Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
Тыныс алу жүйесi. Ол өзiндiк ерекшелiгi бар және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа мүшелерге қарағанда анағұрлым күрделi. Құстардың өкпесi бауырымен жорғалаушылардың өкпесi сияқты қапшық емес, тығыз көпiршiктi дене, көкiрек қуысының арқа жақ қабырғасына бекидi. Ауа танау тесiктерi арқылы ауыз қуысына, одан әрi көмекей арқылы кеңiрдекке барады. Дене қуысына кiре берiсте кеңiрдек екi бронхыға тармақталып, оң және сол өкпеге енедi. Бронхылары бiрнеше ұсақ тарамдарға бөлiнiп, олардың кейбiреулерi өкпенi тесiп өтiп, ауа қапшықтарымен жалғасады.
Бронхылардың тарамдары өзара нәзiк түтiктер парабронхылар арқылы қосылады. Оларда бiрнеше тұйық бiтетiн түiктер тарайды, оны бронхиалдар деп атайды. Бронхиалдардың айналасына қан капиллярлары шоғырланады.
Бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар, ауа қапшықтарын құрайды. Ауа қапшықтары түрлi iшкi мүшелердiң аралығына орналасады. Олар еттердiң аралығына, терi астына және сүйектердiң қуыстарына де енедi. Ауа қапшықтары мойында 1 жұп, бғана аралығында бiреу, кеудеде 3 жұп, құрсағында 1 жұп болады. Ауа қапшықтарының ең басты маңызы құстар ұшқанда олардың тыныс алуын реттейдi. Құстар қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемi кiшiрейiп, ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Демек, құстар денесiне ауа ендiргенде де және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу жүрiп отырады. Бұл құбылыс қос тыныс деп аталады. Құстардың тыныс алуы олардың қанатының қимылының шапшаңдығына байланысты. Құс қанаты тез сермеп, тез ұшатын болса, соғұрлым тыныс алуы күшейедi. Ауа қапшығының тыныс алудағы маңызынан басқа қызметi бар. Олар еттердiң, терiнiң араларында және сүйектердiң iшiне кiрiп құстың салмағын 10 процентке дейiн жеңiлдетедi, мүшелердiң арасында жылудың реттеушi қызметiн атқарады, ұшу кезiнде мүшелер арасына үйкелiстi азайтады.