Л.С.Бархударов теориясында аудармашылық трансформациялар аудармалық тəсілдермен үндеседі. Ғалым осылайша ауыстыруды аудармашылық трасформацияның ең тараған əрі көп қырлы түрі екенін анықтаса, ал нақтылауды лексикалық ауыстырудың бір типі ретінде қарастыра отырып, оны тəсіл деп те атайды.
Белгілі аударматанушы З.Д.Львовская Бархударовтың ізімен аудармашылық трансформациялардың барлығын «эквиваленттті өзгертулер» деп атай отырып, оларды жоғарыдағы төрт қарапайым типке апарып қосады. Алайда, аудармашылық ауыстыруларды түрлерге басқаша жіктейді: а) ортақ типтің ауысуы, б) сөйлем мағынасының ауысуы, в) бір сөйлемді екі немесе бірнеше сөйлемге ауыстыру, г) нақтылау т.б. [2, 123]. Бұндай типология кез-келген классификацияға қажет нақты ортақ логикалық негіз қарастырылмағандықтан да шашыраңқы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |