Кесте 13 - Петропавл уезіндегі рулардың ауыл мен шаруашылық сандары туралы мәлімет
Рудың атауы
Ауыл саны
Шаруашылық саны
Шаруашылықтың % өлшемі
Арғын
547
4423
38,8 %
Керей
509
4380
38,5 %
Уақ
221
2260
19,8 %
Қыпшақ
35
252
2,2 %
Басқалары
6
84
0,7 %
Барлығы
1318
11399
100 %
Ақмола уезінің ру-тайпалардың шежірелік кестесі бойынша уезде негізінен
арғын рулары мекендейді. Оның үлкен әйелінен: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік,
Шегендік, кіші әйелінен: Шұбыртпалы (Токтауыл), Жалықпас, Қамбар, күңінен
Болатқожа (Қаракесек) және өкіл баласы Қаржасты таратады. Қуандықтың
өзінен: Есенқарт, Алтай, Қарпық, Бөрші, Темеш руларынан тұрады. Олар кесте
бойынша Есенқарт ұрпақтары: Қалқамандар Есім болысында, ал Ағыстар
Шерубай-Нұрын болысында, Алтай ұрпақтары: Мойын – Рахманқұл, Мұрат
ұрпақтары және Санғай – Ақбура, Тоқбура, Байбура рулары Ақмола, Спасск,
Шерубай-Нұрын болыстарында қоныстанды. Жалпы арғындардың басқа да ру-
тармақтары сонымен қатар Нұрын, Жыланды, Нелды, Қарағаш, Моншақты,
Қоржынкөл, Еремен болыстарын қоныстанды. Ал қыпшақтар Есім, Ақмола,
Жыланды, Моншақты, Қызылтау, Қызылтопырақ, Нұрын болыстарын
мекендеді.
Ақмола уезіне арналған ру-тайпалар картасы бойынша онда Арғынның:
Момыннан – Қанжығалы, Атығай, Басентеин рулары мен Мейрамнан: Қуандық,
Сүйіндік, Бегендік рулары қоныстанған. Сонымен қатар уезде Керей, Уақ,
Қыпшақ рулары мен қара-қырғыздар, төрелер, төленгіттер де бар.
Петропавл уезінде дерек мәліметтеріне сүйенсек 4 ірі рулардан Арғын,
Керей, Уақ, Қыпшақтар мен төре мен төлеңгіттерден құралған. Деректе: «Род
Керей представлен в уезде четырьмя отделениями, расположившимися по
территории уезда в следующем последовательном порядке: На границе с родом
Атыгай (Аргын) расположилось самое малочисленное отделение Кереев, род
Балта; затем рядом, по границе Становской и Пресновской волостей – род
Кошубе, далее – самый сильный род Смаил, и, наконец, находящийся с тремя
перечисленными родами в отдоленном родстве, Сван, расположился на западе
(южная часть Пресногорьковской волости) между чуждыми ему родами Уак,
Кыпшак и Канджигалы...», - деп уездегі Керей руларының тармақтарының
қоныстарын көрсеткен болатын.
Бұдан көретініміз уездегі Арғын мен Керей рулары барлық тұрғындардың
3/4 құрайды екен, ал Уақтар 1/5, басқа тұрғындар 3 % шаруашылықты құрайды.
Дерек көзіне сүйенсек Есіл өзенінің шығысында Арғындар, солтүстік-
шығысында Уақтар, батысында Керей мен Уақтар көршілес мекендеді, ал
83
олардың арасында Арғынның Қанжығалы руы Қыпшақтармен көршілес
орналасқан.
Петропавл уезіндегі рулардың орналасуын «ҚЖПМ» былайша суреттелген:
«Славным представителями рода Аргын в уезде является род Атыгай (он же
Даут), занимающий почти всю восточную часть уезда. Цельность территории
этого рода наруашается владениями небольшого рода Караул, узкой полосой с
севера на юг прорезывающими территорию Атыгаевцев (7-е аульн. община.
Таинчинской волости. и 10-е аульн. община Петропавл. вол.). Кроме того,
владения того же рода располагаются в крайней восточной части уезда, между
владениями рода Атыгай и Уак. Местонахождения владений третьяго
Аргынскаго рода, Канджигалы, было уже указано (Средняя волость)», - деп одан
басқа Қаракесек пен Қаржас руларында өздерінің жеке территориясы
болмағандықтан,
олар
Полудень
болысындағы
казактар
мен
қара
шекпенділерден арендаға жер алып отырғаны баяндалады.
Сонымен қатар статистикалық деректің мәліметтерінде Арғынның Атығай
руларының ішкі құрылымы жайлы мәліметтер кездеседі. Ол бойынша Атығай
12 рудың бірлестігінен тұратындығы айтылып, оларға : Баба, Бағыс, Майлы,
Балта, Бабасын, Сүйіндік-Қара, Құдайберді-Бәйімбет, Ақ-Киік, Қойлы-Атығай,
Құлансу, Қадыр, Атығай рулары жатқызылады.
«ҚЖПМ» Уақ руы туралы: «Род Уак представлен в уезде двумя
поколениями Еркосая, происходящими от двух его жен. Поколению от старшей
жены (байбыче) присвоено общее название Уак: представители этого поколения
(рода Шога) занимают в уезде крайний запад (верховье нижнего Обагана в
Кушмурунской волости) и крайни восток уезда (Полуден волость по границе с
Омским уездом)», - деп Уақтардың қоныстарын сипаттап берген.
Деректе сонымен қатар XIV-XVIII ғасырлардағы түрлі тарихи оқиғалар
желісі мен сол кезеңдердегі қазақ ру-тайпаларының көшіп-қонуы туралы
мәліметтер сақталынған. Єсіресе, жоңғарлардың шабуылы, олардың
қазақтардан тартып алған территориялары туралы да баяндалған. Мәселен,
«Уже в начале XVII века (1621 год) калмыки появляются в верховьях рек
Ишима и Тобыла», - десе, тағы бір жерде: «Калмыцкие нашествия, как известно,
прекратились только во второй половине XVIIІ столетия, когда в 1756 году
было окончательно разгромлено Китаем безпокойное Джунгарское государство.
С этого времени начинается новая эпоха в жизни Петропавловских киргизь,
эпоха русскаго влияния», - деп қазақтардың жоңғар басқыншылығынан кейін
орыс елінің ықпалына ұшырағаны туралы жазады. Деректегі осы секілді даталар
өте дұрыс берілген.
Сонымен қатар 1824, 1822, 1867-67 жж. реформалар, олардың түпкі мәні
туралы жасырмай баяндалған. Мәселен, деректе: «1824 году вводится в
действие устав о Сибирьских киргизах, открываются так называемые внешние
округа, управление которыми поручается киргизским султанам (потомки
ханов)», - делінген.
Атбасар уезіне арналған дерек көзінде «История» деп аталатын тараушада
уездегі жергілікті халықтың XVII ғасырдан бері осы өңірлерге көшіп келгендігі
мен онда негізінен Найман руының Бағаналы тармақтары, Арғындардың
84
Қуандық пен Сүйіндік және Қыпшақтар мекендегені баяндалған. Ал осы уезге
арналған деректің «Родовые схемы» деп аталатын тарауда болыстар бойынша
қандай рулар мекендейтіндігі туралы мәліметтер сақталынған.
Мәселен, «Киргизы Атбасарского уезда принадлежать главнымь образом к
двумь родамь Средней Орды – Наймань и Аргынь, кроме того вь немь имеются
представители рода Кипчакь, и очень немного изь рода Тама – Большой Орды, а
также несколько султанскихь родовь сь ихь теленгутами», - деп жалпы уездегі
рулардың құрамын баяндаған. Жалпы наймандар уездің оңтүстігін қоныстанған.
Олар Бағаналы мен Балталы тармақтарынан құралған. Балталылар мен
Бағаналының Шиғодық, Шегелек (Сары) рулары Сарысу, Құмқоныр
болыстарын мекен етсе, Бағаналылардың Ақ-таз деп аталатын тармақтары
Айнакөл мен Жарқайын, Кентөбек болыстарында қоныстанған. Ал Қызыл-таз
рулары Кенгір, Жезді, Жарқайын мен Кентөбек болыстарының бр бөлігін
мекендеді. Шегелектен тараған Сарғалдақ рулары ¦лытау болысында
қоныстанған.
Уездегі арғындар бірінші баласы Мейрамнан тараған Қуандықтан: Алтай
рулары Денгіз болысында, Қалқаман – Денгіз, Терісаққан, Қызылкөл
болыстарында, Алдияр – Терісаққан, Қызылкөл, Тоқтас руы – Атбасар
болыстарында қоныстанды. Ал екінші баласы Сүйіндіктен тараған Төртұл –
Терісаққан, Қызылкөл болысында, төртінші ұлы Шегендіктен тараған Қақсал –
Атбасар болысында, бесінші баласы Қаракесектен Тоқтауыл – Терісаққан,
Қызылкөл болыстарында мекендеген. Арғынның Момын деген әйелінен тараған
немерелері Қарауыл – Атбасар, Жарқаин, Кентөбек болыстарында мекендесе,
Тобықты Атбасар, ал Тарақты Кентөбек болыстарында қоныстанды. Қыпшақтар
Атбасар болысында кездеседі. Одан әрі деректе аталар бойынша таратылған
шежірелік кестесі берілген.
Жоғарыдағы мәліметтерден ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басында Атбасар уезінде
негізінен найман, арғын рулары мен біраз қыпшақтар кездесетінін анықтаймыз.
Статистикалық экспедиция Семей облысындағы Павлодар, Қарқаралы,
Зайсан, ¤скемен, Семей уездерін зерттеуі нәтижесінде осы өңірлердегі ру-
тайпалық жүйенің ара-жігін ажыратып берді.
Петропавл уезінің тарихын «ҚЖПМ» 4 кезеңге бөліп көрсеткен. Олар: 1).
Жоңғарлардың ықпалы кезеңі (150 жыл бұрын). 2). Орыс казактарының келе
бастаған кезеңі (100 жыл бұрын). 3). Кенесары көтерілісінен кейінгі кезең (50
жыл бұрын). 4). Соңғы кезең деп атап, оның өзі: а). 1868 ж. Уақытша ережеге
дейінгі; б). Қоныс аудару қозғалысының белең алуы; в). соңғы кезең деп бөліп
көрсеткен. Соңғы кезеңде зерттеп отырған жылдардағы Петропавл уезінде 8
болыс, 69 ауыл, 1320 қыстақ ауыл, 12629 шаруашылық болды, - делінген.
Є. Бөкейханов Павлодар, Қарқаралы өңірлерін зерттеуде ел аузынан жинап
алынған аңыз-әңгімелер мен шежірені негізге алған болатын. Оның
пайымдауынша Павлодар уезіне қазақтар XVII ғ. соңынан бастап қоныстанған.
«Негізінен бұл өңірдің тұрақты тұрғындары Орта жүзден шыққан Арғын рулары
және шашыранды түрде Қыпшақтар мен Наймандар мекендейді», - деп
көрсеткен болатын. Зерттеу экспедициясының жасаған ру-тайпалардың
орналасу картасында қыпшақтар уездің солтүстігінде Ертіс өзенінің оң және сол
85
жақ жағалауындағы жерлерде орналасқан. Ал наймандар басқа рулардың
арасында шашыранды түрде қоныстанған, бірақ уездің барлық жерінде азды-
көпті кездеседі.
«ҚЖПМ» сүйенсек Павлодар уезінің басқа барлық территориясында
негізінен Арғындар мекендейді. Арғындардың ішінде - Мейрам, Басентиін,
Қанжығалы рулары және Уақ-Керейлер біркелкі территорияда бір-біріне жақын
қоныстанған.
Павлодар уезінің Ақбеттау және Далбын болыстары Сүйіндік Айдаболдың
(Ташкентте өмір сүріп, сонда дүниеден өткен арғын тайпасынан шыққан) 7
ұлынан тараған ұрпақтарының қонысы. «ҚЖПМ» аңыз бойынша Айдаболдың
ең кенже ұлының немересі, күллі қазаққа танымалы Абылай ханға қызмет еткен
(шамамен 1730 ж.) Олжабай батыр болатын. Ол Баянауыл тауларында
қалмақтармен соғысып, оларды жеңеді.
Осы ерлігі мен батырлығы үшін хан Олжабайдың руына өңірдің ең
шұрайлы Баян-ауыл және Далбын тауларын, Жасыбай көлін сыйға тартқан екен.
Содан бері Олжабайдың руы осында көшіп-қонып жүреді екен. Олжабай
батырдың белгілі ұрпағы Є. Марғұланның айтуынша батыр 1709 ж туып, 1785
жылы Еремен тауының сыртындағы Сілеті өзенінің басында қайтыс болған.
Халық аузында сақталған жыр бойынша Олжабай батыр туралы:
Ақтабан шұбырынды» заманында,
Қазақтың қоныс таппай қалғанында,
Қазаққа қоныс тапсам деп айтады,
Олжабай шыбын жаным аманымда,- деген өлең
жолдары батырдың өз елінің қамын ойлап, соңында өз дегеніне жеткендігін
айғақтайды.
Шын мәнінде көлемдік батырлар жыры секілді, ел арасынан жинақталған
«Олжабай батыр» жыры қазір де ғылым академиясында, орталық ұлттық
кітапхана мен М.О. Єуезов атындағы әдебиет және өнер институтының
қолжазба қорында сақталған. Жыр мәліметтері мен «ҚЖПМ» сақталған аңыз-
әңгімелердің де сабақтастығы жоқ емес.
Є. Бөкейханов сонымен бірге ру-тайпалардың қоныстануы жайлы Далбын
болысының жазбаларын пайдаланып, ол бойынша мынадай мәліметтерді алады.
XVIII ғ. соңында Ереймен тауларындағы жайлауда Құлболды және Қанжығалы
руларының арасында жайылым үшін қақтығыс орын алып, нәтижесінде
Қанжығалы руынан 4 адам қаза табады.
Айдабол руынан шыққан атақты Шоң би қаза болғандардың құнын өтеу
үшін Ереймен тауларын Қанжығалы руына берілсін деген билік айтады. Осы
уақыттан бастап бұл өңір Қанжығалылардың қонысына айналды.
Қанжығалы руы бірнеше атаға бөлінеді: Абыз, Шомах, Құдияр, Қара,
Амалдық, Сары, Қарабұжыр, Қаратілес. Оларды Сары-Ажыбай немесе Ажыбай
деп атайды. Ақкөл және Шақшан болыстарын Қанжығалылар мекендейді.
Жерсіз қалған Құлболдының шөберелері – Телембет, Наурыз, Ақыл,
Сексен, Даниярлар Түркістаннан Қызылтау тауларына орналасты. Мұнда Уақ,
Керей, Қарауыл руларының бірлі-жарымы мекендейтін. Құлболдылар Айдабол
86
руымен бірге Баянауыл, Далбын, Қызылтау өңірінде қыстап, жазда солтүстікте
Көкшетау уезіне жақын маңда тұрақтайды.
Атақозы болысы Орманшы руынан құралады. Олар Шу өзенінен 100-170
жыл бұрын XVIII ғ. І-жартысында Павлодар уезінің оңтүстігіне келіп
қоныстанған. Бегендік руы да осы уақытта Қарамола болысына келіп
тұрақтайды. Бегендік пен Сүйіндік рулары уездің оңтүстігіне шоғырланған.
Достарыңызбен бөлісу: |