101
4. Жетісу төңірегі ежелден қойлы өлке, солай бола тұрса да жылқы мен ірі
қараны молырақ өсіруге керекті жағдайдың
бәрі де Алатау қойнауында
баршылық.
Төрт түліктің Қазақстан жерінде мұндай қатынаста өсірілуі – жергілікті
жердің
ауа райына, жер бетінің қыртысына ыңғайлас өсетін өсімдіктер түріне
байланысты.
«ҚЖПМ» негізінен мал шаруашылығын есептегенде кестелерде олардың
жас бойынша атауларын пайдаланылған болатын. Бұл санақтың обьективтілігін
жоғарылатты. ¤йткені, тіркеушілер әрбір
қазақтан мал санын жалпы сұрап,
кейіннен оны жас бойынша санын асықпай анықтағанда кейде жасырып
айтпаған егесінің мал саны белгілі болып қалатын.
Мәселен, 1912 ж. зерттелген Ілбішін уезіне арналған деректе түсінікті болу
үшін қазақтардың төрт түлігінің атаулары орысшасы
мен қазақшасы қатар
берілген. Онда жылқыға байланысты: айғыр-жеребец, құнан–3 жас, тай-2 жаста,
құлын-жеребенок, дөнен-4 жас, бие-кобыла деп түсіндірілген. Сонымен қатар
ту-бие, дөнежін, құнажын, байтал деп аталатын
жылқының ерекшеліктеріне
қарай атауларына анықтама берілген.
Мүйізді қараның сиыр, бұқа, өгіз, бұзау, тайынша, құнан-өгіз; Түйенің бота,
тайлақ, құнан; Қой, қозы, тоқты, сек, бойдақ; Ешкі, теке, лақ деп жас
ерекшеліктеріне
сәйкес бөліп, кестелерде де солай берген.
Шымкент уезіне арналған дерекке сүйенсек, ондағы жергілікті қазақтар
жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі, есек баққан. Осы уезд бен Далалы облыстардағы
уездердегі мал шаруашылығын салыстырмалы
талдау төмендегідей кестені
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: