«Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасы



бет3/11
Дата05.06.2024
өлшемі1,89 Mb.
#203172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
mu po geodezii na kaz.yaz.

Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Масштабтар


1.1 Жұмыстың мақсаты – масштабтар арқылы инженерлік есептер шығару:
а) сызықтық горизонталь ұзындығын масштаб арқылы планға салу;
б) пландағы сызық бойынша оның жер бетіндегі горизонталь ұзындығын анықтау.
1.2. Керекті құрал жабдықтар: өлшегіш-циркуль, көлденең масштаб, 1: 10000 және 1: 25000 масштабтағы топографиялық карталар.
1.3. Жұмыстың орындалу мерзімі: 100минут
1.4. Жұмыстың мазмұны және орындалу тәртібі.
Масштаб дегеніміз пландағы сызықтың өзіне сәйкес жер бетіндегі горизонталь ұзындығына қатынасы. Масштабтар сандық, сызықтық және көлденең болып бөлінеді. Егер масштаб бөлшек сан арқылы, яғни 1: 500, 1:1000 және т.б. болып көрсетілсе, онда санды масштаб дейді.
Сандық масштабтың 1- ге тең ал бөлімі жер бетіндегі горизонталь ұзындықтың планда немесе картада неше есе кішірейтілгендігін көрсетеді.Сандық масштаб арқылы шешілетін есептер. Сандық масштаб 1:500 горизонталь ұзындықтың 26, 41 м масштабты пландағы мөлшерін табу. Ол үшін берілген ұзындықты сантиметрлік өлшемге келтіріп, сандық масштабтың бөліміне бөлу керек, яғни:



1: 10000 масштабты картадан өлшегіш – циркуль арқылы алынған 2,83 см кенсіндісінің жер бетіндегі горизонталь ұзындығын анықтау үшін оны масштабтың бөліміне көбейтіп 100 ге бөлу керек, яғни:



Практикада осындай есептеулерді жүргізу қолайсыз, сондықтан сызықтық масштаб қолданылады.


1.1 – суретінде 1: 500 сандық масштабқа сәйкес сызылған сызықтық масштаб арқылы 16,0 м және 33,0 м ұзындықтар бейнеленген.





1.1-сурет. Сызықтық масштаб

Сызықтық масштабты пайдаланғанда оның 0 –ден сол жақтағы негізінің ұсақ бөліктері аралығын көзбен ажырату қиынға соғады. Сондықтан, өте жоғары дәлдікті қажет ететін жұмыстарда, масштаб негізі а=2см тең көлденең қолданылады.


1.2 – суретінде 67,2 м; 126,8 м және 188,8 м –лік горизонталь ұзындықтар 1: 2000 масштабта бейнеленген.

1.2-сурет.Көлденең масштаб.

Көлденең масштаб ең кіші бөлігі – ав кесіндінің АВ – ның 1/100 – не, яғни 0,2 мм –ге тең 0,2 мм –ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі деп атайды


Масштабтың дәлдігі – келесі формуламен анықталады:


(1.1)
мұндағы, а – масштаб негізі;
m- масштаб негізінің бөліктер саны;
n- масштаб биіктігінң бөліктер саны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет