Тасилова назия айтбаевна


Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
китаааап

Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар 
 
1. Патша үкіметінің қоныс аудары саясатының салдары. 
2. ХІХ-ХХ ғғ. Қазақстанның жер мәселесі және статист-зерттеушілердің 
жерді өлшеу принциптері. 
3. Статистикалық экспедициялар мен статистикалық деректерді 
деректанулық тұрғыдан талдау әдістемесі. 
4. Статистикалық деректерді пайдалану принциптері. 
5. Статистикалық деректердің маңызы, құндылығы мен ерекшеліктері. 


68 
3 «ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ (ҚАЗАҚТАРДЫҢ) ЖЕР ПАЙДАЛАНУ 
МАТЕРИАЛДАРЫ...» - ХІХ Ғ. СОҢЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ 
ДӘСТ‡РЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ 
 
3.1 «Қырғыздардың (қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» 
дәстүрлі қазақ қоғамының этникалық, әлеуметтік құрылымы мен көшіп-
қону тарихының дерек көзі. 
Қазақ халқының Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі сақталып келген ру-
тайпалық құрылымының тамыры тым тереңде жатқаны баршамызға мәлім. 
Десек те дәстүрлі рулық-тайпалық құрылым адамзат арасында жік тудырып, 
ұлтшылдыққа, жікшілдікке алып келеді деп тоталитарлық режим бұл мәселені 
тереңнен зерттеуге тыйым салды. Бүгінгі тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі 
жағдайда тарихымызды жаңаша концептуалдық ұлттық тұрғыда зерделеудің 
қажеттілігі, бұл мәселені де зерттеу аясынан шығарған жоқ. Қазақстан 
республикасының президенті Н.Є. Назарбаев «¤з руын, тайпасын, ата-бабасын 
жеті атасына дейін білу әрбір қазақтың ру аясындағы міндеті және сол білігі 
арқылы өз халқының дәстүрін сабақтастырып отырудың шарты болған. Мұның 
өзі қазақтардың этникалық ерекшелігін танытып әрі орнықтырып отырған, 
тағдыр тәлкегінде тегінен көз жұмып қалмауға және ассимиляцияға түспеуіне 
себепші болған», - деп әрбір қазақ өзінің шыққан тегін, ата-бабасын білуі 
қажеттілігін негіздеген.
 
Көшпелілер тарихын түбегейлі танып-түсіну үшін сөз жоқ, ру-тайпалар 
тарихы алдымен мойын бұрғызады. Зерттеушілер Т. Омарбеков пен
Х. Ғабжалилов бұл ретте: «Расында да қазақ халқының тарихы рулық-тайпалық 
құрылымдармен тығыз байланысты екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. 
Қаласақ та, қаламасақ та бұл біздің ұлтымыздың тарихына тән сипат болып 
табылады. Тайпалық-рулық қауымдастық ерекшеліктері біздің заманымызға 
дейінгі мыңжылдықтардан бастау алып, кешегі ХХ ғасырдың 30-шы 
жылдарындағы кеңестік дәуірдің берік орнығу кезеңіне дейін біздің ата-
бабаларымыздың әлеуметтік, саяси-шаруашылықтық өмірімен тығыз, біте 
қайнасып, өрбіп, өрістеп келді. Бұл ғылымда дәлелдеуді қажет етпейтін 
аксиома. Кеңестік тоталитарлық жүйе рулық қауымдастықты ғана емес, осы 
негізде өркендеген қазақ халқының өзіндік рухани болмысын, дәстүрлі 
шаруашылыққа негізделген күллі өмірін күйретіп жіберді», - деп айтқан 
болатын. 
 
Кеңестік жүйеге дейін қазақтың әрбір руының өзіндік ата-қонысы, 
шаруашылықтық көшу жолдары, ел басқарған ру басылары болған. Бірақта 
қазақ халқының сол кезеңде өмір сүрген ру-тайпалар тарихы туралы толық әрі 
жүйелі жазылған еңбектер жоқтың қасы. Тек бүгінгі таңда өз ата-бабаларының 
төл тарихына ғылыми тұрғыда зерттеп, баға беруге кіріскен «Алаш» тарихи-
зерттеу орталығының қажырлы еңбегі мен ізденісінің арқасында біраз ру-
тайпаларымыздың жүйелі әрі ғылыми дәйектелген еңбектері жарық көруде.
 
Қазіргі республикамыз дағдарысты кезеңді бастан өткеріп, қоғам 
өркениетті даму жолына түсіп келе жатқан жағдайда тарих ғылымы қожырап, 
дел-сал күйден қайта жанданып, өрлеу үстінде. Осындай ғылыми жаңғыру 


69 
республикалық “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының жұмысынан да байқалады. 
Орталық “Қазақ ру-тайпаларының тарихы” ғылыми-зерттеу жобасының 
негізінде айтарлықтай ізденістер жүргізіп, қомақты нәтижелерге қол жеткізуде. 
Орталық ғалымдары мен қызметкерлері Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі 
тайпалардың тарихын толығымен зерттеп, бірнеше том еңбектер даярлады. 
Зерттеулер “Атамұра” баспасынан барлығы он бір кітап түрінде жарық көрді. 
Атап айтатын болсақ, олар: Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы, 
Рамадан, Телеу. Барлық кітаптардың алғы сөздерінде жалпы Жетіру тайпалар 
одағының тарихы, таңбалары, ұрандары т.с.с. баяндалған, сондай-ақ әрбір 
тайпаның тарихына байланысты ерекшеліктері көрсетілген. Одан басқа Арғын, 
Жалайыр, Наймандардың тарихы баспадан жарық көрді.
Біз төл тарихымызды, қоғамымызға тән дәстүрлі рулық-тайпалық 
құрылымымызды зерттеп, ғылыми тұрғыдан тану үшін міндетті түрде жазбаша, 
ауызша, археологиялық деректерге сыни талдау жасап, обьективті төл-тума 
тарихымызды қайта жаңғыртуымыз қажет. 
 
Қазақтың ру-тайпалық құрылымы мен этникалық тарихын зерттеген
М. Мұқанов: «Қазақтардың рулық-тайпалық құрылымына талдау жасаудың бір 
мәні сонда, ол – қазақ шежіресінің маңызды тарихи деректемесі екенін де 
көрсетеді. Мәселен, әр түрлі таксономиялық жіктерді зерделей келіп, белгілі бір 
рудың өмір сүрген уақыты мен ата қонысын, рулар арасындағы өзара 
қатынастарды анықтау үшін; сондай-ақ қазақ қоғамындағы туыстық байланыс 
мәселелері мен соған байланысты аталық әулеттердің тарау, тармақталу 
құбылыстарын және тұтастай алғанда революцияға дейін үстем болып келген 
патриархалдық-феодалдық қатынастардың мәнін ашу үшін рулық-тайпалық 
құрылымдарды зерттеудің ғылым үшін орасан зор пайдасы бар», - деп айтқан 
болатын. Сондықтанда бұл мәселені XIX ғ. соңы - XX ғасырдың басында пайда 
болған «ҚЖПМ» дерек көзін талдау арқылы зерделеудің бүгінгі таңда маңызы 
зор.
 
ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы қазақы дерек 
көздерінің маңызды бір саласы – жазба шежіресі дәстүрінің қалыптасу кезеңі 
болды. Ауызша дерек көздерді жазба нысанға көшіру ісі М. Көпеев,
Ш. Құдайбердіұлы, Н. Наушабаев, Қ. Халид, М. Тынышпаев, Є. Бөкейханов 
сияқты ғалымдардың ғылыми-шығармашылық қызметімен тікелей байланысты 
болды. Олардың қалдырған бай мұрасын «ҚЖПМ» дерек көздерінде 
сақталынған мәліметтермен салыстыра талдау деректің шынайылығы мен 
тарихи оқиғалардың обьективтілігін дәлелдей түседі. Сонымен қатар ілгеріде 
әртүрлі баспалардан өздерінің жинап-тергендерін жариялаған шежірелік 
кітаптардың да маңызы зор. Оларды деректанулық талдаудан өткізіп, дұрыс-
бұрысын айырып, зерттеулерде пайдалануға болады.
 
Жалпы қазақ халқын құраған ру-тайпалар XV-XVІ ғғ. қай өңірлерде өмір 
сүрсе XVІІІ-XIX ғғ. да сол аймақтарды мекендеген. Біз осы принципті жағдайды 
негізге ала отырып, XIX ғ. соңы - XX ғ. басындағы ру-тайпалардың атаулары 
мен орналасуына «ҚЖПМ» бойынша деректанулық талдау жасамақпыз. 
 
Қазақстанның ежелден бергі тұрғындары қазақтар Евразияның ірі көшпелі 
және түркі тілдес халықтарының бірі болып табылады. ХІХ ғ. соңы - ХХ 


70 
ғасырдың басында Қазақстан территориясында мекендеген қазақ халқының 
саны 1897 ж. Ресей империясының бірінші жалпы халықтық санағының 
материалдары бойынша 3392751 адамды құрады. Ол осы өңірдегі тұрғындардың 
81,7 % болды. Жалпы қазақ халқының саны Орал облысында – 460173, Торғай 
облысында – 410904, Ақмола облысында – 389204, Семей облысында – 604564, 
Жетісу облысында – 515001, Сырдария облысында – 741811, Закаспий облысы 
Маңғышлақ уезі – 63795, Астрахан губерниясындағы Ішкі Ордада – 207299, 
Омбы уезінде – 38185, Томск облысында – 24643, Тобыл облысы Тюкалы 
уезінде – 5148, Ташкент уезінде – 163105, Амудария бөлімшесінде – 47145 адам 
өмір сүрді.
 
Жалпы көптеген деректерде қазақтардың облыс, уез бойынша жалпы саны 
беріледі де, ал олардың ру-тайпалық құрылымы, саны мен орналасу ареалы 
туралы мәліметтер кез-келген деректе кездесе бермейді. Осы тұрғыдан алып 
қарағанда «ҚЖПМ» сақталған мағлұматтардың маңызы мен құндылығы жоғары 
болып келеді.
 
Қазақтар үш ¦лы, Орта, Кіші жүзден құралатыны баршамызға мәлім. 
Жүздердің өзінде әрқайсысы өзіндік ерекшеліктері бар ру-тайпалық 
құрылымдардан құралады. Ол тайпа, ру, ұсақ топтар мен тармақтар. Бұл туралы 
деректе: «В свое время киргизы делились на три орды: большую, среднюю и 
малую. Каждая орда имела своих ханов, вела до известной степени 
обособленную жизнь и занимали определенныя места кочеваний», - делінген.
 
Бұл жүздердің құрамындағы ру-тайпалардың дәстүрлі көш-қоны, 
орналасқан мекендері болды. Мәселен ¦лы жүз қазақтары Жетісу, Іле өзені 
аңғарында, Жоңғар, Іле Алатауы мен Қырғыз, Қаратау бөктерінде, Шу мен 
Талас, Сырдария өзендерінің жоғарғы және орта ағысы бойында орналасқан. 
ХІХ-ХХ ғғ. басында ¦лы жүз қазақтарының жуықтап алғандағы саны – 700 мың 
болды. ¦лы жүздің құрамына: Жалайыр, Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, 
Сіргелі, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы тайпалары енді. Бұл 
әрбір ірі рулар өз тарапынан аталарға жіктеліп, одан әрі кішігірім этникалық 
топтарға бөлініп кетеді. 
 
Орта жүз қазақтары орталық, солтүстік және шығыс Қазақстан 
территориясында және оңтүстіктегі Сырдария өзенінің орта ағысында 
қоныстанған. ХІХ-ХХ ғғ. Орта жүз қазақтарының саны шамамен – 1300-1350 
мың болды. Олар Қыпшақ, Арғын, Найман, Керей, Қоңырат, Уақ тайпаларының 
бірлестігінен құралған . 
 
Кіші жүз қазақтары батыс Қазақстандағы Ырғыз, Тобыл, Торғай мен 
Каспий теңізінің шығыс бөлігі және Оралдың төменгі, Сырдарияның орта және 
төменгі ағысын мекендеді. Кіші жүз қазақтары үш ірі бірлестіктерден құралды: 
Єлімұлы, Байұлы, және Жетіру. Жалпы ХІХ-ХХ ғғ. олардың саны әлімұлы – 
300-350 мың, оның ішінде шекті – 60-80 мың, шөмекей – 100 мың, төртқара – 
50-60 мың, кете – 50-60 мың, қаракесек – 20-25 мың, қарасақал – 10-15 мың; Ал 
байұлы – 500-550 мың, оның ішінде адай – 80-90 мың, байбақты – 40 мың, беріш 
– 40 мың, таз – 20 мың, серкеш – 45 мың, масқар – 20 мың, тана – 25 мың, 
қызылқұрт – 40 мың, жаппас – 50 мың, алтын – 30 мың, ысық – 20 мың, 
есентемір – 20 мың, алаша – 40 мың, шихлар – 70 мың; Жетіру бірлестігінің 


71 
жалпы саны – 250-300 мың адамнан тұрды. Соның ішінде табын – 80 мың, 
жағалбайлы – 70 мың, керейт – 30-35 мың, тама – 40-45 мың, телеу – 20 мың, 
кердері – 20 мың, рамадан – 5 мың адамды құрады.
 
А. Левшин 1832 жылы жарияланған өзінің танымалы «Описание киргиз-
казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» атты еңбегінде «леть черезь 100 
большая часть вычисленныхь нами названій отраслей Киргизскаго народа 
останется только вь нашихь архивахь и вь памяти немногихь стариков», - деген 
екен, ал «ҚЖПМ» дерегінде Ресейдің бұл ойлағандары іске аспағандығын 
былайша жеткізеді: «Со времени написанія этихь словь прошло уже более 80 
леть, и жизнь показала иное. Не старики только, а все взрослые киргизы-казаки 
превосходно знають, кь какой орде, роду и его подразделенію они относятся. 
Местныя изследованія Переселенческаго Управленія техь районовь, где 
обитають киргизы-казаки, зарегистрировали и опубликовали несколько 
варіантовь общихь родовыхь схемь казачьихь ордь и целый рядь детальныхь 
схемь отдельныхь ветвей родословной и дали матеріаль кь исправленію и 
значительнымь дополненіямь составленной А. Левшинымь схемы», - деген 
болатын. Бұл бір жағынан біздің ата-бабаларымыздың өз шыққан тегін 
ұмытпай, атадан балаға жеткізіп отырған дәстүрлі мұрасы болса, екінші 
жағынан А. Левшиннің сөзі империяның отарлау саясатында қазақ халқының 
ру-тайпалық құрылымын ұмыт қалдыруға тырысқан әрекеттерінің дәлелі бола 
алады. Мұндай мәліметтерді жинау қазақтардың тарихы мен тұрмысын, 
этнографиясын зерттеу үшін құндылығын зерттеушілер жасырмай жазды.
 
Одан әрі қазақтар арасында ру-тайпалық құрылымның рөлі туралы: 
«Родовой строй еще очень силень вь среде киргизь-казаковь и, хотя 
неизбежный, не скоро еще вь полной мере совершится переходь казаковь на 
положеніе оседлаго народа. Брачные союзы, калымь, кунь, судь, выборы 
туземной администраціи, группировка населенія вь аулы и волости, земельныя 
отношенія между соседними аулами, летнія передвиженія населенія на джайляу, 
- все это большею частью имееть своимь основаніемь родовыя отношенія 
отдельныхь группь населенія, иногда выявляеть исторически сложившійся 
антогонизмь ихь или, наобороть, известную уступчивость и добрососедскія 
отношенія, исходящія изь сознанія общности интересовь своего рода», - деп 
зерттеушілер қазақ қоғамында ру-тайпалық құрылымның әсерін, рулар тарихын 
жан-жақты зерттеуге құлшыныс танытқан. 
 
Ең алдымен «ҚЖПМ» ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы қазақтардың ру-
тайпалық құрылымы туралы мәлімет беріп қана қоймайды, дерек көзінде 
сонымен қатар, ІІ, VI-XII, XIII-XVIII ғасырлардағы тарихы, тарихи тұлғалары 
туралы біршама мәліметтер сақталынған. Мәселен, Сырдария облысы, Єулиеата 
уезінің жергілікті халқына арналған 2-тарауда: «Еще в ІІ веке до Р. Хр. около 
озера Иссыкь-куль и вь верховьяхь Чу обитали народы саки, геты (юечжи), 
усуни. В VI в. по Р. Хр. сюда пришли изь Алтая тюркскія племена, 
обьединенныя общимь именемь тукіу, которыя вь конце этого века образовали 
здесь, на месте бывшаго расположенія усуней, западно-тюркское государство, 
со столицей Суябь (вблизи настоящего местоположенія г. Токмака)», - делінген. 
Одан әрі қарай зерттеушілер Шу мен Талас бойындағы араб, саманид, қарлұқ, 


72 
қараханиттерге жалпылама тоқталып, тарихи қалалар туралы біршама 
мәліметтер қалдырған. Онда: «Қараханиттер әулеті билеген кезеңде Шу өзені 
бойында Баласағұн қаласы салынғаны белгілі. Оның нақты қай жерде 
орналасқаны туралы белгісіз, бірақта Шу өзенінің жоғарғы ағысы бойында, 
Алатау тауларына жақын жерде орналасқан деп топшылауға негіз бар. ХІ ғ. 
Баласағұнда түрік тайпаларынан шыққан қарақытайлар жаулап алған», - деп, 
ежелгі қала туралы айтылған. Деректе осыдан кейінгі моңғолдардың басшысы 
Шыңғыс хан, Ємір Темірдің жорықтары туралы жалпылама XV ғ. дейінгі 
шолулар жасалынып, Қазақ хандығының құрылуы туралы да біршама айтылған. 
Онда: «Даланың шығысында (Дешті-Қыпшақтың) көшіп жүрген түркі-моңғол 
тайпалар XV ғ. ортасында екі топқа бөлінді. Батысындағылар өзбек атауын 
алып, Темір әулетінің иелігін жаулап алды, ал шығысындағылар Жетісу мен Шу 
өзені аңғарын иеленді, онда түрлі моңғол тайпаларының күшеюімен, қырғыз-
қайсақ одағы құрылды», - деп қазақ ордасының құрылу тарихын баяндайды. 
Деректің Єулиеата уезіне арналған жеке томында да Қазақ хандығының 
құрылуы туралы осылайша баяндалып, соңында «...оның қалдықтарынан (Қазақ 
хандығының) үлкен, орта және кіші орда құрылды», - деп 18 ғасырларда ¦лы, 
Орта, Кіші жүздер пайда болып, қазірге дейін өміршең екендігі баяндалған.
 
Сырдария облысының құрамына Шымкент, Єулиеата, Қазалы, Перовск, 
Ташкент уездері мен Єму-Дария бөлімшесі кірген. П. Скрыплевтің 
статистикалық партиясы ең алдымен Шымкент, Єулиеата уездерін зерттеп, 
кейіннен Қазалы және Перовск уездерін зерттеуге алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет