Таңсық Жұрынқызы Лирикадағы туған жермен тұтастық Көкшетау 2004



бет5/5
Дата11.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#11409
1   2   3   4   5

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

1. Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.

2. Оқу құралдарының орнында болуын қадағалау.
II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
III. ЖАҢА САБАҚ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Атыңнан айналайын, Қарқаралы,

Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады,

Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,

Мен бір жан қашып жүрген Арқадағы.

(Мәди Бәпиұлы).


Оқушылар, бүгінгі біздің өтетін такырыбымыз Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі. Өлеңмен таныспас бұрын ақынның өмірі мен шығармашылығына орай білімімізді тереңдетейік. Біз өлең арқылы заманды танимыз. Өлең арқылы ақынның, ақын арқылы елдің, азамзаттың өмірін білеміз. Өлен өрнектерімен иірімдерімен ақынның дүниетанымын, тыныс-тіршілігін, ой әлемін, мінез-құлқын, тіл шеберлігін көре аламыз. Ендеше қазақ поэзиясында найзағайдай жарқылдап өткен Қасым

114


тұлғасын өзіміздің шағын уақытымыз мөлшерінде өз өлеңдері арқылы бейнелеп көрейік.

Мәди Бәпиұлы өлеңіндегі Қарқаралы -Қасымның туған жері. Қасым 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қызыл деген жерде туған. (Картадан көрсетіледі). Акынның туған жері - өте әсем, сұлу таулы, өзен-суы мол тамаша жерлердің бірі. Өзін қоршап тұрған табиғаттың сұлулығы сезімтал бала Қасымның ақындық талантын ерте оятып, оған күш-қуат берсе керек.

Өмірге келдім еңбектеп,

Шалқалап әкем шықты үйден,

Жетімдік тағдыр жетті ептеп,

Қабағын жаба түксиіп -

деген бір шумақ өлеңде бұл дүниеге келген жасөспірімнің тағдыры өзінің барлық болмыс-бітімімен, ауыртпашылық қасіретімен көз алдыңа келіп тұра қалмай ма? Аз сөзде көп, үлкен мағына бар. «Еңбектеп», «шалқалап» сөздерінің бейнелі бояуы мен салмағы ерекше. Бала өмірге келді, әке дүниеден өтті. Бұдан әрі «түксиген», «жетімдік тағдырдың» маңдайдан сипай қоймағаны сөзсіз.

1916 жыл басталып, бір адамның ғүмырына жетерлік дәуірдегі бұл жай көптеген қазақ балаларының пешенесіне жазылғандығы аян.

Одан әрі:

Үстімде сүр шинелім,

Ақсаңдай басып келемін.

115


Қайда қырғын қызыл от,

Қаптап жүр ажал дегенің.


Үстімде сұр шинелім,

Ақсаңдай басып келемін.

Қағып-соғып жығар ма,

Оңайлықпен мені өлім.


Үстімде сүр шинелім,

Ақсаңдай басып келемін.

Баяғы Қасым - бір Қасым,

Баяғы күйім - өлеңім.


Сұр шинель - солдаттың бір белгісі, әрі киім, әрі төсек. «Ақсаңдай басу» - азаттық сапарының, солдат жорығының толассыз ұзақ болуының белгісі. Соғыс ауыртпалығы «Сұр шинелді», «ақсаңдай басқан солдаттарға» түскендігі даусыз. Өмір мен өлім белдескен сұрапыл жылдардың ұзақ сапар, ауыр жолы біздің көз алдымызға келеді.

Қасым 1941 жылдан 1946 жылға дейін әскер қатарында болады. Жалындаған жастық алауын соғыс пен жорыққа берді. Сондықтан болар жігер, көңіл-күй мен сезім оған жат емес.

Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын,

Ән мен күй, өлең сені қоя алмаспын,

Тірлікте тербелейін, тебіренейін,

Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.

Осы бір өлеңде ғұмырдың тәттілігін қимастықпен құмарта жырлау бар емес пе? «Өзім

116


туралы» өлеңіндегі мына шумаққа зер салыңдаршы:

Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,

Қараймын елесіңе мен таңырқап.

Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,

Көрпемді мен жатармын қырда қымтап! –

дегендей, «найзағайдай жарк етіп», 1955 жылдың 18 қаңтарында дүниеден өтті. Сендердің бақытты өмірлеріңе қызыға қарап, «қырда көрпесін қымтап жатқан» ағаның аруағы риза болсын десеңдер, бүгін өтетін «Туған жер» өлеңдеріндегі жүрек лүпілін, сезім иірімдерін саналы ой, сергектікпен

талдап оқиық.

I. Осыдан кейін «Туған жер» өлеңін қуанышты леппен, асқақ сезіммен түгел жатқа мәнерлеп оқып шығамын:

/Шықшы тауға/, /қарашы/ кең далаға!/ /II/ /а/

/Мәз боласың/, /ұқсайсың/ /жас балаға/. /II/ /а/

/Ол шеті мен /бұл шетіне/ жүгірсең/, /II/ /б/

/Шаршайсың ба,/ /құмарың бір/ қана ма?/ /II/ /а/


II. Өлең құрылысына композициялық-мазмұндық жоспар құрылып, түсініксіз сөздер түсіндіріледі.

Лирикалық шығарманың қүдіретін танытуда әр шумакты мүқият оқып, әр шумаққа тақырып қояды.

1. Туған жерге табыну.

2. Туған жер - алтын бесік.

117

3. Туған жерім - тағдырымның куәсі.



4. Байтақ өлке, ұлы жер.

5. Алтын діңгек - босағам.


III. Тезис жасайды. Мәтіндегі негізгі ойлар дәлелденіп, түсіндіріліп, айқындалады.

1. Жас баладай мәз болып, асыр сап ойнап, тауға шығып, кең далаға қанша қарасаң да құмарың қанбас.

2. Алтын бесік туған жер, - ақын болмай, «тасың болсам да», «топырағыңда тебіренбей жата алмас ем».

3. Сенде туып, сенде өскеніме қуаныштымын.

4. Барын берген, байтақ өлке туған жер алдында перзенттік борышымды ақтаймын.

5. Алыс кетсем, аңсарым сен - алтын діңгек босағам.


IV. Мәтінді мазмұндайды. Өлеңдегі ақынның поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік сезінуі, түсінуі негізінде баяндайды.
V. Өлең құрылысына талданады. Әр оқушы жұмыс дәптеріне төмендегідей қорытынды жазады.

Бір шумақ, бір шумақта төрт тармақ, әр тармақ үш бунақты, II буынды қара өлең ұйқасын түзейді.

118

VI. Ақынның поэтикалық тілі, жас балаға -метафора, алтын бесік, тасың болсам - метафора, ұлы жер - эпитет. Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім - теңеу. Алтың діңгек - өз мағынасында эпитет, ауыспалы мағынасында - метафора.


VII. Аннотация жазады. Ақын осы өлеңі арқылы өзінің туған жеріне деген махаббатын жырлай отырып, оның құдіреттілігін дәріптейді.
VIII. Лирикалық кейіпкердің көңіл-күйіне сипаттама.
Шумақтар. Көңіл-күй сипаттары:

1-шумақ Туған жерге деген мақтаныш сезім.

2-шумақ Туған жерге деген перзенттін парызы.

3-шумақ Туған жерінің ұлылығын кадір тұтуы.

4-шумақ Туған жерге деген борышы.

5-шумақ Акынның туған жерге деген махаббаты.
ЖАҢА САБАҚТЫ БЕКІТУ

Сонымен балалар, біз бүгінгі сабағымызда Қасым ағамыздың «Туған жер» атты лирикалық өлеңін өттік.

- Лирика дегеніміз не? «Туған жер» өлеңі лириканың қай түріне жатады?

- Лирика - «лира» деген ескі грек сөзінен алынған. Лира - әуелі музыка аспабының аты. Сол

119

лираға қосып әнмен, сарынмен айтатын өлеңді лирика деп атаған. Қазір лирика өлең сөз түріндегі көркем әдебиет шығармаларының негізгі бір саласы деп қаралады. Лириканың мынадай түрлері бар: табиғат лирикасы, коғамдык лирика, махаббат лирикасы, философиялық лирика, көңіл-күй лирикасы т.б. Қасымның «Туған жер» өлеңі көңіл-күй лирикасына жатады. Көңіл-күй лирикасында ақынның өз басының күй-жайын, арман-мұнын, содан туатын ой-сезімдерін білдіреді.



- Осы өлеңді өту барысында өздерің түйсік арқылы қабылдаған сезімді, толғаныс тебіреністі шамаларың келгенше түсіндіріп көріңдерші!
1-ОҚУШЫ:

- Өлеңді оқу барысында ақынның жайдары көңілін, туған жерге деген ыстық махаббатын, оны мақтан тұту сезімін, жүрек лүпілін, сезім иірімдерін танығандай болдым. Туған жердің көз тоймас көркіне балаша таңырқаған ақынның үлкен жүректі адам екенін түсінгендеймін.


2-ОҚУШЫ:

- «Жас балаға ұқсап», «мәз» болып тұрған ақын қуанышы - таза мөлдір, шат, кіршіксіз, бүкпесіз қуаныш. Ақын көңілі, қиялы қарапайым емес, ұшқыр. Туған жердің «ол шеті мен бұл шетіне жүгірсе шаршамайтын», талмайтын, «құмары қанбайтын» ынтық, құштар, іңкәр көңіл.

120

3-ОҚУШЫ:


- Сонымен бірге ақын осы өлеңінде сұлулық пен әсемдікті, мейірлене, туған жеріне бейбіт, тыныш өмірдің тұнығының шайқалмауын тілейді. Ақын туған жеріне ғашық. Бұл өлеңді оқу барысында осындай сезім күйі, көңіл әуенімен көкірек сарайымызды күн шуақты нұрға бөлейді. Бойға қуат беріп, өмірге деген құштарлық артады.
4-ОҚУШЫ:

- Ақын бұл өлеңінде жалғыз өзінің туған жері Қарқаралы туралы айтып тұрған жоқ. Өлеңнің тууына бүкіл қазақ даласы арқау болып тұрғанын айқын көре аламыз. Туған жерді сүйе отырып, онда өмір сүру бақытының ғажаптығын сезінеміз. Өзімізбен бірге тыныстап тұрған тіршілік атаулыны аялау, жақсы көру сезімдері оянады, міне, бұл бізге өлеңнің берер қуаты, өлеңнен дарыған қасиет.


5-ОҚУШЫ:

- Жоғарыдағы айтқан құрбыларымның пікірі ақынның «тасың болсам да», «топырағыңда тербелмей жата алмас ем» деген ойы, туған жерге деген жүрек лүпілін қозғады. Ата-анамды сағынып үйге барғаннан кейін, іле-шала туған аулымның ол шеті мен бұл шетін аралап, кұмарым қанбай, отбасын сарылтатын кездерім көз алдыма елестейді. Өлеңді оқып отырғанда өз ауылым, туған жерім есіме түсіп, шарлап жүргендей сезіндім.

121

6-ОҚУШЫ:


- Біз білеміз, көңіл-күй лирикасында ақынның ішкі жан сезімі, арман, мұңы беріледі. Қ.Аманжолов - нағыз лирик ақын. Оның туған

жерге деген кіршіксіз махаббаты «Көкшетау» өлеңінде де тайға таңба басқандай ерекшеленеді.

Көп шығар көрмеген жер дүние кең,

Сонда да тау бар ма екен Көкшеме тең?!

Берсе де Гейне -Рейнін, Гомер - Парнас,

Көкшемді мен айырбас етем бе екен?!

Ақын жерұйық Көкшетауды халқымыздың мақтанышы, жер, ел сұлулығының символы ретінде танып, біздің туған өлкеге, өлеңнен

соғылған ескерткіш дер едім.


ОҚЫТУШЫ:

- «Туған жер» өлеңін әр оқырман оқып отырып, өзі туып - өскен өлкенің ғажайып келбетін танып шаттанады. Лирикадағы ақын сезіміне әрі қарай бойлайды. Лирикадағы ақын сезімін әр оқушы өз сезімімен қабылдағанына көзіміз жетті. Бұл - лирика құдіретіндегі туған жермен тұтастық сезімінің қабысуы. Яғни, ақын сезімімен сендердің сезімдерің түйісті, қабысты. Лирика сезім, ой дәлдігі екендігінің қүдіреті дәлелденді.

Сезіну – баланың жан дүниесі үшін ең басты күш, ол - бақыт. Сезіну – сезімталдық кез-келген адамның пешенесіне жазылмаған. Лирика адамды

122


жан, сезім тазалығына тәрбиелейді. Лирикалық шығармаларды оқыта отырып, жаман қылықтан жиіркендірсе, нәзіктікке елжірете оқыту мақсатының оң нәтиже бергендігі.

«Туған жер» атты лирикалық өлеңін оқьш талдадық. Өздерің туып-өскен жерлерің Көкшетау туралы не білесіңдер? Мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер жауап беріп көріңдер.

1- Көкшетаудың іргесі қашан қаланды?

- 1824 жылы қыркүйектің 30-да Сенат жарлығымен Көкшетаудың негізі қаланғаны заңдастырылды, сол күн Көкшетаудың іргетасы қаланған күн деп есептеледі.

2 - Көкшетау облысы қашан құрылды?

- Көкшетау облыс орталығы болып 1944 жылдың 16-наурызында құрылды. Ол 78,1 мын шаршы шақырым жерді алып жатыр.

3. - Балалар, облыстағы соңғы жаңалықтан хабардарсыңдар ма?

- Әрине, Қазақстан Республикасының Президентінің Бұйрығы бойынша 1997 жылдың 3-мамырында облыс таратылып, оның территориясы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енг енде, еңсеміз түсіп қалып еді, 1999 жылдың 8-сәуірінен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Еңбекшілдер, Зеренді, Шучье аудандары Көкшетау қаласының аймағы Ақмола облысына енгізіліп, Ақмола облысының әкімшілік орталығы болып, Көкшетау қаласы қабылданды. Осы

123

жаңалықтар көкшетаулықтардың еңсесін бір көтеріп тастады.



- Туған жер туралы кімнің қандай шығармасы бар? Есімізге түсірейік:
1-ОҚУШЫ:

- Қадыр Мырзалиевтің мына бір өлең шумағын оқиыншы:

... Уа, дала, кеңдігіңе тамсандым көп,

Айта алман бәріне жауап тауса алдым деп,

Сен - алып пластинка дөңгеленген,

Инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп....


2-ОҚУШЫ:

- Еркеш Ибраһимнің «Менің өлкем» өлеңін оқиын:


Бұл өлкенің бұлты бірге көшетін,

Бұл өлкенің желі де ортақ есетін,

Бір мезгілде қар жамылған төбелер,

«Ақ шәлісін» бір мезгілде шешетін.


Көкше десем, Баян егіз тұратын,

Баян десем, Қызбел мойын бұратын,

Ақан әні Айыртауда асқақтап,

Есіл бойлап, Ертіс ұйып тынатын....


3-ОҚУШЫ:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

124

Жаным сенен жаратылған өлкемсің,



Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің,

Сұлу Көкше, өр Алатау арасы,

Бәрі тұтас Қазақстан даласы.

(К.Салықов).
ЖАҢА САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Міне, ақын жүрегі тулап, толқып, туған жеріне құштарлана

құмартып, оның қадірін білмей жүрген жоқпын ба деп толғанады. Оған деген ақынның жаны ерекше, тыпыршып, тыныш тұрмайды. Ол ой-сезімі, жан-жүрегі бар ақын болғанды былай қойып, «тасың болсам да», «топырағың да тебіренбей жата алмас ем» дейді. Тас бейне топырағының әлдилеген алақанында тербеліп, өн бойын сезім кернеп жатқандай. Ендеше, акын қандай күй кешкенін тілмен айтып жеткізу қиын. Ақынның «байтак», «ұлы» туған жерін құмартып, ынтығып, үздігіп уылжып тұрған жүреғі баршамызды ерекше күйге бөлейді.

Ғалым, геолог, академик Қаныш Сәтбаев: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес», - депті.

Балалар, тарих парағын парақтасақ, сонау замандарда елінен, жерінен еріксіз «елім-айлап» көшкен қандастарымыз шет елдерде орналасып қалған болатын. Ал солардың кіндік қаны тамған атамекеніне деген сағынышты ауызбен айтып

125

жеткізу мүмкін емес. Бүгін де сол бауырларымыздың арманы орындалып, Елбасымыздың арқасында атамекеніне көшіп келуде. Тіпті, сонау Қытай, Монғолия, Иран, Түркия, Ауғанстаннан келген қазақтардың саны шексіз. Егер туған жердің құдіретін түсінбей, қадірін білмесе, олар өз атамекеніне -Қазақстанына, бабалар қонысына көшіп келмеген болар еді. Міне, халықтың туған жермен тұтастығы, құдіреті осы деп, сабағымызды Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің сөзі таратылып, әнімен орындалады.



Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем!


Қайда жүрсең атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен!


Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем,

Асқар тауы аспанымен астасқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем!

126

Қайда жүрсең атамекен,



Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен!
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

1. Өлеңді жаттау, әнін үйрену.

2. «Өз өлкеңді білесің бе?» деген тақырыпта шығарма жазу (Мұражай материалдарын пайдалану).

3. Аннотация жазу.

4. Өлеңнің идеялық мазмұнына суреттер салу.
Әдеби білімнің мақсаты - ой мен сезімді ояту, адамның табиғатқа, қоғамға, қоршаған ортаға, адамзатқа қарым-қатынасының жалпы мәдениетіне адамды баулу, жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы ұстанымда «Туған жер» өлеңіндегі ақын сезімін оқушы өз сезімімен қабылдап, оқу танымдық қабілеттерін дамытуда, сабақ тиімділігін арттыру нәтижесінде қол жеткізуге болады.

127
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Аманжолов Қ. 4 томдық шығармалар жинағы. А., 1980 ж.

2. Ақшолақов Т. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту». А.,

«Рауан», 1994 ж.

3. Әбдірахманова Т. «Қасым Аманжоловтың поэтикасы». А.,

«Ғылым», 1976 ж.

4. Әлімқұлов Т. «Жұмбак жан». А., «Жазушы», 1978 ж.

5. Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі». А., «Рауан», 1997 ж.

6. Жұмалиев Қ. «Әдебиет теориясы». А., «Мектеп», 1969 ж.

7. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы». А.,

«Мектеп», 1987 ж.

8. Қоңыратбаев Ә. «4 - 7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы». А.,

«Мектеп», 1987 ж.

9. Қабдолов 3. «Сөз өнері». А., «Қазақ университеті». 1992 ж.

10. Қоңыратбаев Ә. «Әдебиетті оқыту методикасының

очерктері». А., «Мектеп», 1962 ж.

11. Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика». А., «Рауан, 1992 ж.

12. Құтқожина Р. «7 - класқа арналған әдебиет

оқулығына әдістемелік нұсқау» А., «Рауан», 1994 ж.

13. Нұрмұханов Ж., Дайырова Ә. «Орта мектепте лириканы оқыту». А.,

«Рауан», 1991 ж.

128

14. Сүлейменова Р., Рахметулина Ә., Уахатов Б. «Орта мектепте көркем



шығармаларды оқыту». А., «Мектеп», 1965 ж.

15.Тілешова С. «Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау» А., «Рауан»,

1993 ж.

16. Танабаев Ө. «Әдебиет сабағында оқушыларды табиғатты сүюге

тәрбиелеу». А., «Мектеп» 1980.

17. Тасболатов Қ. «Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық

белсенділігін арттыру жолдары». А., «Мектеп», 1974 ж.

18. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы:

1. Қасымның «Туған жері». 1992 ж., № 7,8,9.

2. «Табиғат және экология». 1993 ж., № 1.

129


Редакторы: К. Бексұлтанова

Тексеруші: Г. Шәймергенқызы


Компьютерде

беттеуші: Г. Мукумова

Басуға қол қойылды 5.03.04.

Пішімі 60 х 84 116 . Офсетті қағаз.

Тапсырыс № 1

Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.

"Келешек - 2030" ЖШС баспасында басылған.



тел.- (8-316-2) 23-24-55

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет