Семушина Л.Т. Ярошенко П.Г. Содержание и технологии обучения в средних специальных учебных заведениях. М., 2001 г.
ОСӨЖ тақырыбы: Патшалы Ресей мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы. Кеңес елі мектептерінде тарих пәнінің оқытылуы.
Мақсаты: Студенттердің салыстырмалы дағдыларын дамыту;
Түрі:Кесте, Салыстырмалы талдау жасау.
Әдістемелік нұсқау: Төмендегі кесте бойынша Патшалы Ресей мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және Кеңес елі мектептерінде тарих пәнінің оқытылуы туралы ақпарат жазу.
ОСӨЖ тақырыбы: Қазіргі білім беру үрдісіндегі негізгі жаңалықтарды басшылыққа ала отырып, әдістемелік мәселелерді шешу:
Мақсаты:Тарих пәнін оқытудағы түбірлі өзгерістердің қажеттігі, мектепте Отандық тарихты оқытудағы келелі мәселелерді оқытудағы әдіснамалық мәселелер туралы білім-біліктерін қалыптастыру.
Түрі: Кешен әзірлеу
Әдістемелік нұсқау: Тарихи білім беру тенденциясының дамуы мен қазіргі мәселелері тақырыбында эссе жазу.
ОСӨЖ тақырыбы: Тарихи түсініктерді қалыптастыру әдістемесі.
Мақсаты: Тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін студенттерге меңгерту.
Түрі: Әдістемелік жоспар
Әдістемелік нұсқау: ОСӨЖ төмендегі кесте бойынша жүргізілінеді:
Тарихи түсінік
Оқушыларға түсіндіру мен меңгертудің әдістемелік жолы
ОСӨЖ тақырыбы: Жоғарғы сыныптарға сабақ жоспарын әзірлеу:
Мектептік семинары.
Мектептік лекция.
Мақсаты: Студенттерге оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ жоспарын әзірлеу тәсілін меңгерту. Түрі: Жоспар жасау
Әдістемелік нұсқау: Семинар- оқушылардың диалогтық сөйлеуін дамытуға көмектесіп, түп деректермен дербес жұмыс істей алуын қалыптастырады.
Семинар сабағының жоспарын төмендегі үлгі бойынша орындауға болады.
Үлгі: Қазақстан тарихы пәні бойыншасеминар сабақ жоспары Сабақтың түрі және типі : Тәжірибелік сабақ-Семинар
Семинар сабақтың мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық құрылымының қалыптасу үрдісі, даму ерекшеліктері, таңдау жолы туралы білім беру.
2.Сабақты жабдықтау: ҚР рәміздері, ҚР Конституциясы, Президент портреттері, «Қазақстан 2030», карточкалар.
3.Оқыту әдіс-тәсілдері: Репродуктивті, түсіндірмелі, иллюстративті, пікір талас..
4.Пән аралық байланыс: Саясаттану, Әлеуметану, Мәдениеттану, Құқық негіздері.