73
Сұнақ, Тарақты, Арғын рулары мекендесе, солтүстік-батысында Жалайыр,
Бахтиар, Таздар, Төре, Сарыбай, Тома, Ошақты және т.б. мекендейді.
Жүлек болысында қыпшақтың 2481 шаруашылығы қыстады, ол болыс
халқының 90% құрайды. Сондай-ақ мұнда арғын руының - 10% яғни, 259
шаруашылық шоғырланды [95, 112-113 бб.]. М. Мұқановтың топшылауы
бойынша уезде жаппастар – 28 %, қыпшақ – 20, табын – 13, керейт – 11, кете –
10, басқа аз санды рулар – 12 % құрайды.
Ал енді керейт руларының орналасуын мен көшіп-қонуын «ҚЖПМ» талдап
көрейік. Сырдария облысына арналған дерек көздеріне сүйенсек, Перовск,
Қазалы уездері мен Ємудария бөлімшесінде негізінен Кіші жүздің құрамындағы
керейт руы мекендейді. Аталған әкімшілік бірліктердің ішіндегі Перовск уезі –
зерттеліп отырған кезеңде керейт руының ең басты шоғырланған аудандарының
бірі болған. Перовск уезінде керейттер Орта жүздің қыпшақ, арғын, найман,
қоңырат және Кіші жүздің табын, тама, алаша, жаппас, кете руларымен аралас
қоныстанып, негізгі тұрақтары Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің алқабын
және аталған екі өзенге келіп құятын бұлақ
пен бастаулардың бойын алып
жатты. 1912 ж. Перовск уезіне арналған «ҚЖПМ» басылып шықты. Ол
бойынша керейттердің қоныстары мен саны жөнінде мәліметтерді алуға болады.
Дерек бойынша Қышбөгет болысын толығымен мекендеген керейт руы,
мынадай қыстаулар мен шатқалдарда қыстаған: Шаған, Бозарық, Ақарық,
Базарбай ағаш, Қожамжар ағаш, Тасарық, Шеңгелді сай, Күбен, Мұнара,
Қаңбақты шал, Таубай ағаш,
Жерік бөгет, Көк шеңгіл, Бітім төбесі. Сонымен
қатар, керейттер Перовск уезінің оңтүстік-батысында орналасқан Аламесек
болысындағы 6 әкімшілік ауылдың екеуінде қоныстанған. Ал қалған төртеуі
тама руына тиесілі болды. Серікбай Мұхамед ақсақал басқаратын №3 әкімшілік
ауылда керейттердің 133 шаңырағы мен 747 тұрғыны қоныстанды.
Бұл ауыл
тұрғындарының қыстаулары Ақ-үшкөл шатқалы мен Шіркейлі, Көксу
өзендерінің бойында орналасқан. 133 шаңырақтың 36-сы көшпелі, 97
отырықшы болып тіркелген. № 6 әкімшілік ауылда қоныстанған керейт руын
Алпысбай ‡рпек ақсақал басқарды. Бұл ауылға қарасты 68 шаңырақта 337
тұрғын болған. олардың қыстаулары Көксу өзенінің бойында орналасқан.
«ҚЖПМ» Қазалы уезіне арналған томындағы сақталған мәліметтер
бойынша мұнда Кіші жүздің кете, төртқара, алтын, шекті, шөмекей, керейт
руларымен қатар Орта жүздің қыпшақ, арғын
руларының кейбір тармақтары
қоныстанды. Негізінен Кіші жүз рулары Қаракөл болысында орналасқан. №11
әкімшілік ауылдың тек біреуінде ғана және Қармақшы болысының № 5
әкімшілік ауылда керейттер орналасқан. Онда Шалқар, Қарасу, Жылқыбай
көлдері маңында қоныстанған болатын. М. Мұқанов «Материалы для
статистики Туркестанского края» жинағы мен басқа да деректердің негізінде
Қазалы уезінде Құланды маңындағы Қаракөл, Қостам, Райым болыстарында
шекті рулары, Қаратал аралшығында қаракесек рулары, уездің батыс бөлігінде
Ырғыз уезімен шекараласқан Тулағай, Теректі, Талдын,
Қызылжар
болыстарында мекендеген төртқара рулары қоныстанғанын. Ал шекті рулары
Қостам болысында – 81,4 %, ал Қаракөл болысында – 50 % құрайтынын
анықтап берген.
74
Уезд бойынша әртүрлі рулардың пайыздық қатынасы мынадай болды:
шекті - 40%, төртқара – 15, шөмекей – 30, қаракесек – 4, қарасақал – 7, қожа,
сұлтандар мен төленгіттер, қарақалпақтар - 4% құрады.
Шымкент уезі Сырдария облысының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Ол
солтүстігінде Ақмола облысымен, оңтүстігінде Ташкент уезімен,
Ферғана
облысының Наманган уезімен, Самарқанд облысының Жызақ уездерімен, ал
батысында Ємудария бөлімшесімен, солтүстік-батысында Перовск уезімен
шектесіп жатыр. Уезде 28 болыс, оларда 540 ауылдық қауым бар. Сондықтан да
Шымкент уезін зерттеу
жұмыстары ұзақ уақытқа созылды, ал оған қатысты
статистикалық материалдар көлемі үлкен 2 томнан және 3 кітаптан тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: