Дәріс№10 Жолаушылар тасымалын ұйымдастырудағы ерекшеліктер. Таксомоторлы тасымалдар, олардың сипаттамасы тасымалдау үрдісін жедел-диспетчерлік басқару жүйесі. Автовокзалдар мен стансалар. Диспетчерлік аппарат және оның жұмысын ұйымдастыру. Халықаралық автомобиль тасымалдары, жүргізушілер экипажы мен жылжымалы құрамға қойылатын талаптар.
Автовокзал'(грек тілінен autos — өзі, ағылшын тілінен vauxhall — көңіл сергітетін мекеме) — қалааралық автобус жолдарының соңғы және тораптық пункттерінде жолаушылар мен автобус қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған қала ғимараттары кешені. Ол жолаушылар үйі, ішкі көлік аумағы және вокзал алаңынан тұрады. Автовокзал ғимаратында жолаушылардың күту залы, кассалар, ана мен бала бөлмесі, қол жүгін сақтайтын қоймалар, кафетерий, сантехникалық тораптар, диспетчерлік қызмет, автобус жүргізушілері және әкімшілік бөлмелері т.б. болады. Автовокзал аумағында жолаушыларды автобусқа отырғызып-түсіретін перрон,рейс аралықтарында автобустар тұратын алаң, автобус қорабын жуатын қондырғылар т.б. орналасады. Автовокзал автобустар қозғалысын басқаруға арналған автоматты сигнал беру құралдарымен, радиобайланыс және теледидар құралдарымен жабдықталады.
Автовокзал мен автостанция ұсынатын ақпараттың міндетті тізбесі мыналарды қамтиды:
1) осы автовокзал (автостанция) бойынша автобустардың, шағын автобустардың жөнелтiлу және келу уақытын;
2) осы автовокзалдан жөнелтiлетiн барлық автобустардың, шағын автобустардың маршруттың барлық аялдау пункттерiне келу және тұру уақытын (автовокзал үшiн ғана);
3) кесте бойынша рейске жөнелтiлетiн автобустардың, шағын автобустардың үлгiлерi мен маркаларын;
4) облыс маршруттары бойынша, сондай-ақ осы автовокзалмен тура автобус қатынасы бар басқа облыстардың автовокзалдары мен автостанцияларының маршруттары бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiн;
5) жол жүру және багажды алып жүру құнын;
6) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) басқа рейске қайта ресiмдеу тәртібін, сондай-ақ сапар iске аспаған жағдайларда жол жүру мен багажды алып жүру құнын қайтару тәртiбiн;
Диспетчерлік аппарат және оның жұмысын ұйымдастыру
АКК пайдалану қызметі басшылықтың қабылдаған тасымалдау жүйесі: орталықтандырылмаған және орталықтандырылған болуына қарай ҧйымдасты-рылады. Қазіргі жағдайда пайдаланудың орталықтандырылған қызметі жоқтың қасы. АКК қызметінің орталықтандырылмаған жҥйесінде кәсіпорынның қызмет ету ауданындағы жҥк айналымы мен кӛлік байланыстарын зерделейді, осының негізінде кәсіпорындар мен жҥк жіберуші ҧйымдар бойынша тасымалдау жоспарының жобасы әзірленеді. Қызмет жҥк жіберуші кәсіпорындар және ұйымдармен келісім-шарттарға отырып, жҥктерді тасымалдауды орындауды ұйымдастырады, сонымен қатар экспедициялық, қойма жағдайларында тиеу-тҥсіру жҧмыстарын ұйымдастырады. Бҧл ҥшін тиеу-тҥсіру бекеттерін тексеріп, кіру жолдары мен маршруттарын олардың кҥйін тексеру мақсатында және жҥкті тасымалдау мен тиеу-тҥсіру жұмыстарының орындалуын тексеру мақсатында жасайды. Барлық маршруттар бойынша тасымалдау аралықтарын өлшейді. Шұғыл тәуліктік жоспарға сай қызмет белгіленген кестедегі уақытта автомобильдің жолға шығуын және жоспарды орындауды қамтамасыз ететін мөлшерде автомобильдердің шығуын ҧйымдастырады. Жұмыс уақыты барысында ол диспетчерлік басқаруды және тасымалдаудың ауысымды-тәуліктік жоспарын орындауды қамтамасыз ету ҥшін қажет шараларды қабылдай отырып, әрбір автомобильдің жҧмысын бақылауды жҥзеге асырады. Жҧмыс ауысымы аяқталғанда пайдалану қызметі жҥргізушілерден жол қағаздарын және тауар- кӛліктік жҥктеме қағаздарды қабылдап, кӛлік жҧмыстарын тексеріп, ӛңдеп, тарифтендіреді. Осы аталған жҧмыстарға сай АКК пайдалану қызметінің ҧйымдастыру қҧрылымы қҧрылады. Ол ҥш топтан тҧрады: жҥк, диспетчерлік және есепке алу-бақылау. Жҥк тобы (жҥкті ҧйымдастыру, жоспарлау және дайындау тобы) тасымалдауға келісім-шарттар жасасып, тапсырыстарды қабылдап, тасымал- дауды (бір тәулікке) жоспарлайды. Бҧл топтың міндеттеріне жолдардың, тиеу-тҥсіру бекеттерінің, кіретін жолдардың кҥйін қҧймалардың жҧмыс істеу режимін, тиеу-тҥсіру жҧмыстары ҥшін механизмнің қамтамасыз етілуін және тасымалдауды ҧйымдастыру мен орындауға әсер ететін басқа да факторларды зерделейді. Алынған деректер негізінде топ тасымалдауды ҧйымдастыруды жақсарту бойынша шараларды әзірлейді. Мҧнымен қатар бҧл топ кәсіпорынның қызмет ету негізіндегі орталықтандырылған тасымал-дауды дамыту мәселелерімен айналысады, сонымен қатар теміржолдардан автомобиль кӛлігіне қысқа жҥрісті тасымалдауды қосу мен қалааралық тасымалдауды дамыту мәселелерімен де айналысады. Диспетчерлік топ автомобильдердің ауысымды-тәуліктік жҧмыстарын шҧғыл жоспарлауды жҥзеге асырып, олардың АКК шығып, оған қайта оралу сәтіне дейінгі жҧмыстарын басқарады. Әрбір автомобильге ауысымды-тәуліктік жоспар жол қағазында жазылады, ал мҧны жрҥгізушіге диспетчер береді. Ол қажет болған кезде автомобильдерді бір маршруттан алып, басқаларға қоса алады. Есепке алып-бақылау тобы жҥргізушілерден жол қағаздарын және басқа тауар-кӛліктік қҧжаттарды қабылдап, олардың дҧрыс толтырылуын тексеріп, олардың бастапқы ӛңделуін жҥзеге асырады, соның нәтижесінде әрбір автомобильдің орындаған жҧмыс кӛлемін және кәсіпорын бойынша тасымалдау жоспарының орындалуын анықтайды. Ӛңделген жол қҧжаттары-ның негізінде тасымалдауға есептелінген есептеулер жасалады.
Диспетчерлiк қызметтiң негiзгi функциялары:
1) автобустардың, шағын автобустардың жөнелтiлуiн және автовокзалға (автостанцияға) уақтылы келуiн қадағалау;
2) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын қадағалау және реттеу;
3) тасымалдаушыларды, жолаушыларды және басқа автовокзалдардың диспетчерлiк қызметтерiн маршрут бойынша жүрудiң күрделiлiктерi, соның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар туралы хабардар ету;
4) маршруттағы, соның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшелiктерi туралы жүргiзушiлерге нұсқау беру;
5) маршрут бойынша ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар кезiнде жолаушыларды орналастыру;
6) жол органдарын, жол полициясы органдарын, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарды маршрут бойынша жүрудiң күрделiлігі, оның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың шектеулерi немесе мүмкiн еместiгi және осыған байланысты автобустар мен шағын автобустардың уақтылы келмеуi туралы хабардар ету;
7) жолаушыларды отырғызу және багажды тиеу үшiн автобустардың, шағын автобустардың кестеде белгiленген уақытта және тиiстi санитарлық жай-күйде уақтылы берiлуiн қадағалау;
8) жүргiзушiлердiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан және автобустардың, шағын автобустардың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн қадағалау (автовокзалдың, автостанцияның немесе тасымалдаушының тиiстi қызметтерiнiң оларды өткiзгенi туралы құжаттық растаудың болуы)
9) басқа автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлiк қызметтерiн автобустарда, шағын автобустарда бос немесе босаған орындардың болуы туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесiндегi өзгерiстер немесе автобустар мен шағын автобустардың кестеден озып кету (қалып қою уақыты), қосымша рейстердi алып тастау немесе кестеде көзделмеген рейстер енгiзу, қосымша автобустың жөнелтiлуi туралы хабардар ету;
10) автобустардың немесе шағын автобустардың жөнелтілу уақыты туралы белгісі бар автовокзалдың және автостанцияның мөрімен бектілген жол құжаттамасын ресiмдеу, сондай-ақ диспетчерлiк журнал жүргiзу;
11) жүргiзушiлерде нақты маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының (куәлiктiң, маршрут схемасының, жол қағазының) болуын қадағалау;
Халықаралық Автомобиль Тасымалы — көлік құралымен ел аумағынан тысқа немесе ел аумағына жүк және жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ көлік құралымен ел аумағы арқылы транзитпен жүк немесе жолаушылар тасымалдау. Мұндай тасымалға елдің тасымалдаушысына тиесілі жүк не жолаушы тиелген немесе тиелмеген көлік құралының ел аумағынан шет мемлекеттің аумағына баруы немесе кері қайтуы, не шет мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен ел аумағына келуі, не басқа бір шет мемлекеттің аумағынан транзитпен ел аумағы арқылы өтуі, сондай-ақ шет ел тасымалдаушысына тиесілі жүк не жолаушы тиелген немесе тиелмеген көлік құралының ел аумағына келуі және кері қайтуы не транзитпен ел аумағы арқылы өтуі жатады.
Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды орындауға арналған лицензияларды беру, мерзiмiн ұзарту және күшiн жою автобус тiркелген мемлекеттiң қолданылатын заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мыналарды тасымалдауға болмайды:
багажда және қол жүгiнде жарылғыш, уландыратын, тез жанатын, радиоактивтi, химиялық, токсикалық, озон қабатын бұзатын, олар құрамында бар заттар мен бұйымдарды, есiрткi, психотроптық және сасық заттарды;
жылжымалы құрамды, жолаушылардың киiмiн, сақтау камераларын және сондағы заттарды ластайтын багажды;
осы Жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде белгiленген мөлшер мен салмақ нормаларынан асатын багаж, сондай-ақ аумағында тасымалдау орындалатын мемлекеттiң заңдарына сәйкес тасымалдауға тыйым салынған заттарды.
Халықаралық қатынаста тұрақты жолаушылар тасымалдары бағытын ашу үшін тасымалдаушыға мыналарды орындау қажет:
бағыт өтетiн басқа мемлекеттегi әрiптесiмен бағыт ашу туралы ниетiн келiсу;
өз мемлекетiнiң құзыреттi көлiк органына мынадай құжаттарды қоса тапсырыс жолдау: Бiрлескен қызмет туралы шарт, халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның көшiрмесi, сондай-ақ кәсiпорынның деректерiмен бiрге тiркелуi туралы куәлiк, бағыттағы қозғалыс кестесi, шекара өткелдерi, тасымалдау тарифтерi, бағыттағы жүргiзушiлердің еңбек және демалыс режимi көрсетiлген бағыт сызбасы.
Тапсырыс берiлген мемлекеттің құзыреттi көлiк органы аумағы арқылы бағыт өтетiн мемлекеттiң құзыреттi көлiк органына рұқсат алу туралы өтiнiштi, жоғарыда көрсетiлген құжаттарды қоса берiп, бағытты ашуға тапсырысты жолдайды.
Тапсырыс берiлген мемлекеттiң құзыреттi көлiк органы аумақтары арқылы бағыт өтетiн мемлекеттерден рұқсаттар алғаннан кейiн осы рұқсаттарды тасымалдаушыға бередi.
Тасымалдаушы бағыт сызбасын ресiмдейдi және аумағы арқылы бағыт өтетін мемлекеттiң құзыреттi көлiк органына келiсуге жiбередi.
Бағытты, аялдамаларды, қозғалыс кестесiн өзгерту, сондай-ақ бағытты жабу аумағы арқылы бағыт өтетiн мемлекеттердің құзыретті көлiк органдарымен алдын ала келiскеннен кейiн жүргiзiледi.
Құзыреттi көлiк органдары Достастық мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен тұрақты қатынастағы автобустардың шекарадан өту уақытын келiседi және кезектен тыс шекарадан өтуге арналған рұқсатнама бередi.
Тұрақты қатынаста жолаушыларды халықаралық тасымалдауға арналған автобустар бағыттың бастапқы және соңғы мекендерi көрсетiлген алдынан және жанынан трафареттермен жабдықталады.
Халықаралық қатынастағы автобустардың шығуы мен келуi автовокзалдан (автостанциядан) жүзеге асырылады.
Автовокзалдарда (автостанцияларда) тасымалдау ережелерi, автобус қозғалысының кестесi, жолаушылардың жүру және багажды тасымалдау құны мен шарттары, автовокзал қызмет көрсетулерi туралы, басқа көлiк құралдарының жұмысы туралы ақпарат беріледi.
Тасымалдау тарифтерi тасымалдаушылармен келiсiледi.
Билетте мынадай негiзгi мәлiметтер болуы тиiс:
шығу және бару автовокзалының (автостанциясының) атауы;
билеттiң нөмiрi (типография тәсiлiмен белгiленген);
жол ақысы;
билеттің берiлген уақыты;
шығу күнi мен уақыты;
отыру орындарының нөмiрлерi;
билет берiлген орын;
рейс нөмiрi.
Билеттің сатылғаны билеттi есепке алу парағында белгiленедi.
Жол жүру билеттерiн алдын ала сату, багажды тасымалдауды ресiмдеу автовокзалдардың (автостанциялардың) жеке кассаларында және жеке орналасқан билеттердi алдына ала сату кассаларында жүзеге асырылады.
Автобустардың шығатын күнi билеттер бағыттың бастапқы мекендерiндегi автовокзалдардың (автостанциялардың) кассаларынан, ал аралық мекендерде - автобуста бос орындар бар-жоғы туралы ақпаратты алған бойда сатылуы тиiс.
Билет онда көрсетiлген шығу күнi мен автобус рейсiне ғана қолданылатын болады.
Билеттердi кезектен тыс сатып алу құқығы азаматтарға аумағында билет сатылатын мемлекеттің қолданылатын заңдарына сәйкес берiледi.
Халықаралық бағыттағы автобустармен тасымалданатын жолаушылардың саны осы автобус моделi үшiн жасаушы зауыт белгiлеген санға сәйкес болады.
Халықаралық қатынастағы автобустың жүргiзушiсi мен жолаушыларында шекарадан өту құқығына тиiстi түрде ресiмделген құжаттары болуы тиiс.
Шекарадан өту кезiнде жолаушылардың құжаттары, багаж, қол жүгi, валюта және құндылықтар аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын мемлекеттің қолданылатын шекара және кеден заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс.
Багаж тасымалдаушы оны багаж түбiртегiн көрсеткен адамға тапсырған жағдайда жолаушыға берiлген деп есептеледi.
Егер багаж түбiртегi болмаса, тасымалдаушы осы багаждың тиесiлiгiн дәлелдеген тұлғаға багажды беруге құқылы. Егер багажды түбiртексiз алуға талап қойған тұлға оған багаждың тиесiлiгiнiң дәлелдемелерiн жеткiлiксiз ұсынса, тасымалдаушы одан тиiстi кепiл енгiзудi талап етуге құқылы, кепіл енгiзiлген күнiнен бiр жыл өткен соң қайтып берiледi.
Автобус соңғы мекенге келген бойда талап етiлмеген багаж, оған багаж түбiртегi берiлдi ме, жоқ па қарамастан, жауапты сақтауға тапсырылады, сол үшiн жолаушыдан багажды алған кезiнде ақы алынады. Тасымалдаушы багажды сақтауды үшiншi тұлғаға тапсыруы мүмкiн, үшiншi тұлға оны сақтағаны үшiн сыйақы алуға құқылы.
Багажды сақтау тәртiбi сақтау жүзеге асырылатын мемлекеттiң қолданылатын заңдарымен реттеледi.
Жолаушының беру туралы арызы түскен күннен бастап он төрт күн ішінде жеткiзiп берiлмеген багаж жоғалған деп есептеледi.
Егер жоғалды деп есептелген багаж жолаушы берудi талап еткен күннен бастап бiр жылдың iшiнде табылса, тасымалдаушы осы туралы жолаушыға хабарлайды. Хабарландыру алған күннен бастап отыз күннің iшiнде жолаушы багажды не шығу мекенiне, не бару мекенiне жеткiзудi талап ете алады.
Дәріс №11
Әуе көлігіндегі іс-әрекетерді реттейтін негізгі құжаттар. Әуе тасмалдарын ұйымдаструдағы қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар. Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау келісімінің құқықтық негізі. Жолаушылар мен жүктері әуе көлігімен тасымалдау келісім-шартының негізгі түсініктері. Ішкі және аймақтық жолаушы тасымалдарының ерекшеліктері.Тұрақты және чартерлі, халықаралық және ішкі тасмалдарды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауда қолданылатын халықаралық және мемлекеттік регламентация. Жолаушылардың әр түрлі категорияларын тасымалдау ерекшеліктері.
Әуе көлігіндегі іс-әрекетерді реттейтін негізгі құжаттар
Тасымалдау құжаттары – жолаушы тасымалында – билет, жүк ретінде жолаушының заттарын тасымалдауда – жүк квитанциясы болып табылады.
Жолаушы билет сатып алуда түрлі қызмет көрсету деңгейін таңдай алады. Әлемдегі кез келген әуе компаниясында мынадай үш класс бар: бірінші класс (билетте F әрпімен белгіленеді), бизнес-класс (С) және экономикалық класс (Y). Бірінші класс – ең қымбат, экономикалық класс – ең арзан тұрады. Кластардың басты айырмашылығы – орынтақтарының жайлылығы, тағамның сапалылығы, тегін тасымалданатын жүктің мөлшерінде, әуе жайдағы қызмет көрсету сапасында. Эконом-кластағы орынтақтар тар әрі бір-біріне жақын орналасса, бизнес-класс пен бірінші класта олар әлде қайда қолайлы әрі өзара едәуір қашық орналасқан.
Әуе тасымалдарын ұйымдаструдағы қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар.
Әуе компаниясы – әуе қатынасын жүзеге асыратын немесе осы салада өзінің қызметін ұсынатын әр түрлі әуе көлігі ұйымы.
Авиациялық арнайы жұмыстар – ұшу барысында әуе кемесі ауыл шаруашылығы, құрылыс, фотосуретке, топографиялық суретке түсіру, бақылау және патрульдік жүргізу, іздеу және құтқару, әуе жарнамасы сияқты салаларда арнайы қызмет түрлерін көрсету үшін пайдаланылады.
Аэродром – әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, тұрағын және оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін құрылыстары мен жабдықтары бар арнайы дайындалған жер учаскесі.
Әуе қатынасы – әуе кемелерінің жолаушыларды, пошта мен жүкті қоғамдық тасымалдау мақсатында жүзеге асыратын кез келген жүйелі әуе қатынасы.
Әуежай – әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуге, осындай мақсаттарға арналған аэродромы, әуе бекеті және басқа қажетті құрылыстары мен жабдықтары бар, әуе тасымалына қызмет көрсететін құрылыстар жиынтығы.
Ұшақ баратын әуежай (пункт) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушылар мен жүк жеткізілетін әуежай (пункт).
Аялдау әуежайы (пункті) – әуе тасымалы шартына сәйкес оған жолаушы ұшуын уақытша үзетін аралық әуежай.
Гидроаэродром – әуе кемелерінің ұшып көтерілуін, қонуын, жүруін, тұрағын, оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтардан тұратын іргелес жағалау аумағы бар арнайы дайындалған су учаскесі.
Диспетчерлік аудан – жер бетінің үстінен белгіленген шекарадан жоғары қарай созылып жатқан бақылаудағы әуе кеңістігі.
Әуе кемесінің командирі – ұшу уақыты бойында әуе кемесін басқаруға және оның қауіпсіздігі үшін жауап беретін ұшқыш.
Коммерциялық әуе тасымалы – төленетін ақы үшін немесе жалдану арқылы жолаушыларды, жүктерді немесе поштаны тасымалдайтын әуе кемесінің ұшуы.
Халықаралық әуежай – уағдаласушы мемлекеттің кедендік, иммиграциялық, санитарлық, карантиндік (жануарлар мен өсімдіктер тасымалдауда) және осыларға ұқсас ресімдер жүзеге асырылатын халықаралық әуе тасымалын жүргізетін әуе кемелерін қабылдау мен жөнелту үшін өз аумағында бөлетін кез келген әуежайы.
Тасымалдаушы – бұл төленетін ақы үшін немесе жалдану арқылы жолаушыларды, жүкті және поштаны тасымалдау қызметін көрсететін және бұған белгіленген тәртіппен берілген тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар, меншік құқығы ретінде немесе өзге де заңды негіздермен көлік құралын иеленетін заңды немесе жеке тұлға.
Перрон – азаматтық авиация аэродромының жолаушыларды отырғызу және түсіру, жүк пен поштаны тиеу және түсіру мақсатында әуе кемелері тұруына арналған ұшу кеңістігіндегі алаң.
Әуе кемесінің ұшуы – әуе кемелерінің ұшып көтерілуі, әуе кеңістігінде самғауы және қонуы барысында жүзеге асыратын операциялар жиынтығы.
Ұшақ – күш қондырғысының көмегімен қозғалысқа келтірілетін ауадан ауыр әуе кемесі.
Рейс – әуе кемесінің кесте бойынша немесе кестеден тыс маршруттың бастапқы пунктінен ақырғы пунктке дейін бір бағытта ұшуы.
Жүйелі рейс – әуе кемесінің белгіленген кестеге сәйкес маршрут бойынша атқаратын рейсі.
Қосымша рейс – әуе кемесінің жүйелі рейстерді орындайтын маршрут бойынша кестеге қосымша атқаратын рейсі.
Кеме жалдау рейсі – әуе кемесінің оны жалдау шартына сәйкес атқаратын рейсі.
Жүйелі қызмет көрсету – жарияланған кестеге сәйкес сыйақы үшін жоспарланып, атқарылатын жолаушылар немесе жүк рейстері, олардың жүйелі немесе жиі атқарылатыны соншама, бүкіл халыққа қызмет көрсетуге ашық тұратын белгілі бір жүйелі ұшу сериялары болып табылады.
Стандарт – физикалық сипаттамаларға, пішін үйлесіміне, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, қызметкерлер мен ережелерге қойылатын кез келген талап. Оны біркелкі қолдану халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету үшін қажет болады және оны Чикаго Конвенциясына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттер бұлжытпай сақтайды деп танылады.Стандартты сақтау мүмкін болмайтын жағдайда конвенцияның 38-бабына сәйкес Кеңеске міндетті түрде хабарлама жіберіледі.
Трансфер – әуе тасымалы шартына сәйкес көлікке ауысып отыратын әуежайға дейін бір рейспен атқарылатын тасымалдау жұмысы, ал әрі қарай тасымалдауды сол немесе өзге Тасымалдаушының басқа рейсі жүргізеді.
Уәкілетті агент – пайдаланушының атынан әрекет ететін жауапты адам, ол осы пайдаланушының, экипаждың, жолаушылардың, жүктің, поштаның, қол жүгінің, борт жабдықтарының келуіне, жөнелтілумен ресімделуіне байланысты барлық заңдылықтарды жүзеге асыруда оның атынан әрекет етуге уәкілетті.
Қазір көптеген әуе компанияларының бірінші және бизнес-класында орнатылған орынтақтар жайылып төсекке айналады, мұның ұзақ ұшу сапарында пайдасы зор.
Қызмет көрсету кластары арасындағы мәнді айырмашылықтардың бірі – бұл тегін тасымалданатын жүк нормасы. Эконом-кластың жолаушыларына тегін тасымалданатын жүк нормасы, әдетте, 20 кг, бизнес-класта - 30 кг, бірінші класта - 40 кг болып белгіленеді.
Қазіргі уақытта әуе билетін сатып алу әдісі алуан түрлі. Әуе билетін әуе агенттіктерінен, әуежайлардан, интернет бойынша, дүкеннен, санаторийден, туристік агенттіктерден және т.с.с. сатып алуға болады.
Әуе билеттері алуан түрлі болуы мүмкін: көзбен шолып байқайтын, автомат оқи алатын магнит жолақты және электрондық. Қазіргі кезде әлемде бланкінің үш түрі кең таралған: автоматты көшірілетін билет, отырғызу талоны бар автоматты купонды билет және қол бланкі. Электрондық билет – бұл ерекше жағдай. Қандай да бір бланкіні керек етпейтіндіктен, электрондық билет барған сайын кең таралуда. Бұл билет әуе компаниясының компьютерінде сақталатын әлдебір электрондық жазба болып табылады, мұнда дәстүрлі купондар электрондық баламамен алмастырылған. Ешқандай агенттік, ешқандай басқа әуе компаниясы толығымен бұл “жазбаны” көре алмайтындықтан, мұндай билет егер бүкіл ұшу сапарын бір әуе компаниясы атқаратын жағдайда ғана берілуі мүмкін.
Бұл жаңалықтың негізгі артықшылығы – мұндай «есті» билетті үйде ұмтылып қалдыру немесе жоғалту мүмкін емес, ол үшін агенттікке барудың қажеті жоқ. Электрондық тіркеу жүйесінің арқасында тапсырыс берген билетіңізді тікелей әуежайдағы әуе компаниясының арнайы бөлімінен алуыңызға болады. Сонымен қатар, электрондық билетті соңғы сәтте, ұшатын күні алуға және тіпті агенттікпен сөйлесетін уақытты үнемдеп, ұшып көтерілу уақытында ауыстыруыңызға да болады. Өзгерістер енгізетін жағдайда жаңа билет алудың керегі жоқ, жолаушының әуежайда көрсететін жалғыз құжаты – бұл шетелдік төлқұжаты.
ИАТА-ның шешіміне сәйкес 2007 жылдың соңына қарай әуе компаниялары – осы ұйымның мүшелері дәстүрлі әуе билеттерін пайдаланудан толығымен бас тартып, электрондық жол жүру құжаттарын рәсімдеу жүйесін енгізуі тиіс.
Ішкі және аймақтық жолаушы тасымалдарының ерекшеліктері.Тұрақты және чартерлі, халықаралық және ішкі тасмалдарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Көпшілік туристік саяхат ұйымдастыруда туристерді әуе чартер бойынша тасымалдау кең таралуда. Олар туристер мен әуе компанияларға топтамалық маршруттар кезінде қолайлы болып табылады. Чартер ағылшын тілінен аударғанда кеме иесі және арендаға алушы арасында, бүкіл кемені немесе оның бөліктерін белгіленген рейс немесе мерзімге алу келісімі дегенді білдіреді. Чартерлік рейстер әуе компаниялар мен тур фирмалардың келісімінің салдарынан пайда болады, әуе компаниялар өзінің тұрып қалған ұшақтарын пайдалану, ал турфирмалар билеттерді арзанырақ сатып алу мақсатымен көзделеді.
Чартерлік рейстің тұрақты рейске қарағанда бірнеше ерекшелігі бар:
– тұрақты ұшулардың кестелерінде оның жоқ болуы;
– маршрутты әуе компания емес, тапсырыс беруші тағайындайды;
– тұрақты рейске қарағанда арзанырақ болып табылады.
Барлық чартерлік рейске билет сатып алған жолаушының тұрақты рейске қарағанда, бару пунктіне уақытында бармау мүмкіндіктері жоғары. Чартерлік рейстер ішкі және халықаралық байланыстарда, тұрақты жасалған және жаңа енгізілген маршруттар арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.
Чартерлік әуе маршрутты ұйымдастыру – ол қиын процесс, ол есептеуді көп қажет етеді. Әуе компанияға рейс нөмірін білу, «әуе коридорын» дайындау, ұшақтың тоқтау жерлерін, тоқтаудың бағасын және т.б. анықтау керек.
Чартерлік рейстер түрлері. Чартерлік тасымалдау кезінде тапсырыс берушінің рөлінде әрбір ұйым болу мүмкін: ірі іскерлік құрылым, туристік фирма, өнеркәсіп мекемелері, оқу орны, қоғамдық-саяси партия, т.б. Осы ұйымдар әуе кемелерді келесі мақсаттармен жалға алады:
– өздерінің қызметкерлерін іскерлік немесе басқа мақсаттармен тасымалдау үшін, туристерді демалу орнына жеткізу үшін;
– жанкүйерлерді – спорттық шаралар өткізілетін орындарына;
– діни адамдарды – табыну орталықтарына;
– конгрессмендерді – конференциялар, съездер, т.б. өткізу орындарына жеткізу.
Осыған орай, әлемдік тәжірибеде чартерлердің коммерциялық түрлерінің бірқатарын ажыратады.
Жабық чартер. Оның ерекшелігі: өзінің қызметкерлерін тасымалдау үшін мекеме толық төлейді. Ереже бойынша, осындай тасымалдаудың маршруттары тұрақты әуе жолдарына кірмейді. Жабық чартер чартерлік рейстердің жалпы көлемінде аз ғана пайызды алады.
Мақсатты чартер. Ол бір мақсатпен жиналған (футбол жанкүйерлері, спортшылар, т.б.) жолаушылардың арнайы топтарын тасымалдау. Чартерге тапсырыс беруші, мүшелеріне тасымалдауды жартылай төлейтін ұйымдар болып табылады.
Инклюзив-тур чартер. Ереже бойынша, ол негізінен туристік фирма төлеген және ұйымдастырған, туристерді тасымалдау. Осындай жағдайда туристерге ұшу арзан болып келеді, себебі әуе чартер кезінде әуе билет саны, ең арзан жеңілдік тарифтермен салыстырғанда 30-50%-ке төмен. Инклюзив-тур чартер және мақсатты чартерлерге қарағанда чартерлік нарықтағы әуе тасымалдаулардың ең кең тараған түрі.
Блок чартер. Осындай вариант тапсырыс берушінің тұрақты рейс ұшағында тек қана коммерциялық бөлігін сатып алу (20-30 орын) кезінде жасалады. Мұндай жағдайда төлем барлық орындар блогына жасалады. Оған сатып алынған орындардың барлығы немесе барлығы емес толтырылғанына тәуелсіз. Блок-чартер, негізінен, турфирмаларда ұшақты арендаға алу үшін туристердің қажетті саны болмаған жағдайда жасалады. Блок-чартер әуе компанияларға кейбір уақытта пайдасыз болып табылады, себебі әуе билеттерді төмен бағамен сату жасалады. Бірақ маусымның шыңында, билетке деген сұраныс жоғары болғанда тасымалдаушылар туристік фирмаларға осындай қызмет көрсетуден бас тартпайды.
Мақсатты емес чартер. Әуе жолаушылардың тобы саяхаттық мақсатына тәуелсіз, таңдалатын тасымалдау түрі. Осындай тасымалдау түрінің ұйымдастырушысы көлік компаниясы болуы мүмкін.
Сплит чартер. Жолаушыларды тасымалдаудың ең қиын түріне жатады. Олар маршруттың әртүрлі аумақтарында тұрақты немесе тұрақты емес рейстермен жасалады. Осыған қоса жасақталған топ ішіне әртүрлі пунктке баратын жолаушылар кіруі мүмкін.
Ұшақты пайдалану жағдайына байланысты чартерлерді бірнеше түрге бөлуге болады: бір реттік чартер, тайм-чартер және чартерлік тізбек.
Бір реттік чартер. Ұшақ туристерді бару пунктіне дейін жеткізіп, қайта оралады. Егер рейс «Сол жаққа және қайта келуге» жоспарланса, онда біраз уақыттан кейін, ұшақ туристерді қайтару үшін келу керек. Осындай тасымалдау кезінде әуе кемені жалға алушы ұшуларды белгіленген мерзімге тапсырыс береді және осы берілген уақыттарда әуе компания чартерлік рейсті орындау үшін әуе кемені беру керек. Басқа уақытта тасымалдаушы осы ұшақты өзінің жоспарымен байланысты пайдаланылады. Бір реттік чартерлер сирек қолданылады, себебі олар отынға көп шығынды қажет етеді.
Тайм-чартер. Әуе кемені уақыттың белгіленген мерзімінде жалға алу. Осы жағдайда жолаушыларды жеткізген ұшақ қайта оралмайды; ол келген әуежайда туристердің қайта ұшуын күтеді. Кейде тайм-чартерді «тұрып қалған бір реттік чартер» деп айтады. Егер туристердің болу мерзімі ұзақ болмаса, тайм-чартер тапсырыс берушіге ыңғайлы. Осы жағдайда тапсырыс беруші ұшақты пайдалану уақыты үшін, әуежайда ұшақтың тұруына байланысты қосымша шығындарды, экипажды орналастыру мен тұру шығындарын, ал кей уақытта кемені тұрақты рейстер алғаны үшін тасымалдаушының шығындарын өтеу үшін төлейді.
Чартерлік тізбек. Ол «Сол жаққа және қайта оралу» схемасы бойынша чартерлік тасымалдауды тұрақты кезеңділікпен жасайтын чартер түрі. Ол бір туристік топты әкетеді де, келесі топты алып келеді. Олар тұрақты тасымалдауларға өте ұқсас болып келеді. Чартерлік тізбек, негізінен, төрт-бес ай уақыт мерзімінде, аптасына бір-екі реттік рейстер ұйымдастырылады. Әрбір чартерлік тізбектің рейсі біткеннен соң әуе кемесі әуе компаниясымен өз келісімі бойынша пайдаланылады, бірақ жаңа ұшу мезетіне ол тапсырыс берушіні баратын әуежайға әкелу керек. Чартерлік рейс басталатын пунктке ұшақты уақытында жеткізу үшін жауапкершілікті тасымалдаушы өзіне алады. Туристік фирма әуе кемелерін тасымалдау басталатын пунктке жеткізу үшін ақы төлемейді.
Жолаушылардың әр түрлі категорияларын тасымалдау ерекшеліктері.
Дипломаттық курьерлер мен байланыс фельдъегерлерiн тасымалдау дипломатиялық органдар мен консулдық қызмет талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
Дипломаттық курьер мен байланыс фельдъегерi авиакомпанияның талап етуi бойынша дипломаттық багажды алып жүретiн адам ретiнде оның арнайы өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды көрсетеді.
Қазақстан Республикасының авиакомпаниясы тасымалдайтын балалар ересек жолаушылармен бiрге, сондай-ақ оларсыз да тасымалдана алады.
Тасымалдаушы ерiп жүретiн адамдары жоқ балаларды авиакомпания тасымалға тек олардың ата-аналары немесе қамқоршыларының жазбаша өтініштерінен кейін ғана қабылдайды.
Ерiп жүретiн адамдары жоқ балалар ретiнде ата-аналарсыз және жолаушылардың қайсыбiреуiне сенiп тапсырылмаған халықаралық рейстерде жасы 6-дан 16-ге дейiнгi, ішкі рейстерде жасы 6-дан 14-ке дейінгі балалар тасымалданады.
Жасы 6-ға дейінгі балалар ересек жолаушымен бірге ғана тасымалданады.
Егер Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматы Қазақстан Республикасынан ілесіп жүретін адамсыз шығатын болса, ол өзімен бірге төлқұжаттан басқа нотариалды түрде ресімделген ата-аналарының, бала асырап алушылардың, қамқоршыларының Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматының шығуына ол баруға ниетті шығу мерзімі мен мемлекеті (-тері) көрсетілген келісімді алып жүруі тиіс.
Жеке орын алмайтын және ересек жолаушымен iлесiп жүретiн, 2 жасқа дейiнгi бiр баланы халықаралық рейстерде тасымалдау үшiн ақы алынбайды.
Егер 2 жасқа дейiнгi бала халықаралық рейсте жеке орында тасымалданатын болса, оның тасымалы үшін оған ерiп жүретiн ересек жолаушының тиiстi тарифінің 50% төленедi.
Халықаралық рейсте бiр ересек жолаушының 2 жастан 12 жасқа дейiнгi әрбір баланы тасымалдауы үшiн ерiп жүретiн ересек жолаушының тиiстi немесе арнайы тарифiнiң 50% төленедi.
Межелі пунктке төлемсіз ұшатын балаларға жүктi тегiн алып жүру құқығы және салоннан жеке орын берiлмейдi.
Iшкi тасымалдарда жолаушы 2 жасқа дейiнгi бiр баланы оған жеке орын бермей ақысыз тасымалдауына болады, ал iшкi рейстерде жолаушымен бiрге ұшатын 2-ден 15 жасқа дейiнгi басқа балалар үшін толық тарифтiң 50% төленіп, жеке орында тасымалданады.
Тасымалы үшін белгілі бір тиісті қызмет көрсету класына 50% төленген әрбір балаға оның жасына тәуелсіз жеке орын берiледi және қалыпты төлем жасаған жолаушылар үшiн белгiленген норма бойынша багажды тегiн тасымалдауларына рұқсат етіледі. Егер бұл жағдайларда тегін тасымалдау нормасынан асатын мөлшердегі багаж тасымалданатын болса, ол тиісті тариф бойынша төленеді.
Науқасты зембілмен тасымалдау оған әуе кемесінде тарифті қолдану шарттарына сәйкес төлеммен қосымша орындар ұсынылу арқылы жүргізіледі.
Авиакомпания жолаушыны кресло-арбада, науқасты зембілмен, егер осындай жолаушыларды тасымалдау үшін жекелей әуе кемелерінде қажетті жағдайлар жасалмаса, тасымалдаудан бас тартады.
Мүгедекті арбада (жазылмалы креслода) және науқасты зембілмен тасымалдау ұшу кезінде осы жолаушыға күтімді қамтамасыз ететін адамның болуымен ғана жүргізіледі. Науқасты зембілмен тасымалдау авиакомпания белгілеген төлеммен әуе кемесінде оған орын ұсыну арқылы жүргізіледі.
Авиакомпания немесе агент мүгедекті арбада (жазылмалы креслода) немесе науқасты зембілмен тасымалдау кезінде әуе кемесінің бортынан (бортына) жеткізу үшін осындай жолаушының тасымалдануы туралы әуежайды алдын ала хабардар етеді.
Жүкті әйелдер авиакомпанияға емдеу мекемесінен билетте көрсетілген рейсті орындау күні әуеде тасымалдануы үшін қарсылықтары жоқ екендігі туралы медициналық қорытындыны ұсынған кезде ғана тасымалдануға қабылданады.
№12 Әуе көлігіндегі халықаралық жолаушылар тасымалы. Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдағанда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар. Тасымалдауды ұйымдастыру бойынша және бағыты бойынша әуе тасымалдарының классификациясы. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшу аппаратының негізгі типтері. Жолаушылар аэровокзалының кластары, жоспарлау, орналасуы бойынша түрлері
Әуе көлігіндегі халықаралық жолаушылар тасымалы.
Жолаушының авиакомпания немесе оның агентi авиакомпания ережесіне сәйкес ресімдеген және берген нақты билетi болғанда ғана тасымалдауға жiберiледi.
Билетке өзгерістер енгізуді авиакомпания немесе авиакомпанияның келісімі бойынша уәкілетті агент жүзеге асырады.
Билет жолаушы мен оның багажын онда көрсетiлген маршрут пен қызмет көрсету класы бойынша жөнелту пунктiнен межелі пунктке дейiн тасымалдау үшiн жарамды болып табылады. Әрбiр ұшу купоны жолаушы мен оның багажын, онда көрсетiлген бағыт учаскесі, қызмет көрсету класы, күнi мен орны броньдалған рейс бойынша тасымалдау үшін ғана жарамды.
Егер билет броньдау туралы белгiсiз (күні белгіленбей) берiлсе, онда орын жолаушының сұрау салуына сәйкес сұрау салынған рейсте бос орындардың болуына қарай броньдалады.
Билеттің сатылған жерi мен күнi оның барлық купондарында көрсетiледі.
Ұшу күнi белгіленбеген тасымалға берiлген билет, жолаушы мен оның багажын тасымалдау үшiн, тасымал басталатын күннен бастап бір жыл ішінде, ал егер бiрде бiр ұшу купоны пайдаланылмаса, онда билет берiлген күннен бастап жарамды.
Арнайы тариф бойынша тасымалдауға берiлген билет авиакомпания белгілеген мерзімде жолаушы мен оның багажын тасымалдауға жарамды.
Авиакомпания мынадай жағдайларда авиакомпания ережесіне сәйкес жолаушыны тасымалдауға жібермейді:
1) билеттің қандай да бір бөлігіне зиян келтірілсе;
2) купон билеттерінде белгіленген тәртіпте авиакомпаниямен (Агентпен) расталмаған түзетулер болса;
3) тиісті ұшу купоны жоқ болса;
4) кейінгі пайдаланылмаған ұшу купондары жоқ болса;
5) билетте (ұшу және жолаушы купондары) авиакомпания немесе агент валидаторының белгісі жоқ болса;
6) жолаушылардың билеті жоғалды деп жарияланғанда;
7) ұсынылған билет бұрын жоғалды (ұрланған) немесе жасанды деп танылған болса;
8) авиакомпанияның автоматтандырылған броньдау жүйесінде тапсырыс (броньдау) жазбасы жоқ болса;
9) жолаушының тегі мен жеке басын куәландыратын мәліметтер авиакомпанияның автоматтандырылған броньдау жүйесінде тапсырысты ресімдеу кезінде көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмесе.
Билеттiң жарамдылық мерзiмi, егер жолаушы мына жағдайларда билет жарамдылығы мерзiмi iшiнде ұша алмаған болса, бастапқы төленген тарифке сәйкес келетiн сол қызмет көрсету класы бойынша бос орын бар авиакомпанияның ең жақын рейсiне дейiн ұзартылады:
1) билетте көрсетiлген рейстiң кейiнге қалдырылуы немесе кешiктірілуі;
2) билетте көрсетiлген әуежайда әуе кемесiнің қонуды орындамауы;
3) билетте көрсетiлген рейс пен күнi бойынша орын ұсына алмау мүмкінсіздігінен жолаушының жөнелтілмеуі;
4) рейстi орындамаған әуе кемесiнiң жөнелту әуежайына қайтып оралуы;
5) кестеде көрсетілген әуе кемесі үлгісінің ауыстырылуы;
6) билетте көрсетiлген қызмет ету класының ұсынылмауы;
7) әуе кемесiнің амалсыз қонуы себебiнен рейске үзiлiс жасалуы;
8) әуе кемесiнде онымен бiрге ұшуға тиiс жолаушының ауырып қалуы;
9) жолаушы қарап тексеруге байланысты жөнелтудiң кешiктiрiлуi себебiнен ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартқан жағдайда;
10) авиакомпанияның билетті дұрыс ресімдемеуі.
Егер тасымалдауға билетi бар жолаушы орынды броньдау жөнiнде өтiнiш жасап, ал авиакомпанияның билеттiң жарамдылық мерзiмi iшiнде орын ұсыну мүмкiндiгi болмаса, онда ондай билеттiң жарамдылық мерзiмi авиакомпанияның бастапқыда төленген тарифке сәйкес келетiн қызмет көрсету класы бойынша бос орын бар ең жақын рейсiне дейiн ұзартылады.
Жолаушы авиакомпанияға ұшу купоны бар билеттi көрсетеді. Пайдаланылған ұшу купондары бар билет жолаушыны тасымалдау және ақшаны қайтару үшiн жарамсыз.
Авиакомпания ұшу купондарын жолаушы купонында көрсетiлген жөнелту пунктiнен бастап жолаушы мен оның жүгiн тасымалдау үшiн тек қатаң жүйелілікпен қабылдайды.
Жолаушы пайдаланылмаған барлық ұшу купондарын тасымалдың бүкіл кезеңiнде сақтауы қажет және авиакомпанияның талап етуi бойынша көрсетiлуге және тапсырылуға тиiс.
Халықаралық тасымалдарда жолаушы еліміздің заңнамасына сәйкес талап етілген аумаққа, аумақтан немесе аумақ арқылы жүзеге асырылатын тасымалға шығу, кіру және тағы басқа құжаттарды ресімдейді.
Электрондық тикетинг (e-ticketing) билетті шығармай-ақ авиатасымалдарды сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жолаушыға шығарылған билетсіз рейске тіркелуіне және отыруына мүмкіндік береді.
Электрондық билет (e-ticket немесе ЕТ) қағаз купондар Е-ticket сервері (ETS) немесе авиакомпания серверінде сақталатын электрондық билет жазбасымен ауыстырылғанын білдіреді. Электрондық түрде ұшу купондары ғана сақталады.
Электрондық билетті сатып алу фактісін растау ретінде маршрут түбіртегі беріледі.
Электрондық билеттегі маршрутты шығарудың (ITR) бірқатар опциялары бар: принтерде шығару;
электрондық адреске жіберу.
Шетелге ұшу кезінде төлқұжаттық бақылаудан өту барысында маршрут түбіртегі кері билет айғағы ретінде қажет болады.
Жолаушы әуежайға ұшақ ұшқанға дейін тiркеу бойынша белгiленген рәсімдерді орындау үшін авиакомпания немесе әуежай белгілеген уақыттан кешiкпей келеді.
Егер жолаушы тіркелу белгіленген мерзімде келмесе, онда авиакомпания оған жасалған аталған әуежайдан ұшу бронын жоя алады.
Ұшатын жолаушылардың билеттерін тіркеу және багажын ресімдеу операциялық залда немесе тіркеудің басқа әдістері арқылы жүргізіледі.
Жолаушы интернет арқылы тіркелу кезінде немесе тіркелудің кез-келген басқа түрлерін пайдалана отырып, сәйкестендіру үшін электрондық билет нөмірін қолдана алады (өздігінен тіркелу бағаны немесе ұялы телефон арқылы тіркелу).
Билет немесе оның кез келген бөлiгi жоғалып, бүлiнген жағдайда немесе ұшу купондары жоқ билетті көрсетуі жағдайында, авиакомпания жолаушының өтiнiшiмен осындай билеттiң орнына билеттiң дубликатын береді.
Шетелдiк авиакомпания берген билет (немесе оның кез келген бөлiгi) жоғалған, бүлiнген жағдайда, жолаушы авиакомпанияға дубликатты толтыру үшін чек қоса берілген жазбаша өтініш жолдайды.
Бұл жағдайларда жолаушы тасымалдаушыға тиiстi маршрут бойынша ұшуға билет берілгендігі жөнінде қанағаттанарлық дәлелдер келтiруі керек.
Күні белгіленбеген билетті беру авиакомпанияның ережелерімен белгіленеді.
Авиакомпания жолаушыға дубликаттың көшірмесін беруден бас тартады, егер:
1) жолаушы бастапқы тасымал құжаты туралы нақты ақпаратты ұсынбаса;
2) жолаушы ұшуға дейін 3 сағат қалғанда немесе рейс ұшқаннан кейін сұрау салса;
3) бастапқы броньдау және сату броньдау жүйесінде расталмаса;
4) бастапқы билет интерлайн-партнер, бейтарап бланкісінде ресімделген болса.
Орындарды броньдау жолаушыларды тасымалдау шарты болып табылады және авиакомпанияның броньдау автоматтандырылған жүйесіне енгізу кезінде шынайы.
Жолаушы броньдауды жүзеге асыру және арнайы қызметтерді ұсыну мен ұшу қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін қажетті мынадай мәліметтер мен құжаттарды ұсынады:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жолаушының құжаттары туралы деректер (оны ауыстыратын төлқұжат немесе құжат);
3) қосымша құжаттар туралы деректер (виза, медициналық анықтама, балаларды тасымалдауға арналған құжаттар);
4) тұрақты мекен-жайы;
5) межелі пункте болған кезеңдегі уақытша тұратын жерінің мекен-жайы немесе тұрақты мекен-жайы.
19. Жолаушы немесе жолаушының атынан броньдауды жүзеге асыратын тұлға авиакомпанияны мынадай жағдайларда 5 күнтізбелік күн ішінде хабардар етеді:
- жолаушының шектеулі қозғалысы;
- бала тасымалы;
- жолаушының нашар көруі (көрмеуі), естуі;
- бұл жағдайда жетектеуші итті алып жүру қажеттілігі;
- инфекциялық ауру;
- 28 аптадан астам мерзімдегі жүктілік;
- бөбектен бастап 7 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау;
- жануарларды (құстарды) тасымалдау;
- тасымалдау нормасынан жоғары немесе ірі габаритті, ауыр салмақты багаждың болуы;
- қару-жарақ, оқ-дәрілерді тасымалдау.
Авиакомпания көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, егер көрсетілген жағдайларда әуе кемесінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты тасымалдауды орындай алмаса, жолаушыны броньдаудан бас тартатыны туралы 1 күнтізбелік күн ішінде хабардар етеді.
Әуе кемесінде белгілі бір рейс пен күнге жолаушы орнын және жолаушыны, багажды, жүкті тасымалдау үшін тасымал сыйымдылығын бекіту әуе көлігімен жолаушыны, багажды, жүкті тасымалдаудың міндетті шарты болып табылады.
Жолаушыға тиісті түрде ресімделген билет берілмей броньдау алдын ала болып есептеледі және жойылуы да мүмкін.
Жолаушы броньдауды растау үшін (топты тасымалдау жағдайында – топ басшысы) байланыс құралдарын қолдана отырып, авиакомпания өкілдігінің немесе оның агентінің офисіне өтініш жасайды және авиакомпания билетті сатып алу күнін белгілейді.
Егер жолаушы (жолаушылар тобы) броньдалған орыннан бас тартса немесе тіркеу орнына авиакомпания белгілеген уақытта келмесе, онда жолаушының билетіне (жолаушылар тобының) тарифті пайдалану шарттары қолданылады.
Жолда аялдауға тек ол авиакомпаниямен немесе оның агентiмен алдын ала келiсiлген және билетте көзделген жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Егер билет тасымалдаушының арнайы тарифі бойынша төленген болса, жолаушының жолда аялдауы тарифті пайдалану шарттарымен реттеледі:
Жолда аялдау үшiн билет төлеудiң көрсетiлген жағдайларының кез келгенінде мына шарттар сақталуы қажет:
аялдама билеттiң жарамдылық мерзiмi шеңберiнде ғана жасалады;
аялдама авиакомпания және тиiстi елдердiң заңнамасымен рұқсат етіледі.
Жолаушының өтініші бойынша билетке өзгерiс енгізу тек авиакомпания ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Авиакомпания тасымалда оның кінәсімен орын алған өзгерістерге қатысты қосымша төлем талап ете алмайды. Алайда, егер жолаушы тарифі және өзгертілген маршрут бойынша тегін тасымалдау нормасынан жоғары багажды тасымалдау тарифы төленетін сомадан төмен болса, онда айырмасы жолаушыға қайтарылады.
Егер тасымалдаушы белгілі бiр себептермен жолаушыға жасалған броньға сәйкес тиiстi қызмет көрсету класы салонында орын тауып бере алмайтын болса, онда:
1) егер жолаушы бастапқы броньдауға сәйкес келетiн, тамақ беріліп және норма бойынша жүкті тегiн алып өту құқығы берiлетін басқа қызмет көрсету класы салонында ұшуға келiссе, төленген және ұсынылған қызмет көрсету класында тасымалдау құны айырмасы бойынша ешқандай қайта есептеулер жүргiзiлмейдi;
2) егер жолаушы төленген класпен салыстырғанда арзандау класс салонында ұшудан бас тартса, авиакомпания жолаушыға авиакомпанияның рейсiнде немесе басқа авиакомпанияның рейсiнде бастапқыда броньдалған класқа сәйкес орын тауып бере алатын уақытқа дейiн бұл жолаушыны қонақ үйде орналастыру, тамақтандыру, байланыс құралдарын пайдалану және әуежайға бару және әуежайдан келу үшін жер көлігін пайдалануға кететін іс жүзіндегі шығындардың шеңберіндегі шығындарды көтереді.
Авиакомпания жолаушының әуемен тасымалдау шартын біржақты тәртіппен мынадай:
1) жолаушы әуе кемесi ұшуының алдында «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 107-бабында белгiленген тексеруден бас тартқан;
2) жолаушы осы Қағида талаптарын бұзған және (немесе) әуе кемесiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретін iс-әрекет жасаған;
3) егер жолаушының алкогольмен, есірткімен, уытқұмарлықпен масаң күйде болуы және оның рухани немесе физикалық жағдайы өзінің денсаулығына немесе әуе кемесiнiң бортындағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретін, сондай-ақ басқа жолаушыларға қолайсыз жағдай туғызатын болған жағдайларда тоқтатады.
Жолаушының алкогольмен, есірткімен, уытқұмарлықпен масаң күйде болуы денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық куәландыру арқылы расталады.
Егер жолаушыға осы Қағиданың 29-тармағында көрсетiлген себептермен тасымалдаудан бас тартса, оған осы Қағиданың 5-тарауына сәйкес тарифті пайдалану шартын қолдану арқылы пайдаланылмаған билет немесе оның бөлiгi үшiн сомасы қайтарылады.
40. Авиакомпаниялар, авиакомпания ережесінде көзделген жағдайлардан басқа әуежайлар арасында немесе әуежай мен қала арасында жолаушылар мен багаждың жердегі тасымалын жүзеге асырмайды.
Жердегі көлікпен қызмет көрсетуді дербес ұйымдар орындаған жағдайлар болса, онда олар авиакомпанияның агенттері болып қаралады.
41. Авиакомпанияның кінәсінен тасымалдауда кідіріс болған немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейс кешіккен, орындалмаған, тасымалдау маршруты өзгерген кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттерінде және аралық пункттерде мынадай:
1) жеті жасқа дейінгі балалы (болған кезде) жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
2) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу;
3) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;
4) рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде:
күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын;
түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
5) рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде авиакомпания ұсынған қонақ үйге орналастыру;
6) қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда авиакомпания ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.
Жолаушының сұрауы бойынша оған хат ұсынылады немесе авиакомпанияның арнайы тағайындалған лауазымды тұлғасы тасымалды кешіктіру себептері туралы билетке белгі қояды.
Авиакомпания жолаушыға көрсетілген қызмет көрсетуді ұсыну нәтижесіндегі немесе онымен байланысты залалдарды немесе шығындарды өтейді. Авиакомпанияның кінәсінен жолаушы тасымалы кідіртілетін кезде, соңғысы жолаушыға әрбір кідіртілген сағат үшін билет (кідіріс жасалған ұшу учаскесінде) құнының 3 % мөлшерінде айыппұл төлейді. Өндіріп алынған айыппұл сомасы сатып алынған билет (кідіріс жасалған ұшу учаскесінде) құнынан аспауы қажет.
Егер авиакомпания өзінің кез келген рейсін ұшырмаса, үзсе, қалдырса, кідіртсе, онда авиакомпания жолаушымен келісім бойынша осындай жолаушыны өзінің басқа рейсімен тасымалдайды немесе оны тасымалдау үшін басқа авиакомпанияға береді, немесе жолаушыға соманы қайтарады және шартты бұзумен келтірген шығындарды өтейді.
Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдағанда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелері пайдаланушысының сертификаты бар заңды тұлға;
2) агент - авиакомпанияны білдіретін, осы авиакомпанияның әуе кемесінің, экипаждың, жолаушылардың, багаждың, жүктің, почтаның және борттық қорлардың келуімен, жөнелтілуімен және ресімделуімен байланысты барлық рәсімдерді орындау ол тікелей немесе оған уәкілеттік берілген жеке немесе заңды тұлға;
3) багажды (PIR – Property Irregularity Report), жүкті (CIR – Cargo Irregularity Report) тасымалдау кезіндегі ақаулар туралы акт - жолаушының (алушы) қатысуымен бiр немесе бiрнеше авиакомпанияның әуе кемелерiмен тасымалданған багажға (жүкке) келтiрген зиян белгiлi болғанда авиакомпания тез арада ресімдейтін және авиакомпания мен жолаушы (алушы) қол қоятын құжат;
4) әуежай - әуе кемелерiн қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осындай мақсаттар үшін әуеайлақ, аэровокзал, басқа да қажетті ғимараттары мен жабдықтары бар құрылыстар кешенi;
5) межелі әуежай (пункт) - әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы, багаж немесе жүк жеткiзiлетін әуежай (пункт);
6) жөнелту әуежайы (пунктi) - әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушыларды, багаж немесе жүктi тасымалдау басталатын әуежай (пункт);
7) трансфер әуежайы (пункті) - әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы ұшақты ауыстырып немесе жүктi тасымалдау бағыты бойынша бiр рейстен басқасына әрі қарай бет алу үшiн тасымалдайтын, билетте немесе жүкқұжатта көрсетiлген әуежай (пункт);
8) багаж - әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын жолаушылардың немесе экипаждың жеке заттары;
9) тiркелген багаж – авиакомпания сақталуын өз жауапкершілігіне алып, оған жүк түбiртегi мен жүк белгiсiн беріп, тасымалдауға қабылдаған жолаушының жүгi;
10) қате жөнелтілген жүк – авиакомпанияның кiнәсiмен межелі пунктке жiберiлмеген жүк;
11) талап етілмеген багаж - багаж белгiсiнде көрсетiлген межелі әуежайға (пунктке) келген, бірақ жолаушы алмаған багаж;
12) тiркелмеген багаж - жолаушының тіркелген багажынан басқа, Тасымалдаушының келісімімен әуе кемесінде тасымалданатын және оның жүк бөлімдері мен жолаушылар салонында орналасқан, «Қол жүгі» белгісімен куәландырылған жүгі. Әуе кемесiнiң бортына жолаушылардың өзi жеткiзедi. Тіркелмеген багаж жолаушының жауапкершiлiгiмен тасымалданады, тіркеу кезінде міндетті түрде өлшенуі тиіс және жүкті тегін тасымалдау нормасына кіреді;
13) билет - (жолаушы билетi және багаж түбiртегi) авиакомпания не оның агенттері беретін тасымалдау, жолаушыны әуеде тасымалдау талаптарымен шарт жасасу құжаты;
14) күнi белгіленбеген билет - жөнелту, межелі пунктi, авиакомпания, қызмет көрсету класы көрсетiлген, бiрақ рейстiң нөмiрi мен әуе кемесiнiң ұшу күнi, уақыты көрсетiлмеген билет;
15) броньдау (тапсырыс) – әуе кемесiнде жолаушыларды, сондай-ақ бірегей сандық әріптік код иеленген, жолаушы, багаж немесе жүктер туралы ұшу және өзге де ақпарат берілген, Авиакомпанияның броньдау жүйесінде электрондық жазбамен расталатын жүк көлемін тасымалдау үшін орындарды алдын-ала бөлу;
16) соманы қайтару - жолаушыға (жiберушiге) немесе оның өкiлiне ол бұрын төлеген, бiрақ пайдаланбаған тасымал немесе қызмет құнының бір бөлiгiн немесе толық құнын төлеу;
17) әуе тасымалы – жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін әуе кемесінде тасымалдау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі;
18) халықаралық әуе тасымалы - орындалуы барысында жөнелту және межелі пункттері тасымалдау немесе жүкті қайта тиеу арасында үзілістің бар-жоғына қатыссыз:
екi немесе одан да көп мемлекет аумағында;
егер басқа мемлекеттiң аумағында аялдау көзделсе, бiр мемлекет аумағында орындалатын тасымал;
19) ұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезіндегі көтеру күші негізінен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйінде қалатын үстіңгі беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен қалыптасатын күш қондырғысы арқылы қозғалысқа келтірілетін әуе кемесі;
20) әуе желісі - араларында тұрақты әуе тасымалдары жүргiзiлетiн пункттердi анықтайтын белгiленген желі;
21) Варшава конвенциясы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбiр ережелердi сәйкестендіру үшiн 1929 жылғы қазанның 12-сiнде Варшавада қол қойылған конвенция;
22) жүк - почта, борттық қорлардан басқа әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын кез келген мүлiк;
23) тез бұзылатын жүк - сақталуда және тасымалдауда ерекше жағдайларды талап ететiн өсiмдiк немесе жануар тектi заттар, олардан өңделу арқылы алынған өнiмдер, тiрi өсiмдiктер, балық өсiру материалы;
24) транзиттiк жүк - жүкқұжатқа сәйкес аралық пунктке жеткiзiлген рейспен әрi қарай тасымалданатын жүк;
25) трансферлiк жүк - жүкқұжатқа сәйкес трансфер әуежайына (пунктіне) бiр рейспен, ал әрi қарай сол немесе өзге авиакомпанияның басқа рейсiмен тасымалданатын жүк;
26) бағалы жүк - нақты құны Варшава конвенциясының 22-бабында белгiленген жүк.
27) жүққұжаты (Air Waybill) - әуе тасымалы, оның шарттары мен жүктi әуе желілері арқылы тасымалдауға қабылдау жөнiнде келiсiм жасалғанын растайтын әуе тасымалы құжаты;
28) қарап тексеру - қарап тексеруге құқығы бар тұлғалар жүргізетін тексеріп қарау;
29) ақылы багаж түбiртегi - мiндеттi түрде ақылы тасымалданатын заттар және белгiленген тегiн алып өтетiн заттардың нормасынан артық багажды тасымалдау төлемін растайтын, сондай-ақ жүктiң жарияланған құндылығы үшiн ұсталатын алымдарды растайтын құжат.
30) тасымалдау бағыты - белгiлi бiр тәртiппен билетте көрсетiлген (жүк тасымалдағанда жүк құжаттамасында) жөнелту, трансфер және межелі әуежайлар (пункттер);
31) жiберушi - жүктi жiберетiн заңды немесе жеке тұлға;
32) жолаушы - әуе тасымалы келiсiмi немесе өзге де заң негіздеріне сәйкес әуе кемесiнде тасымалданатын және экипаж құрамына кірмейтін жеке тұлға;
33) жолаушы купоны (Passenger Coupon) - жолаушы мен оның жүгiн әуеде тасымалдау келiсiмiн растайтын, электрондық-сандық жазба немесе қағаз тасығышта (БСО) ұсынылған билет бөлiгi;
34) ұшу купоны (Flight coupon) - жолаушыға билетте көрсетiлген пункттер арасында тасымалға құқық беретiн билеттiң бөлiгi;
35) багаждың, жүктiң зақымдануы - тасымалдау кезiнде багаждың, жүктiң немесе багаждың, жүктiң бір бөлiгiнiң өзiнiң бастапқы мақсатында толық пайдаланыла алмайтындай жарамсыз жағдайға келуi (өз құндылығын жоғалтады);
36) алушы - жүкқұжатта жүктi алушы ретiнде көрсетiлген заңды немесе жеке тұлға;
37) рейс - әуе кемесiнiң маршруттың бастапқы және соңғы пунктiне дейiн орындайтын бiр бағыттағы ұшуы (кесте бойынша немесе кестеден тыс);
38) тұрақты рейс - бекітілген кестеге сәйкес орындалатын рейс;
39) алым - авиакомпания алатын және енгізетін және жолаушыларды, багажды, жүктi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау құнына кiретiн әуежай және отын алымдары;
40) тариф - белгiлi бiр бағыт бойынша жөнелту пунктiнен межелі пунктке дейiн бiр жолаушыны не багаж немесе жүктiң салмақ немесе көлем бiрлiгiн тасымалдағаны үшiн авиакомпания өндіріп алатын төлем;
41) белгілі бір класқа қызмет көрсету тарифі - бiр жыл ішінде ешқандай шектеулерсiз қолданылатын, тиiстi қызмет көрсету класының тарифi (қолданыс мерзiмi тасымалдау маусымымен анықталатын маусымдық тарифтердi есепке алмағанда);
42) трансфер - әуе тасымалы келiсiмiне сәйкес ауысып отыру әуежайына дейiн бiр рейспен орындалатын тасымал, ал әрi қарай тасымал сол немесе өзге авиакомпанияның басқа рейсімен жүзеге асырылады;
43) электрондық билет - кәдімгі қағаз бланктің орнына ұсынылатын авиабилеттің электрондық формасы;
44) төлем құжаты - қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделген және тапсырыс төлемін растайтын фискалдық құжат (кассалық чек, төлем туралы түбіртек немесе банктің көшірмесі). Төлем құжаты әуе тасымалы шартына қолма-қол ақша қаражаттарын төлеу кезінде беру үшін Әуе тасымалы шартын жасауды растайтын тиісті құжат болып табылады;
45) қалыпты тариф – қолданыс мерзімі 1 (бір) жыл және шектеулері жоқ бірінші, бизнес немесе экономикалық/туристік класқа қызмет көрсету үшін белгіленген ең жоғарғы (толық) тариф;
Тасымалдауды ұйымдастыру бойынша және бағыты бойынша әуе тасымалдарының классификациясы. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшу аппаратының негізіг типтері.
Қазiргi уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткiзе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.
Қазақстан 188 мемлекеттің ішінде халықаралық әуе көлік ұйымының мүшесі болып табылады. 2008 жылдың көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасында 47 әуе компания бар (27 авиахимия жұмысы үшін 20 тұрақты және чартерлік тасымалдау). Ұшақтар саны – 540, тік ұшақтар – 88.
Туристерді тасымалдау жұмыстарын графиктік ұшақтармен немесе арнайы рейстермен жасайды. Әуе мекемелері әртүрлі қызмет түрін ұсынады: жолаушыларды тасымалдау, жүк тасымалдау, пошта және чартерлік тасымалдау (ұшақты жалға алу), туристік саяхаттарды ұйымдастыру, өндірістік-коммерциялық операциялар, құрылыс және жобалау, т.б.
Әуе саяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде мамандар білу керек:
– әуе ұшулардың нормативті-құқықтық базасын;
– әуе компаниялардың қызметін;
– әуе билеттерді брондау жүйесін;
– жүктерді тасымалдау ережелерін;
– чартерлік тасымалдауды ұйымдастырудың ерекшелігін;
– әуежайларда қызмет көрсету жүйелерін;
– әуе компания мен туристік мекеме арасындағы өзара қызмет тәртібін;
– әуе маршрутындағы туристік топ басшысының жұмысын ұйымдастыру және құқықтары мен жауапкершілігін;
– ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін;
– жолаушыларды сақтандыру тәртіптерін және т.б.
Қазақстан Республикасы «Көлік туралы» заңы көлік мекемелердің клиент алдындағы жауапкершілік жүйесін және кейбір жолаушыларды тасымалдау үшін жеңілдіктерді анықтады. Кейбір әуе компаниялар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, еңбек мүгедектеріне, кейбір студенттерге арнайы маусымдық тарифті қолданады. Келісімдерді жасаған кезде басқа да жеңілдіктер түрлері туралы жағдайлар айтылады. Әуе компанияларда келісімдердің стандартты формалары бар. Туристік мекемеге тек қана өздерінің реквизиттерін жазу және қолының үстіне мөр басу керек. Ол шағын топтарды тасымалдау кезінде ғана жасалады. Егер чартерлік рейс ұйымдастырылса, онда келісім әрбір туристік мекемелермен жасалады.
Әуе билеттер түрлері:
1) Көшірілетін автоматтық билет («Сэндвич»), («Transitional Automated Ticket – TAT»);
2) Отыру талоны бар автоматтық купонды билет (Automated Ticket/Boarding Pass);
3) Қолымен жазып алу билеті (manual Issued Ticket);
4) IATA-ның нейтралды бланклері;
5) Электронды билет (Electronic Ticket).
Достарыңызбен бөлісу: |