Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет



бет4/4
Дата09.08.2017
өлшемі11,74 Mb.
#23157
1   2   3   4

ДҮНИЕДЕ НЕ ТӘТТІ, НЕ АЩЫ?

Бұйық пен Сұйық шығады

С ұ й ы қ: Бұйық, айтшы осы, дүниеде не тәтті?

Бұйық: Соны да білмейсің бе? Тіл тәтті.

С ұ й ы қ: Кімнің тілі?

Бұйық: Әрине, әйелдің тілі. Балдай ғой шіркін, балдай!

С ұ й ы қ: Әйелдің де әйелі бар-ау.

Бүйық: Әрине, маған - менің Сүйрігімнің, саған - сенің Жүйрігіңнің тілі тәтті.

С ұ й ы қ: Қане, осы екеуміздің әйелдеріміздің қайсысының тілі тәттірек екен, салыстырып керейікші.

Бұйық: Көрсек, көрейік. Мәселен, Сүйрік мені бірдеңеге көндіргісі келсе: «Ақылдым менің, мені сенен басқа бір жан түсінбейді, сен сияқты байға тиген дүниеде менен бақытты әйел жоқ» деп бастайды.

С ұ й ы қ: Сонан соң?

Бұйық: Сонан соң: “Рас, мен сені түсінемін ғой”, - деймін де, айтқанын істеймін.

С ұ й ы қ: Ой, ол түк емес, біздің Жүйрік: «Ақымағым-ау, мен бір сен деп жүрмін ғой жарық дүниеде, әйтпесе, өле салар едім, әдірем қалсын мынау қу жалған” - дейді. Кейде: “о дүниеде сенсіз қайтіп жүремін” деп көкірегі қарс айырылады ғой.

Б ұ й ы қ: Шынында, керемет екен ғой. Сен не істейсің?

С ұ й ы қ: Не істеуші едім, өлмей-ақ қой, о дүниеде жалғызсырамай- ақ қой деймін де, айтқанын екі етпеймін.

Бұйық: Жүйрігің сезге жүйрік-ақ екен!

С ұ й ы қ: Ой, оның көңілі жай тауып, балбұл жанып отырған кездегі айтқанын есітсең ғой, шіркін. Табанда жайылып тесек боп, не құрдай жорғалап, құлы болып кетуге даярсың ғой.

Б ұ й ы қ: Не дейді сонда?

С ұ й ы қ: Жаным менің, жалғызым менің. Мен сені ешкімге айырбастамаймын. Мен сені о дүниеге де бірге ала кетемін, бұрын өлетін болсаң, етегіңе жармасып қалмаймын, бірге өлемін дейді.

Бұйық: Ой, бұл түк емес. Біздің

Сүйрік: Бұйығым менің, ала көз бұқашығым менің, асылым менің, пантокринім менің, женшенім менің... деп шұбыртады ғой.

С ұ й ы қ: Халықаралық бизнестің жені бөлек екен-ау. Сенің бойыңдағы қасиеттерді де шетелдік басып кеткен бе? Біз Жүйрік екеуміз ондай халге жеткен жоқпыз, құдайға шүкір.

Бұйық: Асықпаңдар, жетпесеңдер жетесіңдер, жеткізеді мына тірлік. Сұйық , сен онан да мынаны айтшы, дүниеде не ащы?

С ұй ы қ: Тіл ащы!

Бұйық: Кімнің тілі?

С ұ й ы қ: Әрине, әйелдің тілі. Мынадай айыр тілі жалаңдаған тірі жыланды көріп пе едің?..

Б ұ й ы қ: Ә-ә! Бұл жағынан сенің Жүйрігің біздің Сүйрікке жете қоймас енді.

С ұ й ы қ: Салыстырып көрейік.

Б ұ й ы қ: Салыстырсақ, салыстырайық. Қане, кім бастайды?

С ұ й ы қ: Бар бәлені өзің бастап қойған жоқсың ба, ұйықтап жатқан жыланның құйрығын басып. Алдымен сенің Сүйрігіңнің қалай сүйреңдейтінін көрейік.

Б ұйр ы қ: Ал, жетіссең тыңда. Біздің Сүйрік көңілі бұзылып келгенде былай дейді: Әй, шетелде еркектер әйелінің пальтосын шешіп, үбектеп бетінен бастап башпайына дейін сүйіп, өліп жатады ғой осы. Кинодан көрмей жүрсің бе, ей? Көрсоқыр! Жүмыстан шаршап келгенде, бірауық көңіл аулауға да жарамайсың. Мұндай еркек маған неменего керек, еркек емес, кеспексің. Чурбан, иә чурбансың! Портянка ты!

С ұ й ы қ: Мұның бәрі түк емес.

Б ұй ы қ: Не? Тақияңа тар кеп тұр ма?

С ұ й ы қ: Біздің Жүйрікті тыңдап кор ендеше. Біздің Жүйрік кейде түнерген бұлтты күнгі найзағайдай жарқылдап, бұршақтай сартылдап, тасыған кездегі асау өзендей, айналасын жайпап келеді. Үлкен демей, кіші демей қырып жібере жаздайды. Үй сыпырылмаған ба, ей, төсегің әлі жиналмапты ғой, шіркін, жатқан жақсы, ә, жатып ішер ас болса, ақымақ басың кешегіден жазылмаған ғой. Бір стопка берейін бе? Атауыңды ішкізем сенің, несчастный алқаш! Әй, жалмауыз, жер жұтсын сені, әтірімді де ішіп қойыпсың ғой. Бір күні бар ғой, саған зәрімді ішкіземін. Әкең арақтан өліп пе еді, ей! Жоқ, шешең арақпен ауыздандырып пе еді?! Тұқымы қағынған, кілең алқаш, өзіңмен кет, балаларымнан аулақ. Саған байланып жүрген мен ақымақпын. Базарда не көп, еркек көп, кіргізіп аламын біреуін. Не қыламын сендей, маскүнем масылды, ақыр түкке жарамайсың. Бар, ана Бұйығыңа қосылып ал. Екі алқаш құшақтасып жүріңдер көшеде.

Б ұ й ы қ; Мені де алқаш деді ме сенің қатының?

С ұ й ы қ: Иә, солай деді, құшақтасып жүріңдер деді.

Б ұй ы қ: Не әкесінің құны бар-ей сенің қатыныңның менде. Сен ғой мені қыстырмайтын жерге қыстырып жүрген. Әй, көрсетейін мен саған?

С ұй ы қ: Әй, Бұйық, мен емес, қатынның айтқаны ғой, енді.

Б ұ й ы қ: Значит, сен солай дегенсің өзің ақталып. Мені алқаш де айтқансың, аузыңды...

(Екеуі бірін-бірі қуып, сахнадан шығып кетеді)

ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕН ӘКЕЛГЕН СЫЙ

Бұйың сахнаға шығып, телефонымен сөйлесуге әрекеттеніп жатқанда Сүйың кіреді

С ұ й ы қ: Телефонды әурелемей-ақ қой, өзім келдім.

Бұйың: Саған телефон соғып жатқанымды қайдан білдің-ей?

С ұ й ы қ: «Айлас қатын мұңдас» деген. Сенің Сүйрігің сапарда, менің Жүйрігім базарда.

Б ұ й ы қ: Оның рас, екеумізге рахат болды ғой. Не ішем, не кием демейміз. Қатындар асырап жатыр, әйтеуір.

Сұйық: Басында-ақ мені асырайсың деп үйленгенмін мен. Бір қатынды жұмсай алмасақ, несіне еркекпіз. Сығанның еркектері құсап жүру керек шалқып.

Б ү й ы қ: Әй, бұл нарықтық қатынас дегенің жақсы екен ғой. Сүйрік баяғы мектепте істей бергенде осындай кең сарайды кім беретін еді бізге?

С ұ й ы қ: Соны айтсайшы, кітапханасының жабылып қалғаны жақсы болды деп жүр біздің Жүйрік те.

Б ұ й ы қ: Бірақ, әйелдің бәрі сенің Жүйрігің мен менің Сүйрігім сияқты емес қой.

С ұй ы қ: Ой, біздікін қойшы, оның айналдырғаны осындағы опто­вый базар ғой. Бәрінен де сенің Сүйрігіңді айт! Әлемге белгілі бизнесмен болды.

Б ұ й ы қ: Кеше Ганноверден звондады: Лондоннан ұшып келдім, ауылға билет алып қойдым, саған керемет подаркі әзірледім, енді арманың орындалады дейді.

С ұ й ы қ: Апыр-ай, ә. Нені армандаушы ең?

Б ұ й ы қ; Менің арманым - Сүйрік бір мұрагер тауып берсе деймін ғой.

С ұ й ы қ: Онда аяғы ауырлаған шығар.

Б ұ й ы қ: Құдай бүйыртса деп, мен де соны ойладым. Бұрын уақыт жоқ, бала туам деп пайдадан қағыламын, конкуренттерім озып кетсе, банкротқа үшыраймын деуші еді. Өткен жолы Сауд Арабиясына барғанда Алланың ықыласы түсті ме қайдам...

С ұ й ы қ: Сендер бақытты жансыңдар. Қүдай ылғи береді де жатады. Ал біздің Жүйрік болса, қыстай ашық базарда тұрып, бүтына суық тигізіп алыпты. Дәрігерлер енді бала болмайды депті.

Б ұ й ы қ: Сауд Арабиясына барсын.

С ұ й ы қ: Не деп тұрсың, ей? Қия бастырмаймын мен оны Тараздан. Қара бұны!

Б ұ й ы қ: Өзің ғой сендерге қүдай ылғи береді де жатады деген.

С ұй ы қ: Білем мен арабтарды! Береді олар! Құдайым сақтасын.

Б ұй ы қ: Сонда не істемексің?

С ұй ы қ: Әуелі байып алайықшы, Құдай бізді де құр қалдырмас.

Олан да кеттік, бір желпініп қайтайық.

Б ұ й ы қ: Болмайды.

С ұ й ы қ: Астапыралла, арақты қойғаннан саумысың?!

Б ұ й ы қ: Жоқ ә! Әлі иттерге, мысықтарға тамақ берген жоқпын, құстарға жем шашуым керек.

С ұ й ы қ: Қызметші неге алмайсықцар осы? Жастауын.

Б ұ й ы қ: Мен Сүйрікке айтқанмын. Ол болмайды деді.

С ұ й ы қ: Неге?

Б ұ й ы қ: Біздің Сүйрік ақылды ғой. «Еркек алсам, сен қызғанасың, әйел алсам мен тыныш жүре алмаймын. Сондықтан өзің атқар бұл жұмысты» деп, ресми түрде мені үй қызметшісі ғып оформить етіп қойды.

С ұ й ы қ: Ха-ха-ха! Сен Сүйріктің күйеуі емес, қызметшісі екенсің ғой!

Б ұ й ы қ: Пенсияңа шыққаныңа жақсы болады, ресми түрде айлық аласың деді ғой.

С ұ й ы қ: Шығады сенің Сүйрігіңнен, шығады мұндай фокус. Шетелдерге барады.

Б ұ й ы қ: Барса несі бар? Оның қасында ылғи телохранителі жүреді.

С ұ й ы қ: Ха-ха! Т-е-л-е, яғни, дене хранитель, ха-ха!

(Дәл осы кезде Сүйрік кіреді. Жанында енгезердей екі жігіт)

Сүйрік: Бұйық, жаным, амансың ба?

Б ұ й ы қ: Келіп қалдың ба, күнім? Қандай жақсы болды!

Сүйрік: Иә, келдім, бірақ уақытым аз, қазір Гонконгқа ұшуым керек.

Б ұ й ы қ: Керемет подаркі әзірледім деп едің? Ол қайда?

Сүйрік: ұшақтап) Бұйық, жаным, сен ақылдысың ғой. Біздің енді баламыз болады!

Бұйық: Мен енді әке боламын ба, мені де папа дейтін бола ма?

Сүйрік: Иә, сен біздің сәбиіміздің әкесі де, анасы да боласың?

Бұйық: Анасы? Қалай анасы боламын?

Сүйрік: Бала туудың бұндай тәсілі өркениетті елдерде әлдеқашаннан бар. Екеуіміздің де ұрығымызды алады да, сенің ішіңе салады. Тоғыз айдан кейін баламыз болады. Менің уақытым жоқ, білесің. Басқа бір әйелдің жатырына салғаннан гері, жасанды жатыр жасатып, өзің көтергенің жақсы емес пе? Ақылдым менің! Мына қағазға қол қоя салшы, келісемін деп.

Бұйық: Бұл не сұмдық тағы да?

Сүйрік: Айлығыңды көбейтемін.

Бұйық: Сонда кейін пенсиям да көбейе ме?

Сүйрік: Иә, иә, пенсияң да көбейеді. Алыстан ойлайсың сен, ақылдым менің. (Сүйрік екі жігітке қарайды. Олар төніп келеді. Бұйық енгезердей екі жігітке қарайды да қол қояды)

Бұйық: Иә, ақылым бар сияқты.

Сүйрік: Ақылдысың ғой, жаным, ақылдысың. Әкетіңдер операцияға. (Бұйықты носилкаға салады)

Б ұ й ы қ: (Әкетіп бара жатңанда) Әке болайын, ана болайын, балалы болсам болды.

С ү й р і к: Иә, иә, балалы боламыз. Мен саған Гонконгтан телефон соғамын.

С ұ й ы қ: Да, өркениетті елден әкелген подаркі деп осыны айт!

С ү й р і к: Немене, сізге же қажет болып тұр ма? Алып кетеміз.

С ұ й ы қ: Пардон! Ноу, Найн! Құдайым сақтасын, маған керек емес, аналарға (залды нұсқайды) керек шығар, маған керек емес! (Зытып кетеді. Сүйрік тобымен екінші жаққа шығады.
II

Бұйық екіқабат. Сондай бір мейірімді жүзбен, майдалап басып үй тірлігін істеп жүр. Анда-санда ішіндегі сәбиді айналып-толғанып қояды.

Бұйық: Папасынан да айналады, мамасынан да айналады. Құдай қаласа енді бір ай қалды. Содан кейін шығасың, жарығым, жарық дүниеге.

Сұйық кіреді. Біресе күледі, біресе басын шайқайды. Анда-санда: «Еркек екіқабат! О, тоба! Құдайдың құдыреті күшті-ау» деп қояды.

Сұйық: Ассалаумағалейкум, Бүйеке!

Бұйық: Әлікімассалам.

Сұйық: Қалай, көңіл-күйің жақсы ма?

Бұйық: Жаман емес.

Сұйық: Бүл екіқабат еркек жерік бола ма екен?

Бұйық: Бұрын ащыны жақсы көретін едім ғой, өзің білесің. Енді тәттіні тілеп тұрамын.

Сұйық: М-м. Қыз туады екенсің.

Бұйық: Сүйрік те алдымен қыз керек деп жүрген.

С ұ й ы қ: Сүйрік нетсе, болады дей бер. Әй, сен осы Сүйрік жоқта қыз-келіншек керсең кезіңді сүзіп қоймаушы едің. Қалай енді, өзің былай, тебетің шаппай ма?

Бұйық: Осы күні еркектерді ұнатамын.

Сұйық: Жоғал-ей, құрыған, аулақ жүр!

Бұйық: Қорықпа, мен әшейін бала кезіміздегідей қытықтасып ойнағым келіп кетеді.

Сұйық: Сен біржолата әйелғе айналған екенсің. О, сормаңдай!

Бұйық: Дәрігерлер айтты, бұл уақытша сезім, әлі-ақ өтіп кетеді деді.

С ұ й ы қ: Сүйріктің ақшасы не айтқызбайды оларға, о, сормаңдай.

Бұйық: Сен мені ашуландырма, сәбиге зияны тиеді, одан да көңілімді аула.

Сұйық: (Күдікпен) Қайтіп?

Б ұ й ы қ: Екеуміз көшеге қыдырып келейікші, таза ауа жұтып...

С ұ й ы қ; Мына түріңмен бе?

Б ұ й ы қ: Мен бәрін ойластырып қойдым. Әйелше киініп аламын. Ал сен менің күйеуім құсап қамқорлық жасайсың.

С ұ й ы қ: Қой-әй, базарда Жүйрік көріп қойса, желкемді үзеді ғой.

Б ұ й ы қ: Біз паркке барамыз.

С ұ й ы қ: Мейлі ендеше.

(Екеулеп Бұйыққа грим жасайды, оны әйелше киіндіреді. Содан соң қолтықтасып шығып кетеді).
СЫБАЙЛАСТЫҚ ДЕГЕН ОСЫ

(Сахнада - Қақпас, Қаламұш, артынан Мыстан кіреді)

Қ а л а м ұ ш: Ассалаумағалейкум, ата! Халіңіз қалай?

ҢҚа қ п а с: Жақсы, балам, өз қалің қалай? Газетің шығып жатыр ма?

Қ а л а м ұ ш: Шыққанда қандай, ата! Бөлім бастығым маған керемет тапсырма берді.

Қақпас: Қандай?

Қ а л а м ұ ш: Сын мақала жазып кел деді. Фактісі күшті, тілі еткір болсын деді.

Қақпас: М-м. Соларың бола қояр ма екен?

Қ а л а м ұ ш: Түу, ата-ай, ылғи күдіктенесіз де жүресіз. Ол маған байланысты емес пе? Ал, мен ештеңеден тайынбаймын.

Қақпас: Сонымен қайдан жазатын болдың?

Қ а л а м ұш: Әрине, қаланың бастығын сынаймын.

Қақпас: Сынай алмайсың.

Қ а л а м ұш: Неге?

Қақпас: Өзің қайда тұрасың?

Қ а л а м ү ш: Қалада.

Қақпас: Келін қайда істейді?

Қ а л а м ұ ш: Қалалық департаментте.

Қақпас: Сынасад, келін жұмыссыз қалады дей бер.

Қ а л а м ұ ш: Солай екен-ау. Ендеше, қайдан шықса онан шықсын деп, сыбайлас жемқорлықпен күрес бөлімін сынаймын. Олар түк жұмыс жүргізіп жатқан жоқ. Шортандар жүр тайраңдап, ал, олар әншіейін шабақ аулағанына мәз.

Қақпас: Осы сенің ағаң не жұмыс істейді?

Қ а л а м ұ ш: Кәсіпкер.

Қақпас: Кәсіпкер дегенше, шабақ демейсің бе? Әлгілердің қармағына ілінеді де кетеді.

Қ а л а м ұ ш: Солай екен-ау, салық инспекциясын да, басқасын да сынауға болмайды. Енді қайттім? Таптым, таптым. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін сынаймын, зейнетақыны уақытылы бермейді деп.

Қақпас: Сынай алмайсың!

Қ а л а м ұ ш: Ой, қойыңызшы енді, сәбеске де шамам келмей ме? Сынаймын әкесін танытып.

Қ а қ п а с: Әй, баламысың деген. Осы сенің шешең келер жылы зейнеткерлікке шықпайтын ба еді?

Қ а л а м ұ ш: Шығады, онда тұрған не бар?

Қ а қ п а с: Мәселе сонда. Сенің шешеңнің зейнетақысын кім есептейді? Пәлен жерде істеп жүр деп тапсырған өтірік анықтамаңды ашады да қояды.

Қ а л а м ұ ш: Ататай, айтшы енді кімді сынаймын?

Қ а қ п а с: Театрды сына, репертуарың әлсіз, спектаклің нашар деп сына.

Қ а л а м ұ ш: Болмайды.

Қ а қ п а с: Неге?

Қ а л а м ұ ш: Ойбай-ау, бөлім меңгерушім драматург қой. Пьесасы қойылып жатыр ғой осында.

Қ а қ и а с: Ә, солай ма, басыңа бірдеңе кірейін деген екен. Ендеше, біліп қой, сыбайластық деген осы болады. Қолына қарға тышатындар бірін-бірі сынай алмайды.

Қ а л а м ұ ш; Ендеше тапсырманы неге береді?

Қ а қ п а с: Жауапкершіліктен құтылу үшін тапсырманы жоғары берді, бөлім меңгеруші саған итере салды. Қысңасы, «ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды». Ақырында сынамайтын сен кінәлі болып шығасың, өйткені сен де құйрықсың. Ертең тепсе, сені теуіп, бұраса сені бұрайды.

Қ а л а м ұ ш: Ойпырай, шынында, бір ескерту алып едім, енді қайттім. Қақпас ата, бір амалын табыңызшы. Сіз кермеген не бар?

Қ а қ п а с: Былай. Театрга келмейсің деп керерменді сына, уақытында өлмейсің деп зейнеткерді сына.

(Сахнаға Мыстан шығады)

М ы с т а н: Әй, Қақпас, кімді өлтіре алмай жүрсің сен? Өзің неге өлмейсің, осы, ә?! Аулақ жүр бұндай бәлеңді үйретпей. (Қақпасты қуып жібереді. Қаламұшты қолтықтап алады). Әй, сен де бір шикі бала екенсің. Осындай мәселені жұртқа жария ете ме екен. Бері жүр, кімді қалай сынау керек екенін мен үйретейін. ұлағына сыбырлап бара жатып сахнадан шығып кетеді).

ҚАЗАҚТЫ САТЫП ЖІБЕРЕДІ

Қақпас: (Газет оқып отыр) Мыстан-әй, сен не білдің?

М ы с т а н: Не боп қапты?

Қақпас: Біздің қазақтардың есі кірейін депті.

Мыстан: Қайдан білдің?

Қақпас: Барлығы жерді сатуға қарсы болыпты.

Мыстан: Бұл қазаққа сенім жоқ, оның бәрі ойын ғой.

Қақпас: Неге ойын болады? Парламентке кіргені бар, кірмегені бар, партиялардың бәрі қарсы болды емес пе? Тіпті, тәуелсіз кандидаттар да сөйтті.

М ы с т а н: Олар бұл уәдені кандидат кезінде берген. Енді депутат.

Қ а қ п а с: Депутат болса, как раз сол айтқанын жүзеге асырмай ма?

М ы с т а н: Қанша жасқа келсең де, ақылың шала-ау сенің.

Қ а қ п а с: Не деп далбастап тұрсың?

М ы с т а н: Депутат болды дегенше, мойнына қамыт киілді дей бер олардың. Енді етірік қоқиланғандарымен үкіметтің айтқанын істейді де отырады.

Қ а қ п а с: Неге, байқұс-ау?

М ы с т а н: Өйткені үкімет отставкаға кетем деп қорқытады. Сөйтіп, халықтың алдында біраз спектакль ойнайды да, екі жағы келісе салады.

Қ а қ п а с: Бөрібір, қазақ еш уақытта жерді сатуға көнбейді.

М ы с т а н: Оны мен де білемін. Қазақ қойнындағы қатынын сатып жіберсе де, жерді сатуға көнбейді!

Қ а қ п а с: Сондықтан мұнайдың қалғанын сатып, ол аз болса, біздің ақшамыз жатқан народный банкті сатады.

М ы с т а н: Мұның рас, бірақ одан түскен қаржы, кеп болса, бір-ақ жылға жетеді, одан кейін қайтеді?

Қ а қ п а с: Шынында-ай, сатылмаған не қалды. Бәрін сатып біткеннен кейін не істейді? Қайтіп күн көреміз?

М ы с т а н: Қайтушы еді, қазақты сатып жібереді.

Қ а қ п а с: Сонда ат төбеліндей билік басындағылар қайтеді?

М ы с т а н: Түу, соны да білмейсің бе? Олар әлдеқашан сатылып кеткен. Міне, қазақтың қожайыны. (Сол кезде әнші әйе лшығады. Кілең доллардан тігілген көйлегі бар. Ол ағылшынша ән салады. Қалған қазақтар соның етегін сүйіп, алдында тізе бүгіп, жүрегін ұсынады).
ӘЙЕЛ САБАҒЫШ

Жүмаш әйелі Қиякүл екеуі

Ж ұ м а ш: Қиякүл, нағылған айқай тағы да?

Қиякүл: И-и, Дәуқара ғой шулатып жүрген. Сайраш сорлыны тағы да сабап жатыр.

Ж ұ м а ш: Не жетпейді осыларға?

Қиякүл: Дүние жетпейді. Елдің бәрі мен ғой дейсің бе, байының жоғын жасырып, барын асырып отырған.

Ж ұ м а ш: Е, Дәуқара дүниені бір жігіттен кем таппайды ғой. Астында мәшине, қаламен екі ортаға таксилетіп жүр.

Қиякүл: Сол қала құртып жүр оны. Қалада бір бөлесі бар. Қалағ барамын десе болды, Сайраш шаужайына жармасады, содан ұрыс шығады.

Ж ұ м а ш: Е, қалаға барса, теңге табамын деп барады да.

Қ и я к ү л: «Бөріктінің намысы бір» деп сөзін сөйлеуін. Бөлесі бар, яғни, қатыны бар қалада деп тұрған жоқпын ба мен саған. Құдай біледі, сен де сау емессің. Сезсем бар ғой, жұлып қолыңа ұстатам. Мен саған Сайраш емеспін сабатып қоятын. Білдін, бе?

Ж ұ м а ш: Ойбай, білдік, бәйбішесі.

Қ и я к ү л: Бәйбіше деп қалыпсың, немене, Дәуқара сияқты тоқалың бар ма еді?

Ж ұ м а ш: Ойбай, қойдым.

Қ и я к ү л: Қойсаң, отыр тыныш. Әне, Дәуқара келеді.

Ж ұ м а ш: Ә, үйінде маза болмаған соң, шай ішейін деген ғой байқұс. Маған да жақсы болды, сенімен қажасқанша оны қажайын біраз.

Қ и я к ү л: Иә, сүйт.

(Дәуқара кіреді)

Дәуқара: Ассалаумағалейкум.

Ж ұ м а ш: Әликсалам. Кел, Деуім. Ой, біздің Дәуқара молодец қой. Жігіт қой. Әй, сені осы әйел сабағыш дейді ғой. Менің Қиякүлімді сабап берші, соңғы кезде өнер шығарып жүр.

Дәуқара: Әкеңнің аузы... Мені адам сабағыш деп естіп пе едің? (Ол білегін түрініп, Жұмаштың өзіне ұмтылады).

Ж ұ м а ш: Ой, ой, Дәу. Сабамасаң сабама, өзім-ақ сабаймын. Қияш, қайдасың-ей! Арқаңды тос. ұмаш әйелін сабай жөнеледі).
ПАТРИОТ ҚАРТТАР

М ы с т а н: Әй, Қақпас, қайда кетіп барасың?

Қ а қ п а с: Өлуге.

М ы с т а н: Өлуге? Ел аман, жұрт тынышта ма?

Қақпас: Бұдан гөрі соғыста өліп қалғаным жақсы еді.

М ы с т а н: Қайдағыны айтады екенсің. Ел тоқшылық қой, әйтеуір.

Қақпас: Ашаршылықта өліп қалғаным дұрыс еді.

М ы с т а н: Соғыстан да, ашаршылықтан да аман қалған сені құдай алмаса, кім алады?

Қақпас: Әй, осы үкіметтін, құдаймен ісі болмай тұр-ау.

М ы с т а н: Мұнша түңілердей бірдеңе керінген-ау өзіңе?!

Қ а қ п а с: 60 жыл еңбек еттік, сонда аржағында бір 10-15 жыл дұрыс өмір сүре алатындай еңбек сіңірген жоқпын ба осы өкіметке? Бар жеңілдігінен жұрдай ғып, сыпырып алды, беретін зейнетақысы патер пұлынан артылмайды, енді өлмегенде не істеймін?

М ы с т а н: Е, өлсең, үйінде емейсің бе? Көшеде қаңғырып жүріп өлейін деп пе едің?

Қақпас: Дұрыс айтасың, қаңғырып жүріп өлуге болмайды. Өйтсек, сүйегімізге таңба. Біз, қарттар, өз еліміздің патриотымыз, патриоты болып қаламыз және патриот екенімізді аштан өліп жатып та дәлелдейміз.

М ы с т а н: Ораза-намаз тоқтықта деген, аштан өлейін деп жатым патриоттық сенің не теңің.

Қ а қ п а с: Біздің мемлекетіміздің жарқын болашағы үшік, өзін партиотпын деп есептейтін қарттар шұғыл түрде өлуі керек.

М ы с т а н: Сонда не болады?

Қ а қ п а с: Сонда бізге зейнетақыны қалай төлейміз деп үкіметтің де басы ауырмайды, депутаттардың да жүйкесі орнында болады.

М ы с т а н: Сонда қалай, билік басындағы азғантай топ асай берсін деп біз өлуіміз керек пе?

Қ а қ п а с: Енді, өзің ойлашы, олардың бәрі біздің баламыздай, тіпті, немеремнен де жас қой. Жастар асай берсін, жасай берсін.

М ы с т а н: Қақпас, асасаң сен асадың, жасасаң сен жасадың. Мен не көрдім, ә?

Қ а қ п а с: Қалғанын о дүниеде кересің. Күйеуімнің көзіне шөп салған емеспін, періштемін деуші ен, ғой, жұмаққа баратын шығарсың.

М ы с т а н: Жұмақ жақсы болса, жақсы шығар-ау, бірақ жарық дүниеде жүре тұрған да дұрыс па? Қайтіп айналып келмейміз ғой.

Қ а қ п а с: Ә, қу Мыстан, менен қалып кеткің келеді, ә. Мені о дүниеге отправить етіп, өзің тайраңдап жүрмексің ғой бұ дүниеде. Ол бола қоймас. (Қақпас Мыстанды ұстағанда бірте-бірте ашуы қайтады).

Мыстан: Баршы-ей, қытығым келіп кетті.

Қақпас: Денемнен бірдеңе жүгіріп өтті-ей.

Мыстан: Қойшы, қайдағыны айтпай.

Қақпас: Шын айтам, қызық болып барамын.

Мыстан: Ойбүй, ұмытып барады екенмін ғой. Бүгін біздің махалладағы Акрам әка құдайы тамаққа шақырған.

Қақпас: Әй, баяғыдан бері соны неге айтпайсың, кеттік, ойбай!

ҚАЙРАТКЕРЛІК



Бір беті ақ, екінші беті қара қайраткер, бір қолында ақ перчатка, екінші қолындағы перчаткасы әбден былғанған, қоқым-соқымы шығып жүрген перчатка. Қалтасынан ауық-ауық одеколон алып, иіс шыққан жеріне, қолына шашып қояды. Ол біресе көрерменге, біресе жанындағы жаңындарына қарап сөйлейді.

Қайраткер: (Көрермен халыққа). Қадірліхалайық, біздің жеріміз бай, халқымыз дана, биіміз өділ, билігіміз тура болған. Ендеше, біз аз жылда-ақ елдің ең алдына шығамыз. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, Оңтүстіктің жаймашуақ, шанышқан шыбық кектейтін жерінде отырмыз. Бізге «таяқ ұстап келгендер тай мініп қайтады» дейді бұрынғылар. Рас сөз. Сәл, шыдасаңыздар сіздерге де бір-бір тай мінгіземін. Тек, мына қаңқасы қалған зауыттарды шетелдіктерге сатайық. Солар-ақ түтінге қақалсын. Ал, оның ақшасын өзіміз бөліп аламыз. Келістік пе? Келістік. (Жақындарына)Балам, сен сол шетелдіктердің осындағы өкілі боласың. Ал, шетелдік кеткенде бар байлығын басып қаласың. Байқа, үлесіңнен құр қалып жүрме. Сен, інім, «атасы бөлек аттан түс» деген бауырымсың ғой, жерден айырылма. Арендаға ала бер.

I н і с і: Ала бергенде салығы көбейіп барады ғой.

Қайраткер: Одан қам жеме, өндірістік кооперативтерге төлеттіремін, ал несиенің бөрін саған бергіземіз. Тек, сен фамилияңды өзгертші. Арғы атамызбен жазыл. Скоро заң шығарып береміз, бәрін сатып аласың.

I н і с і: Сатып алуға халық қарсы ғой.

Қайраткер: Былжырапты. Құйқалы жердің бәрі тегіс қолымызға түспей жатыр. Әйтпесе, әлдеқашан заң шығаратын едік.

I н і с і: Депутаттар да қарсы.

Қайраткер: Ей, олардың алғашқы кезде сейтіп шошаңдайтын әдеті. Көресің, қыс ортасы аумай-ақ арыны басылады. Қазір балаларын, әйелдерін жұмысқа орналастыра алмай жүр. Соларға жұмыс сұрап келгенде көреміз олардың әуселесін.

Ж е ң г е й: Бауырларыңның бәрін жарылқадың. Біз қайтеміз?

Қайраткер: Түу, жеңгем-ай, ресторанды бердім, өзіңді салық инспекциясына орналастырдым, енді не тілейсің?

Ж е ң г е с і: Ана нағашыңа базарды алып бер.

Қайраткер: Базар сатылып кетіпті ғой.

Ж е ң г е й: Сонда базарды беріп қойып отыра береміз ба?

I н і с і: Әлдебіреуге беріп қойғанымыз сүйегімізге таңба ғой.

Б а л а с ы: Шынында, базар деген сауын сиыр ғой, сауын сиыр.

Қайраткер: Түу, болмадыңдар ғой. Бір айласын табармыз. (Көрермендерге) Қадірлі халайық! Сендердің зейнетақыны уақытылы ала алмай жатқандарыңның себебі, базар салықты аз төлейтін болды. Қаланың менен бұрынғы бастығы оны езінің жақынына сатып жіберіпті. Мен қайтадан тендер жариялап, әділетті орнатсам деймін. (Жақындарына) Көрдіңдер ғой. Сендер үшін бәрін істеп жатырмын.

Ж и е н: Сіз жоқта қаланың бар транспортын біреулер иемденіп алды. Жиеніқді итеріп тастады.

Қайраткер: Жиен ел болады, малды болса, өзің де бір шығымы жоқ құрығансың ғой. Қалай байлыққа тұмсығыңды тықтың, мені ұмытып кеттің.

Жиен: Ұмытпаймын ғой, нағашы, қысқа жіп күрмеуге келмей қалды ғой.

Қайраткер: Әй, әкеңе тартқансың-ау. Әкең сараң еді. Кімнің арқасында шалқақтағаныңды білген шығарсың?

Жиен: Білдім, нағашы, білдім.

Қайраткер: Білсең, бір-екі арыз ұйымдастырып жібер. Содан кейінгісін керерміз. (Көрермендерге) Құрметті қала тұрғындары! Қала транспорты нашар жұмыс істейтіндігі туралы арыз-шағым көп түсті. Менің бар ниетім - сіздерге адал қызмет ету. Бұдан кейін елдің үстінен

күн көрген ондай басшылар бір күн де жұмыс істемейді. Транспортты енді адал, таза, іскер жігіт басқаратын болады. Міне, мынау. Ол да сіздерге мен сияқты адал қызмет етеді. (Жақындарына) Болдындар ма осымен?

Ә й е л і: Мені ұмытып барасың. Өзің сияқты қала басшыларының әйелдеріне қарашы, бәрі қайраткер болып алды. Менің қай жерім кем олардан?

Қайраткер: Кем емессің, өрине. Бірақ, жұрттың сезі қиын ғой.

Ә й е л і; Ал, сен несіне саясаткерсің? Тігісін жатқызып жібер.

Қайраткер: Апырмай, қалай болар екен? Дегенмен, көрейін. (Көрермендерге) менің жерлестерім. Үкімет қанша тыраштанғанмен қалада жетім-жесірлер, мүгедектер көбейіп барады. Бұл менің қабырғама қатты батып жүр. Сондықтан арнайы қор ашсам деймін. Сол қорға ақша аударыңыздар. Сол ақшаны жетім-жесірлердің мұқтажына жұмсаймыз. Қаражаттың қолды болып кетпеуіне өзім қамқорлық жасаймын. (Әйеліне) Халық деген айналайын, жақсы ғой, не айтсаң, соған көне салады, әйтеуір. Ал, сен ол ақшаны не істемексің?

Ә й е л і: Не істеуші едім, өрине, айналымға жіберемін. Сенің көмегіңмен ол ақша бір жылда-ақ екі-үш есе өсіп кетеді.

Қайраткер: Әй, ақылдым-ай, айналымнан ештеңе қайтпай қалса қайтесің?

Ә й е л і: Қайтпай қалса, бөрін жетім-жесірлерге бөліп бердім деп құжат жасай саламын. Ал, сен бизнесмендерді қайта қысасың, олар ақшаны қайта аударады.

Қайраткер: Халықтан айналайын, халықтан... Олар бәрін ұмытып кетеді, бәрін кешіреді. Сендер енді барындар, мен халықтың алдында тарихи сез сөйлеуім керек. (Көрермендерге)Қадірлі менің жер­лестерім! Біздің қаламызда сыбайлас жемқорлық күшейіп барады. Солармен күресуіміз керек. «Тура биде туған жоқ» деген, мен ешқайсын аямаймын. Сендер үшін мен жемқорларды туғаным болса да, түрмеде шірітемін. Халық байлығын, яғни, сіздердің байлығыңызды қайта құстырамын.

(Кете бергенде жиені жүгіріп келеді)

Ж и е н: Нағашы, құрыдық!

Қайраткер: Не боп қалды?

Жиені: Соңыма салық полициясы түсіп алды. Сізге жұмыс істейтін маршруттарды біліп қойды.

Қайраткер: Поличным ұстаған жоң па, әйтеуір?

Ж и е н: Мен сізден басқаға бермеймін ғой.

Қайраткер: Ал, салық полициясының бастығы маған беруді де қойып барады. Кіммен ойнап жүргенін білсін, ал, орнына бастық бо­лып сен барасың. (Көрермендерге) Құрметті халық, салық полициясы сыбайлас жемқорлармен күресті қанағаттанғысыз жүргізіп отыр. Бүгін мен оны орнынан алдым. Бұл қалғандарына сабақ болсын.

(Нағашысы жүгіріп келеді)

Н а ғ а ш ы: Құрыдық, ойбай, құрыдық!

Қайраткер: Салық инспекциясы ма тиіскен?

Н а ғ а ш ы: Дөл өзі! Құтырып барады бұлар.

Қайраткер: Маған да керегі сол еді. Бүгіннен бастап салық инспекциясының бастығы сен боласың. (Көрермендерге) Құрметті халық! Салық инспекциясы өте жеткіліксіз жұмыс істеп отыр. Сыбайлас жемқор алпауыттарды ұстаудың орнына, күнін өзер көріп отырған базардағы бейшараларға тиіседі. Мынау суық күнде бүрсектеп отырған ол байғұстарда не табыс бар? Сондықтан, мен оны орнынан алып, сіздердің жағдайыңызды білетін, өз орталарыңыздан шыққан кадрды тағайындап отырмын. Ал, сіздер, мынау суық күнде жылынсын, ұлы мерекенің алдында көңілденсін деп мен шетелден келген, езім сүйіп тыңдайтын, то есть сіздер жақсы керетін ертістерді шақырып отыр­мын. Солардың концертін тамашалаңыздар.

(Бір әйел әнші шығып ән салады. Қайраткер соның алдында құрдай жорғалайды).

МАСЫЛДАР



Базар. Бешпентінің іш жағының бәрі түрлі тауарға толы әйел. Оның жанына базарком келеді.

Базарком: Сен неғып жүрген әйелсің?

Ә й е л: Базар болған соң жүрмейміз бе?

Базарком: Жоқ, сен тегін жүрген жоқсың, сауда жасап жүрсің.

Әйел: Немді сатамын. Көріп тұрсың ғой.

Базарком: Мынаны сатасың (Бешпетін ашып қалады). Қане, орынпұл төле.

Ә й е л: Бастық, бір затым өткен жоқ, немді төлеймін?

Базарком: Өтірік соқпа, мен бағанадан бері бәрін көріп тұрмын. Мына кезбояғышыңнан тура он, темекіңнің тоғызы етті. Қане бол!

Ә й е л: Ойпырай-ай, ақшамды жаңа балам алып кетіп еді. Сәл тоса тұрсаң қайтеді, бастық. Тағы кішкене тауарым өтсін.

Базарком: Әй, сендер - мыңсыңдар, мен - біреу. Тіпті, айналып шығуға үлгере алмаймын. Бол! Әй, мына тауарың сапасыз ғой. Анализ жасап тексеру керек. Қане, бері әкел (алып кетеді).

Ә й е л: Осымен құтылсам жақсы болды. Әй, бірақ, қазір тағы бірі келеді, қара да тұр. Базардағы қатын сорлыны қанайтындардың қанша екенін сана да тұр.

(Миллиционер келеді. Сол адам, тек басына қызыл шапка киген)

Миллиционер: Сен қатын, бүгін күндегіден жуансың ғой.

Ә й е л: Екі қабат әйелдің іші күннен-күнге өсе береді де.

Миллиционер: Өткен жолы: байым жоқ, шиеттей бала-шағаны асырай алмай жүрмін деп зар жылап едің ғой. Қаяқтан қампия қалдың?

Ә й е л: Байы жоқ қатын бала таппасын деген қай заңыңда бар еді? Онысы несі-ей! Ол менің правом. Жазып жатыр ғой газеттер, қазақты көбейтіңдер деп. Егіз табам керек болса.

Миллиционер: Сегіз тап маған десең. Қане, қойныңды аш!

Ә й е л: Тәйт әрі, кергенсіз. Қойныма кіретін қайным ба едің.

Миллиционер: Бол, бол, әр әйелді уговаривать етіп тұратын уақыт жоқ. (Ашады). Ім... сенің қойның қойын емес, целый қойма ғой. Давай, книжкеңді керсет.

Ә й е л: Ә, книжке ме, қайда салдым екен, ә. Әй, ұмытшақ болып барамын осы күні. Ә, мұнда екен ғой. (Қолына ақша қыстыра қояды).

Миллиционер: Жарайды, дұрыстап қой книжкеңді, білдің бе!

Ә й е л: Білдім. Жазып жүремін бәрін. (Миллиционер кетеді. Әйел халыққа қарап). Қой, тауарымның біразын еткізіп алмасам, тамтығым қалатын емес қой. Қане, алыңдар, француздың көзбояуы, американың сигареті, араптың шәлісі, сникерс...

(Ақ халат киген сол еркек, санэпидемстанциядан)

Ақ халатты: Тұрған жеріңде тазалық жоқ қой, ұят емес пе, апай?

Әйел: Сен кім едің тагы, кебін кигендей, әруақпысың?!

Ақ халатты: Санэпидемстанцияданмын.

Әйел: Психбольницадан болмағаныңа шүкір. Саған не керек?

Ақ халатты: Тазалық керек, апай, тазалық. Семечка шақпаңыз. Қараңыз, түкіргенсіз. Фу, остаток кеп. Онда микроб бар. Ол ауру таратады.

Әйел: Базарда жүрген жалғыз мен емес қой. Тазаласын орынпұл алгыш базарком.

Ақ халатты: Сіз өзіңіз үшін жауап бересіз. Қысқасы, айыппұл төлейсіз.

Әйел: (Халыққа) Жер астынан шыға ма, аспаннан түсе ме, құдай- ау. Мыналар тамтығымды қалдырмайтын болды ғой. Мә, баршы! (Ақша ұсынады).

Ақ халатты: Квитанция беремін.

Әйел: Квитанцияңмен анау жеріңді сүрт, айналайын!

Ақ халатты: Рахмет, апай. (Кетеді).

Әйел: Сыпайысын мұның сыпырып алып тұрып. Құдай-ау, таң атпай қаптап кетті ғой бұл асырандылар. Иә, бұлар халықтың мойнына мінген масылдар. Өздері айлықты өкіртіп алады, бізден тағы алады. Сонда да тоймайды. Өй, өңкей жемір. Өкіметтің осы тірлігіне түсінбей- ақ қойдым. Мүғалімдер мен дәрігерлерге ақша жетпейді дейді. Қасқырға қой бақтырып қойса, мал өсе ме? Бұлар қасқырлар, өкіметті де жейді, бізді де жейді. Сенбесеңіздер, санаңыздаршы өздеріңіз. Арамтамақтардың ордасының қаншау екенін. Тіпті бұрыннан бар милиция, прокура­тура, сотты былай қойғанда, басқасының өзі жетіп жатыр. Салық инспекциясы - бір, салық полициясы - екі, финконтроль - үш, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы - төрт, кеден басқармасы - бес, табиғат қорғау прокуратурасы - алты, табиғат қорғау милициясы - жеті, мемлекеттік мүлік комитеті - сегіз, жекешелендіру жөніндегі комитет - тоғыз, монополияға қарсы комитет - он. Омон - он бір, қойшы, санына жете алмайсың. Бұларға айлықты банк бір күн кешіктірмей бірінші кезекте береді. Ал, әрқайсысы айына, құдай біледі, кемінде бес мұғалімнің айлығын ведомоспен алады. 10 мүғалімнің айлығын жасырып кетеді. Олар аз десең, рэкет дегені тағы бар. Тура менің тұңғыш балам сияқты. (Куртка киген біреу кіріп келеді).

К у р т к а л ы: Дұрыс айтасың, апашка. Мен балаңмын. Мен сені қорғаймын. Үйің өртенбейді, машинаң ұрланбайды, немерең жоғалмайды. Тауарыңды бұзықтар тартып алмайды. Сол үшін... (қолын жаяды. Әйел ақша ұсынады). Жоқ, бұл аз. (Қалтасынан электронды есептегіш шығарып есептейді). Сенің табысың мұнша болды, апашка. Қызың Эмиратқа, ұлың Жаркентке барып келді. Мәскеуге екі рейс жасадыңдар. Так что, давай...

Әйел: (Тағы ақша береді). Иә, айналайын, сендердің арқаларыңда саудам жүріп тұр, өйтеуір. Бірақ, өткенде бір жігіт жүз кілемімді алып, әлі ақшасын бермей, қашып жүр. Милиция да таппады, полиция да өндіре алмады.

К у р т к а л ы: Біз табамыз, 30 проценті біздікі.

Әйел: Мақұл, айналайын, мақұл! 30 процентін ала ғой. Ақшам енсе болды.

Курткалы: Үш күн мерзімде әкеліп беремін. (Кетеді)

Әйел: Қайта басқаларынан осы балам жақсы. Біреуге өткенімді өндіріп береді, әйтеуір. Ал, басқалары - мойынға мінген масылдар. Бірақ, пайдасы болмаса, мен неге жүрмін жанымды жалдап, мұғалім кезімде не тамаққа, не киімге жарымаппын. Қазір бәрі жетеді, құдайға шүкір. Мен де қазір он мұғалімнің тапқанын табамын. Олар анауымды керсе де, мынауымды көрмей кетті. ұтының арасынан бір түйіншекті суырып алады да, сахнадан шығып кетеді).
ИМИДЖ РЕПЕТИЦИЯСЫ

Сахнада режиссер әйел, телехабар жүргізушісі, үміткер генерал

Режиссер: Сіз былай отырасыз, генерал мырза. Ал, сен, Сара, былай, жақынырақ, осылай... дұрыс. Енді бастаймыз. (Шығып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті теледидар көрермендері, құрметті сайлаушылар! Студиямыздың бүгінгі қонағы - еліміз Президенттігіне үміткер атақты генерал Қаракүш Еліктегішов мырза. Қаракүш Електегішұлы, сайлаушыларды өзіңіздің бағдарламаңызбен таныстырсаңыз.

Генерал: Менің алдыма қойған басты мақсатым - елімізде тәртіп орнату.

Жүргізуші: Оны қалай орнатпақсыз?

Генерал: Қазір есіріп жүргендердің жүзінің құйрығын бұрап алсам, қалғандары өздері-ақ артын қысады.

Жүргізуші; Сонда бұл мақсатыңызды қандай жолмен жүзеге асырмақсыз?

Генерал: Тікелейқолмен. Меселен,былай. (Ол жүргізушіге құйрығын қалай бұрап алуды көрсетпек болады).

Жүргізуші: Ой, ой, қолыңыз қандай қатты еді?

Генерал: Во! Бұл заманда қатты қол керек!

Жүргізуші: Дегенмен, елдің бәрі бірдей емес қой? Жұмсақ қолды аңсайтындар да болады. Мәселен, сіз әйелдерге қалай қарайсыз?

Генерал: Дұрыс қараймын. Көрсетейін бе?

Жүргізуші: Иә, көрсетіңіз. Жоқ, керерменге деймін. Сізге не болған. Мен ашуланамын. (Бірақ сылқ-сылқ күледі. Сахнаға режис­сер әйел шығады.)

Режиссер: Стоп! Стоп! Сара, саған не болған? Сен бұл жерде ашулануың керек.

Жүргізуші: Ұмытып кетіппін. Мына кісі нетіп, денемнен бірдеңе жүгіріп откендей болды. Ашуланудың орнына күле беремін.

Режиссер: Диктор бикеш, сезімге берілгенді қойыңыз. Сіз Президенттікке үміткердің имиджін жасап отырсыз. Біз өз студиямыздың да имиджін ойлауымыз керек. Міне, өзіңді былай ұста. Генерал мырза, маған жақындаңызшы, иә, иә, тағы да, ой, ой, ой. Менің күлкім келіп кетті...

Генерал: Хватит репетировать, мені халыққа керсетіңдер!

Режиссер: Иә, репитиция бітті. Енді эфирге шығасыңдар. Сара, өзінді мықтап ұста. Генералдың біздің студияға бір миллион теңге аударғанын ұмытпа! (Кетеді)

Жүргізуші: Генерал мырза! Сіз мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмайтын сияқтысыз. Емтиханды қалай тапсырдыңыз?

Генерал: Барлық жерде емтиханды қалай тапсырушы еді? Солай тапсырдым.

Жүргізуші: Сонда емтихан бағдарламасын толық игердім дейсіз гой?

Генерал: Иә, мен академиктерді толық игердім.

Жүргізу ші: Ал, сіз денсаулығыңыз туралы психиатрдан анықтама алдыңыз ба?

Генерал: Бермей көрсін!

Жүргізуші: Сонда сіз психиатрдың да құйрығын бұрап жібердіңіз

бе?

Генерал: Әрине, бұрап жібердім.

Жүргізуші: Сіз, шынындада, мынандай (басын сұқ саусағымен шүқып көрсетеді) екенсіз?

Генерал: Қандай?

Жүргізуші: Мынандай?

Генерал: Немене! (Жүргізушіге ұмтылады, өлшегіне береді)

Жүргізуші: Режиссер, оператор, стоп, стоп!

Генерал: Продолжаем, продолжаем!
ӘКІМБЕКТІҢ ДОБЫ

Буыншақ-түйіншектері бар Жартыбек пен Ширекбек шығады

Ж а р т ы б е к: Ширекбексің бе, ей! Аман-есенсің бе?

Ширекбек: Иә, мен Ширекбекпін, сен Жартыбек болсаң да көлеңкеде тұруға ақылың жетпей түр ма? Бері жақында.

Жартыбек: Атың ғана емес, ақылың да ширек-ау, сен шаниып жатқанда келік өзі тоқтайды деп тұрсың ба, одан да бері кел.

Ширекбек: Сенің жарты ақылың да жетісіп тұрған жоқ. Бұл уақытта біздің тупиктен қандай көлік жүруші еді? Немене, тасып жатқан астығың бар ма, өлде етке еткізетін малың бар ма? Енді жарты сағаттан соң Жартастың автобусы келеді, соған мінеміз.

Жартыбек: Жол тостырып қойған заман-ай!

Ширекбек: Не болды зарланып, баяғы мәшине мінғен заманыңды көксеп тұрсың ба? Әй, сендерді осы бастық сайлап алды дейді ғой?

Жартыбек: Сайларын сайладық-ау, бірақ, қүрысын, қырықпышақ болдық.

Ш и р е к б е к: Е, не көрініпті соншама?

Жартыбек: Ойбай, бәріміз Байдәулет атамыздың ұрпағымыз деп күпінгенімізбен, жеме-жемге келгенде қарыс-қарыс, сүйем-сүйем де­ген қиын екен. Алдымен ай бойы ата-ата болып айтыстық, артынан ру-ру болып сөз байластық. Ары ырғасып, бері ырғасып, жол салыстырып, жен айтыстық. Тіпті, екі жылдан кезектесіп басқарайық деп те көрдік

Ширекбек: Колхоз алғаш құрылғанда әр жылы әр атаның баласы кезектесіп басқарған.

Жартыбек: Солай ма? Ендеше, сол заман қайтып айналып келді. Біз болмаған соң, тек салыстырдық. Кімнің ата-бабасынан би шыққан, болыс, старшын сайланған, берін қазбаладық. Сөйтіп келдік те, не де болса, кезінде бүкіл Байдәулет атамның ұрпағына ықпалы жүрген Жасын атамның тұқымы басқарсын бізді деп бәтуаластық.

Ш и р е к б е к: Е, «Жасын көп не, тасың кеп пе» де. Сонымен, бүгінде Байдәулет атамның балалары айрандай ұйып отыр екенсіңдер ғой.

Жартыбек: Айрандай ұйып дейді, ойбай-ау, іріген сүттей демейсің бе?

Ш и р е к б е к: Е, не боп қалды соншама, орыстан да, Байдәулеттен бөтеннен де құтылып, таза өздерің қалыпсыңдар, енді не жетпейді?

Жартыбек: Әкімбек ініміз алдымен ақырмай-шақырмай «Бірлік- бірлік» керек деп, жылы-жылы сөйлеп, жүйкемізді босата келді ғой. Бізге де керегі сол, бердік тізгінді бір өзіне. Ә дегенде техниканы басқаратын баяғы интернационалдан қалған бір орыс бар еді, оны босатып, орнына нарықтық қатынасты біледі деп, қаладан бір жас жігітті әкеліп қойды. Содан өзінің орынбасарын алып тастады. Байдәулеттің ішінде Ошан атамның баласы еді.

Ширекбек: М-м, Ошандар ойбайлап қалған екен ғой.

Ж а р т ы б е к: Ойбайлағанда не істесін, бүгінде команда ауысты дейтін болыпты ғой. Сол ауысқанның бірі болып, Шақан атамның бір тәуір жігіті кетті. Орталықты басқарушы еді.

Ширекбек: Е-е, Шақандар шырылдап қалды де?

Жартыбек: Шырылдағанда, тірідей шыжғырылған балықтай тулады.

Ширекбек: Командасы осымен бітті ме?

Ж а р т ы б е к: Тағы бір қызығы бар. Ұлтаралық қатынасты нығайтады, тұрмыстарыңды, мәдениеттеріңді көтереді деп, Құлтабан Қыдиев деген көзі қыли, езі тыри бір шойқараны алы келген. Бұрынғы парторгтың жұмысы ғой деп жобаладық. Ұлтаралық қатынасты қалай жөндейтінін қайдам, бітіретін жұмысы - кім-кімге не деп қойды, не істеді, қойшы, әйтеуір, өсек-аяңды теріп Әкімбекке жеткізу. Тұрмыс мәселесінен бітіретіні - біздің завклуб жүгермек екеуі қыз-келіншек аңдиды. Ал медениетіне келетін болсақ, домбыраны қойып, гитара тартыңдар дейтін көрінеді.

Ширекбек: Мынауың нағыз хитарист болды ғой.

Ж а р т ы б е к: Оның немене бөле тағы да?

Ширекбек: Қуаяқ дегенім ғой.

Ж а р т ы б е к: Иә, текті жерден шыққандарды іздейміз деп, кілең қуаяқтарға кез болып тұрған жағдайымыз бар.

Ширекбек: Ойыл атамның балалары амансыңдар ма, әйтеуір?

Ж а р т ы б е к: Біздің де бір жігітіміз сауда жағында істейтін. Айтқанына көнбеген бе, қайдам, Әкімбек соны соғып жіберіпті дейді.

Ширекбек: О, Ойыл атамның балалары ойланып қалған екенсіңдер ғой!

Ж а р т ы б е к: Ойланып қалғанымыз рас.

Ширекбек: Ал, сонда олардың орнына кім келеді?

Ж а р т ы б е к: Кімдердің?

Ширекбек: Әлгі ойбайлағандарың мен шырылдағандарыңның?

Ж а р т ы б е к: Ойбой, Әкімбектің «бірлік-бірлік» дегеніне бас шұлғи беріп, байқамай қалыппыз. Бөрінің орнына Жасын атамның балаларын жинап алыпты.

Ширекбек: Пай-пай, Жасын атамның балалары жайраңдап қалды десеңші!

Жартыбек: Жайрандағанда қоя қалыңыз. Тау жақтағылары ат шаптырып, той жасапты деп естідім.

Ширекбек: «Жүзге бөлгеннің жүзі күйсін» деп, бүкіл қазаққа жар салған қайран Жасын бабам, бүгінгі ұрпағың кім боп барады, ұсақтап кетіпті-ау, ұсақтап. Қоқым-соқымға айналыпты ғой.

Ж а р т ы б е к: Ойбүй, ұмытып барады екенмін. Соқым атамның екі- үш жігіті әр тірліктің басын ұстап жүр еді, сыпырып тастады.

Ширекбек: Соқым атамның балалары не жазыпты, ойбай.

Өкпешіл болса да, өзекке теппейтін, шеттерінен сырбаз болушы еді.

Ж а р т ы б е к: Мен қайдан білейін, жазығы Жасын болмағаны да.

Ширекбек: А-а, бүгінде Жасынмен жанаспасаң нан жоқ екен сендерге. «Адамның басы - алланың добы» деуші еді, сендердің бастарың Әкімбектің добы болған екен.

Жарт ы бек: Әй, осы сендердің күйлерің қандай?

Ширекбек: Қандай болушы еді, сондай. Жоғарыдан біреуді жіберіпті.

Ж а р т ы б е к: Қай ел екен?

Ширекбек: Ойыл, сенің туысқаның.

Ж а р т ы б е к: Ой, бәрекелде, бар екен ғой ойылым, бәсе! Әй, айтсаңшы былай дұрыстап, қалай өзі?

Ширекбек: Қой-ей, туысқаным бастық болды деп сабаймысың?

Ж а р т ы б е к: Жоқ, өзімсінгенім ғой, әшейін.

(Жартыбек арсалаңдап қайта алыса бергенде, Ширекбек иегінің астынан басымен тық еткізді. Жартыбек тілін шайнап қалады).

Ширекбек: Өзіңнен-өзің ұрынғаның не-ей. Түу, басым-ай, оңбай қалды ғой.

Жартыбек; (Тілін шайнап) Бастығың қалай?

Ширекбек: Басымды айтасың ба?

Жартыбек: Бастығың деймін.

Ширекбек: Е, бастығың дейсіңбе? Алма алмадан алыс түсушіме еді? Бұл да сол баяғы өз командамды жасақтаймын деп, тамыр-таныстарын жинап жатыр.

Ж а р т ы б е к: Е, дұрыс. Басшының айналасында жанашырлары жүргені әбден жөн. «Бірі таққа отырса, жүзі атқа отырады» деген осы болады. Біздің Ойылдың жігіттеріне жақсы болып қалған екен ғой.

Ширекбек: Ойылдан басқаларымыз өле беруіміз керек пе сонда?

Жартыбек: Қазақ осы, біреудің болғанын көре алмайды.

Ширекбек: Әй, қазірезіңемес пеедің, Жасындар күн көрсетпей жатыр деп зар жылаған.

Ж а р т ы б е к: Е, мен айтсам Жасынды айттым. Ойыл өссін! Ойылда шаруаң болмасын, білдің бе? Осыдан сол балаға тиіңдерші, қолдарыңда өлемін.

Ширекбек: Біздің де атамыздың әруағын осал деп пе едің? Келсең кел! (Екеуі алысып-жұлысып жатқанда автобус өтіп кетеді)

Е к е у і: Автобус, тоқта, тоқта! (Сахнадан жүгіріп шығады)

АШУБАСАР

Жұмаш үйде, сырттан Мейраш кіреді

Ж ұ м а ш: О, көкем келіп қалыпты ғой!..

Мейраш: Көкеңді көзіңе көрсетейін қазір мен саган! Көкешілін мұның!

Ж ұ м а ш: Ассалаумағалейкум!

Мейраш: Сәлемшілін-әй мынаның, қашаннан бері ізетшіл бола қалғансың?

Ж ұ м а ш: Алдыңыздан кесе-келденең өткен кезім жоқ қой енді...

Мейраш: Мынау салғыласады ғой, ей, тіптен ібден тіліңді шығарған екен!

Жүмаш: Көкем-ау...

Мейраш: Болды, сүйреңдеме! Менің сонау қаладан неге келіп тұрғанымды білесің бе, өзің?

Жұмаш: Командировкага келген шығарсыз.

Мейраш: Мына жетесіздің ойына ештеңе кіріп шығар емес өлі, жүгенсіз кеткен екен-ей. Қайдағы командировка?! Осындағы бастығың звондады. Ана ініңіз болмай бара жатыр, арақ ішіп, аузымызды бұзып болды дейді.

ұмаш үнсіз)

Әй, атауыңды ішсең, жөндеп ішпейсің бе? Сыпайы, ел құсап оңашада, терезені жауып, есікті қүльштап. Тіпті, ішпесең, ішің өртеніп кете ме? Әкемізді арақ өлтірген жоқ еді ғой!

Әй, шырағым-ау, қаулы елі күшінде гой. Бар беделімді сальш әперген кішкентей қызметтен қағып тастайды, қаңғырып қаласың тағы да көшеде...

ұмаш үнсіз)

Әй, сенің бала-шағаңды мен асырамаймын, өзің асырауың керек. Осыны неге ойламайсың сен жетесіз?

ұмаш үнсіз)

Өй, сенің кесірің маған да тиіп кетеді ғой. Бұл күнде достан дұшпан көп. Бірін-бірі тобықтан қағып, тайдырып жатқан жұрт. Оған құламаса, тура ор қазады. (Пауза) Артынан өзі түседі.

ұмаш үнсіз)

Сонымен, айтшы, қане, не бүлдірдің? Өзіңнен естиін.

ұмаш үнсіз)

Тіліңді закускага жұтып қойғансың ба-ей? Неге үндемейсің?

Жүмаш: Бастығым: «Облыстан келген кісілерді оңаша сыйлаймыз. Қасында сен ғана боласың» деген еді.

Мейраш: Менің інім болғаннан кейін сенім артып жүр ғой. Не, содан соң.

Жұмаш: Содан соң ол кісілер үшеу екен, біз екеу, таудың шатқалына апарып палатка тігіп, дастархан жайып күттік. Ол кісілер көп әңгіме айтты. Біз тыңдап отырдық.

М е й р а ш: Сені тәлім ал сын, сөз үйренсін деп жүр ғой. Қайран көзкөргенім. Иә.

Ж ұ м а ш: Алдында тартынып-ақ едім, сен бала тыңшы шығарсың деп ішіндегі қызметі кіші жылмиған жігіт маған бір, бастығыма бір жымия қарады. Қасеке, қасыңа кімді ертіп келгенсің, деп екіншісі менің бастығыма алара, өзінің бастығына күлімсіреп қарады. Сол кезде бастығым...

М е й р а ш: Қасекең ғой, иә.

Ж ұ м а ш: Иә, Қасекең: “Бала, давай, жақсы кісілердің көңілі қалғанша, жаман қарның жарылсын” деді. Содан соң «Жаппар құлда жазық жоқ», тарттым да жібердім.

М е й р а ш: Ну, біреуі жарайды, одан әрі не басықа күн туды?

Ж ұ м а ш: Өзі айналдырған бес адам, тост кезегі қайта-қайта келе береді.

М е й р а ш: Ал...

Ж ұ м а ш; Бірінші сөйлегенімде бәрі: «Ерте есейген бала екен» деді.

М е й р а ш: Ал...

Ж ұ м а ш: Екінші сөйлегенімде меймандар: «Қасекең, мынау болайын деп тұрған бала ғой. Бізге жібермейсіз бе?» деді.

М е й р а ш: Шынымен де солай деп айтты ма? Иә, содан соң...

Ж ү м а ш: Үшінші рет тост көтергенімде көбірек көсілдім-ау деймін: «Мынадай пысық қайдан шыққан» десті.

М е й р а ш: Қап, қүдайдың ұрғаны-ай, шекарадан етіңкіреп кеткен екенсің ғой. Тоқтамайсың ба сол жерден.

Ж ү м а ш: Қайдан білейін, Жөкем марқұм айтушы еді, ешқайсың Мейраш, то есть сіз, құсап іше алмайсыңдар, біздің Мейраш ішкенде сөйлеп-сөйлеп ішеді, ал сендер су сімірген өгіздей отыра бересіңдер деп.

Мейраш: Қап, мына иттің қорлығынай, ә. Сен жетесіз не ұқтым дейсің Жәкем марқүмның сөзінен. Мен сейлесем, жан-жағыма қарап сөйлеймін. Қызметі үлкендер болса, ретімен ғана араласамын әңгімеге. Өзімізден төмендерғе ғой лекция оқып кететінім. Енді гәрі есіңде болсын! Ұқтың ба?

Ж ұ м а ш: Ұқтым.

Мейраш: Иә, одан әрі не болды?

Ж ұ м а ш: Одан әрі өзім де білмеймін, бір қарасам жалғыз өзім желдей есіп отыр екенмін. Бастық қақпайлай бергеннен кейін мен де оны (қолымен көрсетіп) қағып түсірдім-ау деймін.

Мейраш: Қағып түсіргенді көрсетейін қазір сен нәлетке! Құдай біледі, қанша жерден боксер болсаң да саған шамам келеді.

Ж ү м а ш: Өзіңіз ғой, ешкімнен қайтпа, қайқайтып салып жібер деп үйреткен.

М е й р а ш: Ол кезде жас етінсің. Өзіңнен үлкен кісіге қол жұмсап... Енді гәрі арақ ішті дегеніңді естісем бар ғой, тура аузыңа от қаримын. Біреуге жұдырық жұмсағаныңды естісем, қолыңды қырқып тастаймын.

Келістік пе? Келістік!.. У-у, жаным-ай, осыларды адам қыламын деп шашым ағарды.

(Пауза. Сәлден кейін Жұмаш орнынан тұрып сыртқа беттейді)

Әй, қайда барасың?

Ж ұ м а ш; Енді, сіз келіп қалдыңыз. Біз де үйміз ғой. Дүкенге барып «ашубасар» алып келмеймін бе...

М е й р а ш: Мына күйдіргі не дейді-ей, ойбай. Әй, ақпа құлақ-ау, бағанадан бері айтқанымның бәрі бір құлағыңнан кіріп, екінші құлағыңнан шығып кетті ме? Жоқ, мұндай сөзді сенің екі құлағың да қабылдамайтын шығар. Отыр жайыңа!

(Пауза)

М е й р а ш: (Шыдамай) Айтпақшы, әлгі кішкентайың қайда? Келіннің шайына дейін соны ермек қыла отырайын. Сен итпен сөйлестің не, сейлеспедің не!

Жұмаш: Каникул ғой, нағашыларына кеткен.

М е й р а ш: Қасекең ауылда шығар, ә?

Жұмаш: Қасекең тауға кеткен, ертең келеді.

М е й р а ш: Менің, әлгі, Елпекбай құрдасым үйінде отыра беруші еді ғой.

Ж ұ м а ш: О кісі де жоқ, қайнысы үйленіп, соның өлтірісін әкетті.

М е й р а ш: Апырай-е, мынау қызық болды ғой.

(Пауза)

М е й р а ш: Иіс сезбес жетесіз-ау, баратын болсаң, барып келмейсің бе, ертерек. Әлгі немене еді, ашубасарыңды акелмейсің бе, магазин жабылып қалатын болды ғой енді.

ұмаш тығып кетеді)

М е й р а ш: Дегенмен, түсінігі бар күшіктің. Ағасының қамын ойлап кетті. (Ол да кетеді).

САТИРИКТЕРДІ СОТҚА БЕРУ КЕРЕК



Күлзия, Зымзия келе жатыр, алдарынан Балзия шығады

Б а л з и я: І-і, кездестіңдер ме екі өсекші. Енді кімнің басына су құйып келе жатырсыңдар.

Күлзия: Өсекшің не-ей? Бұл қай сөзің?

Зымзия: Көкек өз атын шақырады деген. Өсек өзіңнен артылмсын.

Балзия: Менің фактім бар. Сендер есекшісіңдер.

Күлзия: Қандай факті? Айтшы, кәне.

Балзия: Айтпақ түгіл, көрсетемін. Сенің Күлзия екенің рас қой, рас. Ал сен Зымзиясың, мен Балзиямын. Ендеше, тура тасқа басылған, бұлтартпайтын фактім бар.

Зымзия: Кәне?

Б а л 3 и я: Міне! (Кітапты көрсетеді. Зымзия кітапты алып мәнерлеп оқиды)

Күлзияға Зымзия

Адам сенбес сұмдық айтты.

Қып-қызыл өтірікті

Көзбен көргендей шын ғып айтты:

  • Балзия байқұс құрыпты,

Кеше әңгүдік еркегі

Итше тепкілеп ұрыпты.

  • Балзия не істепті?

  • Күйеуін менсінбейді емес пе,

«Аузың ауыз емес, кебіс» депті.

К ү л з и я; Ой, сұмдық-ай, ә!

Зымзия: Күйеуі бұған да келіспепті.

«Сендей қисық аяқты

Бір алғанда үштен алам» депті.

Ал, әйелі: «Сендей маубас еркекті

Саз балшықтан илеп алам» депті.

Көгермегір перісі Түйіпті-ай, түйіпті.

Не керек, қатынын түнімен сабап,

Таң ата дауды тиыпты.

К ү л з и я: Ой, сұмдық-ай, е!

Зымзия: Сосын Балзия тұрыпты,

Екі жеңін түріпті,

Күйеуіне «болдың ба?» депті.

Ол сорлы «болдым» депті.

Бір періп ұзынынан түсіріпті,

Күрек тісін ұшырыпты.

Тұра бергенде баспен соғып,

Бір шекесін ісіріпті.

Дардай қатын қоя ма,

Сорлыны әбден пісіріпті.

Не керек, бұ да беріспепті,

Күн бата байының Беті-аузын тегістепті.

К ү л з и я: Ой, сүмдық-ай, ә!

Балзия: Ал бұған не дейсіңдер? Мына ақынға айтып берген сендерсіңдер. Әйтпесе ол қайдан біледі?

К ү л з и я: Құдай ақына тірі ақын танымаймын!

Балзия: (Зымзияға) Сенің танысың шығар?

Зымзия: Көрсем көзім шықсын ақынды. Кік екен өзі? Оспанхан Әубәкіров? Атын естісем құлағым керең, көрсем көзім соқыр болсын.

Балзия: Сонда бұл ақын кебіс ауызымның мені сабағанын, менің қарсы атакаға шығып, оны сұлатып салғанымды қайдан біледі?

