«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер


Жаңа заман тарихы курсының міндеттері және негізгі мазмұны



бет15/20
Дата18.10.2022
өлшемі154,86 Kb.
#153629
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
DOC-20221009-WA0047.

Жаңа заман тарихы курсының міндеттері және негізгі мазмұны


Жоспар:
1. Жаңа заман тарихы курсы бойынша берілетін міндетті оқу материалдары
2. Жаңа заман тарихын оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың негізгі білімі,
іскерліктері және дағдылары
3. Негізгі жалпы білім беретін мектепте жаңа заман тарихын оқыту әдістемесінің
ерекшеліктері

Қазіргі тарих ғылымында жаңа тарих деп капитализмнің туып, орнығу дәуірін айтамыз.Сонымен бірге бұл-материалдық және рухани мәдениеттің, өркениеттің (цивилизация) дамуындағы жаңа саты. Капитализм феодализммен салыстырғанда қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына үлкен серпін берді. Кәсіпкерлік пен рухани іс-әрекет еркіндігі, өмірдің барлық саласындағы бәсекелестік, қоғамның саяси өміріндегі демократиялық құрылым-осының бәрі феодализмге қарағанда капитализмде динамикалық даму мүмкіндіктері анағұрлым молырақ екендігі, өз бетімен даму үшін икемділік қасиеттері қажеттігін көрсетеді. Жаңа тарих дәуірі адамзаттың дамуындағы заңды үрдіс. Ежелгі дүние тарихынан көне Шығыс өркениеті Грекия мен Римнің ұлы мәдениетіне жол салғаны белгілі. Бұл мемлекеттердегі құлиеленушілік құрылыс біздің заманымыздың ІІІ-VII ғасырларында жойылды. Азияда ертерек, Еуропада бірінші мыңжылдықтың ортасында экономикалық жағынан неғұрлым тиімді, шаруалар еңбегіңе негізделген құрылыс- феодализм орнады. Алайда бұл барлық жерде бірдей өткен жоқ. Континенттің көп жерінде және аралдарда әлі де алғашқы қауым жағдайында тұрып жатқан халықтар болды. Колумб ашқанға дейінгі Америка халқында біздің заманымызға дейінгі неолиттік мәдениет болғаны, жер өңдеу әдістері, металл өңдеу кәсібі, өзіндік жазу жүйесі дамығаны белгілі. Бұл – бүкіләлемдік тарихи заңдылықтардың біртұтастығын дәлелдейді, барлық даму орталықтан басталады дейтін теорияны жоққа шығарады. Бұрынғы Еуразияның материалдық және рухани мәдениетті жетістіктерін бойына сіңірген Еуропа феодалдық дамудың бір мың жылдық дәуірінде Шығыс елдерімен деңгейлес сияқты еді . Тіпті XV ғасырдың ақырына шейін Еуропа Шығысқа қарағанда өркениеттің кейбір жетістіктерінен , мысалы Қытайдан арт қалған еді. Бірақ 1500 жылдан бастап ғаламат өзгеріс басталды: бір ғасырдың шеңберінде (XVI) Еуропа мәдениеті қарыштап дами бастады. Орта ғасырларда Еуропа үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл континенттің жетістіктеріне жер жыртатын құрал-сайман, соқа, доңғалағы сумен айналатын қуатты диірмен, темір қорыту және өңдеу, кеме жасау және теңізде жүзу, кітап басу, т.б. жатады. XV-XVI ғасырлар аралығындағы кезең интеллектуалдық (рухани әм ғылыми) гүлдену уақыты деп есептеледі. Бұл Ленардо да Виничи мен италияндық қайта өрлеу дәуірі Федолизм мен обсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды. Кереметі сол , Еуропа неғұрлым жоғары өндіріс тәсілдері – капитализмге көшуге қабілетті болып шықты. Ал кезеңде дүние жүзіне оқ – дәрі мен магнитті инені , жібек мата, қағаз жасау тәсілін үйреткен шығыс бұл жерде капитализмге өтуге дайын болмай шықты.


Оның себептері қандай?
Еуропаның басуын тездеткен екінші жайт – ұлы географиялық ашулар. Американың ашылуы және Африканы айналып өту жолын табу өсіп келе жатқан буржуазияға жаңа іс -әрекет серпінін берді. Шығыс Үндістан мен Қытай тауарлары , ашылған аралдар байлығы, Американы отарлау сауда мен тауар алмасу ісін алға бастырды. XVI ғасырдың соңында Нидерланды революциясы, XVIІ ғасырдың ортасында ағылшын революциясы жеңді. Сауда капиталы дамыған кішігірім ел Нидерландыға қарағанда, мануфактуралық өндіріс өндіріс дамуының нәтижесі дейміз. Бұл капиталистік қатынастардың бекуіне негіз болды. Осы кезеңнен бастап Еуропа буржуазиясы шаруалармен және қолөнершілермен одақтаса отырып, феодолизм мен обсолютизмге үлкен соққы берді. Еуропада буржуазиялық және буржуазиялық ұлттық қозғалыстар мен революциялар жиеленді. Соның нәтижнсінде ХІХ ғасырдың 70-жылдарында континеттің ең елдерінде капитализм біржолата орнықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет