Сонымен не? – сұрадым мен.
He told me I should always obey my father.
Ол маған əкемді əрқашан тыңда деп кеңес берді т.б.
Генерализация (мағынаны жалпылау) біршама тар мағынасы бар БТ бірліктерінің кең мағынадағы АТ бірліктеріне ауысуы, яғни өзгеруі.
Мағынаны жалпылау тəсілі дифференциациялау мен нақтылау тəсілдеріне қарама-қарсы болып табылады, себебі ол жекені жалпыға, түрлік ұғымды топтыққа алмастырады. Ағылшын не француз тілінен орыс тіліне аудару кезінде бұл əдіс дифференциациялау мен нақтылауға қарағанда сирек қолданылады. Бұл ағылшын мен француз лексикасының ерешеліктеріне байланысты. Осы екі тілдің сөздері сол мағынаға қатысты орыс сөздеріне қарағанда абстарктылы сипатқа ие болады. Мəселен, орыстың көркем шығармаларында кейіпкерлердің бойы мен салмағы (егер бұл спорттық түсінікке байланысты болмаса) мұқият дəлдікпен көрсетілмейді. Ал ағылшын түпнұсқасындағы a young man of 6 feet 2 inches орыс тіліне «ұзын бойлы жас жігіт» деп тəржімаланады. Генерализация əдісі АТ бірліктері бойынша жүйелі сəйкестіктер де құруы мүмкін: foot – аяқ, wrist watch – қол сағаты жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |