«Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасы



бет8/11
Дата05.06.2024
өлшемі1,89 Mb.
#203172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
mu po geodezii na kaz.yaz.

Бақылау сұрақтары

1) Практикалық жұмыстың орындаудың мақсаты қандай?


2) Арақашықтық шкаламен қалай есептеу арқылы жасалады?
3) Көлденең бұрыштар қалай өлшенеді?
Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Теодолиттік жүріс төбелерінің кординаталарын есептеу.


6.1 Жұмыстын мақсаты -теодолиттік түсірістің нәтижелері арқылы полигон пункттерінің координаталарын есептеу және түсірістің планын сызу.
6.2Керекті құрал жабдықтар:Координаталарды есептеу ведомасі (6.1-кесте), бес таңбалы тригонометриялық функциялардың кестесі немесе координаталар өсімшелерінің кестесі. План сызатын қағаз және топографиялық транспортир.
6.3. Жұмыстың орындалу мерзімі:100 минут
6.4.Жұмыстың мазмұны және орындау тәртібі:
- бұрыштық қиыспаушылықты есептеу және тарату.
- дирекциондық бұрыштар мен румбтарды есептеу.
- координата өсімшелердің және олардың қиыспаушылығын есептеу, жүрісті
теңестіру.
-полигон пункттарының координаталарын есептеу.
Теодолиттік жүріс нүктелерінің координаталарын есептеу.
1) Тұйықталған полигонның бұрыштық қиыспаушылығын-ƒβ есептеу:


ƒβ°=∑βпр - ∑βm =∑βпр - 180°(n-2) (6.1)

мұндағы, ∑βпр - өлшенген бұрыштардың қосындысы;


n - өлшеген бұрыштар саңы.
2) Шекті бұрыштық қиыспаушылықты анықтау:


ƒβ = P√ n (6.2)

Егер бұрыштық қиыспаушылық шектен аспаса, яғни fβ ≤ fβ.. ондабұрыштардың дұрыс өлшенгені және оны кері таңбамен барлық бұрыштарға, 0,1΄-қа дейін дөңгелетіп бөледі.


3) Түзетілген бұрыштар графасына жазылады.
4) Теодолиттік жүріс қабырғаларының дирекциондық бұрыш болып есептеледі, сонда:
а2-31-2+180˚-β2 (6.3)

Есептердің дұрыстығын тексеру:




а1-2 = а3-1 +180°-β1 (6.4)

5) Румбтарды есептеу


Анықталған дирекциондық бұрыштар арқылы 5.1-суретке сәйкес румбтар есептеледі
5.1-кестеде румбтар мен дирекциондық бұрыштардың өзара байланысы көрсетілген.
6) Горизонталь проекциялардың қосындысын, яғни полигонның периметрін есептеу:


Р = ∑d (6.5)
7) Координаталар өсімшелерің есептеу:

х= d ·cos r ∆у= d ·sin (6.6)




6.1 кесте. Дирекциондық бұрыштар мен румбтар арасындағы байланыс



Ширектер нөмерлері

Дирекциондық бұрыштардың өзгеру аралықтары

Румбтардың аттары

Байланыс формалары

I

0° - 90°

СШ

r = α

II

90° - 180°

ОШ

r = 180° - α

III

180° - 270°

ОБ

r = α - 180°

IV

270° - 360°

СБ

r = 360° - α




6.1-cурет. Румбты анықтаудың сұлбасы

Өсімшелердің таңбалары сызықтардың қай ширекте жатқанына байланысты, яғни дирекциондық бұрыштар арқылы анықталады (3.-сурет).


8) Координата өсімшелерінің қосындысың есептеп олардың қиыспаушылығың анықтау
ƒх =∑∆х ƒу=∑∆у (6.7)

мұндағы, ∑∆х, ∑∆у-координата өсімшелерінің алгебралық қосындылары, олар теория бойынша нольге тең болуы керек.


9) Жүрістің абсолюттік қиыспаушылығын есептеу:
ƒабс =√ ƒху (6.8)
Салыстырмалы қиыспаушылығын есептеу:
ƒс= ƒабс /Р (6.9)
мұндағы, Р-полигонның периметрі.
10) Егер анықталған салыстырмалы қиыспаушылық шектен аспаса, онда ƒх пен ƒу полигон қабырғаларына пропорционалды етіп кері таңбамен ∆х және ∆у-ге бөледі.
11) Әр қабырғаның жазықтықтағы сәулесінің координатаар өсімшелеріне түзету шамасы:
δx = - δy = - (6.10)

12) Берілген 1-пункттің координаталарың және түзетілген координаталары мен түзетілген координата өсімшелері арқылы полигонның басқа пунктерінің координаталарын есептеу:




Х2 = Х1+∆Х1-2; У2 = У1+∆У1-2; (6.11)
Тексеру:
Х1 = Х55-1 У1 = У55-1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет