Task 1 Translate the texts into Kazakh/Russian (in writing) Draw up a glossary to the texts Задание 1


Сонымен аударма өзгертулері (трансформациясы) типтерінің бірнеше жіктеулері бар екендігіне көз жеткіздік



бет10/24
Дата07.02.2022
өлшемі75,17 Kb.
#88193
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Практика

Сонымен аударма өзгертулері (трансформациясы) типтерінің бірнеше жіктеулері бар екендігіне көз жеткіздік. Əрине, олардың барлығы тым шартты, трансформацияның түрлі типтерінің арасында қатал кедергі жоқ. Кейбір трансформацияларды түрлі типтерге жатқызуға болады. Бірақ бұл ерекшелік қағидаларды түсіну мен оны тəжірибеде қолдануда соншалықты маңызды емес. Сонымен, біздер аударма үдерісін бір тілдегі мəтінінің екінші тіл мəтініне трансформациясы екенін анықтадық. Аударма кезінде əрқашан бірі екіншісіне тəуелсіз жасалатын бастапқы, ал екіншісі біріншісінің негізінде анықталған операциялар – тіларалық трансформациялар арқылы жасалатын екі мəтін болады. Өзгерту операциясы кезінде бастапқы болып қарастырылатын БТ(бастапқы тіл) бірліктері сипатына қатысты аударма трансформациялары лексикалық жəне грамматикалық болып бөлінеді. Сондай-ақ, кешенді лексика-грамматикалық трансформациялар бар.
Контекстегі өзге тілді сөздің мағынасын ашатын жəне оған сөздіктегілермен сəйкес келмейтін баламасын табатын сөздерді лексикалық трансформациялар деп атау қабылданған
Аударма үдерісінде БТ жəне АТ(аударылатын тіл) қатысуымен қолданатын лексикалық трансформациялардың басты түрлері: аударма транскрипциясы мен транслитерациясы, калькалау мен лексико-семантикалық ауыстырулар (нақтылау, жалпылау, модуляциялау). Көп таралған грамматикалық трансформацияларға: синтаксистік ұқсастық (сөзбе-сөз аударма), сөйлемнің бөлшектенуі, сөйлемдердің бірігуі, грамматикалық ауысулар (сөз, сөз таптары немесе сөйлем мүшелерінің формалары). Кешенді лексико-грамматикалық трансформацияларға антонимдік аударма, экспликация (бейнелеу аударма) жəне компенсация жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет