Мақал
Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Оның мәтелден ерекшелігі:
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.
Ой нақты айтылады.
Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.
Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді,
Жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.
Мәтел
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Оның мақалдан ерекшелігі:
Көбіне бір бөлімді болады.
Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.
Көбіне эмоциялық мағына басым болады.
Көппен көрген- ұлы той.
Әлін білмеген әлек.
Ел құлағы – елу.
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.
Нақыл сөз
Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,
мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы:
Еккенің тіккен болса, орғаның балауса болмас. (М.Әуезов)
Омоним
Омоним - дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.
Мысалы: «Жақ» сөзінің омонимдік мағыналары:
Адамның жағы
От жақ
Оң жақ
Маған жақ бол
Қара бояу жақ
Омонимдердің жасалу жолдары:
жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс),
жастық (жас+тық);
Кірме сөз арқылы: бақ (парсышы – бақт), сап (арабша – саф);
сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);
Достарыңызбен бөлісу: |