Тасилова назия айтбаевна


Кесте 1 - 1896 жж Семей, Ақмола облыстарында шаруашылық-статистикалық, табиғи-тарихи зерттеуді



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
китаааап

Кесте 1 - 1896 жж Семей, Ақмола облыстарында шаруашылық-статистикалық, табиғи-тарихи зерттеуді 
ұйымдастыру үшін бөлінген қаржы 
Аты-жөні 
Қызметі 
Төленетін жалақысы 
2 айға төлейтін 
ақша
Алғанын 
растайтын қолы
Руб. 
К 
Руб. 
к 
р 
к 
Щербина 
Федор 
Андреевич 
Экспедиц.жетекш
ісі 
5000 
416 
66

833 
33

Добравольский 
Евгений 
Пантелеймонов
Экспедиц. 
жетекшісінің 
көмекшісі 
3000 
250 
500 
Владимирский 
Всеволодь Александр. 
Статист-агроном 2000 
166 
66

333 
33

Баскин 
Григорий 
Ивановичь 
Статист-агроном 2000 
166 
66

333 
33

Дмитриев 
Николай 
Федоровичь 
Статист
1200 
100 
200 
Васильев 
Петр 
Ахилловичь 
Статист
1200 
100 
200 
Лабза Петр Фаддеевичь Тіркеуші 
600 
50 
100 
Дядиченко 
Архип 
Никитичь 
Тіркеуші
600 
50 
100 
Няшинь 
Григорий 
Дмитриевичь 
Тіркеуші 
600 
50 
100 
Барлығы
9 адам 
16200 
1348 
2 р 
2699 
1р 
Экспедиция жетекшісінің қолы Ф.Щербина 
Бас ісжүргізуші (қолы) 
Жоғарыдағы кестеде зерттеушілердің құрамы туралы айтылған және 
мамандардың сметадағы жалақылары сол кезеңде өте көп деп есептелінді. 
Зерттеушілерге жалақы бір немесе жарты жылға бөлінген субсидилерден 
төленді. 
1896-1903 жж. Ф. Щербина басқарған экспедицияның негізгі зерттеуші 
құрамы мен қосымша: аудармашы, тіркеуші, есепке алушы адамдары әртүрлі 
болды. Бірақта зерттеушілердің ішінде тұрақты мамандар да болды. Зерттеуші 
кадрларды шақыру және таңдау мемлекет тарапынан Ф. Щербинаға жүктелген 
болатын. Алайда бұл экспедицияға жауапты жер және мемлекеттік мүлік 
министрлігі Ф. Щербинаның ұсынған кандидатурасын мұқият зерттеп, оның 
жеке ісін полиция департаментіне сұрау беріп, тексеріп отырды.
Революцияға дейінгі зерттеушілер Ф. Щербина экспедициясына әртүрлі 
баға берді. Мәселен, І Мемлекеттік Думаның депутаты, танымалы зерттеуші
Т. Седельников экспедиция басшыларын межелеу ісінде терең білімі жоқ деп 
айыптап: «не имея в числе своих сотрудников ни одного специалиста-
землемера, Ф. Щербина удовольствовался тем, что нанес на десятиверстную 
карту, не выезжая в поле словесные показания киргизов о границах их 
пользования, полученные таким путем ни с чем не сообразные, фиктивные 
площади приняли за площади киргизского землепользования», - деп бағаласа. 
Оған қарама-қайшы пікірді айдауда болған Н. Коншин береді. Оның айтуынша 
комиссияда өте білімді адамдар жұмыс жасады, олар қазақ халқының жерге 
деген мүдделілігіне мейірбандылықпен қарады деп көрсетеді.


10 
Көптеген мұрағат құжаттары мен ғылыми әдебиеттерді зерделей келе бұл 
экспедицияның мүшелері мен Ф. Щербина жоғары білімді зерттеуші-мамандар 
болғандығын дәлелдедік. 
Жалпы зерттеушілер құрамы тұрақты мамандар және әр кезде ауысып 
отыратын есепке алушы, тіркеуші, аудармашылар секілді жергілікті білімі 
жоғары адамдар болған. Оларды атап айтсақ Е.П. Добровольский,
В.А. Владимирский, Н.Ф. Дмитри-Няшин, А.Н. Дядиченко, П.Ф. Лобзе,
Г.Д. 
Нияшин, 
И.Ф. 
Гусев, 
А.Ф. 
Дорофеев, 
М.С. 
Колижный,
А.Е. Звеногорский, П.Г. Кондратьев, Н.Ф. Дмитриев, Г.Н. Шапошников,
П.А. Хворостанский, А.Б. Бутковский, А.А. Боровский, И.М. Уродков,
А.М. Снигерев, Є.Н. Бөкейхан, Е. Мукучев, Т. Есенгулов, Э. Итбаев,
М. Чулбалов, А. Иксин, М. Айтпенов, Г. Баскин, П.А. Васильев,
Г.С. Чернавский, И.А. Смотров, В.Н. Тычин, П.А. Беляков, И.Д. Трипольский 
және т.б.
Экспедицияның 
құрамына 
байланысты 
А. 
Кауфман: 
«Зерттеу 
экспедициясының құрамында статистер, тіркеушілер және аудармашылармен 
қоса 40 адам болды», - дейді. Ал зерттеуші Т.П. Петрова мұрағат деректерінің 
негізінде зерттеуге аудармашыларды қоспағанда 200 адамдай қатысты деген 
пікірді білдіреді. Біз Т.П. Петрованың көзқарасымен толық келісеміз. ¤йткені, 
бұл зерттеу өте ауыр және 40 адамның жұмысы емес еді. Зерттеушілер арнайы 
Ресейден және жергілікті екі тілді де меңгерген сауаты бар қазақ зиялыларынан 
таңдап алынды. 
Ең алдымен экспедиция жетекшісі Федор Андреевич Щербинаға тоқталар 
болсақ, ол өз кезегінде аса ірі статист мамандардың бірі болды. Ф.А. Щербина 
(1849-1936 жж.) орыс статистикалық бюджетінің негізін қалаған ғалым. Ол жас 
кезінде Петровск академиясы мен Новороссийск университетінде білім алған. 
1884-1903 жж. Воронеж земский статистикалық бюроның меңгерушісі қызметін 
атқарған болатын. Осы жылдары ол сонымен қатар Қазақстанның үш 
облысының 12 уезіне зерттеу жүргізеді. 1907 жылы Ф. Щербина халықтық 
социалистер партиясының атынан 2-ші Мемлекеттік Думаның мүшесі болып 
сайланады. Сондай-ақ, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі 
болып жұмыс жасайды. Большевиктер үкімет басына келгеннен кейін ол 
шетелге эммиграцияға кетеді. Прагада професор статист қызметін атқарады. 
Сол елде 87 жасында дүние салады. Оның Воронеждегі іс-тәжірибесі Ресейде 
жоғары бағаланатын. Сондықтан да, Ф. Щербинаның бұл зерттеуге басшылық 
жасауға шақырылуы да тегіннен болмаса керек. Бірақ ол жастық шағында 
халықшыл бағытты ұстанып, «Оңтүстікресей жұмысшылар одағын» жақтап, сол 
үшін 1877-1880 жж. Вологодск губерниясында айдауда болған еді. Оған 
қарамастан қажырлы еңбегінің арқасында көптеген жылдар статистикамен 
шұғылданып, өзін маман ретінде көрсетіп, үлкен беделге ие болды. Воронеж 
земствосының статистикалық бюросының меңгерушісі әрі көптеген еңбектердің 
авторы да атанды. Ол өз артында 100-ден аса статистикалық еңбектерді 
қалдырды. Оның «Крестьянские бюджеты», «Свободный сборник», «Киргизская 
народность в местах крестянских переселений», «Обьяснительная записка к 
данным об излишних землях, находящихся в пользовании киргиз северной части 


11 
Кустанайского уезда» және т.б. Қазақстанға қатысты еңбектері сол кезеңде 
жарыққа шықты.
Ф. Щербина ымырашыл халықшылдар өкілі, сондықтан ол сол кездегі 
құрылған тәртіптерге қырғи қабақ қыр көрсетті. Халықшылдықтың өкілдері 
көптеген материалдар мен зерттеулердің авторы, революцияға дейінгі Қазақстан 
тарихын білуде олардың көзқарасымен танысу тарихтың болымды және қате 
жақтарын аңғаруға терең ой салады. Материалдары мен зерттеулерінде қазақ 
халқының тарихын оқып-білуге, сондай қажетті статистикалық және басқа да 
мәліметтер бар. Айта кетейік, қазақ жеріндегі халықшылдар үкіметтің ресми 
органдарында мемлекеттік тәртіпке қарсы әрекет жасаған саяси сенімсіздер 
қатарына жатқызылды, ал көзқарастары бойынша ымырашыл халықшылдар еді. 
Қазақстанға қызмет бабы бойынша келген ымырашыл халықшылдар патша 
үкіметінің шенеуніктері болды да іс жүзінде отарлау саясатын жүзеге асыруға ат 
салысты, ал зерттеушілік жұмыста қазақ қоғамында қауымдық-рулық 
қатынастың теориясын кең түрде насихаттады, ұсақ буржуазияшыл тарихи 
концепцияны дамытты.
Патшалы 
Ресейдің 
тапсырмасымен 
жүргізілген 
экспедиция
Ф.А. Щербинаның басшылығымен құрылды. Осыдан кейін көпшілік осы 
зерттеу жұмыстарын Щербина экспедициясы деп атап кетті.
Жалпы бұл істі жетік меңгерген Ф. Щербина экспедиция барысында өзінің 
қарамағына білімді кадрларды жинады. Оның қазақ жерлерін зерттеуге 
қатынасу 
ұсынысына 
ауылшаруашылық 
кандидаты, 
статист
В.А. Добровольский, бірінші разрядтағы агроном Г.И. Баскин, коммерция 
кандидаты, агроном Н.Ф. Дмитриев, Псков статисті П.Е. Кондратьев, 
бағалаушы-статист И.Д. Трипольский және т.б. қабылдады. 
Зерттеушілердің құрамындағы агрономдар көрсетілген учаскелердің жер 
қыртысын, топырағын, өсімдіктерін және шаруашылығының жағдайын зерттеп, 
жазбаша 
көрсету 
міндетін 
атқарды. 
Гидротехникалық 
қызметшілер 
учаскелердің гидрогеологиялық жағын анықтап, картаға жер суландыру жүйесін 
түсіріп, жергілікті халықтың ауыл шаруашылығына керекті су мөлшерін 
зерттеуі тиіс еді.
Экспедиция құрамында аудармашы, тіркеуші ретінде қызмет жасаған қазақ 
ұлтының өкілдері де аз болмады. Зерттеуші Т. Волкова: «Как видно из 
вышеперечисленного списка, к составлению бюджетов привлекалась местная 
казахская интеллигенция, представители которой работали в экспедиции 
регистраторами и переводчиками. То обстоятельство, что это были, с одной 
стороны, люди с достаточным уровнем образования, а с другой знатоки 
казахского языка и быта, способствовали качества опроса», - деп бір жағынан 
экспедицияға қазақ ұлтының көзі ашық, сауатты азаматтары да 
қатынасқандығын көрсетсе, екінші жағынан зерттеудің обьективтілігін дәлелдей 
түседі. 
Бұл жерде айта кететін жәйт, осы зерттеуге қазақ зиялыларының өкілі, 
ормантанушы, экономист әрі статист маман Є.Н. Бөкейханов қатысты. Жалпы 
алғанда М.Қ. Қойгелдиев, Т.П. Волкова, М. Базарбаев, С. Аққұлыұлы,
М.С. Амрина, Л.И. Серекбаева, Г.А. Мейірманова, И. Жиеналина және т.б. 


12 
зерттеушілер Є. Бөкейханның Щербина экспедициясындағы қызметінің әртүрлі 
қырларын қарастырған болатын.
Қазақтың біртуар азаматтарының бірі - Єлихан Бөкейханның бұл 
зерттеудегі қызметі ерекше әрі аса күрделі болды. Ол 1894 жылы Санкт-
Петербор қаласында императорлық орман шаруашылығы институтын бітіріп, 
Омбыға оралады. Сөйтіп 1896 жылы орталық билік орындарының шешімімен 
Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы жергілікті халықтың мал 
шаруашылығын, оның жер қорын пайдалану жүйесі мен мәдениетін зерттеуді 
мақсат тұтқан Ф.А. Щербина экспедициясына шақырылады. Ол алғашында 
статист ретінде шақырылып, кейіннен экспедицияның жеке бір партиясының 
меңгерушісі болып істеді.
Жұмыс мерзімі 1896-1903 жылдар аралығында өткен бұл экспедицияға 
қатынасу барысында Є. Бөкейхан қазақ даласына байланысты империялық 
биліктің көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді 
және оның таяу арада ірі стратегиялық шараларды іске асыруға даярлық үстінде 
тұрғанын байқады. Тұжырымдап айтқанда, ол Батыс Сібір және қазақ даласын 
ішкі ресейлік губерниялардан қоныс аударған шаруаларды орналастыру 
аймағына айналдыру, сол арқылы метрополядағы жерге байланысты 
қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті бәсеңсіту еді. Ол экспедицияға қатынасу 
арқылы бір жағынан Ресейдің отарлау саясатының куәгері болды. Ал екінші 
жағынан қазақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, болашаққа 
нақты жоспарлар жасауға мүмкіндіктер алды. 
Ресей үкіметінің қоныс аудару қозғалысын кең көлемде ұйымдастыру үшін 
оған қандай да бір «заңдық» негіз жасауға, қазақтардың жерге меншіктік құқын, 
пайдалану нормаларын анықтауға тырысқаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда
Є. Бөкейханның қазақ даласына алғаш ұйымдастырылған экспедиция 
жұмысына қатысып, оның ғылыми-зерттеу тұжырымдарының белгілі дәрежеде 
либералдық сипат алуына себепші болуының маңызы зор.
Єлихан Омбы, Павлодар, Қарқаралы, Семей уездерінде зерттеу 
жұмыстарын жүргізді. «ҚЖПМ» дерегінің 2, 4, 6, 10-томдарында оның атқарған 
қызметі мен істері туралы көптеген мәліметтер баршылық. Мәселен, Єлихан 
Бөкейханов Павлодар уезінің Алтыбай, Қызылтау болыстарына ғылыми 
сараптама жасап, деректе сипаттап жазған. Сондай-ақ, уездегі рулар кестесі мен 
ондағы қазақ халқының қашаннан бері осы өңірді тұрақтайтынын анықтап, 
ауызша аңыз-әңгімелердің негізінде XVII-XIX ғғ. сол аймақтың төл тарихын 
қайта қалпына келтіруге атсалысқан.
Є. Бөкейханов жер мәселесін реттеудегі экспедиция материалдарының 
маңыздылығын атап көрсеткенімен, оның қорытындыларымен толықтай келісе 
қоймаған. Ол патшалы Ресейдің көздеген мал шаруашылығы мен егіншіліктің 
бірден қатар дамуын емес, көшпелілердің отырықшылыққа бірте-бірте, ерікті 
түрде көшуін жақтады. ¤йткені, ол жаңа жағдайға дағдыланбаған қазақ 
шаруашылықтарының күйзеліске ұшыратуға, «орыстандыру» саясатына, 
халықтың қасиетті саналатын құндылықтарын жаншып-таптауға қарсы болады.
Ф. Щербина зерттеуінен кейін жүргізілген қайта зерттеулерге қатысты 
Єлихан Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Бұрынғы қазаққа Щербина нормасымен 


