Тасымалдауға болмайтын жағдайлар


Диалект сөз Әдеби баламасы



бет2/6
Дата10.10.2022
өлшемі205,5 Kb.
#152372
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ тілінен дидактикалық сызбалар

Диалект сөз

Әдеби баламасы

сым

Шалбар

азанда

Таңертең

бәдірен

Қияр

оттық

Сіріңке

көпшік

Жастық

Кірме сөз
Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөздер. Мысалы:
Араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім, т.б.
Парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б.
Орыс тілі: парта, кино, цирк, т.б.
Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді.
Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.


Кәсіби сөз
Кәсіби сөзбелгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздер.
Мысалы: көнек, қауға, жылым, күнжара, ау, атыз, шиіт, сүзекі тоспай, торша, т.б.


Табу сөз
Табу сөз (бұрмалау) – қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздер.
Табу – индонезия тіліндегі «тыйым салу»деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы: шырайлым, айдарлым, төре жігіт, мырза жігіт.
Табу сөздің көпшілігі әр түрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған.

Себеп

Табу сөз

Негізгі сөз

Табиғаттың дүлей күші

жасыл түсті

жай түсті

Ауру түрі

жаман ауру

қылтамақ

Аң аттары

Ұлыма

қасқыр



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет