Task 1 Translate the texts into Kazakh/Russian (in writing) Draw up a glossary to the texts Задание 1



бет22/24
Дата07.02.2022
өлшемі75,17 Kb.
#88193
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Практика

Тіпті орыс тілінде формальді сəйкестігі жоқ ағылшын тіліндегі синтаксистік құрылымдар көп жағдайларда білікті аудармашыларға қатты қиындықтар туғызбайдыАғылшын тілінің қарапайым грамматикасын білу герундиальді кешенге алмастыруды немесе перфектті инфинитивті құрылымдарды табу үшін жеткілікті. Синтаксистік құрылымға қосымша мазмұндық немесе экспрессивті-стилистикалық қызмет қосылғанда басқаша жағдай туады.
Грамматикалық трансформациялар аударма үдерісінде АТ нормаларына сай сөйлем құрылымын қайта жасаудан тұрадыСөйлем құрылымы толықтай не ішінара өзгеруіне байланысты трансформациялар толық не ішінара бола алады. Əдетте, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ауыстырылғанда толық трансформация жүреді, ал тұрлаусыз мүшелері ауыстырылса – жартылай трансформация жүреді. Сөйлем мүшелерінен басқа сөз таптары да алмастырылады. Көбіне бұлар бір уақытта жүреді.
Аударма үдерісіндегі грамматикалық ауысудың кең таралған түрі сөз таптарының ауысуы болып табыладыАғылшын-орыс аудармаларына зат есімнің етістікпен жəне сын есімнің зат есіммен ауысуы тəн. Сөйлем мүшелерінің, сөйлем түрінің ауысуы, бөлшектенудің немесе бірігудің трансформациясы синтаксистік қайта құруға əкеледі. Аударма үдерісінде күрделі сөйлем жай сөйлеммен алмасуы, сабақтас сөйлем салалас сөйлеммен, шылаулар арқылы байланысқан күрделі сөйлем шылаусыз жай сөйлеммен жəне керісінше ауысуы мүмкін. Антонимдік аударма (шендестіре аудару) – бұл түпнұсқадағы болымды форманың аудармада болымсыз формаға ауысуы немесе керісінше болымдының болымсызға өтуі, БТ лексикалық бірлігінің қарама-қарсы мағынасындағы АТ бірліктеріне ауысуы арқылы көрінетін лексика-грамматикалық трансформация:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет