103
бойынша көшіп, белгілі құдық басына, өзен бойына тоқтап, қыс мезгілінде жыл
сайынғы белгіленген жерге көшіп келді. Єрбір ру-тайпа өзінің дәстүрлі көш
жолдарын қалыптастыра отырып, олар көшіп-қону дәстүрін белгілі бір
географиялық жер көлемі шеңберінде ұстанды.
Қоныс орнын таңдау көптеген
факторларға байланысты болды: дәстүрге, әлеуметтік-экономикалық, саяси
жағдайларға. Табиғи ортаның ерекшеліктері
жайылымдарды пайдалану
тәсілдерін айқындап берді. Мәселен, жазда ауасы салқын, өзен-тоғайлы жерлер
таңдап алынса, қыста күн түсетін, жел мен ызғардан, суық бораннан пана
болатын ықтасын жерлер таңдап алынды. Көшіп-қону өрісі әртүрлі болды.
Малдың
саны көп болған сайын, оларға жем-шөп те көп қажет болды.
Сондықтан да көшу өрісі де кеңее түсетін еді.
Төмендегі кестеде «ҚЖПМ» Сырдария облысы мен Далалы облыстардағы 1
шаруашылыққа келетін мал бірлігі салыстырмалы түрде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: