«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы Түсініктеме Бұл оқу жұмыс бағдарламасы мектептерде тарихты оқытудың негізгі мәселелерін қамтиды.Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады.
Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Әбу Насыр әл-Фараби "Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайда, келешекті болжау қиын" десе, А.Байтұрсынұлы "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих" деп өте жоғары бағалаған. Тарих ойға бағындырылған. Оның табиғаты да осында. Тарихи материал оқушылардың жан дүниесінде орын табатындай болуы міндетті.
Кеңес еліндегі одақтас республикалардың көпшілігінің мектептерінде сол республика аты берілген ұлттық тарихы жүртышылықтың талап етуімен 1958-1959 оқу жылынан бастап қана оқытыла бастады. Оның өзінде арнайы сағат бөлінбей КСРО тарихына бөлінген уақыт есебінен , соның құрамында оқытылды. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарга жауап бере алмайтыны түсінікті.
Қазақстан Республикасы "Білім" заңындағы талаптарды негізге алып, тарих пәнін жүргізудегі үш мақсатты айқындаудағы бағдарлама- жарқын болашақтың азаматын жан- жақты тәрбиелеудің басты мұраты.
Тарихи білім мазмүнынының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың әдісі, тәсілдерін де жаңартуды қажет етеді.
Курстың оқыту мақсаты: «Тарихты оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты келешек мамандардың тарихи танымын дәйекті түрде қалыптастыру және оларға орта мектеп оқушыларының тарихи танымын қалай жүйелеп, нендей жолмен өнегелілікке баулуды үйрету.
Курстың негізгі міндеттері:
Келешек мамандарды тарих пәнін жүргізу әдістерінің қазіргі кезеңдегі ең озық дерлік теориялық негіздермен қаруландыру;
Оқушыларға биік өрелі тарих таным қалыптастырып, әрі олардың иманды да инабатты ұрпақ боп өсіп қалыптасуын бағыттай алуы үшін болашақ ұстаздарға тарихты оқытудың ең тиімді жолдарын нұсқаумен қатар, бұл мақсаттарды жүзеге асыру әдістерін іс барысында бойына сіңіру;
Студенттерді – болашақ мұғалімдерді алдын-ала өз оқушыларын тарихи ілімі арқылы ізгі ниетке баули алуға бейімдеу, әрі тарихты оқытып үйрету барысында өзі жүзеге асырған тәрбиелік жұмысын өз бетінше талдап-тарқатып, өздігінше жетілдіре білуге бауулу;