3 ы м з и я: (Кітапты алып оқиды)

Маңғаз емес, масыл,

Кербез емес, кесір,

Жүрсе борсаңдаған борсық,

Тұрса үрлеп қойған торсық.

Ха-ха-ха! Мынау біздің Күлзия ғой!

К ү л з и я: Неужели?

Б а л з и я: Шынында да-әй! Кім жазыпты?

3 ы м з и я: Шона Смаханұлы жазыпты.

Күлзия: Қане? (Кітапты алып оқиды)

Түнімен ұйықтап түсте тұрады,

Кейде сағат үште тұрады.

Бір-екі сагат жуынып жүреді

Үйдің апшысын қуырып жүреді.

Ха-ха-ха! Мынау тура Зымзия ғой. Жаңа мен оятпасам әлі жата беретін еді.

Зымзия: Бұл қайсының сөзі екен?

Күлзия: Асқар Тоқмағамбетов.

Б а л з и я: Сатирик біткен әйелдерге жау ма, немене?!

Зымзия: Байқұстар әйелдерінен әбден қорлық көрген-ау деймін? Күлзия: «Середегі еттің сасығын-ай» деген мысық құсап, біздейлерге қолы жетпей жүргендер шығар.

Зымзия: Айтасың-ау, Шона Смаханұлы мұнша әйел алған деп естігем.

Б а л з и я: Ендеше, сатирик біткенді сотқа беру керек.

Зымзия: Идея. За моральный ущерб миллион теңге айып төлетеміз.

Күлзия: Бір миллионың не-ей! Он миллион деп неге айтпайсың?!

Б а л з и я: Не болса да, қарап жүргенше, күйеулерімізден белек осылай табыс табайық. Менің ана кебісімнің аузына құм құйылсын.

Күлзия: Айтасыңдар-ау. Бұл кісілердің бәрі әлдеқашан өліп қалған екен ғой.

Зымзия: Солай ма?

Күлзия: Ия, солай.

Зымзия: Қап, әттеген-ай!

Б а л з и я: Тірілерін берейік сотқа. Мәселен, Көпен Әмірбекті, Толымбек Әлімбекті.

Күлзия: Ана Елен Әлімжанды да қосыңдар тізімге.

Зымзия: Әй, ол кісі «Бір қазаққа - бір қатын?!» деп шырылдап жүр ғой, біздің сезімізді сөйлеп.

Б а л з и я: Иә, спектаклін мен де көргенмін.

Күлзия: Қулығы ол еншейін. «Бір қазаққа - бір қатын?» дегенімен, артына сұрақ белгісі мен үш нүкте қойған. Демек, аржағындағы ойы арам деген сөз бұл Әлімжаныңның да.

Зымзия: Осы біздің Спандияр да сау сиырдың боғы емес. «Ақ жолға» әйелдерді келемеждеп шатпақтайтыны бар. Оны да тәубасына келтіру керек.

Б а л з и я: Ойпырмай, әйелінен ұят емес пе? Көршіміз дегендей.

К ү л з и я: Ұят емес, қайта әйелі қуанатын шығар күйеуін ауыздықтап бергенге.

(Режиссер шығады)

Режиссер: Сендердің бастарыңа су құйып жатқан сатириктерің театрда жүр ғой.

Ә й е л д е р: Қойшы-ей? Рас па? Қап, ұят болды-ау!

Режиссер; Рас, рас.

3 ы м з и я: Өзі қандай кісі?

Режиссер: Ұзын бойлы, кең иықты, қыпша бел, бура санды, бұйра шашты. Семьясы жоқ, сүр бойдақ.

3 ы м з и я: Апырмай, ә!

К ү л з и я: Әй, сен елти берме. 10 миллионная қағыламыз. Одан да мен қазір ертіп келейін ол ейел сынағышыңды.

Б а л з и я: Дұрыс. Алдымен мына көпшіліктің көзінше сілкілеп- сілкілеп алу керек.

(Қалған әйелдер соған әзірленіп жатңанда Күлзия авторды сахнаға алып шығады)

Күлзия: Бүгінгі «Күлкі-думанның» авторы, жазушы-драматург Елен Әлімжан!

З ы м з и я: Күлкі-думанды сахнаға қойған режиссер Әлібек Әмзе!

Ән-музыка.

ДАЛАДА ҚАЛҒАН ДАЛАБАЙ



Мен, Далабай Құмбайүлы, жоғары білімді ғалым-зоотехникпін. Кезінде мектепті үздік, институтты соған жете қабыл бітірдім. Совхозда да, ауданда да еңбек еттім. Екі-үш медалім бар, алған мақтау грамоталарымды санамадым. Тіпті, селекциялық жұмыстарым үшін авторлық құқық та алғанмын, кандидаттық қорғауға да шақ қалғанмын.

«Басқа бәле тілден» дегендей, барлық қасіреттерімнің басы тіл болып отыр. Жо-оқ, дұрыс түсініңіздер, кешімді боқтаған да, сыртынан өсек айтқан да емеспін. Мінезім жібектей болмаса да, түтуге жақсы жүндеймін. «Аңырын жүріп, анық басатынның» өзімін. Бір айыбым - орыс тілін жетік білмеймін. Түсінуін түсінемін, әдебиеттерін де оқи беремін. Тек сөйлеуге, жазуға келгенде шорқақпын. Әлгі кандидаттығы құрғырды да орысша жазу керек екен. Сол жағы жетіңкіремей, ақыры орыс тілін жетік білетіндер пайдаланып кетті.

Айтпақшы, осы селекциялық жұмысым бүкіл республикаға тараған тұста, мені облыстық мекемеге жұмысқа шақырды. Бардым, бірақ, қайтарып жіберді. «Орысшаң нашар екен» деді. Мал шаруашылығының мекемесіне селекционер керек пе, жоқ орыс тілінің маманы керек пе, түсінбей қалдым.

Біздің ауыл ғана емес, бүкіл ауданда тек қазақтар тұрады. Ілгеріде басқалар да мекен еткен деседі, суы тартылған соң көшіп кетіпті. Сол шөлде қазақтар, түйелер, қаракөл қойлары ғана өмір сүретінбіз. Сондықтан да бұл үшеуміз орысшаны онша керек қылмай жүре беріппіз.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл деп жариялағанда, ой, қуанғанымды айтсаң! Үш күн үйықтай алмай жүрдім. Енді «ата көзің ашылды, Далабай!» деп, өзімді-өзім жұбатамын. Үш күннен соң облыс орталығындағы баяғы менің орныма кандидат болған досыма тарттым. Бұл кезде білдей бастық еді. «Все это на бумаге» деп күледі. Қазақша қоқ етпейтін, әлі солай екен.

Қайтып кеттім. Сөйтіп жүргенде түйелер мен қаракөл қойлары да таусылуға таяп, шаруашылықтар бөлшектеніп кетті. Аудан тарап, орталығы өзі де оңбай тұрған бір қалаға көшті де, біз саудырап бос қалдық. Баяғы досымды іздедім. Ол бүл кезде Алматыда халық депу­таты еді. Келдім де: «Мемлекеттік тілде жаза да, сөйлей де, ойлай да аламын, мамандығым бойынша жұмысқа қабылдатқыз» дедім.

  • Интересный ты человек, здесь все бумаги на русском готовятся, - деді ол.

Қайтып кеттім. Ауылға барып, жекеменшік малымды күн көріс етіп жата бердім. Бірақ, есіл-дертім селекцияда, қала берсе саясатта. Күндіз- түні оқимын. Қазақша газеттерге мақала жазамын.

Тіл туралы заң соңғы рет қабылданғанда қос өкпемді қолыма алып тағы жеттім. Астанаға... Досым бұл кезде Үлкен үйлердің бірінде білдейдің бірі екен. Салқын қабылдады. Мен де қатты кеттім.

  • Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік тілді білетіндер отыруы керек. Сенің мұнда жұмыс істеуге конституциялық құқың жоқ! - деп айқайладым.

  • Ты, степной баран, ничего не соображаешь в политике, - деді ол.

Ұзын сөздің қысқасы, ауылға тағы қайтып барамын. Шынында осы

саясатта мен түсінбейтін бірдеңе бар-ау деймін. Айтыңдаршы, ағайын, қағажу көріп жүрген қай тілділер? Кімнің конституциялық құқы аяққа тапталуда?!

ҚАЗАҚ ПЕН АРАҚ



Сахнаға кеудесіне «Арақ» деп этикет жапсырған адам шығады

Ассалаумағалейкум, ағайьш! Қалай, бастарыңыз ауырып отырған жоқ па? Кешегіден деймін. Мыналар үндемейді ғой. Сірә, мені танымай тұрған шығарсыздар? Ә, анау екі жігіт таныды. Өйткені, күлімдеп қоя берді. Қорықпаңдар, мен келдім! Енді бастарың жазылады. Әзірге қалталарыңды ақтарьга, сообразить ете беріңдер. Ал, мен көпшілікке өзімді жақсылап таныстырьш алайын.

Азан шақырып қойған атым - Арақ, фамилиям - Русский, арғы тегіміз солай болғанымен, қазір қазаққа ағайынбыз. Бірақ, жүзге жатпаймыз. Кәдімгі терелер мен қожалар сияқты. О баста-ақ бабаларымызды қазақты жаулап алуға жіберген. Құдайға шүкір, бүкіл қазақ басын иіп, тізесін бүгеді бүгінде. Бұрын төрелер мен қожаларды отырғызушы еді ғой төріне. Қазір, қай үйге барма, қақ төр біздікі. Тіпті, бізсіз аузын ашып, сөз де сөйлемейді ешкім. Кісіні күлдіреміз десек күлдіреміз, жылатамыз десек жылатамыз, төбелестіріп түрмеге де түсіреміз, ерлі-зайыптыны ажыратып та жібереміз, ағайындыларды қырықпышақ қып қырылыстырамыз, мөшинелерді соғыстырамыз. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл қазақ ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда. Вот, солай!

Тегімді әрі қарай таныстыра берейін. Әкемнің аты Столичный. Өзі үш ағайынды болған екен, жарықтық. Тағы бір Пшеничный деген бауыры болыпты. Үшіншісі - жас та болса келешегі зор, бойында туа біткен зиялылық бар «Экстра» деген ағамыз екен. Соғыс болған соң шығын болмай тұра ма, ана жылы Горбачев жариялаган соғыста ерлікпен қаза тауыпты, топырағы торқа болғыр. Соның әруағы үшін бір алып жіберсеңіздер қайтеді? Ә, жоқ па? Неге жоқ? Театрдан кешенің арғы бетіне дейін қанша қадам? Отыз-ақ қадам. Сонда қазақ қарындастарың бар, құяды да береді. Тек ақшаң болсын. Болмаса төмен тұс. Тұрар Рысқұлов паркінің қарама-қарсысында толып тұр. Қазір баяғы заман жоқ, қарағым. Горбачевты аударып тастағанбыз. Сол үшін Ельцинге көмегімізді аямадық-ау. Ә дегенде қиын соғыс болды. Тұқымымыз құрып кете жаздады. Бізді жаппай қырып жатқанда мына Сүлейменов көшесінің аяғындағы апа-жеңгелеріміз аман алып қалды ғой. Небір аязды түнде ұйықтамай қойнына тығып, аялап аман сақтап қал­ды ғой бізді. Қазір, құдайға шүкір, қайтадан көбейдік. Қазақтың алқаш деген руы аман болса, біз де аманбыз. Қазақтармен бірге егемендігімізді біз де алдық. Ой, өзі де бір тойшыл халық екен, әлі тойлап жатыр. Жұмыстың бәрін жиып тастады, малды қырып тастады. Батырлары да, ақындары да көп екен. Үш жүз жыл болды, әруақтарды еске алмап едік дейді. Сол әруақтарға тие берсін деп, жиналып алады да ішеді, ойға отыз үй, қырға қырық үй тігіп, жатып алып ішеді. Үш жүз жыл жасамаған тойын 30 жыл тойлайды-ау деймін. Егемендік алған соң алыстағы ағайындарды шақырттық. Бес жыл болды, қүдай салмасын, қаптап кетті. Қазақты емес, арақты айтамын. Көшеде жүргізбейді. Сенбесең 9 мөлтек ауданға баршы, болмаса базарды керіңдерші. Тіпті, алысқа барып қайтесің, орталықтың өзінде самсып тұр. Ал, енді Әулие-Атадан Алматыға қарай шықшы. Жол бойы сап түзеген солдаттай тізіліп тұр. Кейде ойлап қаласың, осы біздің үкімет шетелден қазақты шақырды ма, жоқ арақты шақырды ма, деп. «Қазақ пен арақ ағайынды» деген сөз осыдан шыққан екен ғой. Бірақ, шетелдік арақ кебейген сайын бізге қиын болды. Өздері кілең ел билегендер мен қолбасшылар екен. «Распутин», «Суворов», «Кутузов», кете береді осылай. «Парламент», «Собрание» дегенін қайтесің. Міне, нағыз кеңілді компания! Өздерің білесіңдер, қазір бізге шетелден кітап

келмейді, кітап тұрмақ газет-журналын да оқуды қойды. Бірақ, саспаңыз, сағынған ақындарыңыз кітап дүкенінде жоқ болса да, арақ дүкенінде толып тұр. «Пушкин» дейсің бе, «Лермонтов» дейсің бе, сатып ал да іше бер. Бойың балқып, ойың шалқып, өлеңдетіп жүресің.

Бұлар өткен ғасырлардағы біздің ата-бабамыздан кейінгі келгеп жаңа жаулап алушылар. Ал, орыс ойшылдарының қазақ еліне келуінің жаңа формасы.

Бірақ, біздер де қарап қалмадың. Аз уақытта қаланың әр көшесінен өріп шыға келдік. Бұрын бізді спирт комбинатының маңайынан, жаңағы Сүлейменов кешесінің аяғынан іздеуші еді, қазір екі үйдің бірінің есігін қақшы, арақты түні бойы көз ілмей сатады. Бүгінде қазақ бізсіз, біз қазақсыз күн көре алмай қалдық. Жұмыссыз қалғандардың бәрі бізді жағалайды. Қолдан жасайды, бөтелкеге құяды, сатады, сөйтіп бала-шағасына нанпұл табады. Қайтсін енді байқұс қазақ. Бір қария айтқандай, қазақтың баласы орыс пен неміс құсап техниканың тілін білмейді, өзбек пен дүнген құсап жерді де ұқсата алмайды. Содан соң арақты айландырады. Ең зор дегенде басына шәпкі киіп полиция болады. (Ысқырық шығады). Ойбай, кеп қалды, шәпкілі. Кімді айтсаң сол келеді деген осы. Нем бар еді, аузыма алып оларды. Қой, табанымды жалтыратайын. Мені анау бұрыштан күтіңіздер.
БАЗАРКОМНЫҢ БАСЫНАН КЕШКЕН ХИКАЯЛАРЫ

Ғайыптан базарком болып қалдым. Қалай болдың деп сендер сұрамаңдар, бұл жолы мен айтпай-ақ қояйын. Оның өзі белек әңгіме, ұзақ жыр. Бірақ, ол Әулие-Атаның базары емес, әрине, аудан орталығының базары. Дегенмен жаман емес. Құдай берем десе, бір бөтелке спирттен екі бөтелке арақ шығады деуші еді бір ағамыз. Сол айтқандай, бірдеңе- бірдеңе түсіп тұрады. Әулие-Атаның базарындай болмасақ та, жаман емеспіз. Бүгінде әкімдердің өзі Мұсеке дейтін болды. Бұрын көп сейлейтін қужақ Мұса атанушы едім, құдайға шүкір, енді бәрі мырза Мұса деп айтатын болды.

Соның бәрі базарда тұрған 100 қатынның арқасы, әйтеуір. Байқұстар, обалы не керек, беріп тұрады, кезегімен, әрине. Айына бір рет қана. Одан әрі қинамаймын, бәрі заңды. Әйелім тіркеп отырады. Ой, біздің әйел де бәле. Қалт жібермей қадағалайды. Кейбір қатындар жағдайы болмай созып алса, «Әне бір қарасұр келіншек саған бермеді ғой!» деп отырады. Қатындар маған берген сайын қуанады.

Жүз қатын аман болса, жағдайым жаман болатын түрі жоқ. Бірақ, алмақтың да салмағы бар дегендей, мен де олардың жағдайын жасап тұрамын. Ә дегеннен базардың алдыңғы жағын жендедім. Қатындарыма ық болсын деп қоршатып, әдемі қақпа салдырдым. Бірақ, арт жа­ғын жөндеуге қаражат жетпей жүрді. Бір күні кабинетіме жүздің біреуі

кіріп келдіде: «Мұсеке, алдымды істедің, енді артымды қашан істейсің» деді.

  • Ақша төле, істеймін, - дедім. Шығып кетті. Қасымда бір жігіт отырған. Әйеліне киоск сұрап жүрген. Әлгінің көзі бақырайып кетті.

  • Мұсеке, сіз әйелдерден ақша алып істейсіз бе? - деді.

  • Әрине, - дедім.

Үндемей-түндемей шығып кетті. Тіпті, әйелін базарға жібермейтін болды.

Келмесе, мейлі, жүз қатыным жетеді. Бірақ, келетіндер кеп... Бір күні шашы тікірейген, бұлшық еттері бунақ-бунақ болып жеңін кернеген бір жігіт келіп тұр.

  • Көке, сіздің крышаңыз бар ма? - деді.

  • Бар, шифер, - дедім.

Сөзге келмей кетіп қалды. Бірнеше күннен кейін қайтып келіп тұр.

  • Көке, сіз мені алдапсыз. Біздің облыста «Шифер» деген группа жоқ екен, - дейді.

  • Әй, группаң не? Мен базардың крышасын айттым, қарамайсың ба, шифер емей немене?! - дедім.

  • Жоқ, сіз бір группаның қамқорлығына өтуіңіз керек, әйтпесе, жағдайыңыз қиын болады, - деді.

  • Әй, сен кімсің езің? - дедім.

  • Мен - рэкетпін, - дейді.

  • Ойбай, қарағым-ау, баяғыдан бері солай демейсің бе, менің сендерді күткеніме көп болды ғой, - деймін.

  • Күтсең келдік, қазір жағдайың түзелді, табысың мұнша, біздің қамқорлығымызға өтсең, табысың одан екі есе артады, бірақ, мұнша пайызы біздікі, - деді. Келістім.

Сөйтіп, ортақ тіл тауып, оны шығарып салғам. Бір күні ілмиген арық қара жігіт келіп тұр.

  • Көке, сіз общакта болып па едіңіз? - дейді.

  • Болғам, - дедім.

  • Қайсысында, қанша жыл жаттыңыз, атаманыңыз кім? - дейді.

  • Екінші общакта бес жыл жаттым, бәрімізден Сүлеймен мықты еді! - дедім, кетіп қалды. Бір күні қайтып келді.

  • Көке, сіз общакта болмапсыз, мені алдапсыз, - дейді ол да.

  • Әй, біздің СХИ-дің 2-ші общежитиясында жатқанымды курстастарымыздың бәрі біледі, - деймін.

Сөйтсем, ол «общак» деп колонияны, өзіміздің жалпақ тілмен айтқанда, түрмені айтады екен, онысын қайдан білейін.

  • Не керек өзіңе? - дедім.

  • Көке, Тараздың общагында екі мың адам жатыр. Соларға қайырымдылық көрсетіп тұруыңыз керек, - деді.

Колониядағылардың халі нашар, тамагы жоқ, ауруы көп дегенді газеттен көп оқитынмын. Аяп кеттім. Шамам келгенше арттырын жібердім. Бір күні әлгі тағы да келіп тұр:

  • Көке, общактың екі мың адамы сәлем айтты. Түгел риза, қонаққа шақырып жатыр, - деді.

  • Желкемнің шұқыры көрсін оларды, - деймін ішімнен.

Бірақ, дәм айдаса қиын екен. Бардым ақыры. Қылмыскерлермен қарым-қатынасты түзеп, алшаң басып жүргенімде, полицияның бастығы келді.

  • Не керек өзіңе? - деймін шекемнен қарап.

  • Қазір жағдайың түзелді, табысың жақсы - мұнша, - дейді ол да.

  • Қатындарың жүзден асыпты, енді елуін маған беретін боласың.

  • Неге саған берем? - деймін оған шекемнен қарап.

Өйткені, тылым мықты. Артымда рэкетім, қала берсе, 2 мың адамнан тұратын отборный армиям бар, неден қорқамын.

  • Бермесең, рэкетіңмен қосып талқаныңды шығарамын, - деді ол.

Қорқайын дедім. Көнуге шақ қалып едім, өз әйелім көнбеді.

  • Біздіқ Мқсатайға елу әйелдің бергені не болады, ең болмаса сексенін қалдыр, - деп қиылады.

  • Маған да жиырма-отыз әйел жұғын болмайды! - деп, полицияның бастығы кенбейді.

Не керек, ақыры іс насырға шауып, 15 сөткеге қамалдым.

Жылап әйелім келді.

  • Жылама, - дедім оған. Бұл түрмеде кім жатпаған, Құрмангазы мен Балуан Шолақ көкем де жатқан. «Аттың жақсысын көрмеде көр, жігіттің жақсысын түрмеде көр» деген мақал сол кезден қалған.

Жыласа да әйелім артынып-тартынып келіпті. Жайып тастады. Рахат болды да қалды. Түрменің кезекшілері аяғының ұшынан басып қызмет көрсетеді. Холодильник, телевизор әкеліп қойды. Ванна, туа­лет ішінде, мен болсам қос жастыққа жамбастап жатып, домбыра тыңқылдатамын. Шабытым оянып, өлең де құрастырамын. Сонда түрме­де жатып былай деп едім:

Алшаң басқын мол болса ақшаң егер,

Ит жеккенде жүрсең де саспа бекер.

Қу жалғанда бәрі де сатылады,

Қар жанады қалауын тапсаң егер.

Теңгең көпте кейісте,

Оң болады теріс те.

Доллар үшін тозақ та

Айналады пейішке!

Не керек, жақсылап бір тынығып қалдым. Мына қарным да сол кезде пайда болды. Он бес күннің қалай еткенін байқамай қалыппыз. Қоштасарда түрменің бір жастау кезекшісі қимай: «Көке, жата тұрыңызшы» деп, көзіне жас алды.

Қайтып келсем, қатындарымның жартысын полицияның начальнигі иемденіп алыпты. Қайтемін. Барымен базар... Қой, ойбай, сіздерге әңгіме айтып түрғанымда, қалған қатындарымды тағы біреу бөліп әкетер. «Қарамасаң қатын кетеді» деген осы екен. Кеттім!

МАЗМҰНЫ



Бүгінгі қазақ өмірінің шыншыл суреткері 5

Бір қазаққа - бір қатын?!.. (Эксцентрикалық комедия) 13

Тақталас (Эксцентрикалық комедия) 47

Жан ұран (Мюзикл) 89

Ақ періште - арманым! (Екі бөлімді драма) 117

Қызыр баба, немесе Ұлыс күн хикаясы (екі бөлімді аңызға

құрылған, құрастырылған ойын-сауық 151

Григорий Горин. Лаңкесті ұмыту... (Атың өшсін, Герострат!)

(Екі бөлімді трагикомедия) 167

БІРҚАҚПАЙЛАР

Мерекелік мінездеме 223

Дүниеде не тәтті, не ащы? 225

Өркениетті елден әкелген сый 227

Сыбайластык деген осы 230

Қазакты сатып жібереді 231

Әйел сабағыш 232

Патриот карттар 233

Қайраткерлік 234

Масылдар 237

Имидж репетициясы 239

Әкімбектің добы 241

Ашубасар 244

Сатириктерді сотқа беру керек 246

Далада калган Далабай 249

Қазак пен арак 250

Базаркомның басынан кешкен хикаялары 252


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет