3.5.Планиметрмен ауданды анықтау бойынша тапсырма:
Есеп №1. Масштабы 1:240 картада планиметрмен өлшенген фигураның анықталған ауданы d=100см2. Осы нысанның аудауданын тап.
Есеп №2. Топографиялық планның масштабы 1:200, ал горизонталь масштаб 1:250. Планиметрден алынған санақ 250 см-ге тең. Осы нысанның аудауданын тап.
Ауданды графикалық әдіспен анықтау планда көрсетілген бөлікті бірнеше геометриялық фигураларға бөледі, көбінесе үшбұрышқа , ал тікбұрыш пен трапецияға бөлу көп қолданылмайды.
Ұшталған қарандашпен сызылған көпбұрышты, үшбұрыштарға бөледі. Өлшеуіш пен масштабты сызғыштың көмегімен әрбір үшбұрыштың табанын а, биіктігін h, анықтаймыз.
Р=0,5 а/Һ (3.3)
формула арқылы үшбұрыштың ауданын есептейміз. Есептеудің дәлдігін жоғарылату және бақылау үшін екі әртүрлі табаны және биіктігі бойынша әр бұрыштың ауданын анықтайды. Бастапқы деректер және есептеулер мен орындалған өлшемдердің нәтижелері кестеде көрсетілген.
Жіберілетін ауытқулар мына формула арқылы анықталады:
f жіб =4+10-6М √ Р (3.4)
мұндағы, М - масштабтың бөгімі;
Р - фигураның орташа ауданы,га.
3.2 - сурет. Графикалық әдіспен анықтаудың сұлбасы.
3.1кесте. Көпбұрыштың ауданын анықтаудың ведомості
Фигура
номері
|
Өлшемнің номері
|
Үшбұрыш табаны, м
|
Үшбұрыш биіктігі, м
|
Үшбұрыш
ауданы Р, га
|
Үшбұрыш ауданының орташа мәні, га
|
fдоп=4+10-6 М √ Р
Формула арқылы
жіберілетін ауытқулар
|
1
|
1
|
1355
|
512
|
|
|
|
2
|
1121
|
619
|
|
|
|
2
|
1
|
1355
|
615
|
|
|
|
2
|
1027
|
811
|
|
|
|
3
|
1
|
810
|
530
|
|
|
|
2
|
632
|
679
|
|
|
|
3.6.Графикалық әдіспен ауданды анықтау бойынша тапсырма
Есеп №1. 1:10 000 масштабты қисық сызықты контурдың ауданын шаршылы (3.3 - а сурет) және параллельді (3.3 -б сурет) палеткалармен анықтау.
3.3 - сурет. Ауданды палеткамен анықтаудың сұлбасы
а - квадратты; б –параллельді
Шешуі. Палеткалармен жұмыс жасау әдiстемелiк жөн-жобалармен сәйкес өндiредi. Бастапқы деректер және орындалған өлшеулерiнін нәтижелерi және есептерi 3.2 кестеде көрсетілген, олардың арасындағы айырмашылық осы формула бойымен есептеп шығарылғаннан аспайды:
∆Рга =0,088 (М/10000) √ Рга (3.5)
мұндағы, Рга - кескiннiң ауданы, га;
М - жоспардың(картанын ) сандықмасштабтың бөлiмi.
3.2 кесте. Квадрат палеткасын ауданның анықтау тiзiмдемесі
Карта ауқымындағы шаршының ауданы (М 1:10000) Ркв
|
Палетканың жағдайы
|
Кескiндегі шаршылардын саны
|
1-м және 2-м палетканың жағдайындағы кескiннiң ауданы
Р = п, Ркв,м2
|
Орташа ауданы, га
|
50м + 50м
2500 м2= 0,25 га
|
1-ші
2-ші
|
|
|
|
Қатарлас палетканы ауданның анықтау тiзiмдемесі
Р = h ( ab + cd+ …+ kl + mn) (3.5)
мұндағы, h - палетка сызықтардың арасындағы метрлердiң тұрақты саны, картаның тиiстi ауқымына байланысты ;
(ab + cd+ ...+ kl + mn )- картаның ауқымында орта сызықтардың жиынтығы.
Палетка сызықтарынын арасындағы қашықтық h,жеріне сәйкес сан метрлерi
(М 1:10000)
|
Палетканың жағдайы
|
Орта сызықтардың жиынтығы ( ab + cd+ …+ kl + mn) , м
|
1-м және 2-м палетканың жағдайындағы кескiннiң ауданы , м2
|
Орташа ауданы, га
|
50м
|
1-ші
2-ші
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары
Ауданды анықтаудың әдістері?
Палетка дегеніміз не?
Механикалық әдістер қолданылатын аспап?
Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы:Теодолиттің құрылысы, тексермесі мен түзетпесі
4.1 Жұмыстың мақсаты-теодолит аспабымен танысу және теодолитті тексеру және түзету жолдарын біліп, үйрену.
4.2 Керекті құрал жабдықтар: 3Т5КП сериалы теодолиттер, штатив, тіктеуіш, 2 қада, бұрыш өлшеу журналы.
4.3. Жұмыстың орындалу мерзімі: 100 минут
4.4. Жұмыстың мазмұны орындау тәртібі:
Теодолиттің табаны үш көтергіш винттері бар қондырғымен –жалғасқан.
Теодолит жұмыс бабына цилинрлік деңгей және көтергіш винттер арқылы келтіріледі.
Теодолиттің негізгі жұмыстық бөлігі - лимбтың бекіткіш , алидиданың да бекітіп қоятын және жетекші винттері бар.
Жобалап көздеу үшін көру дүрбісіне визир көздегіш орнатылған,дүрбіні бекітіп қоятын винт берілген.
Көрү дүрбісі кремальераны айналдыру арқылы фокустальды.
4.1 – сурет. 3Т5КП сериялы теодолит дөңгелегі о жағдайында (ДО) . 1- бүйірлік қақпақ; 2- микрометр тұтқасы; 3,6 - дөңгелек типті бекіту бұрандалары; 4,7 - бағыттауыш бұрандалар; 5 – қақпа; 8 - деңгейді реттеу бұрандасы; 9 –алидада горизонталь дөңгелегінің деңгейі; 10 - алидада вертикаль дөңгелегінің деңгейді реттеу бұрандасы; 11- колпачок; 12- пробка
Дүрбілерді қолмен көздеу дұрыс нәтиже бермейтіндіктен, дәл көздеу үшін аспаптар жетекші бұрандалармен жабдықталады. Олар нысаналау осін горизонталь және верикаль бағыттарға бұрады. Микрометрлі бұранда сәулені азғантай бұрышқа бұру үшін ғана қажет. Нысанаға көздеу мынандай іс-әрекеттен тұрады:
1) дүрбіні долбарлап көздеу, одан кейін дүрбіні қысқыш қоятын бұрандамен бекіту;
2) микрометрлік бұранда арқылы дәл көздеу. Қазіргі заманғы теодолиттерде микрометрлі-қысқыш бұрандарларды шаң-тозаңнан сақтау үшін жауып қояды. Теодолитті тексеру және түзету жолдары.
Теодолитті жасауда сақталуға тиісті геометриялық шарттар горизонталь бұрышты өлшеудің принципті сызба нұсқасынан шығады. Олар мынадай: аспаптың айналуының вертикаль остік, лимбаның жазықтығы – горизонталь, ал көздеу жазықтығы – вертикаль болуы тиіс. Осы шарттар сақталу үшін теодолитті тексеріп, жөндеуден өткізеді. Аспаптың конструкциясына қойылатын шарттардың сақталуын анықтау мақсатында жүргізілетін әрекеттер – тексерулер деп аталады. Аспаптың бұзылмау шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін жөндеулер (реттеулер) жасалады. Енді техникалық теодолиттердің негізгі тексерулері мен жөндеулерін қарастырамыз.
1. Горизонталъ дөңгелектегі цилиндрлік деңгейлеуіштің осі, UU1 теодолиттің айналу осіне ZZ1 перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру үшін деңгейлеуіштің осін екі көтеру бұрандасының бағытына сәйкестендіріп қояды да, оларды әр жаққа айналдыру арқылы деңгейлеуіштің көпіршігін нөл- пунктке келтіреді. Содан соң деңгейді 180°-қа бұрады. Егер бұрғаннан кейін де деңгейдің үлбіреуігі нөл-пунктте қалатын болса, онда UU1 және ZZ1 осьтерінің перпендикулярлық шарттары орындалғандығы. Көпіршік ортадан жылжығанда, деңгейдің орны түзетпе бұрандаларының көмегімен жасалады. Практика жүзінде тексеру былайша жасалады: деңгейлеуіштің екі көтеру бұрандаларын параллель етіп қояды да, солар арқылы деңгейлеуіштің көпрішігін нөл-пунктке келтіреді. Деңгейлеуіштің нөл пункті, оның шкаласының ортасында болады. Бұл кезде деңгейлеуіш пен алидаданың айналу осьтерінің өзара орны өзгеріссіз қалады. Алидаданы 180°-қа бұрғаннан кейін деңгей осінің орнын, оның екінші қалпында нөл-пункт шкаласынан, көпіршіктің ауытқу доғасының жартысына түзетеді. Бұл деңгейлеуіштің түзету бұрандаларының көмегімен жасалады. Тексеруге қажетті шарт толық орындалғанға дейін қайталай береді.
2. Дүрбінің нысаналау осі VV1 теодолит дүрбісінің айналу осіне НН1 перпендикуляр болуы тиіс. Осы жағдайды тексеру үшін вертикаль дөңгелектің екі қалпында (ОД және СД) алыстау орналасқан бір М нүктесін нысаналайды да, лимбадан М1және М2 есептеулерін алады. Одан кейін коллимациялық қателігін шығарады.
x = (М 2 М1 180°/2) (4.1)
Егер х-тың мәні – теодолиттің есептеу құрылғысының дәлдгінен артып кетсе, онда көздеу осінің орны түзетіледі. Коллимациялық қателіктің әсерін жою үшін лимбада есептеуді тауып көрсетеді:
N (М 2 + М1 180°/2) (4.2)
Егер осы кезде жіптер торының центрі М нүктесінен шығып кетсе, онда түзету винттерінің көмегімен торды М нүктесінің кескінімен, жіптер торының центрі беттескенше жылжытады. Осы тексеруді, коллимациялық қателік аспаптың екі еседәлдігінен аспайтын болғанға дейін қайталайды.
3. Дүрбінің айналу осі НН телдолиттің айналу осіне ZZ1 перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру үшін теодолиттен 10-20 м қашықтықта ұзын жіпке тіктеуішті іледі. Жіптер торының торабын тіктеуіштің жоғарғы нүктесіне бағыттайды да, содан кейін дүрбіні жайлап төмен түсіріп, жіптер торы торабынан тіктеуіш жіптің кескіні шығып кете ме, жоқ па, соны байқайды. Бұлардың дәл келмеуі, дүрбі орналасқан тұғырықтың тең болмауынан туады. Осы қателік дүрбінің екі жағдайында (ОD және СD) есептеулер алумен жойылады. Қазіргі заманғы теодолиттерде осы тексерудің сақталуына, дайындаушы кепілдік береді. Аспаптың конструкциясына қойылатын шарттардың сақталуын анықтау мақсатында жүргізілетін әрекеттер – тексерулер деп аталады. Аспаптың бұзылған шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін жөндеулер (реттеулер) жасалады. Түзеткіш бұрандалар – аспаптың геометриялық элементтерін жұмыс бабына келтіру үшін қажет. Дөңгелек пен цилиндрлік деңгейлеуіштердің түзеткіш бұрандалары, арнайы шпилкалар арқылы бұрылады. Іштен фокусталатын дүрбілердегі жіптік тор горизонталь және вертикаль бағыттарға қозғау үшін қажет. Ал жіптік торды бұрау – окулярды бірге бұрау арқылы жүзеге асады.
1) Практикалық жұмыстың орындаудың мақсаты қандай?
2) Теодолиттің негізгі бөліктерін атаңыз?
3) Теодолиттің негізгі осьтері?
Достарыңызбен бөлісу: |