Бағдарламасы «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы»



бет1/7
Дата24.01.2022
өлшемі384,55 Kb.
#113995
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
психол-пед.рактика 2 курс бекітілген. 2021


Ф-ОБ-004/006


6В0156200-Химия-биология білім беру бағдарламасы бойынша психологиялық-педагогикалық практика бағдарламасы «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген); «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары», ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазан № 595 бұйрығына 5-қосымша; «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы; университеттің УЕ-ХҚТУ-025-2019 Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау ережесі және УЕ-ХҚТУ-027-2020 Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және жоғары білім беру бағдарламаларында қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі негізінде дайындалған.

Психологиялық-педагогикалық практика бағдарламасын дайындаған(дар):





  1. PhD, аға оқытушы Сарбаева М.Т.

Психологиялық-педагогикалық практика бағдарламасы «Экология және химия» кафедрасының 01.09.2020 ж. күнгі мәжілісінде қаралды (№ 1 хаттама)

«Экология және химия» кафедра меңгерушісі ________х.ғ.к., профессор м.а. Р.Н. Нұрділлаева

Жаратылыстану факультетінің академиялық комитет кеңесінде мақұлданды (№ 1 хаттама)

Кеңес төрайымы _________ техн.ғ.к., доцент м.а Ибрагимова Э.Қ.


Келісілді:


  1. М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің директоры

  2. № 15 М.Жұмабаев атындағы мектеп гимназия директоры

  3. № 23 IT–Лицей мектебінің директоры


КІРІСПЕ
Психологиялық-педагогикалық практика білімгерлердің психология және педагогикалық ғылымдары бойынша алған теориялық білімдерін мектеп тəжірибесінде оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруына, сондай-ақ, жеке пəнді оқытудағы педагогикалық амал-тәсілдерді үйренулеріне мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық практика кезінде сынып оқушыларын психологиялық тұрғыдан зерттеп, болашақ мұғалімнің бала дамуын жəне оның жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауды, оқушыларға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан оң ықпал жасаудың, олармен дұрыс жұмыс істеудің тиімді жолдарын үйренеді. Студент – психологиялық-педагогикалық практика кезінде жоғары оқу орны қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларын мектеп практикасында алғаш қолданады, оны іс-жүзіне асырады. Сонымен, психологиялық-педагогикалық практика жоғары оқу орындарында студенттің теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады.

Бұл бағдарламада «Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасына» және психологиялық–педагогикалық пәндердің кешенді бағдарламасына сәйкес құрастырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет