«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер


Қазіргі заман тарихы курсының міндеттері және негізгі мазмұны



бет16/20
Дата18.10.2022
өлшемі154,86 Kb.
#153629
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
DOC-20221009-WA0047.

Қазіргі заман тарихы курсының міндеттері және негізгі мазмұны


Жоспар:
1.Қазіргі заман тарихы курсы бойынша берілетін міндетті оқу материалдары
2.Қазіргі заман тарихын оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың негізгі білімі,
іскерліктері және дағдылары
3.Негізгі жалпы білім беретін мектепте қазіргі заман тарихын оқыту әдістемесінің
ерекшеліктері

Орта мектептің 9-сыныбына арналған „Қазіргі дүние жүзі тарихы“ оқулығы әлемдік тарихтың ең жаңа кезеңі – адамзат қоғамының 1914 – 1918 жылдардағы Бірінші дүние жүзілік соғыстан бастап күні бүгінгі дейінгі оқиғаларын қамтиды. Еуропа және Америка, Азия және Африка, Латын Америка елдерінің қазіргі тарихы осы елдерде тән әлеуметтік – экономикалық, саяси және рухани даму жолдарының жиынтық мәселелеріне коңіл аударады. Хронологиялық шеңберде әлемдік тарихтың кәзіргі кезеңі - өзінің ішкі жағынан ХХ ғасырдың құбылыстарымен тығыз байланысты. Ең ірі өзгерістер адамзат қоғамының экономикалық даму жолы мен адам баласының өмір сүруі жағдайынан басталады. Дүние жүзінің дамудың жаңа сатысына көтеріледі. Хақаралық байланыспен коммуникатция, көлік түрлерінің ойдағыдай дамуы бұрын қол жетпейтін аймақтарды емін-еркін игеруге жол ашады.


ХХ ғасырдың басын бөлігі бір топ дамыған (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Ақш,Жапония, КСРО (Рессей Федератциясы)) басқалардан артықшылығымен айқындалады.“Қазіргі дүние жүзілік тарихын“ сөздер бағдарлама бойынша 2 үлкен кезеңге бөлініп оқисындар.1914-1945 жылдарды қамтитін бірінші кезең – Еуропа қоғамның әскери – соғыс топтарына бөлінуі мемлекеттік монополистік капитализмнің қалыптасып, одан әрі нығаюы, тоталитарлық қоғамдық жүелердің басқа жүелермен қатар өмір сүруі туралы материалдарды кеңінен қамтыған. ХХ ғасырдың басында империалистік елдердің отаршылдық жүйесі біржолата турақтанды. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің неше турлі шырмауына оралып, отарлық тепкіге ұшырады. Патриархалды – феодалдық құрылыстың ыдырауы, жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы, жеке меншіктік капиталистік шаруашылықтың пайда болуы аталған елдер халықтарының өте кушті ұлт-азаттық қозғалыстарына алғышарттар әзірледі. Екінші дуниежузілік соғыстың аяқталуы әлемдік саяси кеңістікке сапалы өзгерістер туғызып, «қырғи қабақ соғыс» ылаңын өршітіп, социалистік және капиталистік әлемнің арасындағы арпалысты тудырды, халықаралық қатынастарды биополярлық екі жақтық қарама-қайшылықа итерді. 1945 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі уақытты «Қазіргі дүние жүзі тарихының» екінші кезеңі деп қарастырамыз. Бұл кезеңнің ерекшелігі – индустриялық өркениет толық дамып, сапалық құбылыстарын молайтып , жаңа қоғам құрылысына бет бұрыс жасады. Бұл кезең ғылыми –техникалық револютция кезеңі деп аталады. Соғыстан кейінгі 1940-1970 жылдар аралығында Батыс Еуропа қоғамы британ ғалымы Джон Кейнстің ой-пікіріне сұйеніп . өзінің әлеуметтік-экономикалық тәжірбиесінде шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа үлгісін пайдалануға тырысты. Бұл үлгінің ерекшелігі –қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму барысында «кірісті теңестіру» саясатын іске асыруға күш салды. Мемлекет салық арқылы ауқатты, бай топтардың кірісін кедей топтармен қайта бөлісіп, қоғамды теңестіруге талпынды. Батыстағы көптеген капиталистік мемлекеттер муниципалдық ұй салу, білім беру және денсаулық сақтау жөнінде кедейлерге көмек көосету бағдармаларына ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет органдары жалақының төменгі мөлшеріне кепілдік орнатып, жұмыс аптасы мөлшерін максималды шектеп, еңбеккерлерді жұмыстан жөнсіз шығару әркеттерінде бақылау орнатты.
XX ғасырдың 80- ж бпстап АҚШ және Батыс Еуропа қоғамы шаруашылықты ұйымдастырудың басқа үлгісіне көшті. Реформалардың негізгі міндеті – экономикалық қатынастарға мемлекеттің араласуын бәсеңдетіп барлық дамыту іс-әрекетін жеке меншік кәсіпкерлікке тапсыру болды. Сөйтіп , мемлекеттікм кәсіпорындардың акциялары жеке меншік иелеріне сатылды, жеке меншік кәсіпкерлікке арналған салықтың қысымы жұмсарды , баға белгілеу және тауар шығару ісіндегі мемлекеттің бақылау тәртібі жұмсарды , сауда-қаржы саларында фирмалар еркіндігі жарияланды.
„Қазіргі дүние жүзі тарихының“ екінші кезеңінде социалистік жүйе эволюциялық өрістеу жолында терең дағдырысқа ұшырып, ыдырады. Социалистік елдердің тірегі болған еуразиялық алып мелекет – КСРО, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Еуроазиядағы бір топ социалистік елдер ыдырап кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет