Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет176/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Ет жүйесi. Құстардың бұлшық еттерi тiршiлiк әрекетiне байланысты қосмекендiлерге және бауырымен жорғалаушыларға қарағанда жiктелiп, күрделенген. Бұлшық еттер ұшу кезiндегi күрделi қозғалысқа байланысты денесiнiң арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөлiмiне төс сүйегiнiң екi жағына орналасқан. Аяқтарын қозғауға икемделген көлемдi бұлшық еттер әсiресе саусақты бүгетiн бұлшық етер жақсы дамыған. Құс саусақтарымен бұтаны қысып алып ұйықтаған кезде берiк отыра алады. Құс бұтаққа неғұрлым басылып отырса, соғұрлым саусақтары бұтақты берiгiрек қармайды. Сайып келгенде құстардың етi мен қаңқасы жақсы жетiлген. Қозғалыс жағдайына қарай әсiресе, қанаттарын жоғары көтерiп, төмен түсiрiп тұратын көкiрек еттерi ерекше жақсы жетiлген. Мойын мен аяқарындағы сан еттерi де жақсы жетiлген. Ол әсiресе жүгiрiп жүретiн түйеқұстарда айырықша. Аяқтарындағы бұлшық еттер, аяғын бүгiп және жазып тұратын жұмыстарын атқаратын бөлiмдерге бөлiнген. Ал саусақтарға баратын ерекше бұлшық еттердiң төменгi жағы сiңiрге айналып, саусақ сүйектерiне жалғасады. Сондықтан әрбiр саусақ және жеке жұмыс атқара алады. Құс бұтаққа қонғанда сiңiрлерi созылады да, саусақтары бүрiледi. Сондықтан бұтаққа отырғанда құстар ешбiр қауiпсiз ұйықтай бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет