Тасымалдауға болмайтын жағдайлар



бет5/6
Дата10.10.2022
өлшемі205,5 Kb.
#152372
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ тілінен дидактикалық сызбалар

Морфология
Сөз құрамын зерттейді.








Дара сөз Күрделі сөз
1. түбір сөз 1. қос сөз
2. туынды 2. біріккен сөз
сөз 3. қысқарған
сөз
4. тіркескен сөз

1. зат есім
2. сын есім
3. сан есім
4. есімдік
5. етістік
6. үстеу
7. шылау
8. еліктеу сөз
9. одағай

1. Жалғау 2. Жұрнақ
1. көптік 1. сөз
2. септік тудырушы
3. жіктік 2. сөз
4. тәуелдік түрлендіруші


А) Біріккен сөздің сыңарлары тұлғасын өзгертіп біріксе, оны кіріккен сөз деп айтады. Мысалы: Биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн), әкел (алып кел), апар (алып бар), ендігәрі (ендігіден әрі), жаздыгүні (жаздың күні) білезік (білек жүзік), қарлығаш (қара ала құс), ағайын (аға іні), қол

ғанат (қол қанат), сексен (сегіз он), сәресі (сахар асы) т.б.




Ә) Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:
1. Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, үлкен-үлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақ т.б.
2. Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы: бара-бара, айтып-айтып, үйдей-үйдей, сөйлей-сөйлей, бір-біріне, көзбе-көз, келер-келмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап т.б.
3. Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады. Мысалы, кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тіс-міс, мәре-сәре, кемпір-семпір, нан-пан, сатыр-сұтыр, салдыр-гүлдір т.б.
4. Бір сыңары ықшамдалып жасалады. Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.


Б) Қосарлама қос сөздің 5 түрлі жасалу жолы бар:
1. Сыңарлары синонимдес болып келеді. Мысалы, зәре-құт, ашу-ыза, дос-жар, тәлім-тәрбие, ыдыс-аяқ, етек-жең, өнер-білім т.б.
2. Сыңарлары антонимдес болып келеді. Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.
3. Бір сыңарлары мағынасыз болып келеді. Мысалы, арық-тұрық, бала-шаға, емін- еркін, жүн-жұрқа, көйлек-көншік, киім-кешек, көрші-қолаң, кедей-кепшік, жоқ-жітік т.б.
4. Екі сыңары да мағынасыз болып келеді. Мысалы, анда-санда, ығы-жығы, қым-қуыт, әңкі-тәңкі, ту-талақай, алба-жұлба, тым-тырақай т.б.
5. Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді. Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени, үнді-еуропа т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет