9. қосжарнақтылар класының және даражарнақтылар класының кейбір топтары Қосжарнақтылар класы. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны – 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – қамбий болады.
Даражарнақтылар дегеніміз – шашақ тамырлы, жапырақтары қатар (параллель) және доғалы жүйкелі өсімдіктер. Жапырақ тақтасы көбінесе таспа тәрізді. Тұқымы бір ғана жарнақтан тұратын гүлді өсімдіктер класы. Мысалы,пияз, бидай, құртқашаш, пальма және басқа өсімдіктер – даражарнақты өсімдіктер.