Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің дәріс сабақтары
№1 Дәріс Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты
Негізгі түсініктер: әдістеме, оқыту құралдары, оқыту әдісі.
Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.
Жоспары:
1.Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы.
2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы.
1.Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуыyның кезеңдері.Адам баласы Қазақ сахарасында пайда болып, қазақ ұлтының кіндік қаны тамған Еуразия жүрегінде орналасқан ұлан-ғайыр жері бар Қазақ елі дүниежүзілік тарихта өзінің оң істерін қалдырып келуде. Ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алып, Жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 2 баптарында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президені Нұрсұлтан Әбішұлының 1998 жылдың неліктен ұлттық тарих жылы деп жариялануы туралы айтқанын келтіру де орынды. «Бұл – тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл - ... туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл - ... әрбір азамат... өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз».
Осы жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеру зор маңызға ие болып отыр.
Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958-59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. Бірақ та тарих сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары; оқу бағдарламалары мен оқулықтар; білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі; оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы; пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар.
Осыған қарамастан соңғы отыз жылда мектепте Қазақстан тарихын оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Солардың нәтижесінде әдістемелік көрнекілік құралдарын дайындау және пайдалану (И.Қадірбеков), мәдениет тарихын оқыту әдістемесі (К.Каменир), тарихи-көркем әдебиетті пайдалану (К.Аманжолова), тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі (Е.Жевако), оқулықтардың ғылыми-әдістемелік негіздері (М.Зарифова), 5-сынып оқушыларында халықтар достығы жайлы білімдерді қалыптастыру әдістемесі туралы (Б.Әбдіғұлова) еңбектер жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға, оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақ қоғамы, Қазақстан тарихының мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес.
Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлттық республикалар мектептерінде өз республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні ортақ түркі тілдес республикаларда осы курстың иқұылымы мен мазмұны, КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО мектептерінде ұлт республикаларының тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге пайдасы тигендігін жоққа шығармаймыз. Бірақ аталған зерттеулердің бәрі де кеңестік дәуірде 1980-жылдарға дейін жүргізілді, ал Қазақстан Республикаасының өзінің тәуелсіздік алғаннан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда түбірлі өзгерістер, жаңалықтар болғаны белгілі.
1990-жылдардан бастап бұл курс дербес оқу пәніне айналып, оның білім мазмұны мен оқытуға бөлінген сағат саны 5-6 есе өскендіктен және де халыққа білім беру саласында дүниежүзілік білім стандартына сай, Қазақстан Республикасында болып жатқан маңызды өзгерістерге байланысты бұл пәнді мектепте оқыту әдістемесінің проблемасын шешудің қажеттілігі арта түсті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы ту етіп ұстаған арманы орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы «Декларация» қабылдады. Онда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық, құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негіге алатыны айта келіп:
«Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР Мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» деп көрсетіледі.
Бұл жағдайлар мектепте Қазақстан тарихын оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларда алдымен Қазақ, Қазақстан тарихын оқыту кезеңдерін, оның курс болып, қалыптасып жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдарламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді – деген мәселелерді шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар, мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін барып қана жаңа пән – Қазақстан тарихы әдістемесінің қалыптасуы деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болады.
Жарияланған мәселелерді талдаудың, зерттеу мәселесінің даму дәрежесінің көрсеткеніндей, проблеманың жүйелі зерттелмеуі қарама-қайшылықтарды тудыруда. Оларды шешу жолдарын қарастыру зерттеу проблемасын айқындайды.
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жеке мәселелері ғана қарастырылып, бұл проблеманы зерттеуде жүйеліліктің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екенін дәлелдейді.
Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектептерде тарих пәнін оқытуда қасаң марксизм идеялары басшылыққа алынып, мектептің таптық, партиялық болуы басты идеологиялық ұстаным ретінде қаралып келді. Траих пәнінен жаңа оқулықтар болмағандықтан, салыстырмалы түрде бұған дейін тәуірлеу делініп келген Виппер, Коваленский оқулықтары қайта басылды. Оларды пайдаланғанда Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, М.Н.Покровскийдің тарихты коммунистік рухта оқыту жөніндегі айтқан, жазған нұсқаулары басшылыққа алынды.
1921 жылдан бастап тарих пәні мектептің оқу жоспарынан дербес пән ретінде шығарылып, оның материалдары «Қоғамтану» пәнінің құрамына ендірілді. Оның бағдарламасы мен оқулықтарында азаматтық тарихқа, тарихи қайраткерлерге, тарихи оқиғаларға орын мүлде аз берілді. Мұның өзі оқушылардың тарихтан жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи сананың ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтірді.
Белгілі әдіскер Тотай Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің даму, қалыптасу тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, олар мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: |