36
Зерттеу обьектісі болып отырған дерек көзінде кездесетін типографиялық
кемшіліктер сол бетте немесе ең бірінші, не соңғы беттерінде көрсетіліп, кейде
кіріспесінде ескертулер де жасалынған. ¤йткені, сандық мәліметтердің көптігі
кейде
шатастыруға алып келсе, жергілікті өңірлердегі топонимдердің, ру-
тайпалардың атаулары да дұрыс жазылмай, әріптері ауысып кетіп отырған
кездері де аз болмады. Мәселен, Шымкент уезіне арналған «ҚЖПМ»:
«Пообщинная таблица вь этом выпуске, к сожаленію, сверстана типографіей
неправильно, благодаря чему при пользованіи этимь цифровымь материаломь
необходимо после просмотра страниц 220 и 221 перейти на страницы 232 и 233,
затем на 244 и 245 и т.д. Тогда относительно первых 20 общин читатель будет
иметь
все сведенія, введенныя вь программу этой таблицы», - деп ескертулер
жасалынған. Дерекпен жұмыс жасаған зерттеуші осы ескертулерді басшылыққа
алмаса шатасады.
Сырдария облысына қатысты «ҚЖПМ» шығаратын Ташкенттегі
типографияның материалдарды жариялаудағы баяулығын деректе былайша
түсіндіріледі: «Печатаніе производилось крайне медленно, за неимениемь вь
местныхь типографияхь цифрового шрифта, и потому было закончено только вь
начале 1908 года», - деп түсіндірілген.
1905 ж. бастап Омбы қаласындағы Мемлекеттік мүлік
басқармасының
ұсынысы бойынша «ҚЖПМ» сатуға «Степной край», «Сибирский Вестник»
газеттеріне жарнама жасалынған. Бұл хабарландыру мұрағат құжаттарында да
сақталынған. Онда: «В Управлений Государственных имуществами в г. Омске
продаются сборники «Материалы по киргизскому землепользованию,
собранные и разработанные экспедициею по изследованию степных областей.
Цена за экземпляр 1 руб. - Омскому, Атбасарскому, Павлодарскому,
Кустанайскому и Актюбинскому»», - деп жазылған.
Сонымен қатар, «Степной
край» газетіне хабарландыру жасағаны үшін 12 рубль. 50 коп. төленгендігі
туралы құжаттар сақталынған. Бұл мәліметтерден байқағанымыз бүгінде тарихи
құнды дерек көзіне айналып отырған, тек мұрағат пен сирек қорларда ғана
кездесетін «ҚЖПМ» кезінде халық арасында кедергісіз, ашық сатылған екен.
Түйіндей келгенде «ҚЖПМ» көптомдық дерек көзінің әр томының өзіндік
ерекшелігі, зерттеу әдістемесі бар. Олар ортақ мақсаттың негізінде дүниеге
келгенімен, әрқайсысының ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ.
басындағы қазақ халқының
тарихына қосатын үлесі орасан зор.
Қорыта келгенде «ҚЖПМ» пайда болуының негізгі обьективті себебі
Патшалы Ресейдің отарлау саясаты болды. Ол туралы деректің өзінде де, басқа
қосымша заңдық және мұрағат құжаттарында баяндалған болатын. ХІХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының сан қырын
қамтыған экспедиция материалдарының дерек ретіндегі маңызы зор.
- ¤йткені, ол Ресей империясының мүддесіне сай, сол елдің тапсыруымен
жүргізілді. Ол арнайы, Ресей империясының отарлау мақсаты үшін жасалған
зерттеу жұмысы еді;
-
Бұл
экспедицияның
құрамында
кәсіпқой
статистиктер
мен
ауылшаруашылығының кандидаттары көп болды.
Сондай-ақ қазақ зиялылары
37
мен жергілікті халықтың ішіндегі білімі барларының қатысуы зерттеудің
обьективтілігін жоғарылатты;
- Осы экспедицияның шынайы мәліметтерінің орыс еліне ұнамауы және
қайтадан зерттелген уездерге 2-3 рет экспедицияларды жіберу осы «ҚЖПМ»
обьективтілігін аша түседі. ¤йткені, алғашқы экспедицияның материалы дұрыс
өлшемдер жасап, қоныс аудару қорларына «артық» жерлерді анағұрлым аз
көлемде көрсеткен;
- Бұл дерек көзінде қазақтардың
рулық-тайпалық құрылымы, олардың
көші-қоны, орналасуы, тарихы арнайы зерттелінген;
Дегенмен, «ҚЖПМ» бүгінгі ұрпақ үшін ең алдымен өзіндік ерекшелігі бар
тарихи дерек көздерінің бірі ретінде қымбат. Оларда сақталынған тарихи
мәліметтердің басқа деректерді толықтыра түсері анық.
Достарыңызбен бөлісу: