105
Аудан
Шаруаш
ылық
саны
1 шаруашылыққа шаққанда
Шаруашылықтың %
Ер мен
әйел
саны
Егіс
жер
дес.
Жоңышқ
а дес.
Шабынд
ық дес.
Мал
бірлігі
Көшпелілер
Егін
екпейтінд
ер
Аз
егетіндер
Жылқыс
ы жоқтар
Қара-
қырғызда
р
(IV-V)
9778
5,60
2,85
0,14
0,91
9,80
52,10
13,40
23,10
17,70
Басқа
аудан-р
25505
6,90
4,84
0,51
2,39
14,70
49,30
5,60
15,50
10,90
Сонымен қатар, қазақтардың негізгі асы бауырсақ, көже, айран, қымыз,
ірімшік, құрт, қатық, шелпек және т.б., оны жасаудың әдістері туралы баяндап
берген. «ҚЖПМ» қазақ халқының түрлі кәсіппен шұғылдануы туралы да
мәліметтерді бойына сақтаған.
Қазақтардың шаруашылығын есепке алған, бюджеттік есептеулер жасаған
зерттеушілердің бірі Ф. Щербина негізінен воронеждік іс-тәжірибесін
пайдаланып, экспедицияның бағдарламасын
көпшілік мойындаған әдіспен
жүргізді. Зерттеуші Т.П. Волкова: «Проведение обследования по воронежской
программе говорит о многом. Это гарантирует высокое качество организации
обследования, так как воронежская бюджетная программа в этом отношении
выгодно отличалась от других», - деп зерттеушінің қолданған әдістемесінің
дұрыстығын негіздейді.
Патшалы Ресейге қазақ халқының көшпелі тұрмысы ұнамады. Отаршыл
патша өкіметі алдымен қазақ жерін иемденді. Құнарлы, сулы жерлерін (өзен,
көл жағалауларын, тау етектерін, қалаға жақын, жол бойларын) Ресейден келген
шаруаларға бөліп, кесіп берді.
Осы жерлерге орнағандарға, кәсіппен
айналысыңдар, байыңдар деді. Миллиондаған басыбайлықтан босағанмен,
жерсіз күн көретін амалы жоқ шаруаларды шығысқа сілтеп, тоғытып жіберді.
Керісінше қазақтар суы жоқ, шөбі сирек, шөл далаға ығыстырылды.
Олар өз
елдерінде тұрып бодан болды. Бұл туралы Мыржақып Дулатов:
«Шығарған жер өлшеуге землемерлер,
Бұл үшін кеткен бізден жақсы жерлер.
Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда,
Табатын бұған хәйла қайда ерлер?», - деп өз ойын айтып кеткен екен.
«Дала уалаятының газетінде» 1894 ж. 10 санында жарияланған «Қазақ
халқының арасында егін егіп тәрбие етпектің мәслихаты» атты мақалада: «Жыл
сайын Дала уалаятының ішінде тұрған болыстарға Россияның ішкі жағынан
мұжықтар көп көшіп келіп жатыр. Бұл себептен оларды орнықтырмаққа бұларға
патшалық бос жерден ћәм үшбу уақытта қазақтар тұрған қазақтың жерінен жер
бөліп берерге керек болады-дүр. Жаңадан көшіп келген мұжықтарды орнатпақ
үшін бұлардың шаруасына тиесілі жақсы, сулы, ағашты, шөбі көп өсімтал жерді
ћәм ыңғайлы жүретұғын жолы бар орындарды оларға сайлап бөліп берерге
қажет-дүр», - деп далалы облыстардағы
көшпелі мал шаруашылығымен
шұғылданған қазақтарға тез қамданып, жер алып, егін егу әрекетіне көшуге
шақырады.
106
Сөйтіп, көшпелі тұрмыс кезінде малға жеке меншікпен бірге жерге
қауымдық меншіктің қатар қолданылуы патшалы Ресейдің қазақ жерін
иемденуіне де қолайлы жағдай туғызды. Бұл туралы Р.М. Таштемханова: «Как
видим, царская переселенческое политика не способствовала прогрессивному
развитию казахского общества и нанесла огромный
ущерб развитию всех ее
сторон. Она предопределила потерю земли и разрушениетрадиционного способа
хозяйствования, хищническую эксплуатацию природных ресурсов и обнищание
широких слоев населения», - деп баяндады.
Алғашқылардың бірі болып зерттеуші Т.П. Волкова Ф.А. Щербина
экспедициясының жинаған «ҚЖПМ» деректанулық талдаудан өткізді. Ол
математикалық әдісті пайдалана отырып, «Қазақтардың жер пайдалану
материалдарының...»
ақпараттық
мүмкіндіктерін
қарастыды.
Атақты
деректанушы-ғалым Ковальченконың шәкірті болғандықтан статистикалық
деректің шынайылығы мен толықтығын, оларды пайдалану әдісін жасады.
Кандидаттық диссертациясында да корреляция әдісін қолданып, оң нәтижелерге
қол жеткізді. Онда зерттеуші «ҚЖПМ» мен «Обзор»
деп аталатын
статистикалық екі деректегі коэффициенттерді корреляция арқылы салыстыру
жүргізді. Т.П. Волкова өз зерттеуінде халықтың әлеуметтік-экономикалық
өмірінде маңызды деген мынандай көрсеткіштерді таңдап алған: жер пайдалану
(қазақтарға тиесілі жер саны), жергілікті қазақ тұрғындарының саны (ер, әйел
және жалпы олардың саны), мал (жылқы, түйе, ірі қара, қой және ешкі саны),
ауылдар саны, шаруашылықтар саны. Осы көрсеткіштерді «1893 жылдағы
болыстар мен қоныстанған орындар» деп аталатын Ақмола, Семей,
Торғай
облыстарына байланысты басылымдарды салыстыру үшін пайдаланған.
Осылайша есептеуіш машинаны пайдалана отырып, корреляцияның матрицасын
жасады. Осы анализдің негізінде автор дерек мәліметтерін екі топқа бөліп:
«толық шынайы емес, яғни күмән келтіретін» және «толық шынайы» деп бөлді.
Мұндағы күмән келтіретін мәліметтерге жер пайдалану, әйел саны, жалпы
тұрғындар саны, жылқы саны жатқызылды. Ал деректегі шынайы мәліметтерге
ерлер саны, түйе саны, ірі қара саны, қой мен ешкі саны,
ауыл саны мен
шаруашылық саны жатқызылды. Осы тұста сандық жағынан шынайы
мәліметтер күмән келтіретін мәліметтерден көп болғанын дәлелдеп,
Т.П. Волкова бұл деректің жалпы тұтастай шынайылығы жоғары деп
қорытынды жасаған болатын.
Қорыта келгенде «ҚЖПМ» қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы мен
егін шаруашылығына байланысты көптеген құнды да сапалы мәліметтерді
бойына сақтаған. Бұл дерек көзінің басқа да
статистикалық есептеулерден
ерекшелігі оның экспедициялық әдіспен, арнайы түрде зерттелінуі мен онда
сан-салалы ақпараттардың сақталуы болды.
Достарыңызбен бөлісу: