Білімділік: Оқушылардың медициналық генетика және адамның тұқым қуалайтын кейбір аурулары туралы білімдерін тереңдету. Қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың генетика негіздері бойынша білім қорларын дамыту,өз беттерінше ізденуін қалыптастыру және әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылық пен салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке және топтық жұмыс.
Оқушылар алдымен тордағы кез-келген санды таңдап, генетикалық белгіні айту керек, содан кейін төмендегі сұраққа жауап береді.
1. Клайнфельтер ауруымен ауыратын ер адамдардың хромосома саны?
2. Ұйқы безінен бөлінетін инсулин гармонының жетіспеуінен болатын гендік ауру?
3.Адамдағы полидактилия мен бес саусақтылықты қандай белгілер анықтайды
4.Тұқым қуалаушық туралы алғашқы түсініктер кімдердің еңбектерінде айтылған?
5.Ген, генотип, фенотип деген ұғымдарды қалыптастырған ғалым?
6.Хромосомада болатын гендердің орналасу сызбанұсқасын қалай атайды?
7.Жасуша ядросында болатын хромосомалардан тыс, оның цитоплазмасында орналасқан органоидтардың құрамындағы гендер арқылы жүретін тұқым қуалауды қалай атайды?
8.Гомологті хромосомалардың бөліктерінің өзара алмасуы немесе хромосомалардың айқасуы.
9.Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруы қалай аталады?
10.Адамда болатын қандай аурулар жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды?
11.Хромосомалар санының еселенбей артуын немесе кемуін қалай атайды??
12.Бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысы?
Есеп: Сот процесінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жатыр. Шешесінің қаны І топ, ал баласының қаны ІІ топқа жатады. Баланың әкесінің қаны ІІІ-ші топқа жатуы мүмкін бе? Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтау керек.
2. Қан тобы І топтағы қыз, қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқы шығады. Олардың балаларының қан топтары қандай болады?
“Миға шабуыл”
Бірдей гендерді . . . . . . . . . . . . . . . . деп, ал әр түрлі гендерді . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . деп организмдердің өз белгілері мен . . . . . . . . . . .. . . . . және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін айтады.
Бір хромосомада орналасқан гендердің бірлесіп тұқым қуалауы . . . . . . . . . . . .
2. Адамның онтогенезі барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар жоғы анықталатын әдіс?
онтогенетикалық
3. Қандай да бір белгісі бойынша егіздердің ұқсастығы қалай аталады?
конкорданттылық
4. Жер шарын мекендейтін 6 млрд-тан астам адамның әр ұрпақтағы қаншауы түрлі тұқым қуалайтын ауруларға ұшырайды?
10млн
5. Қандай әдіс арқылы гемофилия ауруының ұрпақ бойы тұқым қуалау сипаты анықталды?
генеологиялық
6. Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалауы қалай аталады?
жыныспен тіркесіп тұқым қуалау
7. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып, тұңғыш рет қалыпты жағдайда адамның дене жасушаларында 22 жұп аутосомалар және бір жұп –жыныстық хромосомалар болатындығын анықтаған ғалымдар?