13 
қалған жерді мінеп, неше қайтара кішірейтіп, шұнтитып, көшпелі қазаққа деп 
жаңа норма шығарды...», - деп патша үкіметіне нала болған пікірін білдіреді.
Белгілі статист А.А. Кауфман Є.Н. Бөкейхановтың экспедициядағы еңбегін 
ерекше атап өткен болатын. Экспедициядағы Є. Бөкейханның қызметін 
көптеген статистер жоғары бағалады. Мәселен, мұрағатта сақталған бір құжатта 
Єлихан Нұрмұхамедұлы 1903 ж. Ф. Щербина экспедициясы аяқталғаннан кейін, 
осы қызметте тағы да 2 айға қалдырылғаны туралы мағлұмат сақталынған. Онда 
1905 ж. 5 қаңтардағы Мемлекеттік мүлік департаментінен жолданған ресми 
хатта далалы облыстарды зерттеген экспедицияның 1904 ж. 1 қаңтардан бастап 
жұмыс жасамайтындығы туралы айтылған. Хатта осы зерттеулердің тоқтауына 
байланысты оның мүшелері Є. Бөкейханов пен П. Васильевтің арнайы 
тапсырмаға байланысты белгісіз мерзімге дейін қалдырылатындығы 
мәлімденген. Онда: «... то Департамент полагает справедливымь оставить ихь на 
работахь на прежних условияхь, т.е. за прежнее вознагражденіе, еще на два 
месяца, т.е. до 1-го Марта 1904 года», - деп, осы зерттеушілерге әлі де болса 
толығымен жарық көрмеген «ҚЖПМ» құрастыру жұмысын табыстауға бел 
байлады. 
Єлихан Бөкейхан сонымен қатар қазақ қоғамының рулық-тайпалық 
құрылымын зерттеп, шежіресін жазып, терең әрі обьективті қорытындылар 
жасап, рулардың қоныстанған елді-мекендерін картаға түсіреді. Осы 
мағлұматтар «ҚЖПМ» дерек көзінде жүйеленіп, жарияланған болатын. 
Сондықтанда бұл деректердің қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымын 
зерттеудегі құндылығы мен маңызы жоғары деп бағалауға негіз бар. Отандық 
тарихнамада зерттеушілердің көпшілігі Є. Бөкейханның қатысуымен Щербина 
экспедициясы қазақтың дәстүрлі көшпелі және жартылай көшпелі мал 
шаруашылығына пәлендей зиян келтірмейтін жер үлесін есептеп шығарғанын 
атап өтеді.
Є. Бөкейхановтан басқа зерттеуге қазақтардың ішінен Ж. Сатыбалдыұлы,
Е. Итбайұлы, М. Шомбалұлы, С. Тілекеев және т.б. қатынасты. ХІХ ғасырдың 
60-90-жылдарында қазақ зерттеушілері дүниетанымының қалыптасуына 
халықшылдық идеология көп әсер етті. Олар айдаудағы халықшылдардың 
көзқарастары мен әдіс-тәсілдерін меңгерді. Алайда олардың арасында идеялық 
алшақтықтар да болды. Олардың бір бөлігі үстем тап позициясын ұстанып, 
өткенді дәріптеді. Ал тұтас алғанда, қазақ қоғамдық ой-пікірі патриархаттық 
қалдықтарынан, 
идеялардағы 
жетілмеушіліктен, 
нысандарындағы 
толыспаушылықтан арыла бастады.
Бұл тіркеушілер мен есепке алушылар жергілікті адамдардан, өз жерін 
жақсы білетін шаруалардан құралды. Олар сұрақ-жауап бланкілерін, 
дәптерлерді, бюллетеньдерді қажетті жауаптармен толтырып, мемлекеттік 
статистика (Орталық статистика ұйымы мен губерния статистика бюросы) 
органдарына тапсырады. Сосын бұл мәліметтер Орталық статистика ұйымында 
жүйеленіп, қорытындылары арнайы анықтамаларда жарияланады. Мемлекеттік 
стат мекемелері санақтың материалдарын осы мәліметтермен толықтырады. 
Бұндай анықтамалар екінші кезектегі дерекке жатады. Екінші кезектегі 


14 
деректердің міндеті - бірінші кезектегі мәліметтерді қорытындылап, оған шолу 
және талдау жасау. 
Бұл экспедицияның құрамында түрлі жұмыстар атқарып жүрген, басынан 
соңына дейін еңбек еткен негізгі зерттеушілер тобы - Ф. Щербина, Л. Чермак, 
Є.Н. Бөкейхан, В.А. Добровольский, Н.Ф. Дмитриев, В.К. Кузнецов,
И.Ф. 
Гусев, 
В.А. 
Владимирский, 
И.М. 
Уродков, 
И.А. 
Смотров,
А.Е. Звенигородскилер болды. «ҚЖПМ» дерегінің алғысөзінде де осы аттарды 
жиі кездестіруге болады.
Осы зерттеуге қатысқан статист И.Ф. Гусев кейіннен П. Скрыплев 
партиясында да жұмыс жасады. Бірақта 1908 ж. 17 наурызда кенеттен қайтыс 
болады. Ол Щербина экспедициясында ¤скемен уезіндегі Найман руларының 
кестесін сол өңірлердегі қазақтардан сұрау жүргізу арқылы құрастырған 
болатын. Оның дүниеден өткені туралы «ҚЖПМ» ¤скемен, Шымкент уездеріне 
арналған томдарында айтылған. Сонымен қатар, Щербина экспедициясына 
қатысқан статист П. Хворостанский кейіннен Торғай-Орал партиясында бас 
статист қызметін атқарып, барлық деректерді редакциялап отырды.
Ф. Щербинадан кейін Ақмола облысында қайта зерттеу жүргізген
В. Кузнецов та кезінде «ҚЖПМ» өңдеп, редакциялаған статистердің бірі болды. 
Ол Зайсан уезіне арналған деректің алғысөзін дайындап, сол уезге арналған 
деректі редакциялаған болатын. Кейіннен Ақмола облысындағы уездердің 
шаруашылығын қайта зерттеп, жер нормасын ұсынған экспедицияны басқарып, 
оған байланысты бес томдық еңбекті редакциялап, құрастырғандардың бірі 
болды. 
Ф. Щербина мен В. Кузнецов экспедицияларын талдаған зерттеуші
Г. Ерменбетова өзінің еңбегінде: «Қазақ даласын қайта зерттеу мақсатымен 
1907 ж. статист В. Кузнецов экспедициясы жасақталды. Ол Щербина 
экспедициясы зерттеген уездерде жұмыс істеп, «артық» жерлердің көлемін 
өсірді. Себебі В. Кузнецов патша өкіметінің тапсырмасын бұлжытпай орындауға 
тырысты» - деп тұжырымдаған болатын. 
Жергілікті жандармерияның санағы бойынша зерттеушілердің 90% 
пайызын саяси қылмыскерлер мен жер аударылған адамдар құрағанын 
анықтауға болады. Олардың ішінде Ф. Щербина, Л. Чермак, И.Ф. Гусев,
Н.Ф. Дмитриевтер бірнеше жылдар бойы айдауда болған. Алайда бұл зерттеу 
материалдарының құндылығына ешбір нұқсан келтірмейді деп тұжырымдауға 
болады. ¤йткені, бұл жер аударылған адамдар Патша үкіметінің саясатына 
қарсы пікірлер білдіріп, халықты жақтаған жоғары білімді адамдар болғанын 
естен шығармауымыз қажет. Сондай-ақ Рсейдің Қазақстанды отарлау 
мақсатына қызмет етіп, олардан материалдық көмек алып отырған зерттеу 
партиялары мен экспедициялардың жинаған материалдарын сыни тұрғыдан 
талдау қажет. 
1902 ж. Ресей империясының ішкі істер министрі В.К. Плеве Воронеж 
комитетінің ісін қарап, Ф. Щербинаны экспедицияны басқаруға лайықсыз 
кандидатура деп тапты. ¤йткені, ол ауылшаруашылық өндірістерге мұқтаж 
Воронеждің 
уездік 
комитетінің 
комиссиясын 
басқарып, 
империяға 
конституциялық талаптар қойып, баяндама жасайды. Бұл әрекеттерді өкімет 


15 
солшыл және зиянды бағытты ұстанушы деп тауып, оны барлық жұмыстардан 
босатады.
Осыдан кейін «ҚЖПМ» дерегін жүйелеп, сараптама жасап баспаға даярлау 
ісін Ф. Щербина ешбір қаражатсыз өз мойнына жүктеуін Жер және мемлекеттік 
мүлік министрлігінен сұрап алады. Ол: «Еще раз позволю себе сказать, что 
окончание работ экспедиции в тех ее частях, которых ведение лежало на мне как 
заведующем экспедицией, я считаю нравственной своей обязанностью довести 
до конца без всякого денежного вознограждения» - деген болатын. 
П.Г. Галузо ХХ ғ. басында Ф.А. Щербинаның көзқарасына демократизмнің 
элементтері болды деген пікірді білдіреді. 
Экспедиция жұмысын әрі қарай Е.П. Добровольский атқарып, ал кейіннен 
Лев Карлович Чермак басқарды. Ол полицияның құпия бақылауында тұрған 
Щербинаның көмекшісі болған адам еді. Оның өзі саяси көзқарастары үшін 
Омбыға 3 жылға айдалған, дворяндық екен. Көп ұзамай осы өңірде эсерлердің 
ұйымын құруға атсалысқандардың бірі екендігі анықталды. 1896-1897 жж. ол 
экспедицияға тіркеуші ретінде алынып, кейіннен Ф. Щербинаға ең жақын 
адамдардың бірі болады. Ал ол кеткеннен кейін Л. Чермак экспедиция 
меңгерушісі болып тағайындалады (1902-1903 жж.). 
Зерттеуші М. Құл-Мұхаммедтің баяндауынша Л. Чермак қазақтар туралы 
әділетті көзқараста болған. Оған әсер еткен қазақтың ұлы ақыны Абай 
Құнанбайұлы деп көрсетеді де, өз пікірін Є. Бөкейханның «Қазақ» газетіндегі 
мына бір сөзімен дәйектейді: «1900 жылы Щербина есеп алған соң, екінші 
норма жазған Лев Карлович Чермак еді. Бұл біздің қырға Абайдың досы, 
жаңадан опат болған Михаэлис жолымен барған еді», - деп автор Чермактың 
Михаэлис арқылы Абаймен таныс болуы әбден мүмкін деген қорытындыға 
келеді.
М. Құл-Мұхаммед Ф. Щербина, Л. Чермак, Є. Бөкейханның еңбектерін 
зерделеу арқылы, олардың отаршылыққа қарсы позиция ұстанғандығын тілге 
тиек етеді. Мәселен, Л. Чермак Щербина нормаларын жақтады. Ол: «Норманы 
қысқарту – қырғыздардың шаруашылығын саналы түрде күйрету, оларды 
аштықпен күнелтуге душар ету, тіпті үйреншікті кәсібін тастауға мәжбүр ету», - 
деп жазуы осының дәлелі. Л.К. Чермак сонымен қатар «Формы киргизского 
землепользования» еңбегін жазып, «ҚЖПМ» алғысөзі мен тарауларын 
редакциялаумен айналысты. Є.Н. Бөкейханов ол туралы: «Бұл алдына Алтай 
тауындай алтын қойсаң ия патша Ескендір бұлай қыл десе, ғылым жолынан, өз 
пікірінен қия баспайтын кісі еді» - деп, Л. Чермактың ғылымға адалдығын 
жоғары бағалады.
Осы кезде Омбыдағы экспедицияның орталығы полиция тарапынан қатаң 
бақылауға алынады. ¤йткені, олар туралы Николай ІІ-ге ішкі істер 
министрлігінен В.Д. Даль «экспедиция мүшелері халық арасында үкіметке 
қарсы үгіт-насихат жүргізгендігін хабарлайды». Ал Николай ІІ шұғыл түрде 
зерттеушілердің барлығын қызметтерінен босату үшін резолюция қабылдады. 
1903 ж. маусымда барлық мүшелері өкіметке қарсы саяси бағыттары үшін 
тұтқындалып, Омбыдағы бюро жабылады. Жалпы экспедиция жұмыстарының 
тоқтатылуының себептері, зерттеушілердің антиүкіметтік ұстанымдары туралы 


16 
әлі күнге дейін нақты мәліметтер жоқ. Осылайша қалған материалдарды өңдеу 
жұмыстары Петербургте жалғастырылады. Экспедиция таратылғанымен, оның 
жинаған материалдары 1909 ж. дейін баспадан том-томымен шығып отырды. 
1896-1903 жж. Далалық өлкенің барлық уездерін зерттеуді мақсат еткен бұл 
экспедицияны құрғанда мемлекеттік мүлік министрлігі зерттеу нәтижелерін 
Қазақстандағы жер саясатын жүргізуге пайдалануды көздеді. Экспедицияның 
міндеті аумақты табиғи, тарихи жағынан зерттеп суреттеу, осы мәселедегі 
ауылдар мен болыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жер пайдалану 
тәсілдерін анықтау және көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылықтарға қажетті 
жер көлемін белгілеп, оның қоныстандыру қорына алынатын көлемін анықтау 
болатын. Єсіресе, Ресейдің орталық губернияларынан көшіріп әкелінген 
шаруаларды қоныстандыру мақсатында шаруашылық-статистикалық зерттеуге 
баса көңіл бөлінді.
Экспедиция материалдарын патша өкіметі қазақтардың «артық» жерлерін 
күшпен тартып алуды күшейту үшін пайдаланады. Бұл материалдар ХІХ ғ. соңы 
мен ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ шаруашылығының жай-күйі жөнінде теңдесі жоқ 
деректеме болып табылады. Экспедиция мүшелері жер нормалары асыра 
көрсетілген, көшпелі қазақтарға үлкен кеңістіктің керегі жоқ, өйткені олар жер-
жерде отырықшылық пен егіншілікке көшіп жатыр деген тұжырым жасады. 
Бірақта 
Щербина 
экспедициясынан 
кейінгі 
қайта 
ұйымдастырылған 
зерттеулерде ол нормалар бұрынғыдан да төмендетілді. Бұл ретте Є. Бөкейхан 
Щербинаның нормасын жақтаған болатын. Дегенменде, Ф. Щербина басқарған 
экспедиция патшалы Ресей өкіметінің отарлау саясатына алғаш рет ғылыми 
негіз жасап, қазақ халқының тарихын жан-жақты зерттеп беруімен де 
ерекшеленеді. 
Ал Торғай-Орал облыстарына арналған «ҚЖПМ» 1904-1912 жж. жерді 
межелеу партиясының ұжымы жинады.
Мұрағат құжаттарына сүйенсек, зерттеу партияларында меңгеруші мен бас 
статисттен басқа агроном Скалов, жұмысты жүргізуші Батманов, оның 
көмекшілері Прозоровский, Седельников болды. Техникалық бөлімнің 
меңгерушісі Шамышейский, аға топографтар Заболотский, Ядрихинский мен 
топографтардан Баранов, Данилин, Малянчиков, Романов, Э. Яржиновский,
В. Яржиновский, Сапарянц, Скобейко, Янулевич, Ленневич, Котковский 
барлығы 14 топограф қатысқан. 
«Отчет о работах в Тургайской и Уральской областях за 1905 г.» деп 
аталатын құжаттан олардың жалақысы, қосымша қажетті құралдары мен 
жолына, тұратын үйіне төленетін ақшаның мөлшері туралы көптеген 
мәліметтерді табуға болады. 
Оның құрамында «ҚЖПМ» мәліметтері бойынша 1904 ж. Торғай-Орал 
облыстарында алғашқы жұмыстарды статист Карлсон, Л.Н. Рум және
І Мемлекеттік Думаның депутаты болған Т.И. Седельниковтер жүргізді. 
Кейіннен Батманов, Н.П. Шевалье келіп қосылды. ¤лкенің жағрафиясын, 
табиғаты мен өсімдіктерін зерттеген мамандар 2 гидротехник – Рейнвальд пен 
Миронов, тау-кен инженері Казицин, геолог В.П. Семенов болды. Бұл аты 


17 
аталған статистикалық партияның мүшелері туралы ғылыми еңбектерде көп 
жазылмады. 
Л.Н. Рум 1869 ж. 19 мамырда туылып, Пермь және Чернигов 
гимназияларында білім алды. 1889 ж. Қазан университетінің медицина 
факультетіне түсіп, 1891 ж. заң факультетіне ауысады. 1892-1894 жж. әртүрлі 
үйірмелерге қатысып, бірнеше лицейлерде білім алады. 1898 жылдары заңсыз 
басылымдарды сақтағаны үшін, қатаң бақылауға алынып, Вологодск 
губерниясына жер аударылады. 1901 ж. Жер және Мемлекеттік мүлік 
министрлігіне қызметке шақырылады. Онда Л.Н. Рум Пермь-Вологолодск 
қоныс аудару ұйымында аға топограф болып жұмыс жасап, 1904 ж. «Итоги 
экономического исследования крестьянского населения Усть-Сысольского уезда 
Вологодской губерний» жинақты редакциялап шығарады. Осы жылы қазан 
айында ол Орынбор қаласына жіберіледі. Осылайша ол Орал-Торғай 
статистикалық партиясында біраз жылдар жұмыс істейді.
Төмендегі кестеден Торғай-Орал зерттеу партиясында жұмыс істеген 
зерттеушілердің құрамы мен олардың жалақылары туралы мәліметтер 
сақталынған.
Бұл ҚР ОММ мұрағат қорларында сақталынған құжаттардан алынған 
мәлімет бойынша партия меңгерушісінің ақысы статистика бөлімі 
меңгерушісінің жалақысынан төмен. Оның себебін біз статистика бөлімі 
меңгерушісі партия меңгерушісінен көп жұмыс істейтін болғандықтан деп 
түсіндіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет