Аударма үдерісінде түрлі факторлардың əсерінен аудармашының грамматикалық трансформацияларға жүгінуіне тура келеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары сөйлемді толық не ішінара қайта құрудан, аудармада сөз табы мен сөйлем мүшелерін ауыстырудан тұрады. Ағылшын немесе француз тіліндегі мəтіндерді аудару кезінде, мейлі ол көркем, публицистикалық, тіпті газеттік мəтін болсын, сөйлемнің грамматикалық құрылымына қарағанда, жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарына неғұрлым жиі тоқталасың. Аудару кезінде жазушының өзіндік стилінің ерекшеліктері ғана қиын мəселе бола алады. Ағылшын жəне француз тіліндегі синтаксистік құрылымдардың басым көпшілігі орыс тіліне соншалық жақын немесе əдеттегі орыс аналогтарымен жеңіл берілетіндігі сонша – білгір аудармашыға аса қатты қиындық туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |