Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет178/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Нерв жүйесi. Құстардың нерв жүйесi бауырымен жорғалаушылармен салыстырғанда бiршама жақсы дамыған. Алдыңғы миы үлкен және ол жарты шарға бөлiнген. Сондықтан аралық ми мен орта мидың бiразын үстiнен жауып тұрады. Құстардың көп қозғалғыштығына және ұшу кезiнде алуан түрлi күрделi қозғалыстар жасауына байланысты мишық та әжептеуiр көлемдi. Сопақша миы, басқа омыртқалылардағыдай жұлынға айналады. Алдыңғы мидың жақсы жетiлген себебi құстардың барлық тiршiлiк процесiн осы миы басқарады. Құстардың тiршiлiгiне, жүрiс тұрысы қосмекендiлердi қойып, бауырымен жорғалаушылардiкiмен салыстырғанда әлдеқайда күрделi. Құстар ұя салатын жер iздеп табады, оны жасауға керектi құрылыс материалды жинайды. Тек ұя алып қана қоймай жұмыртқа басады, оны қорғайды, балапандарын қоректендiредi. Құстардың бас нервтерi он екi жұп болады. Жұлыны иық және бел маңайында бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты кеңiп жалпаяды.
Сезiм мүшелерi. Олардың сезiм мүшелерi жақсы жетiлген. Құстардың көру мүшелерi жақсы қызмет атқарады. Мысалы, құстың көзiнiң қырағылығын аспанда ұшып жүрген қарақұстың шөптiң арасындағы тышқандары көруiнен аңғаруға болады. Жылдам ұшып бара жатқан қарлығаш ұшып бара жатқан насеккомдарды байқап қалуы соның айғағы. Түн құстарының көз алмалары үлкен болады, соның нәтижесiнде түнде жақсы көредi. Құстардың есту мүшелерi iшкi және ортаңғы құлақтан тұрады. Есту сүйегi бiреу болады. Құстар жақсы естидi. Олардың құлағы көзiмен бiрге негiзгi сезiм мүшелерi болып есептеледi. Құстар өздерiне төнген қауiптi ең алдымен құлақтары арқылы сезедi. Есту сүйегi жақсы жетiлгеннiң нәтижесiнде дыбыс ырғағын құлақ қуысына жiбергенде дыбыс шығарады. Дыбыстың шығуы құстар өмрiнде алуан түрлi қызмет атқарады. Құстардың балапандарымен қатынас жасауы, еркектерi ұрғашыларымен түсiнiседi, түр арасындағы қатынастары т.б. осы дыбыс арқылы орындалады. Иiс мүшелерi басқа омыртқалы жануарлармен салыстырғанда нашар дамыған, бiрақ өлексемен қоректенетiн құстарда (таз қара) кейбiр түрлерiнде де жақсы дамыған (үйректер, жылқышылар). Дәм сезу ауыз қуысында және тiлде орналасқан дәм тiтiркендiргiшерiн сезiнетiн арнайы жинақталған клеткалар қабылдайды. Әрине бұл сүтқоректiлермен салыстырғанда құстар тiршiлiгiнде онша маңызы бола қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет