Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
Қызылша– алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туыстастың 6 түрі бар. Екіжылдық қызылшалар бірінші жылы жемтамырына өсімді бөлігінде қоректік зат жинайды. Ал екінші жылы оны гүлдері мен тұқымдарына жұмсайды. Бұл – екіжылдық қызылшалар түрі. Кәдімгі қызылша – қызылшаның мәдени түрі.
Оған асқаналық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасы қамтылады. Қант қызылшасында 23%-ға дейін қант болады. Жапырақты қызылша (мангольд) – қант қызылшасының түршесі.
Қант қызылшасы республикамызда Талдықорған, Жамбыл облыстарында өсіріледі. Етті, жуан тамыры жемтамыр деп аталады. Тамырдан сағақты, топтасқан жапырақтар өсіп шығады. Гүлсидамдық қуатты сабағы екінші жылы пайда болады. Жасыл немесе ақшыл 5 бунақты гүлдері жеке-жеке немесе 2–5-тен топтасып өседі. Пісіп жетілген кезде 2–6-дан бірігіп жеміс шоғырын түзеді. Бірінші жылғы өсім мерзімі 160–170 күн, екінші жылы 100–130 күнге созылады. Жылу сүйеді.