Нақтылау сөздің немесе БТ тіркесінің кең заттық-логикалық мағынасынан АТ сөзі мен тіркесіне барынша тар мағынада ауысуы. Нақтылаудың қолданылуы АТ кең мағынадағы сөздің болмауына байланысты. Нақтылаусыз орындала беретін дифференциациялаудан мағынаны нақтылаудың айырмашылығы – ол дифференциациясыз жүзеге аспайды. Ағылшын мен француз тілдерінің лексикалық бірліктерінің сəйкестігіне қарағанда, нақтылау орыс тілінің лексикасына тəн қасиет. Оны лингвистер де атап көрсетеді. Мəселен, ағылшынның «meal» сөзі түрлі сөйлеу стильдерінде қолданылады. Meal сөзінің баламасы: принятие пищи, еда. Бірақ Have you had your meal? тіркесін аудару кезінде бұл баламаларды мүлде пайдалануға болмайды. Тəулік уақыттарына байланысты былайша айтуға тура келеді: Вы уже позавтракали? Пообедали? немесе Поужинали? Сондықтан, ережеге сəйкес, «meal» сөзін аудармада «таңғы ас, түскі ас, кешкі ас» т.б. тіркестерімен ауыстыру біршама нақты:
At seven o’clock an excellent meal was served in the dining-room.
Асханада сағат жетіде өте жақсы түскі ас берілді.
Егер тіркес ағылшын романынде не əңгімесінде кездессе, онда нақты жағдайды (ең алдымен əлеуметтік) білу қажет болады, себебі ауқатты буржуазиялық отбасынан шыққан ағылшындық үшін түскі ас уақыты жұмысшы отбасының кешкі ас уақытымен сəйкес келеді.
Нақтылау ағылшынның to say мен to tell «сөйлеу» етістіктерінде кең таралған, олар орыс тіліне тек «сөйлеу» немесе «айту» деп аударылып қана қоймайды, «тіс жару, қайталау, ескеру, мақұлдау, хабарлау, сұрау, қарсы шығу, бұйыру» жəне т.б. баламаларын қолдануға болады.
“So what?” I said.
Достарыңызбен бөлісу: |