Тасилова назия айтбаевна


Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
китаааап

Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар 
 
1. «ҚЖПМ» көптомдық дерек көзінің пайда болуын сынау. 
2. «ҚЖПМ» тарихи дерек көздері ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері. 
3.«ҚЖПМ» көптомдықтың авторлары мен олардың ұстанған көзқарастары. 
4. Ф.А. Щербина, П. Скрыплев, В. Хворостанскийдің өмірбаяны және 
Қазақстанды зерттеуге қосқан үлестері. 
5. Є.Н. Бөкейханның Ф.А. Щербина экспедициясындағы қызметі мен 
зерттеуге қосқан үлесі. 
 
 
1.2 
«
Қырғыздардың 
(қазақтардың) 
жер 
пайдалану 
материалдарындағы...» рулық-тайпалық құрылымдар туралы деректердің 
пайда болуының обьективтілігі, тарихи жағдайы және оларды сыныптау 
мәселелері. 
Деректану ғылымының қағидасы бойынша әрбір тарихи дерек өзінің пайда 
болуы жағынан обьективті. ¤йткені ол белгілі бір тарихи оқиғаның, 
құбылыстың немесе қоғамдық процестің салдарында пайда болады. Дәлірек 
айтқанда, нақты тарихи оқиға, құбылыс немесе қоғамдық процесс нақты тарихи 
деректерде бейнеленеді. Сондықтан әрбір тарихи дерек өз бойында сол тарихи 
оқиға, қоғамдық құбылыс немесе қоғамдық процесс туралы мәлімет сақтайды. 
Демек, оқиға немесе құбылыс болмаса дерек те болмайды. Олай болса кез 
келген деректі белгілі бір тарихи оқиғаның дерек көзі ретінде зерттеуде, оның 
пайда болуының обьективтілігін, алғышарттарын, яғни нақты қандай оқиғаның 
салдарында пайда болғандығын анықтаудың маңызы үлкен. 
 
Бұл туралы деректанушы О.М. Медушевская: «Деректанудың негізгі 
мәселесі – тарихи деректің табиғатын ашу, оның обьективті қасиеттерімен 
олардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Адамзаттың мақсатты іс-әрекетінің 
нәтижесінде пайда болған деректерді талдау, олардың пайда болу себептерін 
ашу – олардың тарихи процестердің барысында атқарған қызметтерін айқындау 
арқылы ғана мүмкін болады», - деп кез келген деректің пайда болуын сынау 
деректану саласының маңызды зерттеу қадамы екендігін көрсеткен. 
 


22 
Қазақ тарихының көрнекті зерттеушісі Е. Бекмаханов: «Тарих рецеппен 
жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз тарихшылар ретінде тарихи 
жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін 
түсінуге бастайтын кілт - сол» - деп айтқан сөзін үнемі басшылыққа алуымыз 
қажет. ¤йткені, кез келген тарихи дерек белгілі бір уақытта және нақты бір 
кеңістікте пайда болады. 
 
Деректің жасалу кезеңіндегі сол дерек жасалынып жатқан нақты бір елдегі 
қалыптасқан тарихи жағдай, үстемдік еткен саяси құрылыс және т.б. деректің 
пайда болуына, оның ішкі мазмұны мен бағытына, мақсат-міндеттеріне әсер 
етпей қоймайтыны анық. Сондықтан да нақты тарихи дерекке деректанулық 
талдауды сол деректің пайда болған уақыты контекстінде жасалуы керек. Тек 
сонда ғана нақты дерек көзінен нақты оқиға немесе құбылысқа қатысты 
шынайылық деңгейі жоғары мәліметтер алуға болады.
 
Дерек көзі немесе дерек көздерінің беретін ақпараты мен жасырын 
хабарларының барлық кешенін басқа дерек көздерімен салыстыра тексеретін 
және олардың пайда болуының нақты себеп-салдарын анықтайтын 
қорытындысы деректанулық синтездің мағынасын негіздейді. Демек, «ҚЖПМ» 
Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде қарастыруда олардың пайда болуының 
себептерін, алғышарттарын, яғни обьективтілігін және тарихи жағдайын 
анықтаудың маңызы аса зор.
 
Осы деректердің бәрінде дерлік, біздің тікелей зерттеу обьектіміз болып 
табылатын XIX ғ. соңы - XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының рулық-
тайпалық құрылымы, шаруашылығы, отарлану тарихына қатысты мәліметтер 
бар. Демек, олардың пайда болуының обьективтілігі мен тарихи жағдайын 
анықтау зерттеушілерге қаймағы бұзылмаған дәстүрлі қазақ қоғамының тарихы 
туралы ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектесері анық.
 
«ҚЖПМ» 
қазақ 
қоғамын 
жан-жақты 
арнайы 
түрде 
зерттеген 
экспедицияның нәтижесінде жарыққа шықты. Сондықтан да ең алдымен бұл 
деректі жинауға атсалысқан ғылыми экспедицияның ұйымдастырылуының 
тарихи алғышарттары мен мақсатына, оның қолданған әдіс-тәсілдеріне талдау 
жасаудың маңызы зор деп есептейміз.
Қазақтың дәстүрлі көшпелі қоғамын зерттеген С.Е. Толыбеков қазақ 
жерлерін зерттеген экспедицияның бай материалдарын көп көлемде 
пайдаланып, оған жоғары бағасын беріп, бұл экспедициялық зерттеулердің 
мақсатын былайша көрсетті: «Эти экспедиции должны были выяснить основы и 
формы казахского землепользования, дать анализ экономических условий, 
необходимых для существования среднего хозяйства и определить норму 
земельного обеспечения среднего казахского хозяйства в каждом из районов. 
Целью экспедиций было выявить излишки казахских земель для изьятия их в 
переселенческий фонд», - деп, зерттеудің қазақ жерлерін қоныс аударушыларға 
тартып алып беру мақсатында жүргізілгендігін жасырмай, патша үкіметінің 
отарлау саясатын ашықтан-ашық жазады. 
 
Патша үкіметінің отарлау саясатының шын мазмұнын ашатын бұл 
мәселелер ғылыми әдебиетте әлі де болса өз дәрежесінде қаралмай келеді. Енді 
осы мәселелерді талдап көрелік. 


23 
Отан тарихнамасында патша өкіметінің қазақ жеріне қоныс аударуының 
негізгі себептерінің бірі өлкені мәңгі бодан ел ретінде ұстап тұруға, жергілікті 
тұрғындардың этникалық бірегейлігін жойып, оларды орыстандыруға, қазақ 
жерін шикізат көзі ретінде пайдалануға тырысушылығы деп жазылады. 
Ресейдің Қазақстан территориясын отарлаудың жалпы мақсаты бір 
болғанымен, оның жеке облыстарын отарлау сол жердің географиялық
стратегиялық жағдайына, халқының тығыздығына, жол қатынасына, жергілікті 
тұрғындардың отаршыларға қарсылығына секілді факторларға байланысты 
әртүрлі болды. Және отарлаудың әдіс-тәсілдері де түрліше болды.
«ҚЖПМ» пайда болуының обьективтілігі ең алдымен XIX ғ. соңы - XX 
ғасырдың басындағы Ресей империясының қазақ жерлеріне келімсектерді 
қоныстандыру мақсатында «артық» жер көлемін анықтау үшін жүргізген
зерттеу жұмыстары, яғни отарлау және сол кезеңдегі саяси ахуалмен тікелей 
байланысты. 
Шын мәнінде «ҚЖПМ» Ресейдің отарлау саясатының жемісі, оны жинауға 
атсалысқан зерттеу партиялары мен ғылыми экспедициялардың негізгі мақсаты 
қазақтардың шаруашылығын зерттеп, одан артылғанын «артық» деп, қоныс 
аудару қорларына жинап, переселендерге беру болды. Осы арқылы Патша 
үкіметі қазақтың кең-байтақ жерін толығымен отарлауды көздеді.
Төмендегі кестеде көрсетілген қазақ жерін түгел қамтыған зерттеу 
партиялары мен экспедициялардан патша өкіметінің Қазақстанда қарқынды 
түрде отарлау жұмыстарын жүргізгенін көруімізге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет