Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


Омыртқалы жануарлар даму кезеңдері



бет189/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Омыртқалы жануарлар даму кезеңдері.
Буылтық құрттар мен төменгі сатылы желілілердің байланысы.
Төменгі сатылы желілілерден қандауыршаны еске түсіріп көріңдер. Қандауыршаның дене құрылысында буылтық құртқа үқсастық белгілер көп-ақ. Алдымен сыртқы көрінісі созылыңқы — құртқа үқсас болып келді, сондай-ақ мұнда ми дамымаған, қанайналымы — тұйық жүйелі, зәршығару мүшелерінің құрылысы да құрттардыкіндей. Қандауыршаның бүкіл арқасын бойлай созылған ішкі қаңқасы — желісі құрттардан байқалмайды. Қандауыршаның жүйке жүйесі құрттардыкіндей шынжыр тәрізденіп құрсақ жағында созылмай, желінің үстінде созыла орналасуы екі жануардың арасындағы негізгі айырмашылық болып табылады. Қандауырша мен құрт денесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты толығырақ түсіну үшін оқулықтағы тиісті тақырыптарды оқып, екеуінің негізгі байланысын саралап көріңдер. Қандауыршаның дене құрылысы құртқа қарағанда күрделі екеніне айқын көз жеткізесіңдер. Қандауырша — аралық жануар. Желілі жануарлардың шығу тегін зерттегенде қандауыршаның жануарлармен байланысы айқынырақ түсіндіріледі.
Буылтық құрттардың өте ертедегі түріне ұқсас теңіз жәндігі эволю-ция барысында, табиғи сұрыпталу нәтижесінде күрделілене түсіп,желілі жануарларға айналды. Тіршілік әрекеті су түбінде тіршілік етуге бейімделгендері бассүйексіз жануарлар — қандауыршаларға, жыртқыштықпен тіршілік ететіндері — бассүйекті жануарлар — сүйекті омыртқалыларға бастама берді. Әрине желі ең алдымен шеміршекті омыртқаларға, соңынан сүйекті омыртқаларға айналып, жыртқыш жануарлардың еркін қозғалуына, мінез-қылығының күрделілене түсуіне негіз жасады. Сөйтіп, Жер бетінде омыртқалы жануарлар пайда болды.
Омыртқалы жануарлардың бүкіл эволюциялық өзгерісіне көз салсаңдар, алғашында суда тіршілік еткен денесі созылыңқы жануарларда алдыңғы қос жүзбеқанаттың пайда болғанын балықтар класынан еске түсірулеріңе болады. Омыртқа жотасы шеміршектен түзілгеніне қарамастан мұндай жануарлар қорегін қуып жетуде күрделі қимыл-әрекеттер жасап, табиғи сұрыпталу нәтижесінде дене пішіні суда шапшаң жүзуге бейімделген, жүйке жүйесі күшті дамыған акула тәрізді жануарлар дүниеге келді.
Жануарлардың кей тобы біртіндеп құрлықта тіршілік ете бастады да, қос жүзбеқанаттар құрлықта жүруге бейімделіп, аяққа айналуы нәтижесінде қосмекенді жануарлар пайда болды. Олар суда да, құрлықта да еркін тіршілік ете алды, өйткені қаңайналым және тынысалу жүйелерінде өзгерістер болып, өкпе арқылы тыныс алатындықтан, қанайналымның екі шеңбері пайда болды. Өздеріңе белгілі, қосмекенділер тек өкпе арқылы ғана емес, терісі арқылы да тыныс алатың, құрлықта тіршілік ететін жануарлар үшін бұл қасиет онша жеткілікті әрекет болмағандықтан, эволюция барысында, тіршілік үшін күреске төтеп бере алмаған қосмекенділер жойыла бастады да, дене температурасы тұрақты жануарлар — құстар мен сүтқоректілер, терісі құрғақ жорғалаушылар басымырақ тіршілік етті. Қатал ауа райына жорғалаушылар да шыдамады, өйткені олардың дене температурасы тұрақты емес еді.
Қосмекенділер мен жорғалаушылардың ұрпағын дамыту әрекеті де тұр санының сақталып қалуына мүмкіндік бермеді, сондықтан кейбір төзімді түрлері болмаса, басым көпшілігі құрлықта тіршілік ете алмады. Сөйтіп, эволюциялық қозғаушы күш — өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және табиғи сұрыпталу елеулі жағдайларының әсерінен желілілер — омыртқа жоталы жануарлар эволюциясы бір реттілікпен дами берді, құстар мен сүтқоректі-лердің табиғатта молырақ тіршілік етуіне мүмкіндік туды.
Адам да биологиялық түр ретінде желілілер типіне, омыртқалылар тип тармағына, сүтқоректілер класына, приматтар отрядына жатады, туысы бойынша — адам, түрі бойынша саналы адам деп есептеледі. Ол шығу тегі жөнінен жануарлар әлеміне тығыз байланысты, бірақ адамды жануар деуге болмайды. Қазақ халқы адамды басқа тірі ағзалардан ерекше санап, «кім?» деген сұрақты тек адамға ғана бағыштады.
Адам жануарға ұқсас бола отырып, тік жүруі, бассүйек құрылысының ерекшелігі, ми сыңарларының үлкендігі, айқын сөйлеуі, ойлай білуі, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білуі, еңбек етуі арқылы жануарлардан ерекшеленеді. Адам саналы болғандықтан да табиғатты игере отырып, оны қорғайды, табиғаттан үйренеді. Жер бетінде органикалық дүниенің ұзақ уақыт дамуы барысында «Адамды адам еткен — еңбек». Адам қоғамдық еңбек әрекеті негізінде қалыптасқан санасы нәтижесінде өмір сүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет