Аударматанушы Я.И. Рецкер барлық трансформациялар тппологиясын тілдік жүйелер деңгейіне негіздей отырып, лексикалық жəне грамматикалық деп бөледі. Ол лексикалық трансформацияны контекстегі бөтен тілдегі сөздің мағынасын ашатын логикалық ойлаудың тəсілдері деп анықтады. Я.И. Рецкер лексикалық трансформациялардың ішінен жеті ерекшелікті көрсетеді:
мағыналардың дифференциациясы;
мағыналардың конкретизациясы;
мағына генерализациясы;
мағыналық даму;
антонимдік аударма;
толығымен өзгерту;
аудармадағы компенсация.
Зерттеуші: «Грамматикалық трансформациялар АТ нормаларына сəйкес аударма үдерісіндегі сөйлемнің құрылымының өзгеруі болып табылады. Трансформация сөйлем құрылымы толығымен немесе жартылай өзгеруіне байланысты толық немесе жартылай болуы мүмкін. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері алмастырылса, толық трансформация, ал тек тұрлаусыз мүшелері алмастырылса – жартылай болады. Сөйлем мүшелерінен басқа, сөз таптары да ауыстырыла алады», – деп қорытындылайды [4, 39].
А.Д.Швейцер аударма ғылымы туралы алғашқы терминдер тізімін жасай отырып, аударма əдістері мен трансформация тəсілдерін ажыратады. Оның концепциясында аударма əдістері аударма тəжірибесіне жатады, ал əдістердің негізін құрайтын трансформация көбіне аударманың теоретикалық моделінің элементтері болып табылады. Ол трансформацияны семантикалық жəне синтаксистік (грамматикалық) деп бөледі. Семантикалық трансформацияларды ол «ситуативті модельмен сипатталатын жеке сөздер мен айтылымдардың мағыналық құрылымының жалпы өзгертілуі» деп, ал синтаксистіктерді «айтылымның грамматикалық құрылымының өзгертілуі» деп анықтайды [5, 274]. А.Д. Швейцер семантикалық трансформацияларға: