XV ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Бай шіркеу сансыз дінге сенушілерді сыйғызу үшін храмдарды кеңейтті. Құрылыстардың белағашы тас күмбердермен алмастырылды.
Роман храмы – биік мұнарлы алып ғимарат. Роман храмдары өзінің сұстылығымен және күрделігімен қамал тәрізденіп, католик шіркеуінің құрметіне сенім тұғызуға тиіс болды.
XII ғасырдың аяғынан бастап қала тұрғындары сауда үйлерін, ратушалар, соборлар, ауруханалар, қонақ үйлерін салды. XII-XV ғасырларда салынған құрылыстар готикалық құрылыстар деген ат алды.