«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Оқушылардың таным белсенділіктерінің сапасын бағалау мониторингі



бет128/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   143

Оқушылардың таным белсенділіктерінің сапасын бағалау мониторингі


Топ -------- Пән ---------------------- Оқытушы ------------------------------
Бақылау картасы.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың таным белсенділіктерінің сапасын анықтау, сол арқылы осы бағытта оқушыларды түзеудің дербес бағдарламасын құру.
1.Бақылау картасында мынадай баллдарды белгілеу

  • Меңгереді – 2 балл;

  • Соншалықты меңгермейді – 1 балл;

  • Меңгермейді – 0 балл,

  1. График құру және мәселелік-бағыттылық талдау жасау.

  2. Іс әрекетті түзеу бойынша шешім қабылдау.

  3. Зерттеу нәтижесін арнайы жиылыстарда талдау. /педконсилиум т.б.

Әдебиеттер:

1. Строкова Т.А. Мониторинг качества образования школьников. // Педагогика .2003, *7. стр. 61.


2. Алферов Ю.С. Мониторинг развития образования в мире. // Педагогика.,2002.*7 . стр.88.
3. Педагогический мониторинг как средство создания школы гуманных демократических отношений. // Завуч., 2001. *5, стр.28.
4 .Башарина Л.А. Мониторинг учебного процесса в средней школы. // Завуч., 2001. *5, стр. 42.
5 .Бенькович Т.М. Мониторинг эффективности обучения. 2002, * 4, стр.216.
6. Митина О.А. Сравнительный обзор систем мониторинга в образовании. // Школьные технологии., 2002, *-4. стр. 69-75.
7. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002 .
8.Третьяков П.И. Оперативное управление качеством образования в школе. М.,2004.
9.Технологии обучения в системе повышения квалификации./Под.ред.Жайтаповой А.А.; А.,2004.
10. Дүйсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей, 2004.
11. Таңатарова П. Педагогикалық мониторинг. // Қазақстан мектебі, 2004.*4, 26- 30 беттер.


ОСӨЖ тақырыбы: Қазақстан тарихы пәні бойынша сабақ жоспарын әзірлеу:
Мақсаты: Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары бойынша сабақ жоспарын әзірлеу дағдыларын тексеру.
Түрі: Сабақ жоспарын әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі кезде білім беру үрдісінде оқу іс-әрекетінің жаңа түрлері , дәстүрлі емес сабақтар қолданылуда. Дәстүрлі емес сабақтар арқылы педагогикалық ойлардың дамуын, мектептегі демократияландыру бағыттарын анықтауға болады. Дәстүрлі емес сабақтарлдың көптеген типтері , түрлері, өзіндік мақсаты, міндеті, әдістемесі болады. Олар оқушының қызығушылығы мен еріктеріне сай құрылады. Осындай сабақтар арқылы оқушы танымын жаңаша ашып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға , ой –толғамдарын ашу , ізденістерін дамыту шараларын да дәстүрлі емес сабақтар арқылы жүргізуге болады.
Дәстүрлі емес сабақтар қайталау, қорытындылауға арналған тренингтер, оқу процесін бақылау сабағы, кіші мектеп оқушыларының дамуын диагностикалау , балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған сабақтар т.б. Таңдалған тақырып бойынша 1 сабақтың толық тақырыптық жоспарын жасауда төмендегі критерийлерді негізге алу:
А) Оқушылардың таным белсенділігін көтеру . Оқу сабақтарына қызығушылығын арттыру.
Б) Оқушылардың белсенділігін, шығармашалығын дамыту.
В) Оқушының үнемі ізденуіне жол беріп , шығармашылық әрекетін қалыптастыру.
Г) Оқушылардың шаршауын болдырмай, оқу –тәрбие үрдісінде оларға қолайлы жағдай жасау.
Д) Іскерлік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау, саналылық ұстамының талаптарына сай, білімге деген саналы көзқарасты дамыту, қабілеттерін ашу.
Әдебиеттер:

  1. Оқу мектептеріне арналған тарих пәні бойынша типтік оқу бағдарламалары.

  2. Тарих оқулықтары. /5-11 сыныптар бойынша/.



ОСӨЖ тақырыбы: Тарих пәнінен тәрбиелік іс-шараны ұйымдастыру:
Мақсаты: Тарих пәнінің тәрбиелік мәнін анықтау, тәрбиелік шараны ұйымдастыру қабілеттерін тексеру.
Түрі: Тәрбиелік жоспар
Әдістемелік нұсқау: Тарих сабағынан ҚР айтулы мерекелері немесе тарихи кеш, конференция, тарихи қойылым т.б. тәрбиелік мәні бар өнегелік сағаттар немесе тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырудың өзіндік жоспарын әзірлейді.
Оқушылардың білімі мен іскерліктерін тексеру
15. Қазақстан тарихы мазмұнының ұлттық дерек көздерін оқыту әдістемесі.
ОСӨЖ тақырыбы: Қазақстан тарихы пәні бойынша ҚР-ғы айтулы даталар бойынша сыныптан тыс жұмыс өткізу
Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысы іс тәжірибесін ұйымдастыру жұмыстарының мазмұны, жүйесі және ұйымдастыру ерекшеліктері мен жолдарын қарастыру, әдістемелік кеңестер беру.
Түрі: Әдістемелік жоспар
Әдістемелік нұсқау: Сыныптан тыс іс тәжірибе арқылы оқушылардың кәсіби танымы дамиды, іскерлігі, белсенділігі, дағдысы қалыптасады. Тәрбие үрдісін ұйымдастыруға және теориялық білімін іс тәжірибеде қолдана білуге үйренеді.
Түрлі сынып ішілік, сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбиелік шараларды ұйымдастыру.( байқаулар, сайыстар, пікірталастар, кездесулер, интеллектуальдық бағдарламалар, кештер, ойындар, оқырмандар конференциясы, тақырыптық конференция, баспасөз конференциялары, тәрбие сағаттары, жарыстар т.б. )
ОСӨЖ тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша жүргізілетін өлкетану жұмыстары
Мақсаты: Өлкелік материалдар негізінде туған жер, туған ел тарихын оқушылар бойына сіңіру, дәріптеуі бойынша студенттердің білік-дағдыларын дамыту.
Түрі: Үйірме ұйымдастыру
Әдістемелік нұсқау: СӨЖ барысында орындаған үйірме жоспары негізінде, топта студенттер 3 топ бойынша таңдаулары бойынша үйірме жұмысын-отырыс негізінде презентациясын жасайды.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау
СӨЖ тақырыбы: Оқушылардың таным-ойлау қызметін дамыту
Мақсаты: Студенттер оқушылардың таным-ойлау қызметін дамыту мақсатында кездесу жоспарын әзірлеу дағдыларын дамыту.
Әдістемелік нұсқау: Кездесу жоспары төмендегідей ұйымдастырылуы шарт:

  • Кездесу тақырыбы;

  • Кездесу мақсаты;

  • Өтілетін жері;

  • Көрнекіліктер.

  • Кездесу жоспары.

  • Кездесу барысы.

  • Қорытынды.

Әдебиеттер:

  1. Тұрсын Хазретәлі. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. А.,2004

  2. Бухвалов В.А. Технология работы учителя-мастера. М.,1995.



СӨЖ тақырыбы: Проблемалық оқыту әдісі, Курсаралық, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру, Иллюстарциямен түсіндіру әдісі, 0қушылардың картамен жұмыс істеудегі әдіс- тәсілдсрді қолдану
әдістемелік жоспар
Мақсаты: Тақырып бойынша студенттердің білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге кесте бойынша ұсынылған 2,3,4,5 СӨЖ таңдалған тақырып бойынша тақырыптық жоспарды әзірлеу барысында жүргізілінеді. Төмендегі сызбаны басшылыққа ала отырып, СӨЖ орындаңыз.
Сабақтың тақырыбы:_________________________________________
Сабақтың мақсаты:___________________________________________
Білімділік міндеті____________________________________
Тәрбиелік міндеті____________________________________
Дамытушылық міндеті____________________________________
Сабақтың түрі және типі :_____________________________________
Сабақты жабдықтау: ____________________________________
Оқыту әдіс-тәсілдері: ____________________________________
Пән аралық байланыс: ____________________________________
Курс аралық, курс ішілік байланыс_______________________________
СӨЖ тақырыбы: Тарих пәні кабинетін жабдықтау тәртібі
Мақсаты: Мектепте тарих пәні бойынша кабинетті жабдықтау әдіс-тәсілдерін меңгеру;
Түрі: жабдықтау жобасын әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Қазақстан тарихы немес Жалпы тарих бойынша кабинетті жабдықтау жобасын А3 форматқа әзірлеп, қорғау.

  • Оқу жұмысы;

  • Сыны бұрышы;

  • Оқу-әдістемелік жұмыстар;

  • Ғылыми-ізденіс жұмыстар;

  • Өлкетану матеиалдары т.б.



СӨЖ тақырыбы: Тарих пәнінің мұғалімі, келбеті ұстанымы
Мақсаты: тарих пәнінің мұғалімдік мамандығы, оныњ ерекшеліктері мен мєні, тарих мұѓалімніњ оќу-тєрбие үрдісін ұйымдастырушы тұлѓа екенін жєне соѓан сай ќазіргі ќоѓам мұѓалімініњ бейнесін сомдау.
Түрі: пікр-алмасу, ой толғаныс ұйымдастыру
Әдістемелік нұсқау: пікір барысында студенттерге төмендегі мәселелерге өз көзқарастарын ортаға салу көзделеді.

  • Тарих пәнінің мұғалімінің бейнесі

  • Мұѓалім – мєртебелі мамандыќ.

  • Тарих мұѓалімніњ ќұќыќтары мен міндеттері

  • Кєсіби-тарихи педагогикалыќ ќабілет: мєні, ерекшеліктері,

  • түрлері, талаптары.

  • Ќазіргі ќоѓамныњ даму үрдісіндегі тарих мұѓалімінің

  • беделініњ орны.

  • Ќазіргі ќоѓам мұѓалімініњ бейнесі

  • “ Ұстазы жаќсының – ұстамы жаќсы.”

Әдебиеттер:

  1. Григорьева Т.Г., Линская Л.В. Основы конструктивного общения. Н.: Новосибирский институт ,1999г.

  2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей.М.:ВЛАДОС, 2000г

  3. Станкин М.И. Профессиональные способности педагога. М.: Флинта, 1998г.

  4. Основы педагогического мастерства. / под ред. И.А.Зязюна / Киев.: 1997

  5. Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителя.-М.:Педагогический пойск, 2001г.

  6. Єбдіманапов С. М±ѓалім беделі ќайтсе кµтеріледі .- Егемен Ќазаќстан, 4 ќазан, 2003 жыл.

  7. Ж‰нісова А. Педагогикалыќ ќарым-ќатынастар.// Ќазаќстан мектебі., 1999, *9., 18-19 беттер.

СӨЖ тақырыбы: Пән үйірмелерін ұйымдастыру.
Мақсаты: Тарих пәні бойынша мектепте пән үйірмесін ұйымдастыруға шыңдау.
Түрі:Үйірме жоспарын әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Үйірме жоспары төмендегідей ұйымдастырылуы шарт:

  1. Пәндік үйірме атауы, бағыты.

  2. Үйірмені ұйымдастырудағы мақсаты мен міндеттері.

  3. Үйірме мүшелері.

  4. Үйірме отырыстары

р/с

Іс-шара мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар















Әдебиеттер:

  1. Тұрсын Хазретәлі. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. А.,2004

  2. Бухвалов В.А. Технология работы учителя-мастера. М.,1995.



СӨЖ тақырыбы: Тарих пөнін оқытуда Рәміздерді қолдану тәсілдері
Мақсаты: Төменгі буын сыныптарында ҚР рәміздерді тарих сабақтарында қолдануы туралы әдістемелік шеберліктерін дамыту.
Түрі:Сабақ жоспары
Әдістемелік нұсқау: Қазақстан: Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты” тақырыбында тәрбиелік шараның жоспарын әзірлеу.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы” 2006 жылғы 7 қаңтардағы №112-ІІІ ҚРЗ Конституциялық заңы.

Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша ұсынылатын
курстық жұмыс тақырыптары



  1. «Тарих пәнінде модульдік оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі.»

  2. «Рухы мықты, сапалы білім мен патриоттық қасиеттерді сіңірген болашақ азаматты тәрбиелеудегі тарих мұғалімінің шығармашылық рөлі мен еңбегі»

  3. «Тарих пәнінде оқушылардың танымдық және ойлау іскерліктерін белсендіру».

  4. Тарихи тұлғаларды таныту және оқытудың әдіс-тәсілдері

  5. «Тарих сабағында өлкетану материалдарын қолдану».

  6. «Мектептегі тарих кабинеті: мақсаты мен қызметі»

  7. «Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері»

  8. «Тарих сабағында оқушылардың дербес шығармашылқ жұмыстарын ұйымдастыру жолдары»

  9. «Тарихты оқытуда көркем шығармаларды қолдану»

  10. «Тарих пәнін дидактикалық-көрнекілік жағынан қамтамасыз ету жолдары».

  11. «Қазақстан Республикасында тарихи білім беру мазмұнының қалыптасуы»

  12. «Компьютерлік технологияны тарих сабағында қолданудың тиімділігі».

  13. «Тарих пәнінде оқытудың интерактивтік әдіс-тәсілдерін қолдану»

  14. «Тарих сабағында проблемалық оқыту технологиясын қолдану»

  15. «Тарих сабақтарында оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану – оқыту мақсатына жетудің негізгі шарты»

  16. «Тарих сабағында дәстүрлі емес сабақтарды қолдану ерекшеліктері».

  17. «Жања қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы орны».

  18. «Тарихты оқытудағы инновацияның сипаты»

  19. «Тарих сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану /И.С.Выготский, Л.З.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов/»

  20. «Тарих сабақтарында оқытудың проблемалық технологиясын қолдану»

  21. «Тарих сабақтарындағы ойын технологиясы»

  22. «Тарих сабақтарындағы деңгейлеп оқыту технологиясы»

  23. «Тарих сабақтарындағы ұжымдық оқыту технологиясы»

  24. Тарих сабақтарында дебат технологиясын қолдану»

  25. «Тарих сабақтарында тірек-сызбаларды қолдану»

  26. «Тарих сабақтарындағы сын тұрғысынан ойлау технологиясы»

  27. «Жаңашыл мұғалімдер идеясын тарих сабақтарында қолдану»

  28. Тарих сабақтарында курсаралық, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.

  29. Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің қазіргі құрылымы.

  30. Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары.

  31. Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдалану.

  32. Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары.

  33. Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері.

  34. Орта ғасырлар тарихын оқыту ерекшеліктері.

  35. Жаңа және қазіргі заман тарихын оқыту ерекшеліктері.

  36. Қазақстан тарихын оқыту барысында тарихи білімді қалыптастыру.

  37. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы.

  38. Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі.

  39. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық оқытудың ерекшеліктері.

  40. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудың ерекшеліктері.

  41. Кино-фото құжаттарын, кезеңдік баспа материалдарын пайдалану.

  42. Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы.

Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары


1-нұсқа
1.Тарихты оқыту әдістемесінің пәні:
а) Жалпы оқыту процесінің зандылықтарын мен құбылыстарын зерттеу
б) Мектепте тарихты оқыту әдістерін, ұйымдастыру жолдарын, мазмұның талдау
в) Методткалық шеберлікті қамтамасыз ету
г) Тарихтың методикасы мен тарихи білім беру
д) мектепте қоғамдық ғылымдарды оқыту

2.Тарихша бойынша бірінші тұрақты оқулық және оқу құралдары, тарихтан жүйелі білім беру қай жылы енгізілді?


а) 50-60жж
б) 40-50 жж
в) 30-50жылдардың алғашқы жартысы
г) 60-80 жж
д) 20-30 жж соңы

3. Кеңес елі мектептерінде ұлттық республика тарихын оқыту қажеттігін ең алғаш ұсынған тарихшы ғалым


а) М.Острогорский
б) Т. Тұрлығылов
в) А.М.Панкратов
г) А.Кредер
д) А. Вагин
4. Ғылым-методистердің мектепте тарихтан білім берудің негізгі мақсатың анықтауы
а) оқулық
б) оқу жоспары
в) мектептік құжат
г) мектептегі тарих бойынша бағдарлама
д) методикалық кеңестің шешімі
5.Мұғалым сабақ жоспарында үш міндетті анықтайды: соларды ата
а) Білімдік, танымдық, эстетикалық
б)Тәрбиелік, патриоттық, логикалық ойлау
в) Дамушылық, тәрбиелік, атеистік
г) Білімдік, тәрбиелік, дамушылық
д) Дұрыс жауабы жоқ

6.Фараон, турнир қандай ұғым


а) жеке тарихи
б) экономикалық
в) әлеуметтік
г) жалпы тарихи
д) саяси

7.Адамзат тәжирибесін жүйелі түрде қорытындылап балаларға жеткізудің дәстүрлі тиімді жолы


а) көрнелік арқылы
б) Ауызша баяндау
в) Картина бойынша суреттеу
г) кесте бойынша талдау
д) дұрыс жауабы жоқ

8.Белгілі бір тарихи оқиға немесе құбылысты кеңістікте көрсететін көрнекілік


а) Апликация
б) таблица
в) карта-схема
г) карточка
д) дұрыс жауабы жоқ

9.Хаммураппи заңын оқыған кезде төмендегілердің қайсысын қолдаған тиімді


а) Оқушылардың өздік жұмысы
б) түсіндіру
в) оқып түсінік беру
г) жазбаша түсіндіру
д) кесте сызғызу

10.Жаңа материалды оқып үйрену сабағы келесібөліктерден тұрады. Артығын алып таста


а) Үй тапсырмасын сұрау
б) жаңа материалды талдау
в) жаңа материалды бекіту
г) үйге тапсырма
д) Сұрақтар мен тапсырмалар мен жұмыс

11.Оқушылар білімін тексеру және бағалау көп салалы қызмет атқарады. Артығын алып таста


а) Оқушылар білімін толықтырады
б) тереңдетеді
в) бекітеді
г) Оқушылар білім дәрежесін анықтайды
д) Таным мүмкіндігін төмендетеді

12. Тарих кабинетініңоқытудағы рөлі


а) Тәрбие жұмысының орталығы
б) Білім беру, тәрбие және оқушыларды дамыту орталығы
в) Көрнекілікерді сақтау орталығы
г) тарихтан кластан тыс жұмыс орталығы
д) барлығы да жатады

13.Ойын элементтері енетін тарихтан кластан тыс жұмыс


а) Олимпиада, тарих кештері
б) экскурсия
в) тарих үірмесі
г) саяси информация
д) тарих сабағы

14.Мұғалім үшін шығатын әдістемелік журнал


а) Қазақстан мұғалімі
б) Қазақстан мектебі
в) Егеменді Қазақстан
г) Қазақ тарих
д) Заман Қазақстан

15.Жалпы білім беретін орта мектептік класс жаңа заман тарихына қанша саға бөлінген


а) 34 сағ
б) 17сағ
в) 68сағ
г) 51сағ
д) 57сағ

16.І-ші дүние жүзілік соғыс мәселесі қай сыныпта оқытылады


а) ҮІІІ б) ІХ в) Х г) ХІ д) ҮІІ

17.Жалпы білім беретін орта мектепте тарихты оқып үйренуге аптасына неше сағат бөлінеді


а) 16 б) 18 в) 19 г) 20 д) 21

18.ҮІІІ кластағы орта ғасырлардағы дүние тарихы қай кезенді қамтиды


а) б.з.Ү ғ.-ХҮ ғ дейін
б) ХҮІІІ-1914ж
в) 1914-1945жж
г) ХҮ-ХҮІІ ғ соңына дейін
д) 1945ж қазіргі уақытқа дейін

19.Орта ғасырлар тарихи курсының негізгі мазмұны және міндеті


а) Үғ соңынан ХҮІІ ғ ортасына дейінгі Азия Америка Африка елдерінің даму ерекшеліктерін оқыту
б) алғашқы қауымдық құрылыс және құл иеленущілік қоғам тарихын оқыту
в) Еуропа мен солтүстік Америкада капитализмнің орнауын оқыту
г) Киев Русінің. Ресей империясының тарихын оқытады
д) ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі шет елдерінің дамуындағыөзгерістерді оқытады

20.Оқытудың негізгі құралы және білімнің негізгі көзі


а) бағдарлама
б) оқулық
в) методикалық нұсқаулар
г) карта
д) барлығы да жатады

21.Белгілі бір тарихи кезен немесе дәірде тән белгі


а) Тарихи құбылыстар
б) оқиға
в) түсінік
г) уақыт
д) кеңістік

22.Белгілі бір дәірдің бейнесін жалауға қажетті көрнеліктер. Артығын алып таста


а) иллюстрация
б) схема
в) апликациялар
г) оқу суреттері
д) мұғалім сөзі

23.Кеңістікке байланысын не арқылы оқытылады


а) синхрондық таблица
б) уақыт сызығы
в) хронологиялық таблица
г) оқу карталары
д) дұрыс жауабы жоқ

24.Империя, республика, буржуазиялық демократия мазмұны жағынан қай түсінікке жатады


а) әлеумметік-саяси
б) экономикалық
в) тарихи-мәдени
г) идеологиялық
д) әлеуметтік

25. 60-шы жылдардағы ұсынылған оқыту ідістерінің түрлері (артығын алып таста)


а) иллюстрация түсіндіру
б) репродуктивтік
в) проблеманың баяндау
г) зерттеу
д) сұрақ-жауап

26. Тарихи оқиғаны қысқа түрде беру


а) әңгіме б) баяндау в)сиппатау г) мектеп лекциясы д)түсіндіру

27. Әңгіменің түрлері. Артығын алып таста


а) Кіріспе әңгіме
б) Аналитикалық әңгіме
в) Эвристикалық әңгіме
г) Қортынды әңгіме
д) Баяндау әңгіме

28.Техникалық оқу әдістеріне жататындар. Артығын алып тастаныз


а) диафильмдер
б) кинофильмдер
в) телехабарлар
г) видио, аудио жазбалар
д) карта-схемалар

29. Оқу прцессін неғұрлым тиімді әдістері мен жүзеге асыруда аңықтай отырып, әдістеме қандай сұраққа жауап береді


а) нені оқыту
б) не үшін оқыту
в) қалай оқыту
г) неге оқыту
д) барлық жауабы дұрыс

30. Оқыту процессін ұйымдастыру мәселелерін айта отырып, әдістеме мына төмендегі мәселелерді қарастырады


а) оқыту түрі
б) оқыту әдістері
в) оқыту амалдары
г) оқытуға қажетті көрнеліктер
д) барлық жауабы дұрыс

31. Педагогикалық процессті қайта құру негізінде жүргізілетін ғылыми тәжирибе


а) бақылау
б) тәжирибелік жұмыс
в) эксперимент
г) барлық жауабы дұрыс
д) Дұрыс жауабы жоқ

32. ХІХ ғ аяғы ХХғ басындағы мектептегі тарихи білім беру ісінің негізгі бағыттары


а) дворяндық және либералдық
б) дворяндық және радикалдық
в) дворяндық және революциялық-демократиялық
г) либералдық және радикалдық
д) революциялық- демократиялық, радикалдық

33. Тароихи білім беру ісін ізгілендіру:


а) құбылыстарды баяндаудың белгілі бір түрі
б) тарих курсының негізгі идеяларын баяндау
в) жеке тұлғаны дамытудағы тарихи білімдердің маңызын арттыру
г) Адамзат құндылықтарын тану
д) Барлық жауабы дұрыс

34. Сабақтар бойынша методикалық нұскаулар


а) Годер Г.Т. Ү сыныпта тарихты оқыту
б) Коровнин Ф.П. Ежелгі дүние тарихы
в) Ежелгі дүние тарихының хрестоматиясы
г) Никифоров Д.Н. Скляренко С.Ф. тарихты оқытудағы көрнекілік
д)Вагин А.Л. Мектепте тарихты оқыту

35. Сабақтың білімдік мқсат дегеңіміз


а) сабақта меңгеруге қажетті нақты тарихи білімді аңықтау
б) оқылып отырған фактіге баға беру
в) тарихи материал мен жұмысқа қажетті іскерліктер мен дағдыларды аңықтау
г)Түсініктерді аңықтау
д) дұрыс жауабы жоқ

36. Білімдік мақсатты анықтаудағы артық буынды алып тастаңыз


а) мектепте қоғамның әлеуметтік сұранысы
б) оқытудың жалпы дидактикалық мақсаттарын құрастыру
в) Педагогтардың оқутудың жалпы педагогикалық мақсаттарын құрастыруы
г) Методистерінің тарихи білім берудің мақсаттарын құрастыруы
д) Мұғалімнің сабақтың нақты мақсаттарын тұжырымдауы.

37. Адамзат қоғамның дамуында құндылықтар дүниеге көзқарастар де материалдық фактордан кем роль атқармайды – қай көзқарастың принципі


а) тарихты оқытудағы формациялық көзқарас
б) тарихты оқытудағы өркениеттілік көзқарас
в) тарихты оқытудағы аймақтық көзқарас
г) тарихты оқытудағы діни көзқарас
д) бұндай принцип жоқ

38. Іс әрекетті жүзеге асыру тәжірибелі – бұл


а) Оқушылардың іс-әрекет нормалары ережелерін орындауға дайын болуы
б) Адамзаттын дүние туралы жинақталған соның ішінде іс-әрекет туралы информациясы
в) Бұған дейін қабылданған білім және икемділіктерді жаңа жағдайға бейімдеу
г) Оқушының эмоциялық көңіл күйін нақты обьективті гі бағыттауы
д) барлық жауап дұрыс

39. Тарихи түсінік:


а) құбылыс оқиға процесстердің маңызды белглерінтанып білетін
б) Нақты кеңістікте және уақыттағы оқиға және процесстер туралы нақты білім
в) тарих саласындағы негізгі идеялар жүйесі
г) оқиға және құбылыстардың өзара байланыстар тізбегі
д) барлық жауап дұрыс

40. Белгілі бір дәүірдің ,кезеңнің өзіне тән белгілерін көрсететін фактілер


а) құбылыс
б) оқиға
в) процесс
г) уақыттық байланыстар
д) аймақтық байланыстар

41. Фактілік оқиғаға қайсысы жатады


а) Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы
б) Жалпы орыс раногінің пайда болуы
в) Куликова шайқасы
г) Англияда оброк жинау
д) Барщиналық міндетткерлікті өтеу

42. Аталғандардың ішіндегі күрделі фактілер


а) Марафон шайқасы
б) Грек-парсы соғысы
в) Мильтиад-афендер қолбасшысы
г) Парсылардың шегінуі
д) “Афиндіктер қуаңындар.Біз жеңдік !”деген жеңіс туралы хабар

43. Методистердің жаңа ұрпақтарына жататындар


а) Н.В. Андревская
б) П.С. Лейбенгруб
в) Н.Г. Дайри
г) Ю.Л . Троцкий
д) Н.И. Запорожец

44. Тарихты жеке пән ретінде берудің қайтадан қалпына келуі


а) 1917-1920 жж
б) 1920-1930 жж
в) 1930-1950 жж
г) 1960-1980 жж
д) 1985 ж кейін

45. Оқыту әдістерін қолданылған материалдың сипатына қарай топқа бөлуі


а) Есту және көзбен көру
б) Магнитофондық жазбаларгрампластинкалар
в) құжаттын ,есту және көзбен көру
г) құжаттық және көркемөнер
д) статистикалық

46. Өткен өмірдің заттық ескерткіштері төмендегінің қайсысына жатады


а) көркем сурет көрнекілікке
б) заттық көрнекілікке
в) Сызба-шарттылық көрнекілікке
г) есту-көру көрнекілікке
д) аудио,видео көрнекілікке

47. Ғылыми түрде өңделенген тарихи білімдер беретін текстер:


а) тарихи құжаттар
б) көркем әдебиет
в) оқулықтар
г) карталар
д) суреттер

48. Мұғалімнің оқу материалын түсіндіруі


а) Көркемдеп баяндау әдісі
б) жекеше зерттеу әдісі
в) Баспа материалдарымен жұмыс
г) Ауызша баяндау әдісі
д) Проблемалық әдісі

49. Баяндау әдісі


а) Тарихты іс-әрекеттің жарқын бейнесін жолау
б) тарихи оқиға құбылыстарды қысқаша беру
в) тарихи оқиға құбылыстардың толық бейнесін көрсету
г) тарихи оқиға құбылыстардың өзіне тән белгілерін көрсету
д) тарихи фактілердің белгілерің байланыстыру, терең ашу

50. Әртүрлі ғылымдардың мазмұны және мақсатының сәйкестігі және де оқушылардың таңымдық қабілеті дамытуды ұйлестіру


а) Курс аралық байланыстар
б) Пән аралық байланыстар
в) Ішкі курс аралық байланыстар
г) Сабақтың байланыстар
д) Дұрыс жауабы жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет