1 орташа отбасына қажетті жер мөлшері = x×y=z
60
экономикалық сипаттағы деректермен қатар, сол ауылдарда тұрып жатқан
отбасыларға қатысты шежірелік материалдар береді. Бұл жинақтардағы
шежіреге қатысты материалдардың өзі сан-салалы болып келеді. Оларға әр
уездегі қазақтардың шығу тегі туралы кестелер, әр ауыл бойынша
құрастырылған статистикалық мәліметтер және олардағы ауыл ақсақалдарының
ру-тайпалары, әрбір қауым бойынша жасалған кестеге түсіндірмелер, сондай-ақ
әр уездің қысқаша тарихи географиялық очеркіндегі ру-тайпаларға қатысты
мәліметтер жатады.
«ҚЖПМ» дерегі әр жылдары жарық көрген 500-700 бет көлемі бар
томдықтар. Бұл деректің кітап болып шығуында да көптеген қиындықтар
туындап, жұмыстың тез жарық көруіне кері әсерін тигізді. Сондай-ақ
типографиялық базаның болмауы, қаржының тапшылығы, біліктілігі жоғары
мамандардың жоқтығы да өз әсерін тигізді. Және де дерекке қажетті
материалдардың жарым-жартылай немесе мүлдем дайын болмауы да деректің
басылып шығуын тежеді. Кейбір томдары уақыттың тығыздығынан асығыс
басылып шығарылды. Осы олқылықтардың нәтижесінде 1903 ж. аяқталған
экспедицияның материалдары 1909 ж. дейін созылып, «ҚЖПМ» әртүрлі
қалаларда басылып шығарылды. Сондықтан да бұл деректі пайдаланған
зерттеуші осы олқылықтар мен кемшіліктерді ескеруі қажет деп ойлаймыз.
Сыр-Дария облысындағы статистикалық зерттеу алдын-ала бақылау
жұмыстарының негізінде жүзеге асты. Мұнда Далалы облыстарда
Ф. Щербина жасаған бағдарлама мен әдістеме пайдаланылды. Осы бақылаудан
кейін Ф. Щербина бағдарламасының мал шаруашылығына қатысты мәселелерін
ешбір өзгеріссіз Сыр-Дария облысында пайдалануға болатындығы, ал жерді
пайдалануға қатысты сұраулары мүлдем Түркістан өңірінің ерекшелігіне сай
келмейтіндігі анықталды.
Түркістан өңіріндегі негізгі ерекшелік климаттық жағдайға байланысты
болғандықтан егін шаруашылығымен айналысу үшін суармалы арықтар мен
каналдарды пайдалану қажеттігі болды. Екінші бір ерекшелігі өлкеде
диқаншылық кәсібі жақсы дамыған еді. Бұл өңірдегі қазақ халқының жер
пайдалану ерекшелігі туралы «Журнал совещания о землеустройстве киргиз»
деп аталатын мерзімді басылымда «Түркістан көшпелілерінің (қазақтары)
шаруашылығы мен жерді пайдалану тәртібі бойынша Далалы облыс
қазақтарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Түркістандағы жер өңдеудің негізін
қолдан суару құрайды. Жерді суару түрлі өндірістік және қоректік
өсімдіктерден жақсы өнім береді»,- деп жазылған болатын. Сондықтан да
зерттеу бағдарламасында егін шаруашылығына қатысты бірқатар өзгерістер
енгізіліп, ал мал шаруашылығына қатысты кейбір сұрақтар қысқартылды.
Статистикалық партиялардың қазақтардың жалпы шаруашылық жағдайын
сипаттайтын бағдарламасы төмендегідей мәселелерден тұрды:
1. Рулық бастама;
2. Шаруашылық ауылдардың тарихы;
3. Суару;
4. Жер пайдалану формалары;
5. Мал шаруашылығы;
61
6. Пішен шабу;
7. Бақшашылық пен бау өсіру;
8. Орманды алқаптар;
9. Жерді жалға беру;
10. Кәсіп пен жалақы;
11. Алымдар мен салықтар;
12. Қазақ отбасының ерекшелігі;
13. Ортақ шаруашылық істер;
14. Сауда;
15. Несие;
16. Тұрғындардың қажеттілігі;
17. Жер өңдеу;
18. Табиғи жағдайы.
Бұл бағдарлама 18 негізгі мәселелерден тұрды. Оның ерекшелігі «Суару»
мәселесі Ф. Щербина жасаған 17 тараулық бағдарламада кездеспейтіндігінде
болды.
Зерттеу партиялары мынандай әдістеме арқылы жүргізілді:
1. Аулалық карточкалар құрастырылды. Оның мазмұнына тұрғындардың
саны, үйлер мен құрылыстардың, жалдамалы жұмысшылар, ауылшаруашылық
инвентарь, мал, егістік пен пішен шабу, тұрғындардың кәсібі мен дақылдар,
жануарлардың өнімдерін пайдалануға қатысты сұрақтармен кішігірім сұраулар
да орын алды.
2. Малдың қыстық жем-шөбін есепке алу карточкасы барлық тіркелген
шаруашылықтың 10% ғана құрылды. Мұнда малдың байлауда тұрған күндерінің
саны мен оған қажет жемнің мөлшері туралы мағлұматтар енгізілді. Бұл
мәліметтер пішен мөлшерін шығаруға негіз берді.
3. Ауылдық бланкілер құрастырылып, оның мазмұнында қыстаулар
жанындағы су көздері мен оның мөлшері, суару жүйесі мен топырақ, егістік, су
мен жерді пайдалану, суармалы және суарылмайтын егістіктегі егін, көшіп-
қону, жайлау туралы сұраулар орын алды. Мұндай ауылдық бланкілер
шаруашылық ауылдың негізгі поселкелік түріне пайдаланылды.
4. Қауымдық бланкілер мал шаруашылығымен айналысатындардың жерді
пайдалану тәртібін анықтау үшін құрылды. Онда ортақ жайылымдарды
пайдалану тәртібі, көшіп-қону барысы, жайлау, күзеу және жайылымдарды
арендаға беру секілді сұраулар орын алды.
5. Қазақ шаруашылығының құрамы мен жылдық айналымын анықтау үшін
бюджеттік бланкілер құрастырылды. Мұнда барлығы 59 бюджет құрылды. Ол
бланкілерде әрбір сұрақ деталді түрде кішігірім сұраулардан тұрғандықтан
нәтижесінде нақты ақпараттар алынды. Осы мағлұматтардың негізінде орташа
қазақ отбасының сұранысы мен оларды қанағаттандыратын жолдар мен
тәсілдер анықталып отырды.
6. ¤лкенің табиғаты мен тарихын сипаттайтын бланкілерде өңірдің ауа-
райы, су ресурстары мен жер қабатының рельефі, топырағының құнарлығы мен
өсімдіктері туралы мәліметтер жинақталды.
62
Зерттеудің барысында топографтар қазақ жерлерін 1 верстік масштабта
картаға түсіреді. Єсіресе, әртүрлі қауымдардың жер пайдалану шекараларын,
арықтар мен қыстауларды, жолдар мен егістіктерді, тау-тастарды суретке
түсірді. Бұл карталар уездерді райондарға бөлу үшін ыңғайлы және
жайылымдар мен өзен-көлдерді айқындап, шаруашылыққа қолайлы жерді
анықтау үшін қажет еді.
Бұл деректің әр томының ішкі құрылымында 1) мәтін (қара сөз), 2) кестелер
(статистикалық), 3) карталар міндетті түрде кездеседі. Деректің мәтіні бір
бағдарламаның негізінде жоспарланғанымен, бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі
құрылымда жазылған. Мұнда әр уездің тарихи сипаттамасы, жер пайдалануы,
территориясы, географиясы мен табиғи ерекшелігі, ру-тайпалардың орналасуы
мен көшіп-қонуы, ру-тайпалар кестесі, уездердің шаруашылығы мен басқа
уездерден ерекшелігі туралы жазылған. Содай-ақ, әр томның мәтінінде міндетті
түрде жер пайдалану формалары, жер өңдеуі, мал шаруашылығы, қолөнері,
аренда және уездердің тарихы беріледі. Єрине, деректе кездесетін мазмұндық
сәйкессіздіктер біздің ойымызша әр уездің өзіндік ерекшелігіне және мәтін
авторына байланысты болған.
Жалпы «ҚЖПМ» дерегінің барлық томдары тек жеке бір ғана адамдың
еңбегі емес, ол экспедицияға қатысушы барлық қызметкерлердің ұжымдық
еңбектерінің жемісі. Алайда ұжымның жинаған материалдарын талдап, оның
нақты нәтижесін дерекке енгізу ісін Ф.А. Щербина, Л.К. Чермак,
Добровольский, В. Кузнецов, П. Скрыплев, И. Рылов, П. Хворостанский сияқты
зерттеуші-статистер өздерінің міндеттеріне алған еді.
Экспедиция материалдарының ең маңызды бөлігі деректің бас жағында
«Алғы сөз» (Предисловіе) деп аталатын кіріспесінде. «Алғы сөздің»
маңыздылығы онда әр уездің өзіне сай ерекшелігі басшылыққа алынып,
жүргізілген барлық зерттеу жұмыстары, олардың әдіс-тәсілдері, әдістердің
өзгеруі, экспедиция құрамы, зерттеу барысында кездескен қиындықтар мен
олқылықтар, деректің мәтінін құрастырушылар мен зерттеушілер және т.б.
мәліметтерді анықтау үшін құндылығы зор. Бірақта «Алғы сөздің» өзі әр томда
көлемі, мәлімет беру сипаты, ішкі мазмұны мен құрылымы бір-біріне
ұқсамайды. ¤йткені, оны құрастырушы авторлардың өзі әртүрлі зерттеушілер
болды.
Жалпы табиғаты мен географиясын, жер қыртысын зерттеуде экспедиция
мына тәртіп бойынша жұмыс жасайтын:
1. Барлық экспедицияның мүшелері мен қоныс аудару ісінің меңгерушісі
зерттелінетін жердің барлығына ортақ белгілі бір жерінде жиналады.
2. Экспедицияның басталу мерзімі әр облысқа бөлек-бөлек шығарылады.
Мәселен, Ақмола облысы үшін 15 мамыр болса, Торғай-Орал, Сырдария
облыстарында 1 мамырда белгіленеді.
3. Экспедицияның аяқталу мерзімі күзгі, зерттеуге қолайсыз уақытта
тоқтатылуымен анықталады.
4. Экспедиция мүшелерінің тізімін (жер өлшеушілер, ботаниктер,
астрономдар мен олардың көмекшілері) қоныс аудару басқармасының бастығы
бекітеді, ал топографтарды аймақтың меңгерушілері бекітеді.
63
5. Жұмыс жоспарында көрсетілген қаржыдан артық қаржы жұмсалмайды.
Экспедицияның құрамын басқарманың рұқсатынсыз ешкім көбейте алмайды.
6. Қаражаттың қалдықтарын экспедиция меңгерушілері басқа нәрсеге
жұмсамауы қажет.
7. Қаржы тек қана қажетті жерге жұмсалып, сәйкесінше құжаттармен
нақтылы дәлелденіп отыруы қажет. Экспедиция жетекшісі экспедиция
мүшелерінің зерттеу операцияларына ғана қаражат жұмсауы керек.
8. Барлық жоспардан тыс шыққан шығынды сол шығындаушының
қалтасынан төлеуі тиісті.
Деректің бірінші тарауында әрбір зерттелінетін уездің табиғаты мен
географиясы туралы толыққанды мағлұмат алуға болады. Онда уездер мен
болыстардың көлемі, шекаралары, жер-су аттары, өсімдіктері мен жануарлары,
ауа-райы туралы ғылыми сараптамалар жасалынған.
Көптеген географиялық атаулар өткен ғасырларда халық өмірінде кеңінен
қолданыс тапқан, қазіргі кезде басым көпшілігі ұмытылып, өз орнын жоғалтып
алды. Кейбір тарихи жер-судың атауы орыс переселендер көшіп келгеннен
кейін орыс тіліне аударылып, мүлдем жойылды. Оларды қалпына келтіру үшін
сол кезеңдегі жасалған еңбектерге талдау жасау аса маңызды болып табылады.
«ҚЖПМ» өте көп тарихи жер-су атауларын кездестіруге болады. Олардың көбі
жойылғанымен, біразы бүгінгі күнде де қолданысқа ие. Мәселен, Ф. Щербина
экспедициясы зерттеген Семей облысы, Павлодар уезіне арналған деректегі
топонимдерді талдай келе, зерттеушілер онда жайлау, қыстау, сай, өзен, құдық
атаулары көптеп кездесетіндігін негіздеген. Негізінен дерек мәліметіне сүйенсек
Семей облысында 5 уездің жалпы көлемі 422246,2 кв. верст, соның ішінде
Павлодар уезі – 103788,2 кв. версті алып жатыр. Ол шығысында Алтай таулы
округімен, солтүстігінде Том губерниясының Қайын уезі мен Ақмола
облысының Омбы уезімен, батысында Ақмола және оңтүстігінде Семей мен
Қарқаралы уездерімен шектеседі.
Деректе «Павлодар уезінің қырғыз жерін пайдалану және жайылымдық
аудандар картасында» (масштабы 15 верст) 180-ге жуық географиялық
нысандардың қазақ тілінде атаулары бейнеленіп, нақты көрсетілген. Ал есеп
беру бөлімінде 3363 топонимдер тізімі жазылған кестесі құрастырылған.
Зерттеушілер Павлодар уезінің физикалық-географиялық жағдайларына
сипаттама бере отырып, географиялық атауларды ұқыптап жинақтап, ауылдыр
бойынша статистикалық мәліметтер кестесінде бір жүйеге келтірген.
Бұл кестеде әр болыстың ауылдар саны, әрбір ауылда қай рудың өкілдері
тұратыны, ауыл қандай қоныстың не құдықтың маңайында орналасқандығы, су
көзі сияқты ақпараттар ұсынылған. Бірақ ауылдардың, қыстақтар мен
жайлаулардың атаулары берілмей, олар белгілі бір нөмір арқылы тіркелген және
болыстың есімімен аталған
Қазақтардың әрбір жерге, ұсақ болсын, не ірі болсын әрбір географиялық
нысанға оның ерекшелігін тауып, оған сипаттама бере алатын сәйкесті атау
берген. Қазақ халқының географиялық нысандарға атау қоюы оның физикалық-
географиялық көрсеткіштерін бейнелеу мысалы болып табылады.
64
Рулардың таралуына назар аудару топонимиялық заңдылықтарының бірін
ашу болып табылады. Сондықтан Ф.А. Щербина рулық қауымдастықтарының
орналасуына сипаттама беру географиялық атаулардың таралуын зерттеуде
көмек көрсетеді. ¤йткені, көптеген жер-су аттары сол жерді қоныс ететін рудың
атауына байланысты қойылады.
Қазақтардың жер-су атауларында нысанның сипаттамасын көрсететін
индикатор-терминдер орын алады. Олардың бірқатарына зерттеуші мамандар
анықтама берген болатын.
Ф. Щербина жинаған «ҚЖПМ» кездесетін топонимдердің түрлері комоним,
лимпоним, потамоним, микрогидроним, гелоним деп бөлуге болады.
Дерек көзін талдауда бір ғана Павлодар уезінің Ақкелін болысында – 377,
Ақкөл – 189, Ақбеттау – 182, Ақсу - 105, Алқакөл - 108, Алтыбай - 145, Атағөзы
- 229, Баянауыл - 292, Далба - 235, Қарамола - 340, Қызылағаш - 157,Қызылтау -
239, Маралды - 150, Тереңкөл - 177, ¦рық - 161, Шақшан - 277, ал барлығын
қосқанда 3363 атау кездеседі екен.
«ҚЖПМ» дерегінің екінші бөлігі кестелерден (таблицалар) тұрады.
Кестелер әр томда міндетті түрде кездеседі. Сонымен қатар, әр бір зерттеуге
ұшыраған уездің өзіндік ерекшелігіне сай басқа да кестелер қосылып отырған.
Төмендегі 10-кестеде «ҚЖПМ» дерек көзінде кездесетін кестелердің
түрлері, әрқайсысының ерекшеліктері көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |