«ҚЖПМ» дерек көзі бойынша
Єулиеата уезінде негізінен ¦лы жүздер Шу
өзенінің сол жақ жағалауын, Таластың төменгі ағысындағы Ашын, Аққұлтұқ,
Ағашақ, ¦йық, ¦шақты болыстары мен Шудың шығыс бөлігіндегі Черняев
уезінің Қаракөл, Жанасу, Жылыбұлақ болыстарында мекендейді. Ал Орта жүз
қазақтары Сарыөзек, Қаратау, Құршу болысының бір бөлігінде тұрақтайды.
Кіші жүз қазақтары Шудың төменгі ағысында Перовск уезімен шекараласқан
тұстағы Құршу болысының бір бөлігі мен Черняев уезінің Шу болысын
мекендейді. Шудың оң жақ жағалауында Шу болысында ұлы жүз, Арғын
болысында орта жүздер қоныстанған.
Дерек бойынша зерттелген уездегі ру-тайпалардың шаруашылық саны
туралы да мәліметтер сақталынған. Онда ұлы жүз тайпалары: Дулаттар – 2457
шаруашылық, ¦йық – 1835, Ошақты – 1663, Жалайыр – 734, Шапрашты – 368,
Сарыүйсін – 328, Тлық, Ойсыл, Сіргелі – 114 шаруашылықты құрайды. Орта
жүзден Арғындар – 700, Қоңыраттар – 127 шаруашылық. Кіші жүздің Тама –
1135, Серкеш пен Жағалбайлы – 158 шаруышылық. Бұл мәліметтерден біз
нақты уездегі ру-тайпалардың шаруашылық санын анықтап, жергілікті
тұрғындардың басым көпшілігі ¦лы жүз қазақтары екендігін айқындадық.
Достарыңызбен бөлісу: |