарларды уалағанда с/ терісі бағалы аңдар мен құстарды аулағанда


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет