Жаңа тас ғасыры–неолит- бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық - 2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).
Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.
Қола дәуіріндегі тайпалар
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кездеВолгаменАлтайарасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды.1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.
Андронов мәдениеті
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетіменбірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі - қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д.15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар)