4
туыстастығына көзі жеткен. Көзі жеткен соң ұлт тұтастығының қамқоры болып
отырған» - деп атап көрсетті. Сондықтанда қазақты ұзақ тарихи дамуымызда
ұлт етіп құраған осы рулар мен тайпалардың нақты
тарихын терең және жан-
жақты білу ғана ортақ ұлттық мүддені ту етіп көтеретін иманды қазақ азаматын
қалыптастыра алады. Яғни ұлтымыздың әлеуметтік рулық құрылымы туралы
терең білім ғана ұлтты жаңа сапалы деңгейге көтереді.
Қазақ қоғамының рулық-тайпалық құрылымының өзіндік ерекшеліктері,
олардың қазақ халқын қалыптастырудағы орны мен маңызы тарихымыздағы
осал тұстар екені баршамызға мәлім. Кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе бұл
мәселені зерттеуге шын мәнінде тыйым салды. Тарихшылар мен этнографтар
бұл маңызды мәселені өткеннің кертартпа қалдығы ретінде бағалауға,
сипаттауға мәжбүр болды. Рулар тарихын жақсы білу рушылдыққа, жікшілдікке
апарады деген сыңаржақ көзқарастар ұзақ уақыт үстемдік алып келді. Мұның
өзі тарихшыларды қазақ рулары мен тайпалары тарихын зерттеуден алыстатып
жіберді. Бірақта, ата-тегін білушілік адамдарды жікке бөлсе, онда қазақ халқы
ұлт болып қалыптасып үлгермей-ақ құрып кеткен болар еді ғой.
Демек, Отан тарихының ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басы кезеңіндегі құнды
мәліметтерді бойына жинақтаған «Қырғыздардың (қазақтардың) жер пайдалану
материалдары...» сияқты уникалды еңбекке
деректанулық талдау жасауға
үйрететін оқу құралы қазіргі таңдағы студенттер үшін қажет. ¤йткені, бұл
деректегі мәліметтер дәстүрлі қазақ қоғамының тарихын жаңғыртып, оны қайта
тануға қомақты үлес қоса алады.
Оқу құралында тақырыпқа сай бірқатар деректерді жүйелеу әдісі жүзеге
асырылды. Негізінен тарихи деректерді ресми статистикалық, этнографиялық,
заңдар мен есептер, мерзімді басылымдар деп бөлуге болады.
Оның ішінде тарихи, статистикалық әрі этнографиялық мәліметтерді
бойына сақтаған негізгі дерек көзі ретінде – Ф.А. Щербина бастаған 12 уезді
зерттеген экспедицияның материалдарының «Қырғыздардың (қазақтардың) жер
пайдалану материалдарының...» 13 томын жатқызамыз. Ф. Щербина
экспедициясы 1896-1903 жж. далалы Ақмола, Семей, Торғай облыстарының 12
уезін зерттеген статистикалық партиялардан тұрды. Оның жинаған «ҚЖПМ»
бір жағынан статистикалық ал екінші жағынан этнографиялық және сан түрлі
позициялардан құнды мәліметтер бере алатын дерек. «Қырғыздардың
(қазақтардың) жер пайдалану материалдары...»
Көкшетау, Атбасар, Ақмола,
Павлодар, Қостанай, Қарқаралы, Ақтөбе, Зайсан, ¤скемен, Семей, Омбы,
Петропавл уездеріне арналған. Сонымен қатар жалпы барлық уездердің
бюджетіне арналған «Сводка материалов по киргизскому землепользованию»
деп аталатын деректің маңызы зор.
Сонымен қатар, 1906-1913 жж. П. Скрыплев бастаған Сыр-Дария
облыстарын зерттеген партиялардың жинақтаған «Қырғыздардың (қазақтардың)
жер пайдалану материалдары...» Шымкент уезіне 1 том жалпы зерттеу болса, 2-
томның 1-бөлімі мәтін, 2-бөлім кестелер түрінде берілген. Сондай-ақ, Єулиеата,
Перовск, Қазалы және Шу мен Талас өзендерінің төменгі бөлігінде жүргізілген
зерттеулердің көлемді томдықтары жарық көрді.
5
1904-1913 жж П.П. Хворостанскийдің басшылығымен Орал-Торғай
облыстарын зерттеген статистикалық партияның жинаған «Қырғыздардың
(қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» 7 - томы да біздің зерттеуіміздің
негізгі дерек көзі болып отыр. Олар Торғай, Ырғыз, Қостанай, Ілбішін, Орал,
Темір,
Ақтөбе уездерінің тарихынан, экономикасы мен шаруашылығынан
құнды мәліметтерді беретін деректер кешенін құрайды.
Сондай-ақ оқу құралында Қазақстан Республикасының Орталық
Мемлекеттік мұрағатының (ҚРОММ) № 362 «Управления государственными
имуществами Сыр-Дарьинской области», № 33 «Заведующий переселенческим
делом в Сыр-Дарьинской области», № 8 «Управления государственными
имуществами в Акмолинской, Семипалатинской и Семиречинской областях
министерства земледелия и государственных имуществ», № 501 «Акмолинско-
Семипалатинское управления земледелия и государственных имуществ», № 317
«Заведующий переселенческим делом в Акмолинском районе», № 469
«Заведующий переселенческим делом в Семипалатинском районе», № 457
«Актюбинское уездное переселенческое управление Тургайско-Уральского
переселенческого района», №184 «Заведующий переселенческим делом в Аулие
Атинском уезде Сыр-Дарьинской области», № 479 «Павлодарское уездное
переселенческое
управления»,
№
643
«Петропавловское
уездное
переселенческое управления», № 454 «Заведующий
переселенческим делом в
Чимкентском уезде Сыр-Дарьинского района», № 29 «Заведующий
переселенческим делом в Тургайско-Уральском районе», № 25 «Тургайское
областное правление» қорларындағы құжаттары пайдаланылды
.
Бірінші бөлімде
«Қырғыздардың
(Қазақтардың)
жер пайдалану
материалдарын...» дерек ретіндегі маңызын, ерекшеліктерін, обьективтілігі мен
субьективтілік факторларын нақты, дәлелді түрде анықтап, деректі сыныптап,
студенттерге түсінікті болу үшін түрлі кестелермен безендіріліп берілген.
Ал екінші бөлімде «Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану
материалдары...» деп аталатын статистикалық жинақтың пайда болу тарихы
жүйелі
түрде
айқындалып,
экспедициялық
зерттеуді
ұйымдастыру
ерекшеліктері, әдістемесі жан-жақты ашып көрсетілген.
‡шінші бөлімде «Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану
материалдары...»
қазақтардың шаруашылығы, рулық-тайпалық құрылымы
тарихының дерек көзі ретінде арнайы басқа да деректермен салыстырыла
талданған.
Оқу құралы ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен «Тарих»
мамандығы бойынша университет студенттеріне арналған «Теориялық
деректану» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған.