Бағдарламасы «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы»



бет4/7
Дата24.01.2022
өлшемі384,55 Kb.
#113995
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
психол-пед.рактика 2 курс бекітілген. 2021

Білім алу деңгейі

Құзыреттер

Салыстырмалы үлестірілімі

Б1

Б1.1. Оқу-танымдық: (1) Білімін қолдану

0,5

Б4

Б4.1. Кәсіби (1) Білімдік қызмет cаласында

0,5


Психологиялық-педагогикалық практика нәтижелері:

- құжаттармен (мемлекеттік стандарт, оқу-тақырыптық, сабақ жоспары, пәндік сыныптан тыс іс жоспары , тәрбие жұмысы жоспары және т.т.) жұмыс істей білуі тиіс;

- өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейін анықтай алуы тиіс;

- жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне бақылау жасай алуы тиіс;


- оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің психологиялық аспектісін (сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызығушылығы, педагогтік этика, танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, қарым-қатынас, сабақтағы микроклиматы) зерттей білуі тиіс;

- пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесін білу;

- пән бойынша оқушылардың іскерлігін, білім деңгейін саралау;

- сыныптағы тәрбие процесімен (жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субъект-субъекттік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез-құлық тәртібі) танысу;

- жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтан психологиялық-педагогикалық талдауын жасау;

- ата-аналармен жұмыс әдістері мен жекеленген түрлерінің ынтамақтастық негізінде оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру (ата-аналар жиналысына дайындық, сұқбаттасу, сауалнамалық сұрақ);

- жалпы мектептік тәрбиелік іс-шараларына психологиялық-педагогикалық талдау жасауы тиіс;
- сынып тәрбие процесінде (даму заңдылықтар есебі, субъектілік қатынас, жеке адамның әлеуметтік белсенділігі) белсенділік көрсетуі тиіс.


  • пән мұғалімі мен сынып жетекшісі қызметі: оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын қолдана отырып сабақтың психологиялық-педагогикалық қорытындысын жасай алуға тиісті.

Психологиялық-педагогикалық практика барысындағы студенттердің жасаған жұмысын практика жетекшілері бақылап, бағалап отырады.

Психологиялық-педагогикалық практика бойынша аттестация баға қойылатын сынақ түрінде қабылданады және студенттердің ауызша, жазбаша есептері кафедра мәжілісінде талқыланады. Психологиялық-педагогикалық практиканың қорытынды бағасын практика жетекшісі ұсынылған құжаттар негізінде қояды.

Студенттің есебі (портфолиосы) мынадай құжаттарды қамтиды:



  1. Студенттің жеке жұмыс жоспары немесе кестесі

  2. Практика күнделігі

  3. Практикалық қызметте пайдаланылған диагностикалық әдістемелер мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша қорытындылар

  4. Түзету-дамыту бағытындағы сабақтың жоспар-конспектісі

  5. Кеңес беру-профилактикалық бағыт бойынша сабақтың жоспар-конспектісі

  6. Студенттің психологиялық-педагогикалық практика жөнінде есебі;

Психологиялық-педагогикалық практика бойынша есептік құжаттаманың қорғау нәтижелері бағалаудың бекітілген балды-рейтингтік және әріптік жүйесі ( GPA) есеп қабылдау бойынша бағаланады. Практикаға екі жетекші тағайындалғанда практика базасындағы жетекшінің қорытынды бағасы (40%) мен жоғары оқу орнынан тағайындалған жетекшінің (60%) бағасы қойылады.

Студент есебінде қысқаша өз мақсатымен таныстырып, білім мекемесіне мінездеме-баға беруге тиіс.

Қорытынды конференцияда білім алушы педагогикалық тәжірибе І кезінде өз істеген жұмыстары және көзқарасы бойынша бес минуттық баяндама дайындайды. Алға қойған мақсаты, алған білімі мен біліктілігін жетілдірудегі практика көмегін және қоғамдық меке жұмысын жетілдіру үшін қажетті жұмыстар жөнінде өз пікірімен бөлісуі қажет.

Психологиялық-педагогикалық практика бағдарламасы бойынша тапсырмаларды орындамаған және есептік құжаттаманы қорғауға келмеген студент академиялық борышкер болып табылады. Психологиялық-педагогикалық практика бойынша академиялық қорғауды жою ақылы незінде арнайы жасалған график бойынша жүргізіледі.

Психологиялық-педагогикалық практика нәтижелерін обьективті бағалау үшін келесі тәсілдер пайдаланылады:


  • Студенттердің қызметін бақылау және оны талдау;

  • Білім беру ұйымының басшылығымен (мектеп директоры (орынбасарымен), сынып жетекшісімен) әңгімелесу;

  • Пікірлерді зерттеу және талдау (сауалнама, диагностикалық карталар және т.б.);

  • Практика бойынша құжаттарды талдау (педагогикалық күнделік, студенттің жеке жопары, есебі және т.б.).

  • сынып ұжымының психолого-педагогикалық мінездемесі;


Практиканы бағалау критерийлеріне жататындар:

  • студенттердің практикалық қызметті теориялық түсіну деңгейі (практиканың мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын, әдістерін);

  • жалпы мәдени және кәсіби құзіреттерді, сондай-ақ педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін меңгеру деңгейі;

  • кәсіби бағдар мен белсенділік деңгейі, кәсіби маңызды қасиеттердің көрінісі;

  • практикаға қатынасы, өзіндік қызмет сапасы және практика бағдарламасын орындауы;

  • есеп беру құжаттамасының сапасы және уақтылы тапсырылуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет