Синтаксистік ұқсастық ағылшын-орыс аудармаларында кең қолданылады. Аударма кезінде сөйлем құрылымының өзгеруі аударма эквиваленттілігін сөзбе-сөз аударма арқылы жасау мүмкін еместігімен түсіндіріледі.
Сөйлемнің бөлшектенуі – бұл түпнұсқадағы сөйлемнің синтаксистік құрылымының АТ екі немесе анағұрлым предикативті құрылымдарына өзгеретін аударманың тəсілі. Бөлшектенудің трансформациясы БТ жай сөйлемінің АТ күрделі сөйлеміне өзгеруіне немесе БТ күрделі сөйлемдерінің АТ бірнеше жай сөйлемдеріне айналуына əкеледі:
Both engine crews leaped to safety from a collision between a parcels train and a freight train near Morris Cowley, Oxfordshire.
Оксфордшир графтығында Моррис Коули бекетіне жақын жерде пошта жəне тауар пойыздары соқтығысты. Екі пойыз бригадасының мүшелері жолда пойыздан секіріп, аман қалды.
Мысалда бөлшектенудің трансформациясы аударуға қиын ағылшынның leaped to safety тіркесінің мағынасын беруге жəне оқиғаларды
бейнелеудің орыс тіліндегі біршама табиғи реттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (алдымен соқтығыс болды, кейін бригада мүшелері аман қалды).
Достарыңызбен бөлісу: |