Тас дәуірі палеолит



бет4/8
Дата08.03.2023
өлшемі61,32 Kb.
#171505
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ 13

3 тапсырма

Қазақстан жеріндегі ерте және ортағасырлардағы мемлекеттер



Мемлекеттердің саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымы. Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей қалыптасқан бұрынғы әлеуметтік құрылымды сақтап қалды. Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жер өңдеуші көршілерімен әскери қактығыстар кезінде жекелеген тайпалар тайпалар одағына біріккен. Осылайша тайпа ішіндегі байланыстар нығайтылды. Сондай-ақ сыртқы кауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі мемлекеттің кұрылуына объективті себеп болды. Дегенмен таза отырықшы елдердегі мемлекеттермен салыстырғанда, орталық билік шектеулі еді. Онда әскери демократияның белгілері: әскери ақсүйектер кеңесі елеулі орынға ие болды. Барлық әскери-саяси басқару жүйесі өмір сүрудің көшпелі түріне қолайлы, көшпелі тұрмыстың ерекшелігіне бейімделген. Сондықтан басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі ерекше орын алады. Ерте ортағасырлық мемлекеттерде дәстүрлі рулық-тайпалық ұйым: патриархатты отбасы — ру — тайпа — ел сақталып қалды. Әрбір тайпаның өзінің белгілі аумағы болды. Жайылымдарды пайдалану және көші-қон жолдарын бөлу тайпа басшыларының құзырында болды. Бөліп берген үлестік жер, жайылымдар үшін тайпа көсемі жоғары билеушіге жыл сайын салық төлеп тұрды. Қоғамның қатардағы өкілдері, азат адамдар болды. Әскери-әкімшілік тұрғыдан ерте ортағасырлық мемлекеттер бірнеше үлестік-тайпаларға бөлінді немесе кейбір жағдайда 2 қанаттан (бөліктен) тұрды. Көшпелі қоғамда тайпалар одағынан мемлекеттік құрылымға өту кезеңінде күшті әскери билік дәстүрі үлкен рөл атқарды. Үлес-тайпа билеушілері әрі әскери қолбасшы, әрі әкімшілік басқарушысы болды. Әскери және әкімшілік биліктердің біріктірілуі олардың билеуші көсемдерінің саяси-экономикалық жағынан нығаюына әкелді. Мәселен, Қарлұк қағанатындағы үлестік-тайпаның кейбір басшылары орталық билікті мойындамады. Олар қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғары билікті басып алуға ұмтылды. Соның салдарынан билеуші әулетті ауыстыратын күштер олардың өз ортасынан өсіп шықты. Барлық тарихи кезеңде Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің бірін-бірі ауыстырып отыруын, бір жағынан, осылай түсіндіруге болады. Екіншіден, мемлекеттік құрылымдардың санғасырлық әлеуметтік-мәдени дәстүрлері қалыптасты. Жоғарыда аталған мемлекеттік этно-саяси бірлестіктер негізінде түркі халықтарының үнемі бірігіп бас косуға ұмтылғанын анық көреміз. Мемлекетті билеуші ақсүйектер тобында қатаң иерархия — қызмет адамдары мен әлеуметтік топтардың төменнен жоғары қарай бір-біріне бағыныштылық жүйесі қалыптасқанын байқаймыз. Әлеуметтік жағынан ақсүйек тайпалар мен оларға бағынышты тәуелді тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылық әскери міндеткерліктермен алым-салық төлеумен қатар жүрді. Түрік қағанатында билік лауазымы 20-дан астам сатыдан тұрды. Жоғары билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Хан мұрагеріне оның мөртаңбасы берілді. Бұл мөртаңба — мемлекеттіліктің нышаны болатын. Мұны ерте ортағасырлық мемлекеттердің мәнді белгілерінің бірі деп айтуға болады. VI—XIII ғасырларда Қазақстан аумағындағы ертедегі көшпелі түрік мемлекеттерінде мұрагерлік тікелей жолмен емес, сатылы түрде жүрді. Таққа үміткерлердің арасында жасы үлкендерінің артықшылығы көбірек. Егер билеуші қайтыс болса, таққа бірінші тікелей оның баласы емес, жасы үлкен інісі отыра алатын. Ал кейін XIV—XV ғасырлардағы Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттерде бұрынғы "сатылы жүйемен" қатар хан билігіне тікелей баласы мұрагер болу дәстүрі пайда болды. Көшпелілерде билеушінің бас ордасы — мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы. Өз кезегінде әр үлес билеушілерінің де қаған сияқты өз сарайлары, тұрақты ордалары бар. Әдетте, ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттен болды. Олар жоғары билеушінің туған-туыстарынан тұрды. Жоғары басшы ішкі тәртіппен шекараларды қорғауды, сот үкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының орындалуын қадағалады. Мемлекеттің бүкіл аумағы формальды түрде билеуші әулеттің меншігі болып есептелді. Мемлекеттік жерге қожалық ету құқығы тек жоғары билеушіде ғана еді. Мемлекетке бағыныштылық әрқашан да алым-салық төлеуден көрінеді. Мемлекет өз қазынасын жергілікті халықтардан, сондай-ақ қол астындағы бағынышты аймақ халықтарының алынатын салық есебінен толтырып отырды. Қазақстан аумағындағы халықтар көшпелі мал шаруашылығымен қатар отырықшы жер шаруашылығымен, саудамен, қолөнермен айналысқаны белгілі. Отырықшы қоныстардағылар көбінесе кедейленген, малы жоқ көшпелілер еді. Отырықшылыққа көшу үдерісі де малға деген мүлік теңсіздігімен тікелей байланысты. Малынан айырылған көшпелілер отырықшылыққа көшуге мәжбүрленді. Сондықтан екі түрлі аймақтан алынатын салық та әр түрлі. Көшпелі және отырықшы халықтар үстем тайпаға мал және аң терісі, заттай алым түрінде салық төледі. Мың адамға дейін жететін салық жинайтын арнаулы атты әскерлері болды. Тағы да осы жерде айта кететін жайт, — бұл ертедегі мемлекеттік бірлестіктердің экономикалық негізі екі түрлі қоғамның үштасуынан пайда болды:

1) мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғам;

2) отырықшы-егіншілік қоғам. Бұл екі дәстүрді асқан іскерлікпен біріктірген Қарахан мемлекеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет