«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер



бет20/20
Дата18.10.2022
өлшемі154,86 Kb.
#153629
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
DOC-20221009-WA0047.

Мектеп ғимаратына қойылатын талаптар:
1. Ғимарат 3-қабаттан жоғары болмауы тиіс. Қалаларда құрылыстардың тығыз орналасу шартында 4-қабатты мектеп салуға рұқсат беріледі. Жалпы білім беру мекемелерін бұрын салынған 4-5 қабатты ғимаратқа орналастыру кезінде төртінші және бесінші қабаттар оқушылардың сирек баратын кабинеттері ретінде берілуі тиіс.
2. Бөлмелерді жинақтау міндетті оқу пәндерін, сондай-ақ бір, екі-үш пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған бағыттар бойынша саралау және олардың қызығушылықтарына сәйкес оқушылардың таңдауы бойынша қосымша пәндерді оқыту үшін жағдай жасау қажет. Оқу сыныптары айқай-шу мен иістердің көзі болып табылатын бөлмеге жақын орналаспауы тиіс.
3. Кабинеттердің ауданы жалпы жұмыс нысандары мен жеке сабақтарды өткізу кезінде 1 оқушыға арналған 2,5 шаршы метрді ескере отырып, қабылданады.
4. Ыңғайластырылған ғимараттарға мектептерді орналастыру кезінде ғимараттардың міндетті түрдегі жиынтығы болуы тиіс: оқу сыныптары, дене тәрбиесімен шұғылдануға арналған зал, асхана немесе буфет, медпункт немесе медициналық қамтамасыз етуге арналған бөлме, әкімшілік-шаруашылық бөлмесі, санитарлық желілері, дәліз бен гардероб. Ғимараттың алаңы жалпы білім беретін мекемелердің түрінен, оқушылардың саны мен жасы, сыныптардың саны есебінен аумақтық Мемлекеттік санитарлық қадағалау орталығының келісімі бойынша анықталады.
5. Оқу бөлмелері мен зертханаларды ғимараттың жертөле қабатында орналастыруға тыйым салынады. Мектептерде гардероб әр сынып үшін жәшіктермен міндетті түрде жабдықталып, 1 қабатта орналасуы тиіс. Гардеробты оқу бөлмелері мен дәліздерді орналастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Гардеробтар киімдерге арналған киім ілгіштермен және аяқ-киімге арналған жәшіктермен жабдықталуы тиіс.
6. Әрбір қабатта ұл балалар мен қыз балаларға арналған санитарлық желілер болуы тиіс. Душ, санитарлық желілер, жуынатын бөлмелерге керамикалық плиткалар төселу тиіс. Цемент, мрамор немесе басқа да осыған ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады.
7. Селолық мектептерде сыныптардың аз толымдылығы кезінде оқу кабинеттерін 2 пәнге пайдалануға рұқсат беріледі. Мына пәндерді бір-бірімен бірлестіру аса қолайлы болып табылады: химия-биология, математика-биология, математика-сызу, сызу-бейнелеу, тарих-география, әдебиет-шетел тілі.
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар:
1. Мекеме аумағы үнемі таза болуы тиіс. Жанатын материалдардың қалдықтары, жерге түскен жапырақтар мен құрғақ шөптерді үнемі жинап, мекеме аумағынан шетке шығару керек. Ғимаратқа және сумен қамтамасыз ету желілеріне қараған жолдар, жүретін жерлер және кіре берістер, сондай-ақ өрт сөндіруге арналған керек-жарақтар мен жабдықтар тұратын орындар әрқашанда бос болуы тиіс.
2. Ғимараттар арасында өртке қарсы үзіктер материалдар мен жабдықтарды жинау, сондай-ақ автокөлік тұрақтары үшін пайдаланбауы тиіс.
3. Сыныптар, кабинеттер, шеберханалар, жатын бөлмеле мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықтарды орналастыру адамдарды апатты жағдайда шығаруға және өрт сөндіру құралдарына кедергі келтірмеуі тиіс.
4. Шатырларда қойма (терезе көсегін сақтаудан басқа), мұражай, кептерхана, шеберхана және т.б. жасауға, жылыту үшін шымтезек, жоңқалар, ағаш үгінділерін пайдалануға тыйым салынады.
Білім беру ұйымдарының ғимараттарында:
 Қабырғалар мен төбелерді, апатты жағдайда шығатын жолдарды (рекреацияларды, баспалдақ торларын, фойені, вестибюльдерді, дәліздерді және т.б.) жөндеу үшін (сырлау) жанатын материалдарды пайдалануға;
 Жылыту үшін қолдан жасалған жылыту құрылғыларын қолдануға тыйым салынады.
6. Ішкі өрт сөндіру крандарына оқтын-оқтын техникалық қызмет көрсетіліп, су жіберу арқылы жұмысқа қабілеттілігі тексерілуі тиіс.
7. Ішкі су құбырларының өрт сөндіру крандары шкафтарға орналастырылып, пломба салынып, қолғаптармен және ұңғылармен жабдықталуы тиіс.
8. Өрт сөндіру автоматикасына техникалық қызмет көрсету өрт сөндіру құрылғыларын, өрт және күзет өрт сигнал берушілеріне реттелген техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу Нұсқаулықтарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
9. Білім беру ұйымдары ғимараттары өрт сөндіру құрылғылары мен өрт сөндіру крандарымен жабдықталғанына қарамастан алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтануы тиіс.
10. Өрт посттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады: сыйымдылығы 10 литр көпіршікті немесе сыйымдылығы 5 литр болатын түйіршікті өрт сөндіргіштер, шелек, балта, қосымша сатылар, сыйымдылығы 0,25м³ суы бар бөшкелер.
11. Өрт сөндіруге қатысы жоқ шаруашылық және басқа да қажеттер үшін алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
12. Ғимараттардан апатты жағдайда шығу жолдары жасыл фонда «Шығу» деген ақ бояумен боялған жарық көрсеткіштерімен көрсетілуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет